Қоршаған ортаның жай-күйі және табиғи ресурстарды пайдалану туралы Ұлттық баяндама

Жер ресурстары


Жер ресурстарының жағдайы

Қазақстан Республикасының жер көлемі 2015 жылдың 1 қарашасындағы жер балансының деректері бойынша 272,5 млн га құрайды, оның ішінде 11 317,3 мың га Байқоңыр ғарыш айлағында қарасты Ресей Федерациясының әскери дайындық полигонына пайдаланады. Өзбекстан Республикасының аумағында «Чимган» шипажайына иелік етуге бір мезгілде Қазақстан Республикасынан 0,9 мың га берілген. Пайдаланылатын жер қоры нәтижесінде Қазақстан Республикасының жер қоры 261 173,8 мың га. құрайды.

1-схема. 1991-2016 жылдарға арналған жер санаттары бойынша жер қорының динамикасы, мың га

Ауыл шаруашылық алқаптары – 214,8 млн га оның ішінде, егістік жерлері – 24,8 млн га, көп жылдық екпелер – 0,2 млн га, шабындықтар – 4,9 млн га, шоғырлар  – 5,0 млн га, жайылымдар – 179,9 млн га. Жерді жүйелі суландыруға 2,1 млн га жер жатады оның ішінде егістіктер 1,6 млн га, көлдете суландыру – 0,9 млн га, шабындылар – 0,7 млн га. Ел экономикасының аграрлы секторында қожалық етудің мемлекеттік емес нысандарына ауыл шаруашылыққа берілген жерлердің 100,9 млн га немесе  98,4 %-ы бекітілген. Республика бойынша 219 мың шаруа және фермерлік қожалықтар, 1,5 мың ауыл шаруашылық өндіру кооперативтері, 7,6 мың шаруашылық секіктестіктері мен ақционерлік қоғам есептелген.

2016 жылдың 1 мамырындағы жағдай бойынша (Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 6 мамырдағы «Жер заңнамасының кейбір нормаларын қолдануға мораторий енгізу туралы» № 248 Жарлығының күшіне енгенге дейін) республикада аталған жер санатына жеке меншікті жүргізу кезінен бастап ауыл шаруашылығына берілген жердің 1408,3 мың га сатылды.

2016 жылдың 1 қарашасындағы жер балансының деректері ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерлері – 5 475,8 мың га, сауықтыру орындарының жерлері – 172,8 мың. га, рекреациялық және тарихи-мәдени табиғи аумақтардың жерлері – 1 076,0 мың. га.

 

2-схема. 1991-2016 жылдарға орманды аудандар мен ағаштыбұталы екпелердің динамикасы, мың. га

2016 жылғы 1 қарашадағы жер балансының деректеріне байланысты су қоры жерінің ауданы республиканың жер қорының 4 128,5 мың га немесе 1,6%-ын құрайды.

4-схема. 1991-2016 жылдарға су қоры жері ауданының динамикасы, мың га

Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму Бағдарламасының (БҰҰДБ) шеңберінде әзірленген «Жаңа мыңжылдықтағы Қазақстанның су ресурстары» шолу деректеріне сәйкес Қазақстанның республика аумақтарында 39 мыңға жуық  өзен мен уақытша су ағындары бар оның ішінде, 7 мыңнан артығының  ұзындығы 10 км жоғары. Көлдер өте көп, олардың саны 48 мыңға жуық ал, беткі судың жалпы аудандарының 45 мың км2 құрайды. Негізгі су сақтағыштарының (көктемгі ағысмты ұстап тұруға есептелген тоғандар мен кіші су сақтағыштар есебінсіз) бірлігі 95,5 км3 тереңдікте 200 ден көп есептелген.

2016 жылы өзендер мен бастаулардың аудандары 0,5 мың га ұлғайды ал, көлдердің астында 0,9 мың га, жасанды су қоймалар астында 0,2 мың га азайды. Бұл өзгерістер аудандарды нақтылау нәтижесінде жүзеге асырылды

5-схема. 1991-2016 жылдары сумен қамтылған жер аудандарының динамикасы, мың га

Аумақты сумен қамтамасыз етудің және су ресурстарын пайдаланудың әртүрлі деңгейлерімен сипатталатын республика аумағындағы су объектілерінің есебін жетілдіру мақсатында сегіз есептік су шаруашылығы бассейндерімен шартталып бөлінеді.

