Қоршаған ортаның жай-күйі және табиғи ресурстарды пайдалану туралы Ұлттық баяндама

Климаттың өзгеруі


Қазақстанның климаты және оның өзгеруі

Қазақстанның мұхиттардан шалғай орналасуы мен аумағының үлкендігі, континенттілігін және жауын-шашынның жетіспеушілігін көрсетеді. Қазақстанның жазықты аумақтарында солтүстіктен оңтүстікке қарай орманды дала, дала және шөлейтті, шөлді 4 климаттық белдеуде орналасқан. Жылдық жауын-шашынның көлемі солтүстікте 300 мм, оңтүстікте 150 мм-ге дейін азаяды. Тау бөктері мен таулы аймақтарда, жылына 500-ден 1000 мм дейін жауын-шашын түседі.

Жазықты аумақтарда қаңтар айының орташа температурасы солтүстікте минус 17ºС-ден, оңтүстікте минус 1ºС-ге дейін жоғарылайды. Қыс солтүстікте ұзақ және суық, кейбір жылдары елдің солтүстік аудандарында аяз минус 52ºС құраған, бірақ кейде ауа райының 5ºС дейін жылынуы да байқалған. Оңтүстік өңірлерде температураның абсолютті минимумы 30 және тіпті 40градусқа дейін төмендеген. Шілде айының орташа температурасы солтүстікте 19ºС-ден, оңтүстікте 28ºС-ге дейін жоғарылайды. Шілде айында жер беті ауа температурасының абсолютті максимумы солтүстікте 40-42ºС, оңтүстікте 49 – 49ºС (Қызылқұм шөлі) құрайды. Ауа температурасының тәуліктік ауыспалылығы 20 – 30ºС-қа дейін жетеді.

Соңғы 81 жылда Қазақстан аумағында ауаның орташа жылдық және мезгілдік жер үсті ауа температурасының жаппай жоғарылауы байқалды. Қазақстан бойынша 1936-2016 жылдар кезеңіндегі ауаның орташа жылдық температурасының жоғарылауы жылдамдығы 0,27 ºС-қа әр 10 жылдықта көтерілуде. Температураның ең көп жоғарылауы көктем мен күзге келеді: 0,35 ºС және 0,250С/10 жылға, қыста біршама төмен: 0,40 ºС/10 жылға, ал жазда температураның жоғарлау жылдамдығы біршама төмен 0,19 ºС/10 жылға.

Осы жүз жылдықтағы көктемгі, күздік және жаздық ауа температураларының ауытқулары негізінен оң болғандығы байқалады, ал қыстық температураның ауытқулары оң және теріс болған.

Қазақстанда республиканың орташа жылдық ауа температурасының ауытқуы (қаңтар-желтоқсан) аумақ бойынша орташалағанда 1,54 °С-ді құрады. Нәтижесінде 2016 жыл ауытқу мәні бойынша 1936 жылдан бастап, ауаның орташа жылдық температурасының ауытқу мәнін кему бойынша іріктеліп келе жатқан қатарда VI -шы орынды алды.

Температураның абсолютті максимумы ауытқуы 1,94 °С құрап, 1983 жылғы рекордтан асып, құралмен бақылау тарихының барлық тарихында Қазақстан аумағында ең жылы жыл болған үш онжылдықтағы 2013 жылы байқалды. Тарихтағы ең ыстық бес жылдың 4-еуі осы жүз жылдықта екенін атап кету қажет.

Ауаның орташа жылдық температурасының біршама жағымды ауытқуы 2016 жылы Қазақстанның батыс және оңтүстік облыстары үшін сипатталады (2.2-ші кесте), максималды мәні Қызылорда облысында (+2,47 °С) анықталған.

3-схема. 2016 жылғы Қазақстан облыстары бойынша орташаланған ауаның орташа жылдық температурасы (қаңтаржелтоқсан) және оның ауытқулары («Қазгидромет» РМК деректері бойынша)°С

Қыс рекордты жылы болды: Қазақстан аумағы бойынша орташа температураның ауытқуы 1936-2016 жылдар кезеңі үшін абсолютті максимум болып табылатын +4,8 °С және 2007-2008 жылдармен тіркелген алдыңғы рекордты мәннен жоғары 0,08 °С-ты  құрайды.

2016 жылдың көктемі 1936 жылдан жоғары +3,2 °С ауытқумен жылы болды. Жаздық температура норма шегінде болды.

Күз тұтастай салқын – мерзімдік ауытқу 1,3 °С-ты құрады. Әсіресе қараша айы 3,7 °С минус ауытқумен және қазан айы 2,1 °С минус ауытқумен салқын, алайда, қыркүйек айы жылы болды, яғни, ауаның орташа температурасы  ауытқудың мәні бойынша 2-ші орынды иеленіп, нормадан жоғары 2,1 °С құрайды.

