Энергетика

Көмір өнеркәсібі-Қазақстан экономикасының ірі салаларының бірі, металлургия және электр энергетикасы елдегі көмірдің негізгі тұтынушылары болып табылады. Қазақстанда электр энергияның 74%-ы көмірдің көмегімен өндіріледі. Экологиялық тұрғыдан алғанда,

жаңартылатын энергия көздері
көмірге жақсы балама болып табылады, Қазақстанда олардың көмегімен өндірілетін электр энергиясының үлесі 2017 жылы 1%-дан сәл асты және өсуді жалғастыруда.


Қазақстанның отын-энергетикалық кешені


2017 жылы елімізде сағатына 102,3 миллиард киловатт электр энергиясын өндірілді, бұл 2016 жылмен салыстырғанда 8,6% артық. Өсуі тұтастай алғанда елде электр энергиясын тұтынудың артуымен қатар, экспорттың өсуіне байланысты. Әсіресе Екібастұз ГРЭС-1-ден (Павлодар облысы) Ресей Федерациясына электр энергиясы көп экспортталады.

2013-2017 жылдары электр энергиясын өндіру және тұтыну (сағатына миллиард киловатт)

Энергетика министрлігінің деректері

Энергияны тұтынудың жалпы көлемі туралы деректер БҰҰ ЕЭК экологиялық көрсеткіштерінің бірі (G-26) болып табылады, жыл сайынғы деректері Статистика комитетінің сайтында қол жетімді

Түпкілікті энергия тұтыну туралы деректер БҰҰ ЕЭК экологиялық көрсеткіштерінің бірі (G-25) болып табылады, жыл сайынғы деректері Статистика комитетінің сайтында қол жетімді

2017 жылы энергияны өндіру мақсатында 55 миллион тонна көмір, 243 мың тонна мазут және 5 873 миллион текше метр газ пайдаланылған. 2016 жылмен салыстырғанда электр орталықтары мен қазандықтарында 2017 жылы 4,4 миллион тонна көмір артық шығындалған.

2013-2017 жылдардағы электр станцияларында көмірдің шығыны (миллион тонна)

2016 жылмен салыстырғанда газдың да шығына 1,4 %-ға артқан.

2013-2017 жылдардағы электр станцияларында газдың шығыны (миллион м3)

Мазуттың шығыны шамамен екі есеге төмендеген

2013-2017 жылдардағы электр станцияларында және қазандықтардағы мазуттың шығыны (миллион тонна)

Көмір өнеркәсібі

Қазақстан экономикасының ірі салаларының бірі көмір өнеркәсібі болып табылады. Елімізде көмір электр энергетикасының 74% және

коксохимиялық өндірісін
торығымен қамтамасыз етеді. Речпубликада көмірдің 400-ден астам кен орыны бар, оның көп бөлігі Қазақстанның орталығында және солтүстігінде орналасқан. ТМД елдерінің арасында Қазақстан-көмір қоры бойынша үшінші, оны игеру бойынша екінші орында орналасқан. 2017 жылы көмірді 49 кен орнында игерген, ондағы  жалпы қор көлемі тас көмір 21,5 миллиард және сұр көмір  12,1 миллиард тоннаныы құрайды. 2017 жылы 106,7 миллион тонна тас көмір игерілген.

Тәуелсіз Қазақстан кезеңінде 2,3 миллиард тонна көмір игеріліп, оның 700 миллион тоннасы экспортқа шығарылған.

Атомдық өнеркәсіп

Барлық белгілі дүниежізілік уран қорының шамамен 13% Қазақстанда шоғырланған. Уран кенорындары бойынша екінші орында тұрғанымен, 2009 жылы Қазақстан оның өндірісінің көлемі жағынан бірінші орынға шықты: Қазақстан әлемдегі уранның 40%-ын өндіреді.

Қазіргі таңда атом өнеркәсібі «Қазатомпром ҰАК» АҚ кәсіпорындарымен ұсынылды, олармен 2017 жылы 23 390 тонна уран өндірді.

Қазақстан әлемдік ядролық-отын циклында нақты орынға ие болуы маңызды, ол үшін «Қазатомпром ҰАК» АҚ базасында шетелдік жетекші компаниялармен бірлесіп ядролық отын циклын құру жоспарлануда, ол уранды игерумен қана емес, қайта өңдеумен, ядролық отынды байытумен және өндірумен айналысатын болады.

Мұнай өнеркәсібі

2017 жылы елімізде 86,5 миллион тонна мұнай өндірілді. Оның ішінде «Теңізшевройл»-28,7 миллион тонна, «Қарашығанақ»-12,5 миллион  тонна, «Қашаған» компанияларымен-8,3 миллион тонна.

2017 жылы

МӨЗ
14,9 миллион тонна игерілген мұнай қайта өңделді (жоспардың 102,6%). Бұл, атап айтқанда, Павлодар мұнай-химия зауытын және Атырау
МӨЗ
жаңғырту есебінен мүмкін болды.

Шымкент

МӨЗ
К-4 және К-5
экологическалық класындағы бензин мен дизель отыны өндірісі басталды.

