Қоршаған ортаның жай-күйі және табиғи ресурстарды пайдалану туралы Ұлттық баяндама

Қостанай облысы

Ауа бассейнінің жай-күйі бойынша Қостанай облысы ең сәтті болып табылады. Қостанай облысының ауа бассейнінің ластануы кәсіпорындардан – тау-кен, жылу энергетикасы, автокөлік өндірістерінен шыққан ластауыш заттардың шығарындыларымен байланысты.

Статистика деректері бойынша өнеркәсіп қалдықтарының жалпы көлемі 98,7 мың тоннаны құрайды.

Қостанай облысы бойынша ең ірі тау-кен өндіру кәсіпорны “ССТБӨБ” АҚ-ның үлесіне облыс кәсіпорындарының өнеркәсіп шығарындыларының жалпы көлемінің шамамен 71%-ы тиесілі.

Автомобиль көлігінен шығарынды проблемасы бұрынғыдай қалып отыр. Олардың үлесіне жалпы валдық шығарындылардың 70%-тан астамы тиесілі.

1-схема. 2012-2016 жылдары Қостанай облысының автокөлік құралдары санының динамикасы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің деректері бойынша

Қостанай облысында атмосфералық ауаның сапасын бақылау Қостанай, Рудный, Арқалық, Жітіқара, Лисаковс қалаларында және Қарабалық кентінде 13 стационарлы бақылау бекеттерінде жүргізілді. Қостанай облысына қатысты автоматты бекеттердің деректері бойынша атмосфералық ауаның жоғары ластану (ЖЛ) және экстремалды жоғары ластану (ЭЖЛ) жағдайлары тіркелмеген. Бақылаудың стационарлы желілерінің деректері бойынша Қостанай облысы қалаларының ластану деңгейі төмен болып бағаланды.

Толық ақпарат «Қазгидромет» РМК сайтында (https://kazhydromet.kz/kk/bulleten/okrsreda?year=2016) жарияланған

Қостанай облысының беткі су айдындары Тобыл-Торғай су бассейніне жатады. Тобыл және Торғай өзендерінің ұзындығы 500 км, ұзындығы 100 км-ден астам өзендер – 21,  ұзындығы 10 км-ден астам  ағын сулар 310-ға жуық, олардың жартысынан көбін уақытша су ағыстары құрайды. Облыс шегінде 5000-ға жуық көл бар, олардың жиынтық ауданы облыс аумағының жалпы ауданының 2-ын пайызын құрайды, 20%-ға жуық көлдер облыстың солтүстік жағында орналасқан; 60%-ы оңтүстік жағында. Көлдердің сексен пайызы 1 км2 аз жер көлемін алып жатыр. Ең ірі көлдер Құсмұрын, Сарықопа, Ақсуат және Сарымойын болып табылады.

Тобыл өзені үлкен ағын суларға жатады және трансшекараралық болып табылады, 2 мемлекет – Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясы аумағы бойынша ағады.

Қостанай облысында қалалардың, шаруа қожалықтарының, саябақ қоғамының шаруашылық-ауыз су қажеттіліктерін қанағаттандыру және өндірістік мақсаттарда пайдалану үшін 10 су қоймасы пайдаланылады.

Қостанай облысы аумағындағы жерүсті суларының ластануына бақылау 9 су объектілерінде жүргізілді: Тобыл, Айет, Тоғызақ, Үй, Желқуар, Обаған өзендері, Аманкелді, Қаратомар, Жоғарғы-Тобыл су қоймалары. Қостанай облысы аумағындағы су объектілері суларының сапасы келесідей бағаланады:

«ластанудың орташа деңгейі» суы – Тобыл, Тоғызақ, Үй өзендері, Қаратомар су қоймасы; «ластанудың жоғары деңгейі» суы – Айет, Желқуат, Обаған өзендері, Амангелді, Жоғарғы Тобыл су қоймалары.

БПК5 бойынша су сапасы Тобыл, Айет, Үй, Тоғызақ, Желқуар өзендері, Қаратомар, Жоғарғы Тобыл су қоймалары – «нормативті-таза»; Обаған өзені, Аманкелді су қоймасы – «ластанудың орташа деңгейі» болып бағаланды.