Қазақстанның аумағы бойынша тұтастай 2016 жылдың басым айларында ауаның орташа айлық температурасы 98 метеорологиялық станцияның деректері бойынша нормадан жоғары болуы ауаның орташа жылдық температурасының мәніне ықпал етті және осы жылды ең жылы жылдар қатарында 6-шы орынға шығарды.

4-схема. Қазақстан аумағы бойынша орташаланған 2016 жылғы орташа айлық ауа температурасының ауытқуы. Ауытқулар 1961-1990 жылдар кезеңі бойынша орташа көп жылдық мәнге қатысты есептелген

Ауа температурасы туралы деректер БҰҰ ЕЭК экологиялық көрсеткіштерінің бірі (В-4) болып табылады, жыл сайынғы деректері Статистика комитетінің сайтында қол жетімді

«Қазгидромет» РМК деректері бойынша 2016 жыл 1936 жыл кезеңінен бастап түскен жауын-шашынның жылдық көлемі бойынша 1-ші орынға ие болатын ылғалғалды жыл болып сипатталады.

Орта есеппен Қазақстан аумағы бойынша атмосфералық жауын-шашынның жылдық сомасы 1946 жылы (386,12 мм) байқалған алдыңғы жауын-шашын максимумы нормасының 137 %-ын (немесе 392,14 мм) құрайды.

Бұл 1936-2016 жж (ылғалды жылдардың 1-ші орны) кезеңіндегі байқалған жауын-шашынның максималды саны жауын-шашынның  алдыңғы максимумы 1946 жылы – 386,1 мм байқалған.

Жауын-шашынның мерзімдік өзгеріс ерекшелігі мынадай: қыс жауын-шашынның максималды санымен жауын-шашынның көлемі 10 қыс мерзіміне кіретін «2015 жылдың желтоқсаны – 2016 жылдың ақпаны) солтүстік, орталық, батыс және оңтүстік батыс аймақтарда қарлы болды.

Көктем Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Маңғыстау және Алматы облыстарында мейлінше ылғалды болды. Экстремалды жауын-шашын (95 пайыз мөлшерінен астам) батыс мен Алматы облысының таулы және тау баурайлы аймақтары станцияларының басым бөлігінде байқалады.

Жаз негізінен Қазақстанның барлық аумақтарында ылғалды болды. Қарағанды облысының кейбір станцияларында және Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарының таулы және тау баурайлы  аудандарында экстремалды ылғалды болды. Амангелді ЕМ және Қарабұтақ ЕМ экстемалды құрғақ болды.

Күзде жауын-шашынның көлемі Атырау облысын (78% жауын-шашын нормасы) қоспағанда басқа облыстардың басым бөлігінде нормадан жоғары болды. Ақмола, Шығыс Қазақстан және Қызылорда облыстарында жауын-шашынның максималды санымен 10 күз мезгілінің жауын-шашын санына кіреді.

«Қазгидромет» РМК деректері бойынша 2016 жыл 1936 жыл кезеңінен бастап түскен жауын-шашынның жылдық көлемі бойынша 1-ші орынға ие болатын ылғалғалды жыл болып сипатталады.

Орта есеппен Қазақстан аумағы бойынша атмосфералық жауын-шашынның жылдық сомасы 1946 жылы (386,12 мм) байқалған алдыңғы жауын-шашын максимумы нормасының 137 %-ын (немесе 392,14 мм) құрайды.

Бұл 1936-2016 жж (ылғалды жылдардың 1-ші орны) кезеңіндегі байқалған жауын-шашынның максималды саны жауын-шашынның  алдыңғы максимумы 1946 жылы – 386,1 мм байқалған.

Жауын-шашынның мерзімдік өзгеріс ерекшелігі мынадай: қыс жауын-шашынның максималды санымен жауын-шашынның көлемі 10 қыс мерзіміне кіретін «2015 жылдың желтоқсаны – 2016 жылдың ақпаны) солтүстік, орталық, батыс және оңтүстік батыс аймақтарда қарлы болды.

Көктем Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Маңғыстау және Алматы облыстарында мейлінше ылғалды болды. Экстремалды жауын-шашын (95 пайыз мөлшерінен астам) батыс мен Алматы облысының таулы және тау баурайлы аймақтары станцияларының басым бөлігінде байқалады.

Жаз негізінен Қазақстанның барлық аумақтарында ылғалды болды. Қарағанды облысының кейбір станцияларында және Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарының таулы және тау баурайлы  аудандарында экстремалды ылғалды болды. Амангелді ЕМ және Қарабұтақ ЕМ экстемалды құрғақ болды.

Күзде жауын-шашынның көлемі Атырау облысын (78% жауын-шашын нормасы) қоспағанда басқа облыстардың басым бөлігінде нормадан жоғары болды. Ақмола, Шығыс Қазақстан және Қызылорда облыстарында жауын-шашынның максималды санымен 10 күз мезгілінің жауын-шашын санына кіреді.

