Жер ресурстары

Өнеркәсіп, энергетика, қорғаныс қызметі, қалдықтарды сақтау және көлік топырақтың ластануының негізгі себептері болып табылады.

Өскемен, Риддер, Жезқазған, Шымкент және Қарағанды қалаларының маңында қорғасын, мыс, мырыш, кадмий мөлшері рұқсат етілген деңгейден асатын аумақтар бар.


Топыраққа әсер


Адамның шаруашылығының топыраққа ең көп әсер ететін облыстар.

Топыраққа әскери полигондардың қызметі және ғарыштық техниканы ұшыру әсер етеді. Қазақстанда 4 әскери сынақ полигоны және Байқоңыр зымыран-ғарыш кешені бар. Жерге түсетін зымырандардың бөлшектері мен төгілетін жоғары октанды отын шамамен 9,6 миллион гектар жерді ластайды (Қарағанды, Ақмола, Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарында).

Қазақстанда 6 ірі уран өндіретін провинциялар бар, олардың көпшілігі жер қойнауының табиғи радиоактивтілігін арттыратын шағын кен орындары мен уран кендері кездеседі.

Қазақстан үшін

ЖҚОЛ
ластану мәселесі, олардың өндірісі жоқ болуына қарамастан айтарлықтай. Сақтау мерзімі өткен пестицидтер, олардан босған ыдыстар, құрамында ЖҚОЛ бар қондырғылар, ЖҚОЛ шығарындыларына тікелей алып келетін өндірістік технологияларда қолдану,  Қазақстанда ЖҚОЛ негізгі көзі юолып табылады.

 
 
 
 

 
 


Топырақты ластаушы көздер


Қазақстан Республикасының жалпы аумағы 272,5 миллион гектар.

2016-2017 жылдарға арналған жер санаттары бойынша жер қорының динамикасы (мың гектар)

Жер қорының 8,7% (22,9 миллиона гектар) орман қорының жерлері болып табылады.

Солтүстік Қазақстан (87,9%) және Павлодар (86,4%) облыстары орманды, ал Оңтүстік Қазақстан (16,7%) және Жамбыл (22,8%) облыстарында орман біршама аз болып табылады.

Су қоры жерлері еліміздің жалпы жер қорының 4140 мың гектарын (1,6%) алады.

2016-2017 жылдарға су қоры жері ауданының динамикасы, мың гектар

Шамамен барлық жер санаттарында ауыл шаруашылық жерлері бар, олар егістіктерді, шабындықтарды және жайылымдарды қамтиды.

2017 жылы ауыл шаруашылығы алқаптарын жер санаттары бойынша бөлу (мың гектар)

Жер санаттары Егістік Көпжылдық көшеттер Шоғырлар Шабындықтар Жайылым Бақшалар мен қызметтік учаскелер
Барлығы Оның ішінде суармалы
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер 24797 1510 84 2320 2171 71147 10
Елді мекендер жерлері 285 102 29 101 215 20843 45
Өнеркәсiп, көлiк, байланыс, қорғаныс және өзге де ауыл шаруашылығы мақсатындағы емес жерлер 20 1,2 1 5 1,3 1230 0,7
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлерi 3,5 0,2 22 12 105 3516 0,3
Орман қорының жерлері 111 3,3 1,4 7 248 7890 0,6
Су қорының жерлері 0,1 0,1 0,1 0 26 105 0,1
Жер қорлары 26 6,4 13 2101 2144 75711 11

 

6,8 миллион гектар ауыл шаруашылық алқаптарды басқа мемлекеттер қолдануда.

 
 
 
 

 
 


Қазақстан жер ресурстарының жағдайы


Қазақстанда 90 миллион гектардан астам 

эрозияға ұшыраған
 және
эрозиялық қауіпті жерлер
бар, оның ішінде 29,3 миллион гектар жер 
эрозияға ұшыраған

Ауыл шаруашылық жерлерінің сапасын ескеру үшін мынадай мелиоративтік топтарға бөлінеді

Ι-теріс белгілерімен күрделенбеген,

ΙΙ-қиыршық тасталған;

ΙΙΙ-тұзды;

ΙV-сортаңды;

V-шайылған;

VΙ-дефлирленген;

VΙΙ – су және жел эрозиясына бірлесіп ұшыраған
эрозиясына бірлесіп ұшыраған
;

VΙΙΙ-ылғалды;

ΙХ-шалшықты;

2017 жылғы 1 қарашаға мелиоративті топтар бойынша ауыл шаруашылығы алқаптарының бөлінуі

 

Топырақ эрозиясына ұшырайтын учаскелер туралы деректер БҰҰ ЕЭК экологиялық көрсеткіштерінің бірі (E22) болып табылады, жыл сайынғы деректері Статистика комитетінің сайтында қол жетімді.

