Биоәртүрлілік

Биологиялық әртүрлілікті сақтаудың маңыздылығын түсіну отырып, Қазақстан биологиялық ресурстарды ұтымды пайдалану, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың аумағын кеңейту, экожүйелердің жұмыс істеуін жақсарту және өсімдіктер мен жануарлар әлемінің сирек кездесетін түрлерін қалпына келтіру бойынша бағдарламаларды жүзеге асырады.


Қазақстанның флорасы мен фауынасының жағдайы


Қазақстанда омыртқалы жануарлардың 835 түрі және омыртқасыздардың 100 мыңға жуық түрі бар. Қызыл кітапқа 224 түр енгізілген.

Қазақстанда мекендейтін омыртқалы жануарлар

Омыртқалылардың түрлері Түрлерінің саны
Сүтқоректілер 178
Құстар 489
Бауырымен жорғалаушылар 49
Қосмекенділер 12
Балықтар 104
Дөңгелек ауыздылар 3

 

Қызыл кітапқа енгізілгені жануарлардың түрлері

Омыртқалы жануарлардың
Балықтар 18
Бауырымен жорғалаушылар 3
Қос мекенділер 10
Құстар 57
Сүтқоректілер 40
Омыртқасыз жануарлар
Сақина тәрізді құрттар 2
Ұлулар 6
Шаян тәрізділер 1
Өрмекші тәрізділер 2
Жәндіктер 85

Жоғалып кету қаупі бар түрлер және қорғалатын түрлер туралы деректер БҰҰ ЕЭК экологиялық көрсеткіштерінің бірі (D-19) болып табылады, жыл сайынғы деректері Статистика комитетінің сайтында қол жетімді.

Қазақстанда сүтқоректілердің 34 түрін және құстардың 59 түрін аулауға рұқсат берілген. 2017 жылы елімізде киіктің саны 152,6 мың бас. Киіктер Қызыл кітапқа енгізілгендіктен, оларға аңшылық жасау заңмен қудаланады.

2010-2017 жылдардағы популяциялар бойынша киіктер санының динамикасы, мың бас

Қазақстанда 13 мыңнан астам өсімдік түрлері өседі, олардың 5 754-і жоғары тамырлы өсімдіктердің түрлері, 5 мыңға жуық саңырауқұлақтар, 2 мыңға жуық балдырлар және мүктің 500-ге жуық түрі. Елдің флора әртүрлілігін жабайы өсімдіктер, сондай-ақ ботаникалық бақтар мен дендрологиялық саябақтарда өсетін өсімдіктер бейнелейді. Ботаникалық бақтардағы коллекциялық өсімдіктердің саны 10 мыңнан асады. 2017 жылға қарай республикада дәрілік өсімдіктер базасы құрылды, онда 1400 –ден астам түрлердің аннотацияланған тізімі жарық көрді.

 
 
 
 

 
 


Флора мен фаунаға әсер.


Қазақстанның жануарлар мен өсімдіктер әлемі табиғи жүйелердің деградациясын, сондай-ақ шаруашылық қызмет пен қоршаған ортаның ластануына байланысты шөлденуді сезінеді.

Нақтырақ ақпаратпен «Жер ресурстары» бөлімінде танысуға болады.

Ормандарды өрттен қорғау және мемлекеттік орман қорының аумағында заңсыз кесу туралы ахуал күрделене түсуде.

Нақтырақ ақпаратпен «Климаттың өзеруі» бөлімінде танысуға болады.

Ақтөбе облысында

ЕҚТА
жалғыз Торғай мемлекеттік табиғи қорықшасы бар, ол Орал маңы үстірті және Мұғалжар, үстірт алды және т.б. үстірт шөлді дала учаскелері (Шағырай, Шошқакөл және т.б.) мол далалы массивтерін қорғай алмайды. Батыс Қазақстан облысында 
ЕҚТА
-ның ауданы барлық аумақтың бір пайызын ғана құрайды, және негізінен Жайық өз. өрісінің экожүйесінің қорғайды. Атырау облысында бір қорықша және Каспий теңізінің солтүстігінде мемлекеттік қорық аймағы бар. Ол негізінен Каспий акваториясын және Орал және Қиғаш сағасын қамтиды.

ЕҚТА
жерлерін құрылыс, шаруашылық пайдалануға және рекреациялық аймақтар үшін ішінара берілетін жағдайлар да бар. Бұл Басты, Қарағанды, Маңғышлақ және басқа да ботаникалық бақтарда орын алды.