6-схема. Атмосфералық жауыншашын

«Қазгидромет» РМК деректері бойынша

Атмосфералық жауын-шашын туралы деректер БҰҰ ЕЭК экологиялық көрсеткіштерінің бірі (В-5) болып табылады, жыл сайынғы деректері Статистика комитетінің сайтында қол жетімді

7-схема. Қазақстан аумағы бойынша орташалағзеңі бойынша орташа көп жылдық мәнге қатысты есептеан 2016 жылғы жауын-шашын санының айлық ауытқуы. Ауытқулар 1961-1990 жылдар келген.


Төтенше жағдайлар

Климаттың өзгеруі – Қазақстанның қоршаған орта жағдайы үшін де елеулі әлеуетті қатер туғызатын жалпы әлемдік масштаб мәселесі екендігін ескеру қажет. Бұл өз кезегінде үлкен әлеуметтік-экономикалық нұқсанға әкелетін қауіпті табиғи құбылыстардың (су тасқыны, сел, жер сілкінісі, табиғи өрттер және т.б.) қайталануының және ауа-райының қолайсыз күрт өзгеруінің арту қарқынында көрінеді.

Республика территориясында қар көшкінінің 800-ге жуық ошақтары бар, олардың 369-ы 211-ден астам түрлі нысандарға, 350-ге жуық мемлекетаралық, республикалық, облыстық және жергілікті жолдарға және 2 мыңға жуық адамға тікелей қатер төндіреді. Көшкін жиі болатын аймақтарға Қазақстан Алтайы, Іле, Жетісу, Талас Алатауы және Қаратау жотасы болып табылады. Осылайша, Алматы облысында тек Кіші және Үлкен Алматы өзендерінің (Іле Алатауы) бассейндерінде 27 түрлі объектілер мен 79 тұрғынға қауіп төндіретін 123 көшкін ошақтары бар. Жетісу Алатауында көшкін қаупі солтүстік және солтүстік-батыс жоталарымен сипатталады (Көксу, Текелі өзендерінің бассейндері), 52 түрлі нысандар мен 146 тұрғынға қауіп төндіретін 10 қауіпті көшкін ошақтары тіркелген. Алматы облысында барлығы 133 көшкін жинағы анықталды, 79 объекті мен 225 тұрғынға қауіп төнуде.Шығыс Қазақстан облысында әртүрлі 92 объекті мен 1060-тан астам тұрғынға қауіп төндіретін 230 көшкін жинағы бар. Әсіресе авто жол бойындағы көшкін ошақтары қауіпті болып табылады. Қар көшкіні  262 км авто жолға ылпал етуі мүмкін. Көшкінге қауіпті аймақта жеті елді мекен бар: Зубовск, Огневка кенттері, Каменный карьері, Серебрянск, Өскемен, Риддер қалаларының, Алтынсарай ауылының және басқалардың төңірегі.Оңтүстік Қазақстан облысында қар көшкінінің қауіпті аймақтары Ұғам, Қаратау және Талас жоталары болып табылады, онда көшкінге қауіпті 6 учаске тіркелген. Олардың қауіптілік ықпалында әртүрлі 40 объекті және 360 тұрғын бар. Республиканың басқа өңірлерінде қар көшкіндері елді мекендер мен коммуникациялардан қашықтықта орналасқан шатқалдарда қалыптасады.  2016 жылы жалпы көлемі 198 597 м3  болатын 82 қар көшкіндерінің өздігімен түсуі тіркелген (Алматы облысында – 63, Шығыс Қазақстан облысында – 19).

Мұздықтардың және қардың қарқынды еруі, тауда жауын-шашынның көп түсуі, сондай-ақ мұздақ көлдердің бұзуы нәтижесінде сел қалыптасады.

Алматы, Жамбыл, Шығыс Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан облыстары мен Алматы қаласы аумақтарында 5600 аса сел тасқынының қалыптасу ошағы анықталды, соның ішінде 1226 елді мекенге, коммуникациялар мен ауыл шаруашылығы жайылымдарына тікелей қауіп төндіруде (18621 астам объект және 140547 аса тұрғын сел ағыны аймағына түсіп отыр), бұл ретте республиканың 11 мың км2 астам сел қауіпті аймағы (13-і) Алматы облысына тиесілі.