Көліктің әсері туралы нақтырақ ақпарат Қоршаған ортаның жай-күйі туралы және Қазақстан Республикасының табиғи ресурстарын пайдалану туралы ұлттық баяндаманың «Су ресурстары» тарауында келтірілген → Су ресурстары 

Қазақстанда түрлі климаттық және геологиялық жағдайларға байланысты топырақ жамылғысының әртүрлілігі, ауыл шаруашылығы өндірісінің бағыттары кең ауқымды дамуымен байланысты.

 

 

 

1- сурет. Топырақтар

1- сурет. Топырақтар

1- сурет. Топырақтар

Аталған аймақтың биоклиматтық және топырақтық жағдайларда – ауыл шаруашылық қызметінің басты бағыттары – дәнді дақылдарды суармаламай күтіп баптау. Кәдімгі және оңтүстік қара топырақты орташа-қуаң далалы аймақ батысында – Орал маңы үстіртінен Ертіс маңы жазықтарына дейін шығысында 2,2 мың км дейін  Қазақстанның барлық аумағы арқылы  созылып жатыр. Далалы аймақтың жалпы ауданы республика аумағының  26,5 млн га  немесе 9,7%-ын құрайды.

6-схема. 2016 жылдың 1 қарашасына арналған ауыл шаруашылығы алқаптарының негізгі типтері мен топырақтардың кіші типтері бойынша құрамы

Ескерту: «Жерлер жиыны» жолы, басқа мемлекеттердің пайдаланатын жерлерісіз» 

Қазақстанның ауыл шаруашылығы аймақтарының біршама кең көлемін қызғылт қара қоңырлы және қызғылт қоңырлы топырақтың құрғақ далалы аймақтар алып жатыр. Құрғақ далалы аймақтың жалпы ауданы 62,4 млн  га немесе республика аймағының 22,9%-ын құрайды.

Ашық қызғылт топырақтың шөлді далалы аймағы қызғылт топырақты аймақтың ең оңтүстік бөлігінен – шығысында Алтай мен Тарбағатай тау бөктерлеріне дейін батысында Каспий маңы ойпатының шегінен солтүстік шөлде сұр-қоңыр топырақпен ауысып ұласуда.

Шөлейтті аймақтың ақшыл-қызыл топырағының жалпы ауданы 31,2 млн га құрайды. Ауыл шаруашылығына белгіленген жерлердің құрамында ашық-қызғылт топырақ 10,0 млн га (32,1% аймақ) құрайды.

Ашық-қызғылт топырақтың шөлді далалы аймағы ауыл шаруалығының қосалқы шаруашылығы мал шаруашылығына (негізінен жем-шөп дақылдарын өндіруге арналған) бейімделген. Барлығы 49,0 мың га оның ішінде, 8,5 мың га суармалы егістіктер бар.

Қоңыр және сұр-қоңыр шөлді аймақтар топырағы Қазақстанның кең биоклиматтық аймақтарының оңтүстік кезеңі болып табылады. Ол батыстан шығысқа қарай кең көлеммен 2800 км және 850 км дейін созылып жатыр. Бұл ауданы бойынша республика аумағының 112,1 млн га немесе 41,1%-ын алып жатқан ең көлемді табиғи аумақ болып табылады.

Ауыл шаруашылық санатына берілген жерлердің 86%-ы барлық қара топыраққа ауыл шаруашылыққы қатысты біршама құнды  қызғылт қара қоңырлы топыраққа – 76% және қызғылт  қоңырлы топыраққа – 58%. Республиканың 85%-дан жоғары бөлігі егістік жері орманды далалы, далалы және қуаң далалы аймақтарда орналасқан. Егістік жер аймақтарының бір пайыздан астамын орман далалы, шөл және шөлейт жерлері құрайды.

