Қалдықтар

2017 жылы Қазақстанда 400 миллион тонна қалдық түзілген( оның ішінде 126,9 млн тонна қауіпті қалдық, 278,2 млн тонна қауіпті емес қалдық), ол экономикалық-әсіресе тау-кен және өндіруші кәсіпорын, ауыл шаруашылығы және энергетика салаларының өсіміне тікелей байланысты. 2016 жылмен салыстырғанда 2017 жылы қауіпті қалдықтардың көлемі 19%-ға төмендеген, ал түзілген қауіпті емес қалдықтардың көлемі бір жарым еседен сәл артты.

Екінші ретті ресурстарды тиімді пайдалану, табиғатқа теріс әсерді азайту және республикада жұмыс орындарын ашу үшін, қалдықтарды сұрыптау және қайта өңдеу бойынша 130-дан астам кәсіпорын жұмыс істейді. Олар тек қоймалауға жататын қалдықтардың мөлшерін азайтпай, екінші реттік шикізаттан жиырма түрлі өнім шығаратын мамандандырылған кәсіпорындар.


Қазақстандағы қалдықтардың пайда болуы және тасымалдануы


2017 жылы Қазақстанда 278,2 млн тонна

қауіпті
емес қалдықтар мен 126,9 млн тонна
қауіпті қалдықтар
түзілді.

2017 жылдың соңында ресми қоқыс қоймаларында қәдеге жаратылмаған және қайта қалпына келтірілмеген, 45 млн тоннадан артық көлемде қалдық жиналған.

2016-2017 жылдары түзілген қалдықтардың көлемі (млн тонна)

Қалыптасқан
қауіпті
және
қауіпсіз
қалдықтар туралы деректер БҰҰ ЕЭК экологиялық көрсеткіштерінің бірі (І-33) болып табылады, жыл сайынғы деректері Статистика комитетінің сайтында қол жетімді.

Қауіпсіз қалдықтар
негізінен құрылыс қалдықтарынан, макулатурадан, ірі габаритті қалдықтардан және «басқа қалдықтар» категориясы қалдықтарынан түзіледі.

2017 жылы түзілген

қауіпті емес
қалдықтардың түрлері бойынша көлемі (мың тонна)

Қалдықтардың түрлері Көлемі, мың тонна
Қаптама материалдары 56,4
Макулатура 130,4
Пластик қалдықтары 5,3
Электрондық және электр жабдықтарының қалдықтары 10,3
Ірі габаритті қалдықтар 0,8
Құрылыс қалдықтары 531 3
Пайдаланудан шыққан автокөліктер (дана) 3,8
Басқа қалдықтар 277 415,3

Қазақстанда

қауіпті қалдықтар
сәйкес үш деңгейге: жасыл, янтарь түсті, қызыл болып бөлінеді.

 

2017 жылы 122 млн тоннадан астам жасыл деңгейдегі қауіпті қалдық пайда болды. Ал 1700 тонна қызыл деңгейдегі қалдық пайда болды.

2016-2017 жылдары

бойынша түзілген
қауіпті қалдықтардың
көлемі(мың тонна)

Қауіпті қалдықтарды
шекаралық тасымалдау туралы деректер БҰҰ ЕЭК экологиялық көрсеткіштерінің бірі (І-34) болып табылады, жыл сайынғы деректері Статистика комитетінің сайтында қол жетімді

Қазақстан заңнамасына сәйкес медициналық қалдықтар бес класқа бөлінеді:

А класы
-қауіпті емес қалдықтар,
Б класы
-эпидемиологиялық қауіпті қалдықтар,
В класы
-төтенше эпидемиологиялық қауіпті қалдықтар,
Г класы
-токсикологиялық қауіпті қалдықтар,
Д класы
-радиоактивті қалдықтар.

2017 жылғы медициналық қалдықтардың саны.

Қалдықтардың класы А Б В Г Д
Қатты Сұйық Аспаптар
Өлшем бірлігі Мың тонна Мың тонна Мың тонна Тонна Литр Дана Мың тонна
Барлығы 848 204 3,7 13,5 1 292 186 510 0

 

2017 жылғы медициналық қалдықтарлың аймақтар бойынша саны

Облыс / қала А класындағы қалдықтар (тонна) Б класындағы қалдықтар(тонна) В класындағы қалдықтар (тонна) Г класындағы қалдықтар
Аспаптар (дана) Қатты (кг) Сұйық (л)
Ақмола облысы 725 978 126 399 3 232 3 074 0 0
Ақтөбе облысы 546 134 10 11 409 0 0
Алматы облысы 1 151 382 25 6 989 0 0
Атырау облысы 102 98 9 5 023 53 0
Шығыс Қазақстан облысы 516 332 17 4 197 0 0
Жамбыл облысы 953 206 30 3 442 0 0
Батыс Қазақстан облысы 10 971 2 363 25 1 675 7 0
Қарағанды облысы 1 448 1 466 16 0 2 878 0
Қостанай облысы 2 636 579 51 90 950 0 0
Қызылорда облысы 470 160 23 0 141 0
Маңғыстау облысы 497 118 19 12 912 0 0
Павлодар облысы 766 236 7 2 374 0 0
Солтүстік Қазақстан облысы 2 134 1 004 143 5 739 0 0
Оңтүстік Қазақстан облысы 115 213 16 497 3 197 0
Астана қаласы 60 151 6 233 46 17 319 3 846 0
Алматы қаласы 39 091 63 917 21 20 080 3 367 292

Ең көп медицианылық қалдықтар Ақмола облысында түзілген.