Көшкін

Алтайдың, Алатау Жетісуының және Тянь-Шаньның тау бөктеріндегі және тау бөктері аймақтарында, сонымен қатар Ертіс, Тобыл, Есіл және Жайық өзендерінің алқаптарында көшкіндер кеңінен таралған. Барлығы республика аумағында 2858 астам объектілер (елді мекендер, коммуникация, бөлек құрылыстар және т.б.) және шамамен 2382 тұрғынға қауіп төндіретін 149 көшкіні қауіпті учаскілер анықталған. Алматы облысының шегінде Іле және Алатау Жетісу жоталарының солтүстік бөктерінде әртүрлі көлемдердегі көшкіндердің аса көп саны анықталды. Бөлек өзен бассейндерінде көшкін қызметінің дамығандығы соншалық бөлек ошақтар емес, жалпы учаскілер бөлінеді. Алматы облысында осындай учаскілердің 124-і тіркелген. Олардың ықпал ету аймағына 446 объектілер мен 1573 астам адам түседі. 2016 жылы Алматы қаласының ауданында таулы аймақтардағы ұзақ жаңбырлармен байланысты (мамыр-маусым) 83 көшкін анықталған. Оңтүстік Қазақстан облысында көшкіндер Ұғам жотасында және Қазығұрт таулы алқабында кездеседі, Тұрбат ауылы аумағындағы 16 көшкіннің ошақтары 157 объектілер мен шамамен 773 тұрғынға әлеуетті қауіп төндіруде.Шығыс Қазақстан облысында Глубокое, Зырян, Қатонқарағай және Зайсан аудандарында 9 көшкін ауданы тіркелген, олар көбінесе өзен алқаптары жағалауының беткейлерімен шектеледі. Ауданы бойынша шағын көшкіндік көрінулер коммуникацияларға – авто және темір жолдарына және өтетін көліктердің жолаушыларына қауіп төндіруі мүмкін. Елді мекендерге тікелей қауіптер жоқ. Республиканың басқа да өңірлерінде көшкін үрдістері көп тарамаған, және олар көбінесе техногенді факторлармен байланысты (автожолдарды салу кезінде беткейлерді кесу, электр беру желісін салу кезінде, су тасқыны кезінде ірі өзендердің жағаларының құлауы және т.б.).

Судың тасқыны

Төтенше жағдайлар комитетінің мәліметтері бойынша, қар суы мен су тасқынынан зардап шеккен аудандарда 918 елді мекен бар, онда 402 мың адам өмір сүреді, сондай-ақ 1564 автокөлік учаскесі (1374, соның ішінде республикалық деңгейде – 457, облыстық – 402 және жергілікті – 515) және  теміржолдар (190) жалпы ұзындығы 1628,4 км (автокөлік) және 376,8 км (теміржол). Мекеменің ықтимал су тасқыны құбылыстарын болжауы Энергетика министрлігінің «Қазгидромет» РМК деректері негізінде жүзеге асырылады.


Парниктік газдар шығарындыларының көздері

Климаттың өзгеруіне парниктік газдар негізгі ықпал етеді.

8-схема. 1990-2015 жылдарының барлық кезеңдерінде орта есеппен ЖПОШӨ есебінсіз секторлардан парниктік газдар шығарындыларының үлесі

Жалпы ұлттық эмиссияның үрдісі негізінен «Энергетикалық қызмет» секторымен анықталады.

Энергетиканың әсері туралы нақтырақ ақпарат Қоршаған ортаның жай-күйі туралы және Қазақстан Республикасының табиғи ресурстарын пайдалану туралы ұлттық баяндаманың «Энергетика» тарауында келтірілген → Энергетика

Қазақстанда 2015 жылы «Өнеркәсіп үдерістері мен өнімдерді пайдалану» секторынан СО2 экв. 19,178 млн т атмосфераға шығарылды. . Былтырғы жыл сияқты өнеркәсіп секторындағы біршама шығарындылар көздері – металлургия.

Ауыл шаруашылығы қызметінен парниктік газдар эмиссиясы мал шаруашылығы эмиссиясы жатады (ішкі ферменттеу, көңді жинау, сақтау және пайдалану), өсімдік шаруашылығы (топыраққа минералды және органикалық тыңайтқыштарды салу, өнімнің биологиялық қалдықтарын түсуі, топыраққа органикалық заттарды минералдардан шыққан азот, күріш өсіру) және жайылымдық шаруашылық. Қызмет түрлеріне байланысты метан мен азот оксидінің біршама үлесі мал шаруашылығына келеді.

Энергетиканың әсері туралы нақтырақ ақпарат Қоршаған ортаның жай-күйі туралы және Қазақстан Республикасының табиғи ресурстарын пайдалану туралы ұлттық баяндаманың «Ауыл шаруашылығы» тарауында келтірілген → Ауыл шаруашылығы

«Қалдықтар» секторында парниктік газдар эмиссиясының сомалық өсуі негізінен үйінділер мен полигондарда сақталған муниципалды қалдықтар, қалдықтар массасынң ұлғаюымен және ТҚҚ құрамының өзгеру есебінен пайда болады.

Энергетиканың әсері туралы нақтырақ ақпарат Қоршаған ортаның жай-күйі туралы және Қазақстан Республикасының табиғи ресурстарын пайдалану туралы ұлттық баяндаманың «Қалдықтар» тарауында келтірілген → Қалдықтар


Парниктік газдар шығарындылары

Жалпы ұлттық эмиссиялар мен парниктік газдар сіңірулердің үрдістер өзі: Қазақстан Республикасының 1990-2015 жылдардың Монреал хаттамасымен реттелмейтін антропгенді шығарындылар мен парниктік газдар сіңірулер кадастры туралы Ұлттық баяндамасы).