2016 жылдың соңына қарай бүлінген құрылыс барысында өндірістік объектілерді желілік құрылыстарды және басқа да кәсіпорындарды, кен орындарын игеру кезінде пайдалы қазбаларды өндіру, оларды өңдеу және геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу кезінде 247,7 мың га жер бүлінген деп есептеледі.

Аймақтық тұрғыда ең көп бүлінген жерлер саны  үш облыста орналасқан, Маңғыстау облысында 78,4 мың га және қалпына келтірілген 3,6 мың га, Қарағанды облысында 45,1 мың га және 10,6 мың га тиісінше және Қостанай облысында 37,8 мың га және 13,7 мың га тиісінше қалпына келтірілген. Жалпы республика аумағында бүлінген жерлері бар өндірістер мен ұйымдардың 3527-сі есептелінеді.

7-схема. 2016 жылға облыстар бойынша бүлінген жерлерді қайта қалпына келтіру (га)


Топырақтың ластану көздері

Всего по данным земельного баланса по состоянию на 1 ноября 2016 года в республике числится 249,8 тыс. га нарушенных земель, на которых размещаются отвалы вскрышных и горных пород, хвостохранилища, золоотвалы, карьеры угольных и горных разработок, нефтяные поля и амбары.

Өнімді айналымынан жерлерді шығару туралы деректер БҰҰ ЕЭК экологиялық көрсеткіштерінің бірі (Е-21) болып табылады, жыл сайынғы деректері Статистика комитетінің сайтында қол жетімді.

Топырақтың негізгі ластану көздері атмосфераға шығарындылары, өнеркәсіп, энергетика кәсіпорындарының, әскери-өнеркәсіп кешендерінін қатты және сұйық қалдықтары, шаруашылық-тұрмыстық қалдықтар, автокөлік қалдықтары болып табылады.

Тек түсті металлургия кәсіпорындарының қызмет нәтижесінде 22 млрд тоннадан астам қалдық жинақталған, оның ішінде шамамен 4 млрд тонна тау-кен өндірісінің қалдықтары, улы – 1,1 млрд тонна байыту қалдықтары және металлургиялық өңдеу қалдықтары – 105 млн тонна.

Түсті металлургия қалдықтарын жинақтағыштар шамамен 15 мың га, оның ішінде тау жыныстарының үйінділері 8 мың га, байыту фабрикаларының қалдықтары – 6 мыңға жуық га және металлургия зауыттарының үйінділері – 500 га-дан астам көлемді алып жатыр.

Қара металлургия және химия өнеркәсібінің қалдықтары осындай тәртіпте түзіледі. Шығыс Қазақстан облысы жерінің ластануы мыс, мырыш, кадмий, қорғасын, мышьяк қосылыстарымен байланысты. Улы қалдықтар санитарлық – экологиялық талаптарға сәйкес жауап бермейтін полигондарда орналастырылған. Қорғасын аномалиясы Шемонайха, Глубокое және Зырян аудандарының  аумағын қамтиды. Зырян, Өскемен, Риддер, Зырян қалалары неғұрлым қолайсыз болып табылатын аудандарға жатады. Павлодар облысында машина жасау, химия, көмір өндіру және мұнай өңдеу өнеркәсібі, Екібастұз ГРЭС-і ластағыш көздер болып табылады. Жиналған қалдықтардың көлемінің тұрақты түрде көбеюі нәтижесінде олардың сақталу және көму орнының абаттандырылмауының нәтижесінде қоршаған ортаға ластағыш заттардың көшуі байқалады.

Қарағанды облысы жерлерінің ластануы тау-кен және металлургия өнеркәсібімен байланысты. Облыста 350-ден астам сақтау полигондары, өнеркәсіптік және тұрмыстық қалдықтар бар. Балқаш тау-кен металлургия комбинатының нормативтен тыс шығарындылары топырақ мыспен, мырышпен, кобальтпен, кадмиймен және қорғасынмен ластануына әкеліп соқты.