Кейбір қызмет түрлері бойынша қауіпті қалдықтардың түзілуі (млн. тонна)

Кейбір қызмет түрлерімен қауіпті емес қалдықтарды түзуі (млн. тонна)

Сала Саны
Тау –кен өндірісі және кеніштерді игеру 262
Өндіруші кәсіпорындар 9,5
Ауыл, орман және балық шаруашылығы 0,05
Құрылыс 0,28
Сумен жабдықтау 0,05
Денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер 0,04
Сауда 0,04

 
 
 
 

 
 


Қалдықтармен жұмыс істеу


2017 жылы ресми полигонға келіп түскен 3,2 млн тонна қалдықтың 80,5% қоймаланды, 5,8% сұрыпталды және қайта өңделді, 13,7% кәдеге жаратылды

Сұрыпталған, қайта өңделген, жойылған және қоймаланған қалдықтардың көлемі (мың тонна)

Қоймаларға келіп түскен қалдықтардың көлемі Сұрыпталған қалдықтардың көлемі Қайта өңделген қалдықтардың көлемі Кәдеге жаратылған қалдықтардың көлемі Қоймаланған қалдықтардың көлемі
3 224 182 5 443 2 596

 

Қалдықтарды өңдеу және қайта пайдалану туралы деректер БҰҰ ЕЭК экологиялық көрсеткіштерінің бірі (І-35) болып табылады, жыл сайынғы деректері Статистика комитетінің сайтында қол жетімді

Сондай Қалдықтарды түпкілікті жою туралы деректермен БҰҰ ЕЭК экологиялық көрсеткіштерінің бірі (І-36) Статистика комитетінің сайтында танысуға болады

2017 жылы 9 мың тонна қауіпті емес қалдықтар залалсыздандырылды, 71 млн тонна қайта өңделді, қайта пайдаланылды немесе өртендірілді, 77 млн тонна қауіпті емес қалдықтар меншікті объектілерде орналастырылды, 128,6 млн тонна басқа ұйымдарға, кәсіпорындарға жіберілді.

2016-2017 жылдары қауіпті емес қалдықтардың қозғалысы (млн. тонна)

Жалпы пайда болаған қауіпті қалдықтардың 1,4 мың тонна қызыл сыныптағы қалдықтар, 167 млн тонна янтарь түсті сыныптағы және 23 млн тонна жасыл сыныптағы қалдықтар қайта өңделдң, қайта пайдаланылды және өртендірілді. Жеті тонна қызыл, 365 мың тонна -янтарь түсті және 92 млн тонна-жасыл сынып қалдықтары олардың пайда болу орындарында қоймаланды.

Сонымен қатар, 2017 жылы 4,8 млн тонна қатты тұрмыстық қалдық түзілді, олардың 3,4 млн тоннасы қалдықтарды жинау мен тасмалдауға мамандандырылған кәсіпорындар мен жеке кәсіпкерлермен жиналды.

Коммуналдық қалдықтарды жинау және шығаруды жүзеге асыратын кәсіпорындар мен ұйымдардың саны (дана)

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес барлық қалдықтар тек қана арнайы полигондарда жойылуы тиіс, олардың әрқайсысы өндiрiс және тұтыну қалдықтарының мемлекеттiк кадастрына енгізіледі және жеке нөмірге ие. Полигондар- қауіпті, қауіпті емес және тұрмыстық қатты қалдықтарды жоюға арналған болып үш класқа бөлінеді.

Полигондардың саны (дана).

  • Қауіпті емес қалдықтарды орналастыруға арналған полигон
  • Қатты тұрмыстық қалдықтар полигоны
  • Қауіпті қалдықтарды орналастыруға арналған полигон

Қазақстанның «жасыл» экономикаға көшу жөніндегі тұжырымдамасы қалдықтармен жұмыс істеудің негізгі мәселелерін реттейді. Тұжырымдамаға сәйкес заңнамаға өзгертулер енгізілген, халықтың экологиялық мәдениетін қалыптастыру мен жоғарлату бойынша жоспар және қалдықтарды жинау мен кәдеге жарату бойынща алдыңғы қатарлы технологияларды енгізу үшін негіздемелер әзірленген.

«Жасыл» экономикаға көшу жөніндегі тұжырымдаманы іске асыру, оған сәйкес «жол карталарын», сондай –ақ өндірушінің кеңейтілген міндеттемелері бойынша
қағидаларды
жүзеге асыру қалдықтарды өңдеу үлесін 2030 жылға қарай 40% дейін, 2050 жылға қарай 50% дейін жеткізуге мүмкіндік береді.

Экологиялық саясат туралы нақтырақ ақпарат Қоршаған ортаның жай-күйі туралы және Қазақстан Республикасының табиғи ресурстарын пайдалану туралы ұлттық баяндаманың «Экологиялық саясат» тарауында келтірілген → Экологиялық саясат