Кеңестік Одақтан кейін барлық кеңестік дәуір елдеріндегі сияқты парниктік газдар эмиссиясы динамикасында ұқсастықтар байқалды. Алдымен эмиссия төмендеді, содан кейін өсе бастады ал, кейінгі сегіз-тоғыз ішінде олардың өсуі маңызды түрде баяулады. Қазақстанда парниктік газдардың шұғыл төмендеуі 1990 жылдан  бастап 1999 жыл аралығында болды яғни, жылына 10 % құрады.  Алайда, оны әртүрлі салалық даму бағдарламаларды қабылдау есебінен сонымен қатар, алдымен мұнайгаз саласын және әрі қарай жалпы экономиканың жандануына мүмкіндік туғызатын шетелдік инвестициялардың тікелей келуінің артуымен тоқтату мүмкін болды. Нәтижесінде 2002 жылдан бастап 2008 жылдар аралығында экономиканың өскені байқалды және сәйкесінше ПГ эмиссиясының өсімі орта есеппен жылына 6,5%-ды құрады. 2008-2009 жылдардағы әлемдік дағдарыстан кейін Қазақстандағы ПГ жалпы ұлттық эмиссиясының өсімі біршама баяулады және 2015 жылға дейін орта есеппен жылына 1%-дан аспады. 2014 жылы көмір өндіруде төмендеу және мұнай бағасының  төмендеуі басталды осылардың барлығы парниктік газдарға әсіресе энергетика секторына өз ықпалын тигізді. Осыған байланысты Қазақстандағы ПГ жалпы эмиссиясы 2014 жылға қарағанда 2015 жылы 4,3%-ға азайды. 2015 жылы дайындалған 1990-2014 жж. ПГ түгендеу деректері бойынша Қазақстанда парниктік газдардың жалпы эмиссиясы ЖПОШӨ секторын есептемегенде, СО2-баламасында 300,920 млн т құрады. Олар энергетикалық қызметтен – 246,875 млн т, өндірістік үдерістерден – 19,177 млн т, ауыл шаруашылығынан – 28,752 млн т және қалдықтарды басқару – 6,115 млн т құралған.

Парниктік газдардың таза эмиссиясы, 1990 жылы ЖПОШӨ секторының есебімен СО2 баламасында 371,831 млн т бағаланады, ал базалық 2015 жылы олар СО2 баламасында 314,914 млн т. құрады, бұл есептік жылмен салыстырғанда СО2 баламасында 56,917 млн т. жоғары немесе базалық жылдан 15,3 %-ға төмен. Осылайша, Қазақстанда ПГ жалпы ұлттық эмиссиялары 2015 есеп беру жылында ЖПОШӨ секторында сіңірулердің есебімен 1990 жылғы эмиссия деңгейінен 84,7% құрады, күтілген 86% орнына мұнай мен метал бағасының төмендеуімен туындаған экономикалық өсімнің баяулауының есебінен және 2014 жылмен салыстырғанда көмір өндірудің 10%-ға азаюымен туындаған. ЖПОШӨ секторы есебінсіз жалпы ұлттық эмиссия 2015 жылы базалық 1990 жылғыдан 22,9%-ға төмен немесе оның 77,1%-ын құрайды.

2015 жылы «Энергетикалық қызмет» секторының эмиссиясы 1990 жылғы базалық деңгейден әлі де 22,4 %-ға төмен және алдыңғы 2014 жылға қарағанда 6,6%-ға төмен СО2-баламасында 246,875 млн. теңгені құрайды.

Қазақстанда 2015 жылы «Өнеркәсіп үдерістері мен өнімдерді пайдалану» секторынан атмосфераға 1990 жылмен салыстырғанда 23,885 млн т СО2-экв.19,7%-ға төмен СО2 экв. 19,178 млн т және 2014 жылмен салыстырғанда 1,1%-ы жоғары атмосфераға шығарылды.

2015 жылы «Ауыл шаруашылық» секторында эмиссия 28,753 млн  СО2-экв.т. құрады. 2015 жылы ауыл шаруашылығынан ПГ шығарындыларының төмендеуі базалық жылмен салыстырғанда атмосфераға 2015 жылмен салыстырғанда 31,9%-ға, ал 2014 жылмен салыстырғанда эмиссия 1,03%-ға өсті.

2015 жылы «Қалдықтар» секторынан атмосфераға 6,115 млн СО2-экв.т. Осы сектордың санаты қызметінен ПГ эмиссиясы 1990 жылдан бастап барлық түгендеу кезеңінде орнықты өсіммен немесе 28,1 %-бен сипатталады.