Қызылорда облысында жер ресурстарының ауыр металдармен және мұнай өнімдерімен ластануын туғызатын кәсіпорындар мұнай-газ өндіруші кәсіпорындар болып табылады. Мұнай игеруден басқа, жер ресурстарының ластануына әкелетін кәсіпорындар саласына түсті металдарды және табиғи радиоактивті кендерді игеру жатады.

Қостанай облысының техногенді ластанған жерлері қаланың өнеркәсіп аймақтарында, қазбаларды өндіру және өңдеу аймақтарында таралған. Өңірде Троицк ГРЭС-і мен   Соколов-Сарыбай кен байыту комбинатының үйінді сақтағышының қоршаған ортаны ластау маңызды мәселе болып тұр.

Солтүстік Қазақстан облысының алтын және полиметалл кен орындарын өндіру күшәла және ауыр металдармен жердің ластануын тударады.

Ластанудың өнеркәсіп көздерімен қоса агрогенді ластағыштардың да үлесі артуда. Ө.О.Оспанов атындағы Қазақ топырақтану және агрохимия ғылыми-зерттеу институтының деректері бойынша Қазақстанның негізгі күріш егуші аймақтарының топырағында қорғасынның, никельдің және мыстың шекті жол берілетін концентраттардың (ШЖК) артқаны байқалады.

Қазақстанда ЖҚОЗ өндірісінің жоқтығына қарамастан ел үшін ЖҚОЗ өзекті проблема. ЖҚОЗ ластанудың негізгі көздері ауыл шаруашылығында көлікте; өнеркәсіп технологияларында; диоксиндер мен фурондардың әдейі шығарындыларына алып келетін; ашық өртеу үдерісінде диоксиндер мен фурондардың қолдануға жарамайтын және ескірген пестицидтері (оның ішінде ЖҚОЗ қасиеттеріне ие болғандары) болып табылады.

Қала жерлерінің ластануына саны жыл сайын өсіп келе жатқан автокөліктердің де ықпалы айтарлықтай.

Елдің ауыл шаруашылығында қолдануға жарамайтын және ескірген пестицидтерді пайдалану олардың химиялық сәйкестендіру проблемасы өткір мәселе болып отыр. 1500 тоннадан астам осындай пестицидтер мен олардың қоспалары республиканың қоймалары мен қорымдарда орналасқан, олардың кейбірі бейімделмеген және апатты орынжайларда сақталуда. Шамамен олардың 10%-ы ЖОЛ-ға (жойылуы қиын органикалық ластауыштар) тиесілі. ЖОЛ қасиеттері бар пестицидтерді түгендеу тек 20%-ды қамтиды.

Пестицидтердің өздерімен қоса олардың ыдыстарын кәдеге жарату талап етіледі. Пестицидтерден босаған ыдыстарды кәдеге жарату өайта өндіру кәсіпорындарының қуаттылығының жеткіліксіздігінен және олардың көп бөлігінің қолданыстағы қорымдарда қарапайым түрде көмілетіндіктен проблема болып отыр.  Адамдар білместіктен ыдысты тұрмыстық мақсатта тамақ өнімдерін және суды сақтау үшін қолдануы халықтың денсаулығына шын мәнінде қауіп төндіреді.

Қазақстанда Республикада жойылуы қиын органикалық ластағыштар бойынша ластанған сегіз «ыстық нүктелер» аумағы анықталды. Қазақстанда «ыстық нүктелер» туралы ақпарат ЖОЛ  ластанудың «ыстық нүктелер»  дүниежүзілік картасына орналастыру үшін оны ЖОЛ (IPEN) жоюдың халықаралық желілеріне бағытталған.

1998 жылы Ауыл шаруашылық министрлігінің деректері бойынша Қазақстан Республикасында 574 тонна жарамсыз пестицидтер мен 50 мың бірлік ыдыс жинақталған.

