Қоршаған ортаның жай-күйі және табиғи ресурстарды пайдалану туралы Ұлттық баяндама

Атырау облысы

Облыстың өнеркәсіп кәсіпорындарының атмосфералық ауаға шығарындылары жылына 100 мыңнан астам тоннаны құрайды, оның ішінде 80-85%-ы мұнай-газ секторының кәсіпорындарына жатады. Негізгі фактор ілеспе мұнай-газын жағу проблемасы болып табылады.

Стастика деректері бойынша стационарлы көздерден ластауыш заттар шығарындыларының көлемі 167,05 мың тоннаны құрайды.

1-схема. Ластауыш заттар шығарындылары

2016 жылы аталмыш мұнай компаниялары алауларда 189 млн м3 ілеспе газды жақты. Бұдан басқа, Атырау облысында атмосфералық ауаның жағдайына жағымсыз ықпал ететін мұнай-газ секторындағы кәсіпорындардың стационарлық көздерінен және энергетикалық коммуникациялардан шығарылады. 2016 жылға есеп деректеріне сәйкес, мұнай және газ секторының 12 кәсіпорны 9 млрд 226 млрд текше метрден асатын ілеспе газдан 9 млрд 53 млн м3 ілеспе газды кәдеге жаратты. Қазіргі уақытта Атырау облысындағы 15 мұнай-газ өндіруші кәсіпорынның 4-і, атап айтқанда «Теңізшевройл» ЖШС, «НКОК» компаниясы, «Самек Интернешнл» ЖШС, «Ембімұнайгаз» АҚ меншік мүдделері үшін пайдаланудан басқа алауларда ілеспе газды жағумен айналысады.

2-схема. Шығарындылар көздерінің саны

Атырау облысы аумағында жалпы көлемі 60,31 км2 құрайтын 98 көл және Каспий теңізінің 740 км құрайтын Солтүстік-Шығыс жағалауы бар.

Атырау облысындағы барлық өзендер қармен қоректенетін өзендерге жатады. Олар жоғарғы көктемгі сулардың толқыны сипатында, олардың көлемі өткен қыстың қар қорына байланысты. Осы кезеңде жылдық ағынның басым бөлігі пайда болады, кейін судың күрт төмендеуі байқалады және олар жаңбырлық немесе топырақтық қоректенуге ауысады.  Атырау облысының барлық өзендерінде Ресей Федерациясы мен Ақтөбе облысының транзиттік ағымы бар. Орал өзенінің транзиттік ағымы негізінен Каспийге ағып келеді, Ембі, Ойыл, Сағыз өзендерінің ағыны қоқыстар мен құмдарға сіңіп кетеді.

Атырау облысы аумағындағы кіші өзендер: жалпы ұзындығы 48 км құрайтын Перетаска, Зарослый, Бухарка, Залотенок, Қапөзек, Митрофан Өзек, ТасӨзек өзендері, бұлар Жайық өзеніне келіп құятын сағалар болып табылады.

Каспий теңізі солтүстіктен оңтүстікке қарай 1200 км созылып жатыр, оның орташа ені 320 км, жағалық жолағының ұзындығы шамамен 7000 км, оның ішінде Атырау облысы бойынша 740 км (900 км Маңғыстау облысына тиесілі). Акваторийдің аумағы 371,000 км2; теңіз деңгейі мұхит деңгейінен 28,5 км (1971 ж.) төмен. Теңіздің максималды тереңдігі 1025 м (оңтүстік бөлігінде). Теңіздің қазақстандық бөлігі терең емес, Каспийдің солтүстік жағалауының тереңдігі шамамен 15-20 м құрайды. Каспий теңiзiнiң деңгейi өзен, жер асты сулары, сондай-ақ жауын-шашын, су бетiнде булану және су шаруашылығы қажеттiлiгiне суды пайдалану арқылы жүйеленеді.