2015 жылы қалдықтар секторынан басқа секторлардың барлығында базалық 1990 жылға қарағанда эмиссияның азайғаны байқалады ал, ЖПОШӨ секторында сіңірулер 1995 жылдан бастап эмиссияға ауысты. Өткен 2014 жылға қарағанда  есептілік 2015 жылы эмиссия энергетика қызметінде ғана емес сондай-ақ барлық секторларда өсті. Жалпы айтқанда жалпы ұлттық эмиссия 2015 жылы әлі де 1990 жылғы деңгейге жеткен жоқ.

9-схема. Қазақстан Республикасының экономика секторлары бойынша 1990-2015 жылдарға парниктік газдардың жалпы ұлттық эмиссиясының динамикасы, мың т. СО2 баламасымен

10-схема. Заттардың атауы бойынша парниктік газдар шығарындылары

Қазақстанда парниктік газдардың үлестік шығарындылары халықтың жан басына шаққанда 1990 жылы адам басына шаққанда СО2 баламасында 23,9 т құрады. 2015 жылы бұл көрсеткіштер СО2 баламасы/адам басына  шаққанда 17,3 т. дейін және СО2 баламасы/адам басына шаққанда 14,0 тоннаға төмендеді. Парникті газдарды қысқарту бойынша жүргізілген іс шаралар нәтижесінде өткізілген талдау олардың шығарындыларының жыл сайын азайғандығын көрсетеді. Мысалы, СО2 14,7 ретке, N2O 14,7 ретке, СН4 0,4 ретке қысқарған.

11-схема. Халықтың жан басына шаққандағы парниктік газдардың жиынтық шығарындылары

12-схема. Елдің алаңына шаққандағы парниктік газдардың жиынтық шығарындылары

13-схема. ЖІӨ бірлігіне шаққандағы парниктік газдардың жиынтық шығарындылары

Парниктік газдар шығарындылары туралы деректер БҰҰ ЕЭК экологиялық көрсеткіштерінің бірі (В-6) болып табылады, жыл сайынғы деректері Статистика комитетінің сайтында қол жетімді

 

 


Климаттың өзгеруі саласындағы саясат

Қазақстан Республикасы 1995 жылдың мамырында БҰҰ Климаттың өзгеруі туралы негіздемелік конвенцияны (БҰҰ КӨНК) ратификациялады және сол жылдың тамызында оның Тарабы болды. 1999 жылы 12 наурызда Қазақстан Республикасы Президентінің Қаулысымен БҰҰ КӨНК Киото хаттамасына қол қойылды. 2009 жылы 26 наурызда Қазақстан Республикасының «Біріккен Ұлттар Ұйымының Климаттың өзгеруі туралы негіздемелік конвенциясына Киото хаттамасын ратификациялау туралы» № 144-IV заңы қабылданды. 2009 жылдың 17 қыркүйегінде Киото хаттамасы Қазақстан үшін ресми түрде күшіне енді. 2011 жылдың 3 желтоқсанында Қазақстанда Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экологиялық мәселелер бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы қабылданды. Осыдан кейін ҚР Экологиялық кодескіне жаңа баптар енгізіліп сәйкесінше елде парниктік газдардың шығарындыларындыларын реттеудің мемлекеттік жүйесі енгізілді.

Қазақстанда парниктік газдарды ұлттық түгендеу БҰҰ (БҰҰ КӨНК) Климаттың өзгеруі туралы негіздемелік конвенциясының 1-қосымшасына және Киото хаттамасының, сондай – ақ 2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 158-1-бабына сәйкес қалыптасады.

Ұлттық кадастрдың сапасын бағалау және сапасын бақылау Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 18 наурыздағы «Парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін мемлекеттік түгендеудің толықтығын, айқындығын және анықтығын бақылауды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» №214 бұйрығымен реттеледі.

Киото хаттамасын ратификациялағаннан кейін Қазақстан БҰҰ КӨНК Хатшылығына жыл сайын парниктік газдар шығарындыларының ұлттық кадастрлары туралы есепті  жүйелі түрде ұсынады. Парниктік газдардың шығарындылары бойынша деректер жыл сайын екі жылға артқа жылжып ұсынылады. 2017 жылы парниктік газдар шығарындыларының ұлттық кадастрларын ұсыну үшін есептілік жыл болып 2015 жыл табылады.

Қазақстанның парниктік газдарының ұлттық кадастрында тікелей парниктік әсерімен алты газ қарастырылады: көміртегі диоксиді (СО2), метан (СН4), азоттың шала тотығы (N2O), гидрофтор көміртегі (ГФК), перфтор көміртегі (ПФК) және күкіртті гексафтор (SF6). Сондай-ақ көздердің кейбір санаттары үшін жанама ПГ туралы деректер ұсынылған – көміртегі тотығы (СО), азот тотығы (NOx) және металды емес ұшатын органикалық қосылыстар (МЕҰОҚ), сондай-ақ күкірттің еселенген тотығы (SO2) шығарындылары туралы деректер.