Облыс аумағында ЖЛ-дың 3 жағдайы тіркелген: Тоғызақ өзені – ЖЛ-дың 1 жағдайы, Айет өзені – ЖЛ-жың 1 жағдайы; Тобыл өзені – ЖЛ-жың 1 жағдайы.

Толық ақпарат «Қазгидромет» РМК-нің (https://kazhydromet.kz/kk/bulleten/okrsreda?year=2016) сайтында орналастырылған

Қостанай облысында кәсіпорындардан жер үсті суға 4 рұқсат етілген ағызулар жүргізіледі:

– «Қазақстан Алюминий» АҚ КБРБ филиалы, Қарымса-Кендірлі өзендерінің жүйесіне карьерлік сулардың ағызылуы. Кеніштік ағынды сулардың ағызылуы желілік тұнбалау ретіндегі тазарту құрылғыларында алдын ала тазартудан кейін жүргізіледі;

– «Қостанай-Су» МКК, Тобыл өзеніне су дайындау фильтровалық станциясынан шайынды суды тазалаусыз ағызу;

– «Приозерный разрезі» КРК ЖШС, Құсмұрын көліне карьерлік суларды тазалаусыз ағызу;

– «Жоғарғы-Тобыл балық тәлімбағы», Тобыл өзеніне тазалаусыз ағызу.

Қостанай облысының жер ресурстары облыстық жер ресурстары басқармасының деректері бойынша 19 600,1 мың га-ны құрайды.  Ауыл шаруашылық жерлерінің құрылымында алқаптар 18129,3 га-ны немесе аймақтардың жалпы ауданының 92,5 %-ын құрайды. Ақпарат «Қостанай облысы әкімдігінің жер қатынастары басқармасының» ММ-ның 2016 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша берілген есеп негізінде беріледі.

2016 жылдағы жерлерді санаттары бойынша бөлу, мың га:

– ауыл шаруашылық мақсаттағы – 10586,7;

– елді мекендер жері – 1555,8;

– өнеркәсіп және басқа жерлер – 199,4;

– ерекше қорғалатын табиғи аумақтар – 658,0;

– орман қоры – 541,0;

– су қоры -66,7;

– қордағы жерлер -5992,5;

– объектілерді салу кезінде зиян келтірілген жерлер – 37,9.

Барлық жер – 19600,1.

«Қостанай облысы әкімдігінің жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы» ММ-ның ақпаратына сәйкес облыста 703,4 мың га эрозияға ұшыраған ауылшаруашылық алқаптар (егістіктер) бар. Мекемемен жерді тозудан қорғауды қамтамасыз ету бөлігінде, ауыл шаруашылық мақсаттағы жер телімдерін тиімсіз пайдалану салдарынан тозуға шалдыққан 100,722 мың га жер телімі анықталған.

«Қостанай облысы әкімдігінің жер қатынастары басқармасының» ММ деректері бойынша, облыста 37757 га бұзылған жер бар, олардың 13978 га пайдаланылған жер.

Көктемгі және күзгі маусымда «Қазгидромет» РМК Қостанай, Арқалық, Лисаковск, Рудный қалаларында және Варваренка, Жітіқара кенттерінде топырақтың ауыр металдармен ластануы жай-күйінің мониторингін жүргізді.

Көктем мезгілінде Қостанай қаласында алынған топырақ сынамасында қорғасын құрамы – 0,4-0,5 ШЖШ, кадмий -0,16-0,22 ШЖШ, мыс – 0,02-0,45ШЖШ, хром 0,03-0,15 ШЖШ, мырыш 0,15 – 0,9 ШЖШ шамасында өзгерді.

Күз мезгілінде Қостанай қаласында алынған топырақ сынамасында қорғасын құрамы – 9,9-29,0 мг/кг, мыс – 0,24-4,35 мг/кг, хром – 0,30-0,74 мг/кг, мырыш – 4,50-17,4 мг/кг, кадмий – 0,07-0,16 мг/кг шамасында өзгерді. Кондитер фабрикасы ауданында мыс концентрациясы 1,1 ШЖШ құрады.