Елдің биоәртүрлілікті сақтау стратегиялық бағдарламалардың жоқтығы тағы бір проблема болып табылады. Бюджеттен ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың сақталуы мен дамуы үшін жеткілікті қаражат бөлінбейді. Бұдан басқа, Қазақстанда тұқым, гүл тозаңы, каллусты дақылдар, қалемше, бүршік, жасуша дақылдары және т.б. сияқты биоматериалдарды сақтаудың мемлекеттік қоры жоқ.

 
 
 
 

 
 


Биоәртүрлілікті қорғау


Соңғы 25 жылда Қазақстанның ерекше қорғалатын табиғи аумақтарының (

ЕҚТА
) ауданы 24 миллион гектарға артты. Қазіргі уақытта олар еліміздің ауданының 9 пайызын алып жатыр.

Қазақстан Республикасындағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың саны

ЕҚТА
Саны
Мемлекеттік табиғи қорықтар 10
Мемлекеттік ұлттық табиғи парктер 12
Мемлекеттік табиғи резерваттар 5
Мемлекеттік ботаникалық бақтар 5
Мемлекеттік қорықтар аймақтары 5
Мемлекеттік табиғи қорықшалар 50
Мемлекеттік табиғи ескерткіштер 26
Мемлекеттік аймақтық табиғи парктер 3
Мемлекеттік дендрологиялық парк 1

2020 жылға қарай Қазақстанда

ЕҚТА
ауданын ел ауданының 9,4 пайызына дейін арттыруды жоспарлап отыр.

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы деректер деректер БҰҰ ЕЭК экологиялық көрсеткіштерінің бірі (D-17) болып табылады, жыл сайынғы деректері Статистика комитетінің сайтында қол жетімді.

2017 жылы 2

ЕҚТА
құру бойынша іс-шаралар жүргізілді: Шығыс Қазақстан облысында «Тарбағатай» МҰТП және Алматы облысында «Іле-Балқаш» МТР.

Дүниежүзілік табиғи мұрасының алдын ала тізіміне Қазақстанның 5

ЕҚТА
қосылды: Іле-Алатау МҰТП, «Алтын Емел МҰТП, Ақсу-Жабағылы МТҚ, Қаратау МТҚ, Сайрам-Өгем МҰТП. ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік биосфералық резерваттар желісіне Қазақстанның ерекше қорғалатын табиғи аумақтарын қосу бойынша белсенді жұмыстар жүргізілуде. Қразақстан Республикасында Дүниежүзілік биосфералық резерваттар желісіне 2012 жылы Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығын алғаш болып қосылды. Кейін осы мәртебеге «Ақжайық» резерваты, Қатон-Қарағай ұлттық паркі, Ақсу-Жабағылы қорығы, Алакөл қорығы, Барсакелмес қорығы, «Алтын Емел» қорығы, Қаратау қорығы ие болды.

Барлық ұлттық парктерде және орман табиғи-қорықтарында туризмді дамыту жоспарлары бекітілді. Жеке және заңды тұлғалар конкурстық негізде туристік объектілерді салу үшін жер телімін ала алады. Қазіргі уақытта Қазақстанда Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетімен бекітілген барлығы 220 туристік бағыт пен соқпақ жұмыс жасайды. Жылына
ЕҚТА
миллионнан астам адам барады.

ЕҚТА
арнайы белгіленген учаскелерінде құрылған жабдықтар

Жабдықтар Саны
Көру алаңдары 97
Бивак алаңқайлары мен палаталық лагерлер 229
Автокөлік тұрақтары 118
Кемпингтер, қонақ үйлер, мейманханалар, турбазалар 201
Қоғамдық тамақтану объектілері 123
Жұмыс істейтін БӨП 156
Аншлагтар, сілтегіштер, ақпараттық стенділер 260

 

БАҚ республиканың табиғи резервтік қорын сақтаудың маңыздылығын кеңінен қамтиды. Бұған керемет мысал ретінде «Беймәлім Қазақстан» бағдарламалардың сериясын атап өтуге болады. Серияға Алтын Емел, Шарын, Іле-Алатау, Сайрам-Өгем, Көлсай көлдері, Алматы, Ақсу-Жабағылы және басқа да ұлттық табиғи парктер туралы бейнефильмдер кірді.

2017 жылы жабайы фаунаны сақтап қалу үшін, Қазақстанда жануарлардың сирек кездесетін түрлерін зерттеуге және сақтауға бағытталған 11 ғылыми жобаны жүзеге асыру аяқталды.