Ескірген пестицидтердің жиналуының басты себебі – зияндылығы жоғары немесе экологиялық қауіптілігіне байланысты бұрын сатып алынған тауарларға тыйым салу; қысқа сақтау мерзімімен ұзақ сақтау; сақтау және сақтау қанағаттанарлықсыз ұйымдастыру; жүзеге асыру мерзімдері болып табылады. ЮНЕП жобасы шеңберінде Қазақстанмен Стокгольм конвенциясына қол қою қарсаңында 2001 жылы жүргізілген ескірген пестицидтерге түгендеу кезінде ел аумағында пайдалануға жарамсыз 621 тонна препарат табылды.   Қазақстан Республикасындағы тұрақты органикалық заттардың қорлары 15,5 тоннаға бағаланды. Олардың 15 тоннасы токсафенмен (Солтүстік Қазақстан облысында) және ДДТ – 0,5 тонна (Шығыс Қазақстан облысы) ұсынылды.

8-схема. Қазақстан Республикасындағы пестицидтер санынан ЖҚОЗ алдын ала үгендеудуің нәтижелері (ҚР АШМ 2003 жылғы 1 сәуірдегі жағдайы бойынша деректер)

құрамында ЖҚОЗ бар пестицид атауы Сақтағыштың орналасқан орны саны, тонна Көмілген күні
1. Токсафен Солтүстік Қазақстан облысы, Аққайың ауданы, “Плодородие” АҚ 15
2. ДДТ Шығыс Қазақстан облысы, Жарма ауданы, Жалғызтөбе а. 0,5 2002 жыл
  ЖИЫНЫ 15, 5

Энергетика министрлігінің 2014 жылғы сәуіріндегі соңғы деректеріне сәйкес Қазақстанның әртүрлі объектілерінде сақталған ескірген пестицидтердің жалпы саны 1 617637,75 кг(л), олардан босаған ыдыстар 169660 данадан астамды құрайды.

Қазіргі таңда республимка аумағында құрамында ПХД бар жабдықтар 116 трансформтор мен 50 мыңға жуық конденсатор бар екендігі анықталдыҚұрамында ПХД бар қалдықтардың жалпы көлемі 250 мың тоннамен бағаланады. Қазақстан Республикасы ЖҚОЗ қалдық қорлары бойынша Шығыс және Орталық Еуропа елдері ішінен Ресей Федерациясынан кейін екінші орын алады.

Қазіргі таңда қорғалған орман жолақтары олардың мәртебесі жөніндегі қағидалардың жоқтығына байланысты дағдарысты жағдайда болып отыр.  Орманды қорғау аудандарының көп мөлшердегі екпесі шабылған және қураған. Жаңа орман екпелерін отырғызу бойынша жұмыстар тоқтатылған.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 желтоқсандағы «Туризм объектісін салу және оның жұмыс істеуі үшін ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жекелеген жер учаскелерін Алматы қаласының босалқы жерлеріне ауыстыру туралы» № 1267 қаулысына сәйкес ерекше қорғалатын табиғи аумақтар санатындағы жалпы ауданы 1,0 мың га болатын «Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи парк» республикалық мемлекеттік мекемесінің жері сауықтыру, рекреациялық және тарихи-мәдение тағайындаумен 21,8 мың га дейін ерекше қорғалатын табиғи аумақ жер санатының жалпы ауданы азаю арқылы «Көкжайлау» тау шаңғылы курортының құрылысы мен қызметі үшін Алматы қаласы Медеу ауданының жер қоры санатына ауыстырылды.


Жер жағдайының ауыл шаруашылығына әсері

Ауыл шаруашылық алқаптарының 100 % Қазақстан Республикасының сипаттамасы сапалық жағдайы туралы есеп деректеріне сәйкес (2010 ж.) құрылым және аудандардағы алқаптарындағы кейінгі  жылдар бойынша енгізілген өзгерістерді ескергенде теріс белгілермен күрделенбеген мелиоративті тобына 19,3%-ы жатады.