Газ өнеркәсібі

2017 жылы Қазақстанда 52,9 миллиард текше метр газ өндірілді. Табиғи газ өндіру 31,6 миллиард текше метрді құрады. 2017 жылы экспорт 2016 жылға қарағанда 17,2 миллиард текше метрді құрап, 3,5 миллиард текше метрге артық болды. Ішкі тұтыну 13,8 миллиард текше метрді құрады.

Мұнайгаз химия өнеркәсібі

2017 жылы қазақстандық зауыттар 731 мың тонна жол битумын өндірді, оның 99 мың тоннасы экспортқа шығарылды. 2009 жылы пайдалануға берілген «Нефтехим Лтд» ЖШС (Павлодар облысы) зауыты 2017 жылы 21,474 тонна полипропилен және 15 532 тонна метил трет-бутил эфирін өндірді.

Атырау мұнай өңдеу зауытында 2016 жылдан бастап қолданылатын хош иісті көмірсутектерді өндіру кешені елде бензолды, парексиленді және ең қажетті жанар-жағар материалдарын шығарады. 2017 жылы 626 мың тонна жоғары октанды бензин мен 8,5 мың тонна бензин өндірілді, ол толығымен экспортталды.

 
 
 
 

 
 


Энергияның жаңартылатын көздері


ҚР Энергетика министрлігі 2015 жылғы 11 ақпандағы бұйрығына
сәйкес тоқсан сайын жаңартылатын энергия көздерін пайдалануға мониторинг жүргізеді.

2017 жылы жаңартылатын  энергия көздері сағатына 1,1 миллиард киловатт  электр энергиясын өндірді.

2017 жылы жалпы қуаты 35,6 МВт болатын 5 жаңа

ЖЭК
жобасы іске қосылды.

2017 жылы енгізілген

ЖЭК
жобалары

2018 жылдың 1 қаңтарына елімізде

ЖЭК
пайдаланатын 55 кәсіпорын бар, олардың жалпы қуаттылығы 336 МВт.

2017 жылы «Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы» ҚР Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді, ол тау-кен кешенінің өнеркәсіптеріне өздері

ЖЭК
жобаларын іске асыруға мүмкіндік береді.

«Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының аясында

ЖЭК
жобаларын іске асыруға мүмкіндік беретін заңға тәуелді актілер әзірленіп бекітілді.

2017 жылғы 7 тамыз

«Аукциондық сауда-саттықты ұйымдастырушыны айқындау туралы» ҚР Энергетика министрінің № 280 бұйрығы;

2017 жылғы 25 қазан

«Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін орналастыру жоспарын қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 27 шілдедегі № 345 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің № 358 бұйрығы.

2017 жылғы 21 желтоқсан

«Аукционға қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптарын, өтінімнің мазмұнын және оны беру тәртібін, аукционға қатысуға арналған өтінімді қаржылық қамтамасыз ету түрлерін және оларды енгізу мен қайтару шарттарын, қорытынды шығару және жеңімпаздарды анықтау тәртібін қамтитын аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру мен өткізу қағидаларын бекіту туралы» ҚР Энергетика министрінің № 466 бұйрығы.

2017 жылғы 28 желтоқсан

«Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері өндірген электр энергиясын қаржы-есеп айырысу орталығының орталықтандырылған сатып алу және сату қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 2 наурыздағы № 164 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің № 481 бұйрығы.

2017 жылғы 28 желтоқсан

«Қаржы-есеп айырысу орталығының жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдармен, шартты тұтынушылармен және басым шартты тұтынушылармен жасалатын шарттарының үлгілік нысандарын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің № 480 бұйрығы.

2017 жылғы 29 желтоқсан

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 27 наурыздағы «Тіркелген тарифтерді айқындау қағидаларын бекіту туралы» № 271 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Үкіметінің № 925 қаулысы

2017 жылы

ЖЭК
секторына халықаралық деңгейде қосымша инвестицияларды тартуға мүмкіндік беретін құжаттарға қол қойылды. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі мен
ЕҚДБ
арасындағы Қазақстан Республикасындағы
ЖЭК
пайдалану, өзара түсіністік және дамыту жөніндегі Меморандум шеңберінде соңғысы Қазақстандағы
ЖЭК
жобаларына 200 миллион еуроға дейін инвестиция салуды және осы секторға 480 миллион еуро көлемінде жеке инвестицияларды тартуды жоспарлап отыр.

Министрлікпен, «Эни Интернэшнл Б.В.» және «Дженерал Электрик Интернэшнл Инк» компаниялар арасындағы

ЖЭК
саласындағы өзара  түсіністік және ынтымақтастық  туралы  меморандумы республика аумағында қуаты 50 МВт болатын заманауи  ЖЭС салуға мүмкіндік береді.

Экологиялық саясат туралы нақтырақ ақпарат Қоршаған ортаның жай-күйі туралы және Қазақстан Республикасының табиғи ресурстарын пайдалану туралы ұлттық баяндаманың «Экологиялық саясат» тарауында келтірілген → Экологиялық саясат