2012 жылы Доха қ. (Катар) БҰҰ КӨНК Тараптарының 18-ші конференциясында Қазақстан В қосымшадағы ел ретінде КХ екінші мерзімінде қатысуға өзінің ниеті туралы өтініш білдірді және базалық 1990 ж. деңгейге қатысты ПГ шығарындыларын 5% көлемінде төмендету (немесе армандарды кеңейткен жағдай 7%) туралы міндеттерді өзіне алуға ұсыныс жасады. 2015 жылдың желтоқсан айында Париж қаласында өткен климаттық самитте Қазақстанның ұстанымы негізгі мәселелер бойынша өзгеріссіз қалды. Париж конференциясына дейін Қазақстан, басқа да көптеген елдер сияқты, өздерінің анықтаушы үлестерін ұлттық деңгейде ұсынды (Intended national determined contributions – INDC), және парниктік газдардың шығарындыларын жалпы экономика көлемінде 1990 жылмен салыстырғанда (халықаралық қолдау алған жағдайда 2030 жылға 15-25% қысқарту (15% – сөзсіз мақсат, 25% – шартты мақсат) міндетін өзіне алды.

БҰҰ КӨНК және Киото хаттамасының талаптарын орындау мақсатында Қазақстан 2010 жылдан бастап жыл сайынғы негізде Монреаль хаттамасымен реттелмейтін (бұдан әрі – Ұлттық баяндама) барлық парник газдарын сіңіргіш көздерден және антропогендік шығарындылар кадастры туралы Ұлттық баяндама деп аталатын есепті БҰҰ КӨНК Хатшылығына ұсынады. 2017 жылы БҰҰ КӨНК хатшылығының сайтына 1990-2015 жылдардың Ұлттық баяндамасы ұсынылды және орналастырылды. БҰҰ КӨНК Хатшылығына Қазақстанның үш ұлттық хабараламасы ұсынылған. Қазіргі таңда ҚР VII Ұлттық хабарламасын әзірлеу бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Сондай-ақ елде Қазақстан Республикасының 2013-2020 жылдарға «жасыл экономикаға» көшу тұжырымдамасы қабылданды, онда энергия тиімділігін жетілдіру бойынша, жаңартылған энергия көздерін дамыту бойынша, ауаның ластануын төмендету бойынша шаралар және басқа да шаралар қарастырылған. Ұлттық деңгейде 2013 жылдан бастап қазақстандық көміртек нарығы іске қосылды. Жыл сайын статистикалық деректер негізінде парниктік газдар шығарындыларына түгендеу жүргізіледі. Барлық табиғат пайдаланушылар парниктік газдар шығарындыларына түгендеу жүргізу қажет осы жұмыстың қорытындысы бойынша қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға есептерді тапсыруы қажет. Сонымен қатар есепке қоса парниктік газдар шығарындыларын түгендеу туралы есепті бекіту туралы тәуелсіз аккредителген ұйымның қорытындысы ұсынылады. Табиғат пайдаланушылардың барлық есептері шығарындылар көздері мен партниктік газдар сіңіргіштерінің мемлекеттік кадастрына келіп түседі.

Мониторинг барысында анықталған 20 мың тонна СО2 эквиваленттен жоғары парниктік газдары бар табиғат пайдаланушылар парниктік газдар шығарындыларына квота сауда нарығының субъектілері болып табылады. Парниктік газдар квотасын бөлу белгіленген кезеңде квотаны бөлудің ұлттық жоспарын бекіту жолымен жүзеге асырылады. 2013 жылға және 2014-2015 жылдарға Парниктік газдар шығарындыларына квота бөлудің Ұлттық жоспары жүзеге асырылды.

Парниктік газдарды реттеу саласындағы заңнаманы жетілдіру мақсатында 2016 жылдың сәуірінде 2018 жылдың 1 қаңтарына дейін ШСЖ тоқтата тұру туралы заң қабылданды.

Заңмен енгізілген түзетулер парниктік газдардың шығарындылары бойынша есептілік, мониторинг және верификация жүйесін жақсартуға, сондай-ақ квота беру жүйесінің жұмыс істеу және тиімді әдіспен парниктік газдардың шығарындыларына квоталардың ішкі саудасының соңғы мақсатын анықтауға мүмкіндік береді. Бұған қоса, Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» кодексінің 329 және 330-баптарына Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің материалдық нормаларын туындайтын, өзгертулер мен толықтырулар енгізілген болатын.

