Национальный доклад о состоянии окружающей среды и об использовании природных ресурсов

Осы баяндама жайында

Сіздердің назарларыңызға ресми 2016 жылға арналған Қоршаған ортаның жай-күйі туралы және Қазақстан Республикасының табиғи ресурстарын пайдалану туралы Ұлттық баяндамаға негізделген Қоршаған ортаның жағдайы туралы интерақтивті баяндаманы ұсынамыз.

Көпшілікке мәлім интерактивті баяндама оқырмандардың кең ауқымы үшін түсінікті мәтінде жазылған және қосымша басқа да ресми деректер мен материалдар қосымша қолданылған.

Мәтінді түсінуді жеңілдету үшін, интерактивті баяндаманың тарауларында қоршаған орта жағдайының құрылу логикалық тізбегінің иллюстрациясы пайдаланылады. Оның элементтері:

қозғалтқыш күш (D – driving forces: шаруашылық пен халықттың өмір сүру салалары, олардың жағдайы және дамуы) қоршаған ортаға әсер;

олардың қоршаған ортаға ықпалы (P – pressures: ластаушы заттардың шығарындылары, табиғи ресурстарды пайдалану);

қоршаған ортаның жағдайы (S – state), осындай ықпалдың нәтижесінде қурылады;

осы жағдайдың адамға, шаруашылықтарға, табиғи қауымдастыққа соңғы әсері (I – impact);

және шаралар (R – response), қоғамның жағдайды жақсартуға жасалып жатқан жемесе жоспарланудағы шаралары.

Интерактивті баяндама Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігімен және қазақстандық эколог – журналист Ирина Колчинамен, Қоршаған орта бойынша бойынша БҰҰ бағдарламасымен және «Зой» Экологиялық желісімен ынтымақтастықта Еуропа Комиссиясының қаржылық қолдауымен әзірленді.

Қоршаған ортаның жай-күйі туралы және Қазақстан Республикасының табиғи ресурстарын пайдалану туралы Ұлттық баяндаманың толық ресми түрі мемлекеттік және орыс тілдерінде newecodoklad.ecogosfond.kz және www.energo.gov.kz мекенжайларында қол жетімді.