Көктем және күз мезгілдерінде Варваринка кентінде қайық өткелі, мектеп аумағында, кенттің кіре беріс аумағы, сорғы станциясы және «Варваринская» АҚ үйінділері аудандарында алынған топырақ сынамасындағы кадмий, қорғасын, мырыш, мыс және хром концентрациялары 0,003 – 23,6 мг/кг шамасында болды және рұқсат етілген нормадан асуы байқалған жоқ.

Көктем және күз мезгілдерінде Жітіқара кентінде Павловская көшесі (№2 орта мектеп), Жамбыл атындағы мәдениет және демалыс саябағы (№2 орта мектеп), Жеңіс саябағы, орталық гүл бағы және Партизанская көшесі аудандарындағы алынған топырақ сынамасында кадмий, қорғасын, мырыш, мыс және хром концентрации 0,03 – 27,30 мг/кг шамасында болып, рұқсат етілген норма көлемінен асуы байқалған жоқ.

Көктем мезгілінде Арқалық қаласында алынған топырақ сынамаларында қорғасын 0,5-1,4 ШЖШ шамасында болып,басқа ауыр металдар 0,04-0,8 ШЖШ шамасында өзгерді.

Күз мезгілінде Арқалық қаласында алынған топырақ сынамаларында қорғасын 17,8-46,3 мг/кг, мыс – 0,43-2,6 мг/кг, хром – 0,15-2,2 мг/кг, мырыш – 11,3-21,3 мг/кг, кадмий – 0,15-0,37 мг/кг шамасында өзгерді.

Көктем мезгілінде Лисаковск қаласында алынған топырақ сынамасындағы мыс құрамы 0,06-1,9 ШЖШ шамасында болып, басқа ауыр метарлдар концентрациясы 0,01 – 0,5 ШЖШ шамасында өзгерді.

Күз мезгілінде Лисаковск қаласында кадмий, қорғасын, мырыш және хром концентрациясы 0,05 – 12,60 мг/кг көлемінде болып, рұқсат етілген норма көлемінде болды.

Толық ақпарат «Қазгидромет» РМК-нің (https://kazhydromet.kz/kk/bulleten/okrsreda?year=2016) сайтында орналастырылған

2016 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша Қостанай облысында 75 жер қойнауын пайдаланушы тіркелген, жер  қойнауын пайдалануға 104 келісімшарт бар.

2016 жылы мемлекеттік орман қорының аумағында 107, 067 га жалпы ауданында 25 орман өрттерінің жағдайы тіркелген.

2016 жылы ормандарды қорғау қызметкерлері ормандарды, жануарлар дүниесін және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды қорғау бойынша 860 рейд жүргізді, барлық түрдегі 170 орман бұзушылығы анықтады.

Қостанай облысының аумағында 15 ерекше қорғалатын табиғи аумақтар бар, оның ішінде:

– 1 мемлекеттік табиғи қорық (Наурызым).

– 1 «Алтын Дала» мемлекеттік табиғи резерваты.

– Республикалық маңызы бар 3 мемлекеттік табиғи (зоологиялық) қорықша (Тауынсор, Жарсор-Ұрқаш, Михайловка).

– Жергілікті маңызы бар 10 табиғат ескерткіші (ботаникалық).

Осылайша, Қостанай облысының ерекше қорғалатын табиғи аумақтарының ауданы 818976,6 га құрайды, оның ішінде 39106 га орман алқаптары, 779870,6 га – орман емес жерлер. 15 ЕҚТА басқа, облыста 2007582 га жалпы ауданымен «Ырғыз-Торғай-Жыланшық» экологиялық дәлізі – экологиялық желі элементі бар.