9-схема. 2016 жылдың 1 қарашадасындағы жағдай бойынша мелиоративті топтар бойынша ауыл шаруашылық алқаптарының бөлінуі

2- сурет. Шөп шабындыларының дәнді техникалық жағдайы

13-схема. 2016 жылдың 1 қарашасына Облыстар бойынша дәнді техникалық жағдайындағы шөп шабындыларының сипаттамасымың га

Ескерту: «Жерлер жиыны» жолы, басқа мемлекеттердің пайдаланатын жерлерісіз»

3-сурет. Жайылымдардың мәдени-техникалық жағдайы

3-сурет. Жайылымдардың мәдени-техникалық жағдайы

Дәнді техникалық жағдайы бойынша жайылымдар 110,7 млн га (61,7%) таза.  Жақсартылғаны 5,9 млн га (3,2%), бұталанғаны – 19,0 млн га (10,5%), томарлысы – 1,6 млн га (0,9%), ормандысы – 3,2 млн га (1,8%), тастақтысы – 4,7 млн га (2,6%), қылқан селеуленгені – 7,7 млн га (4,2%), бұзылғаны – 27,1 млн га (15,0%) құрайды.

14-схема. 2016 жылдың 1 қарашасына табиғи аймақтар шөп шабындыларының дәнді техникалық жағдайы бойынша сипаттамасы, мың га

* Ескерту: Жерлер жиыны» жолы, басқа мемлекеттердің пайдаланылатын жерлерісі

Жайылымдық экожүйенің бұзылуының аймақтық аспектісінде көбіне барлық бұзылған жайылымдардың 95%-ы бар жазық бөліктерде, оның ішінде олардың аудандарының шөл және шөлді аймақтарында 16,1 млн га немесе 59,4%-ы байқалады. Жайылымдардың бұзылуы негізінен экологиялық жағдай мен адамның шаруашылықтағы тұрақсыз әрекетінің салдарынан болады. Ол өсімдіктердің құнды азықтық шөптесін түрлерінің жоғалуы мен оның орнына бір жылдық арамшөп түрлерінің алмасуымен байқалады.

15-схема. 2016 жылдың 1 қарашасына облыстар бойынша бұзылған жайылымдардың сипаттамасы, мың га

*Ескерту: Жерлер жиыны» жолы, басқа мемлекеттердің пайдаланылатын жерлерісіз

Бұзылған жайылымдардың екінші санатына (8,1 млн га – 30%) жеуге жарамсыз өсімдіктер басып кеткен шабындықтар (сары андыз, жыланқияқ, сора қарасорасы, және т.б) және улы өсімдіктерге (уқорғасын, есекмия, гармала т.б) жатады. Өз кезегінде, жеуге жарамсыз арам шөптер мен жеуге жарамсыз улы өсімдіктердің көгалдануы орташа және қатты болып бөлінеді. Жеуге жарамсыз арам шөптер түрлері таралған жайылым аудандары 3,3 млн га (орташа – 1,6 млн га, күшті– 1,7 млн га), негізінен, Қостанай (1,0 млн га), Қызылорда (0,4 млн га) және Жамбыл (0,4 млн га) облыстарында. Жеуге жарамсыз улы өсімдіктердің жайылымы 4,7 млн га жайылым (орта – 3,1 млн га, қатты – 1,6 млн га). Атырау және Маңғыстау (0,9 млн га), Ақтөбе (0,8 млн га) облыстарында ең көп ауданы орналасқан.

Үшінші санаттағы бұзылған жайылымдардың аумағында өсімдік жамылғысының және мал сою орнының болмауы (уақытша қолайсыз жайылым) жатады. Ауданда істен шығудың соңғы сатысы 0,8 млн га немесе 3%-ға анықталған. Ең үлкен ауданы Жамбыл және Алматы облыстарында (тиісінше 240 және 172,4 мың га) байқалады.

Жайылымдардың тозуы антпропогендік фактордың өздігінен қалпына келу қабілетінінің шегі әсер еткен жағдайда, қалпына келеді. Бұзылған экожүйені қалпына келтіру іс-шараларды жүргізу жолымен жақсарту бойынша осы алқаптарда (шөп немесе қайта шалғындандыру, қосымша егу, көпжылдық жайылыммен айналасу және т. б.) жүзеге асырылады.

Эрозия топырақтың жоғарғы қабатының сумен шаюын, қарашірікті-аккумулятивті көкжиекті топырақтың құнарлығын жоғалтуын және жердің тозуының ең қауіпті түрлерін тудыратын құбылыс.