«Қазгидромет» РМК Атырау облысының 4 су объектілерінің беткі үсті суларының ластануына бақылау жүргізеді: Жайық, Шаронова, Қиғаш, Ембі өзендері.

2016 жылы Жайық, Шаронова, Қиғаш және Ембі өзендері суының ластану индексінің кешені (СЛИК) бойынша су сапасы «нормативті таза» ретінде бағаланды.

Оттегін биологиялық тұтынудың 5 тәуліктік су сапасы Жайық, Шаронова, Қиғаш және Ембі өзендерінде «ластанудың орташа деңгейі» ретінде жіктелді. 2016 жылы СЛИК бойынша Солтүстік Каспийде су сапасы, сонымен қатар  «нормативті таза» ретінде сипатталды. 2015 жылмен салыстырғанда теңіз суының сапасы өзгерген жоқ. Солтүстік Каспийде су сапасы БПК5 бойынша «ластанудың орташа деңгейімен» бағаланды.

«Қазгидромет» РМК 2016 жылдың көктемгі-күзгі кезеңдерінде келесі нүктелерде түпкі шөгінділерге сынамалар жүргізді:

– Жайық ө. теңіз кеме жүзетін арнасы;

– Теңіз кен орны;

– Жайық ө. теңіз кемерінде.

– Шалығы-Құлалы ғасырлық тілімдері станциясында;

– А және В қосымша кескінінде;

– Құрманғазы, Дархан және Қаламқас ауданында;

– Батқан ұңғымалар ауданында;

– Құлалы а. ауданында.

Мыс, никель, марганец, қорғасын, мырыш және мұнай өнімдері, хром 6+, кадмий құрамы анықталды.

Толық ақпаратты «Қазгидромет» РМК сайтынан алуға болады (https://kazhydromet.kz/kk/bulleten/okrsreda?year=2016)

Топырақтың жай-күйін бақылау Солтүстік Каспий-Жанбай, Забурунье, Доссор, Мақат және Қосшағылдағы бес кен орнында 5 бақылау пунктінде өткізілді. Топырақ сынамаларында мұнай өнімдері, кадмий, қорғасын, мыс, хром және мырыштың мөлшері анықталды.

Көктемгі кезеңде мұнай өнімдерінің мөлшері барлық кеніштерде 0,054-3,51 мг / кг, ал күзгі кезеңде 1,29-2,66 мг/кг болды. Кен орындарының барлық бақылау нүктелерінде табылған қоспалардың концентрациясы рұқсат етілген нормадан аспады.

Сондай-ақ, Атырау қаласындағы №9 мектептің көктемгі-күзгі кезеңдерінде, Атырау-Орал тас жолдарының аудандарында, Атырау мұнай өңдеу зауытының 500 м³ АЭА-да және барлық топырақ сынамаларында 2 км-де, ауыр металлдар 0,19-17,3 мг/кг және нормаға сай болды.

Толық ақпаратты «Қазгидромет» РМК сайтынан алуға болады (https://kazhydromet.kz/kk/bulleten/okrsreda?year=2016)

Атырау облысында жер қойнауын пайдалану құқығына барлау және өндіру, жалпы пайдалы қазбалар үшін 57 шарт бекітілді.

Атырау облысының аумағында ерекше қорғалатын табиғи үш аумақ бар:

– Каспий теңiзiнiң солтүстiк бөлiгiнiң мемлекеттiк қорғалатын аумағы – 662,6 мың га;

– Құрманғазы ауданының аумағында Каспий теңізінің жағалау аймағында орналасқан 45 мың га алқаптағы Новинск мемлекеттік табиғи (зоологиялық) қорығы;

– Атырау қаласы мен Махамбет ауданының аумағында орналасқан ауданы 111,5 мың га «Ақжайық» мемлекеттік табиғи қорығы.