Киіктер мен басқа да сирек кездесетін жəне жойылып бара жатқан жануарларды қорғау 10 облыста жүргізіледі.

Сирек кездесетін және құрып бара жатқан тұяқтылар санының динамикасы

Жекелеген түрлер санының өзгеруі және таралуы үрдісі туралы деректер БҰҰ ЕЭК экологиялық көрсеткіштерінің бірі (D-20) болып табылады, жыл сайынғы деректері Статистика комитетінің сайтында қол жетімді

Қазақстанда 130-ға жуық қар барысы бар. Фото-тұзақтар осы аңдардың Алтай, Сауыр, Жоңғар Алатауы және Тянь Шаньда мекендейтіндігін анықтады.

«Карлсберг Казахстан» компаниясы «Ирбис» жобасына қаржылай көмек көрсетті, ол Жоңғар-Алатау МҰТП және Тоқтан қорықшасымен қоса алғанда, Жетісу (Жоңғар) Алатау аумақтарында қар барысының тiршiлiк ету әлеуетін анықтауға мүмкіндік берді. Сондай-ақ сарапшылар аталған аумақта Ірбістің тіршілік ету ортасын, таралу ерекшеліктерін, шамамен санын және жыныстық құрамын анықтау және нақтылай алды.

2016-2017 жылдары балық қорын сақтау үшін, республиканың балық ресурстарын қорғау, зерттеу және молықтыру үшін 16 миллиард теңгеге жуық инвестиция салынды.

Қазақстанда жыл сайын балық аулауға лимит қойылады; 2017 жылы заңсыз балық аулағаны үшін шамамен 6 мың адамға 88 миллион теңге көлемінде айыппұл салынды.

Қазақстандағы бекіре тұқымдас популяциясы ерекше қорғалуға жатады, оларды аулауға жыл бойы тыйым салынады. Популяциясын толықтай қалпына келтіру үшін 15-20 жыл қажет. Бекіре популяциясын қалпына келтірудің маңызды қадамы – зауыт әдісімен жасанды өсіру. Бүгінде Қазақстанда 130-ға жуық балық шаруашылығы бар, мемлекет оларды қолдап, қажетті құрал-жабдықтар мен балықтарды сатып алу құнын бір бөлігін өтейді.

Қазақстандағы өсімдіктердің алуан түрлілігін сақтау үшін көптеген зерттеулер, жобалар мен бағдарламалар тұрақты негізде жүзеге асырылуда, оның ішінде «Экология және табиғи ресурстар», «Қазақстанның ормандары» және басқалары.

Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшу бойынша іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру шеңберінде ормандарды сақтау және ормандылықты ұлғайту бойынша жоба жүзеге асырылуда. Арал теңізінің құрғап кеткен түбіне сексеуіл отырғызылуда, тұрақты түрде «Семей орманы» және Ертіс орманы» резерваттары аумағында жал қарағай борын молайту жұмысы жүргізілуде. Астана қ. аумағында жасыл екпелер құру бойынша жұмыстары жалғасуда.

2017 жылы Қазақстанда 23,5 мың гектар орман отырғызылды, ал оңтүстік аудандарда 21,4 мың гектарға сексеуіл егілді.

Тау жүйелері мен биік әр түрлі климаттық аймақтар белдеулерде, орманды қалпына келтіруге технологиялар жөніндегі әзірленген жобалар (2015-2017 жж.)

Жоба Нәтиже
Іле Алатауының шыршалы ормандарын қалпына келтіру

Іле Алатау жоғарғы таулы шыршаларына себу агротехникасы және Шренк шыршасын отырғызу әзірленді

Қазақстанның оңтүстігінде пісте селдір орманын қалпына келтіру және кеңістіктік заңдылықтарды бөлу

Қырғыз Алатауы және Сырдария Қаратауы 408 га алаңында пісте популяциясы зерттелді.

36 аса бағалы пісте нысанның деректі базасы құрылды.

Оңтүстік Қазақстан облысында 3 пісте тәлімбақ құрылды. «Сарыағаш Жер Сыйы» ЖШС фермерлігінде суаруға арналған 109 түп жас-бақша отырғызылды.

Аумақта пісте отырғызудың ықтимал өсіру картасы жасалды.

Экологиялық саясат туралы нақтырақ ақпарат Қоршаған ортаның жай-күйі туралы және Қазақстан Республикасының табиғи ресурстарын пайдалану туралы ұлттық баяндаманың «Экологиялық саясат» тарауында келтірілген → Экологиялық саясат