Жерлердің сапалық сипаттамасының деректері бойынша Қазақстан Республикасында  90 млн га эрозияланған және эрозиялық қауіпті жерлер, оның ішінде нақты эрозияға ұшырағаны –29,3 млн га.

Республикада 24,2 млн га немесе 11,3% ауыл шаруашылығы алқаптары жел эрозиясына ұшыраған (дефлирленген).

Дефляция үдерісінің көріну деңгейі бойынша үш кіші топқа бөлінеді:

– әлсіз дефлирленген, оларға біртекті контурлары бар әлсіз дефлирленген мен олардың орташа-күшті дефлирленген 10-30 %-дан  және құмның 30-50 % кешені топырақтары жатады. Жалпы көлемі 2,2 млн га (9,1%) құрайды;

– орташа дефлирленген, оларға біртекті контурлары бар орташа дефлирленген топырақтар мен  олардың орташа-күшті дефлирленген 30-50% және құмның 30-дан 50%-ға дейінгі кешен сонымен қатар, жазық алқаптың ашық қызғылт, қоңыр және сұр-қоңыр аймақтар мен кіші аймақтардың топырақтары жатады. Жалпы ауданы 4,9 млн га (20,2%) құрайды;

– күшті дефлирленген, біртекті контурлары бар күшті дефлирленген топырақ пен олардың басым кешендері, мен  олардың орташа-күшті дефлирленген 30-дан 50 %-ға дейін кешендер мен барлық құм жатады.  Жалпы құрамы 17,1 млн га (70,7%) құрайды.

16-схема. 2016 жылдың 1 қарашасына эрозияға ұшыраған ауыл шаруашылық алқаптарының ауданы, мың га

* Ескерту: «жерлер жиыны» жолы, басқа мемлекеттердің пайдаланылатын жерлерісіз

Топырақ эрозиясына ұшыраған аудандар туралы деректер БҰҰ ЕЭК экологиялық көрсеткіштерінің бірі (Е-22) болып табылады, жыл сайынғы деректері Статистика комитетінің сайтында қол жетімді.


Жерлерді қорғау

2016 жылы Тұтынушылардың құқығын қорғау комитетінің аумақтық органдарымен және ұйымдарымен топырақтың санитарлық жағдайына бақылау жүргізілді. Топырақ үлгілерінің зертханалық зерттеулері су жинауды санитарлық қорғау аймақ аумақтарында, рекреациялық  және мектепке дейінгі балалар мекемесі аймақтарында жүргізілді. Бұл ретте барлық зерттелген бактериологиялық көрсеткіштерде 6758 топырақ сынамасы жүргізілді оның 2,7% сынамасы талаптарға сай болмай шықты. Сонымен қатар, балалар алаңдары мен балаларды сауықтыру ұйымдарының аумақтарынан – 1,6%, Павлодар облысында -10,2%, Оңтүстік-Қазақстан облысында – 2,1% және Алматы қаласында – 2,7% республикалық көрсеткіштен жоғары болды. Гельминт жұмыртқаларына 13 823 топырақ сынамасы жүргізілді оның 1,1%-ы сәйкес емес, жоғарғы көрсеткіштер Ақтөбе облысында (9,2%), Алматы облысында (8,2%), Қарағанды облысында (2,7%) және Жамбыл облысында (1,9%) байқалды. Топырақтағы пестицидтердің құрамына 680 сынама жасалды және оң сынама табылмады.

«Пестицидтер» және «Нитраттар» бағдарламасы шеңберінде қоршаған орта объектілерінде  пестицидтер мен нитраттар қалдық санының құрам деңгейіне мониторинг жүргізіледі.

2016 жылы барлығы Республика бойынша пестицидтің 29166 сынамасы зерттелді, нормативті құжаттарға сәйкес емес сынаманың таза салмағы 0,05%-ды құрады. Пестицидтердің қалдық санының құрамын анықтауға жүргізілген 3433  су сынамасын зерттеулерден шекті жол берілетін концентрациялардың артуы тіркелмеген.