Аумақ тарихи қалыптасқан сулы-сазды кешен болып табылады, салыстырмалы түрде тұрақты гидрологиялық режиммен, бірегей гидрофлора және гидрофаунамен сипатталады.2016 жылы «Қазгидромет» РМК деректері бойынша 3 метеорологиялық станциясында (Атырау, Пешная, Құлсары) және Құлсарыдағы 1 автоматты бекетте (Құлсары №7) жердегі гамма-сәулелену деңгейіне күн сайын бақылау жүргізілді. Орташа алғанда, радиацияның гамма-фоны рұқсат етілген шектерде болды және 0,12 мкЗв/сағ құрады.

Атырау облысының тұтынушыларының құқықтарын қорғау басқармасының мәліметінше, облыс аумағында иондаушы сәулелендіру көздерімен жұмыс істейтін 25 өндірістік кәсіпорын жұмыс істейді; оларда иондаушы сәулелену көздерінің 423 бірл. Бар және олардың барлығы жабық типте. Емдеу мекемелерінің саны – 51.

Облыста 2016 жылы 81,7 мың тонна қатты тұрмыстық қалдықтар (бұдан әрі – ҚТҚ) пайда болды (137,4 кг/адам/жыл). 2016 жылы 12,52% сұрыпталған. Аймақта қатты қалдықтарды өңдеу жүргізілмейді. Облыс халқының 96,1% қоқыс шығару қызметтерімен қамтылған.

Облыста қатты тұрмыстық қалдықтарды орналастыруға арналған 71 нысан бар, оның ішінде 15 (15,49%) объектілерде жобалау және рұқсат беру құжаттары бар.

Облыста қатты тұрмыстық қалдықтарды сұрыптауды орындайтын 6 кәсіпорын бар. Қазір қатты тұрмыстық қалдықтарды бөлек кезеңділікпен жинауды енгізу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Осылайша, Атырау қаласында пластикалық қалдықтарды жинау үшін 80 торлы контейнер орнату жоспарлануда, олардың 15-і орнатылған. Қызылқоға ауданы үшін 40 торлы контейнер сатып алынды.

Қатты тұрмыстық қалдықтарды (пластик, макулатура, полиэтилен, шиналар, шыны, металл қалдықтары, аккумуляторлар) қабылдау және сұрыптауды «Вест-Дала» ЖШС, «Ажигалиев Ж.» ЖК, «Кайдаров А.» ЖК, «Жамангарина» ЖК, «Татишева» ЖК, «Нұрғалиев К» ЖК, «Барыс» ЖК жүзеге асырады. Қайталама шикізат тараптық ұйымдармен жүзеге асырылады.

Контейнерлер паркін жаңарту және уақытылы шығару мақсатында ҚТҚ-ын «Спецавтобаза» ЖШС 204,8 млн теңге сомасына 10 бірлік арнайы техника сатып алынды және 85 млн теңге сомасына 632 бірлік контейнерлер сатып алынды.

Атырау қаласының ҚТҚ полигонында биологиялық және медициналық қалдықтарды кәдеге жарату үшін «КР-1000» және «КР-500»  маркалы инсинираторлы жабдықтар орнатылды, 2015-2016 жылдары 65 тоннадан астам медициналық қалдықтар кәдеге жаратылды, 4900 мал өлексесі өртелді.

Атырау қаласында қоқыс сұрыптау кешенін салу жоспарланып отыр. Жергілікті бюджет қаржысы есебінен 70 млн теңге бөлінді, сондай-ақ 50 га ауданымен жер учаскесі берілді. Жобаны бірлесіп қаржыландыру 2018-2020 жылдары Дүниежүзілік банкпен жүзеге асырылатын болады.

ЖЭК қолданатын энергия өндіруші ұйымдардың тізбесіне «Атырау облысының Исатай ауданында 52,8 МВт қуаттылығымен ЖЭК құрылысы» жобасы енгізілді – «ВетроЭнергоТехнология» ЖШС,  оны 2020 жылға дейін іске қосуды жоспарлап отыр.