2016 жылы «Қазгидромет» жүйелі метеорологиялық бақылаулар 328 метеорологиялық станцияда, 11 метеорологиялық бекетте, 9 аэрологиялық станцияда, 203 агрометеорологиялық бекетте, 307 гидрологиялық бекетте келесі бақылау түрлері бойынша жүргізілді:

– 328 метеорологиялық станцияда 1 338 096 рет атмосфералық қысымды өлшеу;

– 284 метеорологиялық станцияда жер бетінің ауа температурасының өлшемі 1 007 232 рет бақылау;

– 98 метеорологиялық станцияда 0,5 см-ден 20 см-ге дейінгі тереңдіктегі топырақтың температурасын өлшеу;

– 19 метеорологиялық станцияда 20 см-ден 320 см-ге дейінгі тереңдікте топырақтың температурасына өлшеу;

– 110 метеорологиялық станцияда температураның тәуліктік барысын тіркеу;

-99 метеорологиялық станцияда ауаның салыстырмалық ылғалдылығының тәуліктік барысын тіркеу;-

– 95 метеорологиялық станцияда күн сәулесінің барысын тіркеу;

– 267 метеорологиялық станцияда атмосфералық және апатты гидрометеорологиялық құбылыстарды тәулік бойы бақылау;

– 40 метеорологиялық станцияда актинометриялық бақылау;

– 5 метеорологиялық станцияда 14 600 озонометриялық бақылау.

Метеорологиялық бақылау деректері www.kazhydromet.kz сайтында қол жетімді

Келтірілген қатерлер шарттарында ведомство қызметі республика халқын және экономикалық әлеуетін төтенше жағдайлардың (бұдан әрі – ТЖ) әсерінен қорғауды қамтамасыз етуге, ТЖ алдын алу және оларды жою күштері мен құралдарын дамытуға және жетілдіруге бағытталған. ТЖ барлық деңгейлерінде шұғыл ден қою және әрекет ете білу әзірлігінде болу республиканың мемлекеттік органдарының маңызды міндеті болып табылады және АҚ саласында заңнамалық негізді бір уақытта жетілдіруді талап етеді. Осыған аймақтар, экономика объектілері үшін басым қауіптерді анықтап, шығын мен нұқсанды барынша азайту үшін барлық мүмкіндікті қабылдай отырып, апаттардың алғы шарттарын жоспарлы жоюы қажет. 2016 жылы 2061 табиғи сипаттағы төтенше жағдай тіркелді. Кәсіби апатты-құтқару қызметтері және ІІМ ведомстволық бағынысты ұйымдары 59291 адамды құтқарып, эвакуациялады, 6274 зардап шегушіге алғашқы медициналық көмек көрсетті, 65073 шығу жасалды, 1762 адам ауруханаға жеткізілді.

Көшкінге қауіпті учаскілерге мониторинг Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитетінің «Қазселденқорғау» ММ бөлімшелерімен 36 қар өлшеу бағдарларымен жүзеге асырылады. Көшкінге қауіпті аймақтарға қорғау шараларын қамтамасыз ету бойынша тиісті шараларды уақытылы қабылдау үшін әкімдіктермен, ұйымдардың басшыларымен және «Қазселденқорғау» ММ кәсіпорын бөлімшелерінің басшыларымен Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитетінің Төтенше жағдайлар департаменттерімен бірлесіп 932 ұсыныстар-ескертулер берілді.

Сонымен қатар Қазселденқорғау басқармасымен 2016 жылдың көшкін қауіпті кезеңіне дайындық мақсатында қауіпті учаскілерде және авто жолдарда 75 ақпараттық щиттер мен ескерту белгілері, 1899 қар ұстау щиттері қойылды. Сақтандыру шараларын ұйымдастыру үшін қар көшкінінің жүру қаупі туралы ақпаратты алуға қатысты «Қазгидромет» РМК қар көшкіні қызметімен өзара әрекет жоспары нақтыланды.

«Қазселденқорғау» ММ 2011 жылғы 21 қыркүйектегі №78 бұйрығына сәйкес көшкінді қауіпті учаскілерде 68 ескерту және ақпараттық щиттер орналастырылды.

ТЖ аумақтық бөлімшелері әкімдіктермен, ұйымдар басшыларымен, сонымен қатар бағбандық қоғамдармен бірлесіп 1100-ден аса хабарлама-ұсынымдар берілді, 90 ақпараттық қалқан және ескерту белгілері қойылды, БАҚ-та табиғи сипаттағы ТЖ алдын алу тақырыптары бойынша 185 сөз сөйлеулер мен жарияланымдар өткізілді. Жергілікті тұрғындарға және қауіпті аймақтарда демалушыларға 2000 аса брошюралар таратылды.

Алматы қаласы, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарыныңғ сонымен қатар «Қазселденқорғау» ММ бөлімшелерін қоса, Азаматтық қорғаныс бөлімшелерінің күштері мен құралдары селдер мен көшкіндердің пайда болуымен байланысты қауіптерді анықтау бойынша іс-шаралар жүргізуде. Көшкін қаупінің деңгейі жауын-шашын мөлшеріне байланысты.