Қостанай облысы аумағында уран игеруші және қайта өңдеуші кәсіпорындар жоқ. «Қазгидромет» РМК деректері бойынша мекендердің гамма сәулелену деңгейіне бақылау күнсайын жергілікті 6 метеорологиялық станцияда (Жітіқара, Қараменді, Қарасу, Қарабалық, Қостанай, Сарықол)) және Қостанай қаласының (№2, №4 ЛББ), Рудный қаласының  (№5 ЛББ) 3 автоматты бекетінде бақылау жүргізілд. Елді-мекендер бойынша атмосфералық ауа қабатының жерге жақын қабатына орташа радиациялық гамма-фонның мәні 0,08-0,21 мкЗв/сағ. шегінде болды. Облыс бойынша радиациялық гамма- фонның орташа мәні 0,11 мкЗв/сағ., яғни шекті жол берілетін шамаға сәйкес келеді.

Облыс бойынша радиоактивті түсулердің орташа тығыздығы 1,2 Бк/м2, бұл шекті жол берілетін деңгейінен аспады.

Біршама толық ақпарат «Қазгидромет» РМК  (https://kazhydromet.kz/kk/bulleten/okrsreda?year=2016) сайтында ақпарат орналастырлған

Түзілген қатты тұрмыстық қалдықтардың көлемі (бұдан әрі – ҚТҚ) 2016 жылы 454,0 мың тоннаны (528 кг/адам/жыл) құрайды. 2016 жылы ҚТҚ қайта өңдеу үлесі (сұрыптаумен қоса) 0,1% құрады. Қоқысты шығару қызметімен облыс халқының 45,0% қамтылған. Түзілген қалдықтардың барлығы дерлік көлемі 310 полигондар мен үйінділерде орналастырылады, соның ішінде 105 (34%) қажетті құқық орнату және рұқсат беру құжаттары бар. Облыста ҚТҚ-ны жинау, сұрыптау, қайта өңдеу бойынша 14 кәсіпорын жұмыс істейді. 2016 жылдың ақпанынан бастап Қостанай, Рудный, Жітіқара қалаларында және Қостанай ауданының Затобольск кентінде пластик, қағаз, шыны және қаңылтыр құты қалдықтарын бөлек жинау жүйесі қызмет етеді. Бөлек жинауды «Атамекен 4 плюс» ЖШС (Қостанай қ., Рудный қ., Затобольск к.) және «Соцсервис» ЖШС (Жітіқара қ.) сияқты кәсіпорындар жүзеге асырады. Пластик қалдықтарын (ПП, ПНД, ПЭТ бөтелкелерін) жинауға арналған 2,5 м3 көлемімен торлы контейнерлер және пластик, қағаз, шыны және қаңылтыр құты қалдықтарын жинауға арналған эко-бактар орнатылды. Орнатылған контейнерлердің жалпы саны шамамен 900 бірлікті құрайды.

Қазіргі таңда Қостанай қ. әкімдігімен қоқыс өңдеу кешенінің құрылысына арналған жер учаскесіне құқық орнату құжаттарын рәсімдеу жүргізілуде, сондай-ақ жобаны Дүниежүзілік банкпен қаржыландыру мүмкіндігі туралы мәселе қарастырылуда.

Қостанай облысы энергиядефицидтіге жатқызылған, және жетпеген электрэнергиясы көлемі Павлодар энергия кешенінін жеткізіледі.  аймақта

Жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдардың тізбесіне сәйкес, 2020 жылға қарсы келесі ЖЭК нысандарын іске қосу жоспарланған:

– «Сарыкөл а. «Крыловка» ПС 35/10 кВ ауданында қуаттылығы 1,5 Мвт ЖЭС салу» – Алатау Энерготрейд Лимитед» ЖШС;

– «Арқалық қ. аймағында қуаттылығы 48 МВт ЖЭС» жобасы – «KazWindEnergy» ЖШС.

Қарасу ауданында, «Қараман-К» ЖШС мал шаруашылығы фермасының аумағында органикалық қалдықтарды биогаз түрінде қайта өңдеу кешені бар. Жобаның жалпы құны 399 млн теңгені құраған, бекітілген қуаты – 0,3 МВт. 2016 жылы биогаз қондырғысымен 167 мың кВт*сағ электр энергиясы кәсіпорынның өз қажеттіліктері үшін өндірілді.