Қазақстанда 245,4 мың гектар бұзылған жерлер бар, онда аршылған және тау жыныстарының үйінділері, үйінді сақтағыштар, күл үйінділері, көмір және тау-кен қазбаларының карьерлері, мұнай алаңдары мен амбарлар орналасқан. Мұндай жерлердің ең көбі Қарағанды, Қостанай, Маңғыстау, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Ақтөбе, Павлодар облыстарында.

2017 жылдың соңына қарай 248,3 мың га өндірістік, линиялық және басқа объектілерді салу,  пайдалы қазбаларды игеру, оларды  өңдеу және геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу кезінде бүлінген. Ең көп бүлінген жерлер Маңғыстау (78,6 мың гектар), Қарағанды (45,3 мың гектар), Қостанай (37,8 мың

 
 
 
 

 
 


Жерді қорғау


«Қазгидромет» РМК-мен республиканың 14 облысының 39 елді мекенінде және Астана, Алматы қалаларында топырақ сынамасына талдау жүргізілді. 2017 жылы сынамалар көктем мен күзінде алынды. Сонымен қатар, мұнай өнімдерінің, мыстың, кадмийдің, қорғасынның, мырыштың және хромның, никельдің, марганецтің мөлшерін анықтау үшін Атырау облысындағыи бес кен орнында және Маңғыстау облысының 4 кен орнында топырақ мониторингі жүргізілді.

Толық ақпарат «Қазгидромет» РМК сайтында орналасқан.

Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет топырақтың санитарлық жай-күйіне мониторинг жүргізді.

2017 жылы бактериологиялық көрсеткіштер бойынша 6152 топырақ үлгілері зерттелді, оның ішінде балалар ойын алаңдарында 3879 үлгілері және балалар емдеу мекемелерінің аумақтары алынды. 13898 топырақ үлгілері гельминт жұмыртқаларына, 527-пестицидтерге зерттелді.

2017 жылға қарай 248,3 мың га бұзылған жердің 51 мың гектары өңделіп, рекультивациялауға жатқан болатын. Сол жылы 0,6 мың гектар өңделді, ал 1,2 мың гектар бұзылған жер рекультивацияланды. Басым бөлігі Ақтөбе облысында (1,0 мың гектар) рекультивацияланған.

2016 жылға қарағанда ерекше қорғалатын табиғи аумақ жерлерінің, сауықтыру  аумақ, рекреациялық, тарихи-мәдени мақсаттағы жерлер 410 мың гектарға ұлғайған.

Облыстар бойынша ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлерін бөлу (мың гектар)

Ақтөбе облысының Ырғыз-Торғай мемлекеттік табиғи резерватын және Солтүстік Қазақстанда 0,2 мың га кеңейту есебінен; Ақмола облысында ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың көлемі азайған: «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі жерін қаулысымен резервтік жерлерге ауыстырылды.

Өнімді айналымынан жерлерді шығару туралы деректер БҰҰ ЕЭК экологиялық көрсеткіштерінің бірі (Е-21) болып табылады, жыл сайынғы деректері Статистика комитетінің сайтында қол жетімді.

Маңғыстау облысының Ақтау қаласында 0,3 мың гектар жер сауықтыру мақсатындағы жерлер елді мекен жерлеріне ауыстырылды. Керісінше, Оңтүстік Қазақстан облысында сауықтыруға арналған жерлер 0,2 мың гектарға жоғарлады.

2016-2017 жылдарға арналған ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, сауықтыру, рекреациялық және тарихи-мәдени мақсатында белгіленген жерлер аудандарының динамикасы, мың гектар

Республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар объектілерінің ауданы Республиканың бүкіл аумағының 8,9% құрайды.

Республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың түрлері, саны

Республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың түрлері, ауданы

Экологиялық саясат туралы нақтырақ ақпарат Қоршаған ортаның жай-күйі туралы және Қазақстан Республикасының табиғи ресурстарын пайдалану туралы ұлттық баяндаманың «Экологиялық саясат» тарауында келтірілген → Экологиялық саясат