«Қазгидромет» РМК топырақтың ауыр металдармен ластануын анықтау үшін сынамаларға іріктеу жүргізеді. 2016 жылдың көктемі мен күзінде республиканың 14 облысының 39 елді мекенінде және Атырау және Маңғыстау облыстары аумақтарының еслі мекендерінде топырақ сынамасын іріктеу жүргізілді. Таңдау орындары автомагистралдармен, өнеркәсіп объектілермен толық қамтылған сонымен қатар, мектептер мен рекреациялық аймақтардың жүктелу есебімен елді мекендер шартталған. Урбанизацияланған аумақтардағы топырақтың ластануын зерттеуде – Атырау облысының 5 кен орнында мұнай өнімдерінің, мыстың, кадмийдің, қорғасынның, мырыштың және хромның (+6) сонымен қатар, Маңғыстау облысының 4 кен орнында мұнай өнімдерінің, мыстың, никельдің, қорғасынның, мырыштың, марганецтің және хромның (+6)  құрамын анықтау үшін сынамалар алынды.   Сапаның негізгі критерийлері топырақтағы ластағыш заттардың шекіт жол берілетін концентраттарының (ШЖК) мәні болып табылады. Ірі өнеркәсіп кәсіпорындар аймақтары шекаралары мен ірі автомагистралдар аудандарында кадмий, қорғасын, мыс, мырыш және хром бойынша ШЖК арқтаны байқалады.

Толық ақпарат «Қазгидромет» РМК  сайтында орналасқан

Қазақстанда 10 мемлекеттік қорық, 14 мемлекеттік ұлттық парк, 50 мемлекеттік қорықша және жалпы ауданы 24,4 млн га (8,9% аумақ) құрайтын басқа да ерекше қорғалатын табиғи аумақтар бар.

17-схема. 1991-2016 жылдарға арналған ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, сауықтыру, рекреациялық және тарихимәдени белгіленген жерлер аудандарының динамикасы, мың.га.

Барлық ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың ең көп алаңы Шығыс Қазақстан облысында – 1493,9 мың га (республикада олардың ауданы 22,9%), Алматы облысында – 1276,0 мың.га (17,7%)  және Ақтөбе облысында – 1173,5 тыс. га (11,9 %) есептелген. Осындай жерлердің кіші үлесі Батыс-Қазақстан облысына – 12,4 мың. га және Астана қаласына – 12,4 мың га кіреді.

Қорғалатын аумақтарды қоса алғанда ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жалпы ауданы, есеп деректері бойынша басқа санаттарға жатқызылған жерлер 7 866,2 мың га немесе республиканың жер қорының 2,9%-ын құрайды.

2016 жылғы 1 қарашадағы жер балансының деректері бойынша республикадағы орманды аудандар 13 689,8 мың га оның ішінде орманмен көмкерілгені – 9 013,5 мың га, ормансызы – 4 523,3 га, питомниктер және тұтаспаған орман дақылдары 153,0 мың га алып жатыр. Ағашты-бұталы екпелер 1 299,0 мың га оның ішінде қорғалғаны – 201,4 мың га.

Қарағанды облысының ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерлері өнеркәсіп, көлік, байланыс жерлер есебінен 0,3 мың га, ғарыштық, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік және өзге ауыл шаруашылық емес  қызмет қажеттіліктері үшін 550,0 мың га ұлғайды. Оңтүстік Қазақстан облысында жердің 0,1 мың га ұлғайды. Содай-ақ орман аудандары 7,5 мың га үлғайды және ағашты-бұталы екпелер 7,0 мың га азайды. Өзгерістер негізінен облыстардың жер баланстары деректерін нақтылаумен түсіндіріледі

Есептік жылда Республика бойынша 1,7 мың га жер бүлінген, 0,3 мың га жер өңделді  және бүлінген жерлердің 3,6 мың га қайта қалпына келтірілді.

18-схема. 2016 жылға облыстар бойынша бүлінген жерлерді қайта қалпына келтіру (га)