БАЯНДАМА ТУРАЛЫ Назарларыңызға ұсынылып отырған интерактивті баяндама, елдегі экологиялық жағдайды және оны жақсарту бойынша қабылданған шараларды көрсететін, 2018-2019 жылдарға арналған Қоршаған ортаның жай-күйі туралы және Қазақстан Республикасының табиғи ресурстарын пайдалану туралы ресми ұлттық баяндамасына негізделген. Мәтінді түсінуді жеңілдету үшін интерактивті баяндаманың бөлімдерінде қоршаған орта жағдайының қалыптасуының логикалық тізбегінің иллюстрациялары пайдаланылады. Оның элементтеріне мыналар кіреді: Баяндамада қоршаған ортаның және табиғи ресурстардың сандық және сапалық сипаттамалары туралы, оларға келтірілетін антропогендік әсер, өңірлердегі экологиялық хал-ахуалы, қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды пайдалану саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру бойынша мәліметтер көрініс табады. Ұлттық баяндамада қоршаған ортаның жай-күйі мен оның еліміз бен оның өңірлеріндегі әлеуметтік-экономикалық дамуымен байланысын сипаттайтын статистикалық көрсеткіштер кеңінен қолданылады. Мәтіні оқырмандардың кең ауқымы үшін қолжетімді тілде жазылған танымал интерактивті баяндамада, қосымша басқа да ресми деректер мен материалдар пайдаланылады. ТУТ «Интерактивті баяндама Еуропа Комиссиясының қаржылық қолдауымен Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігімен «Жаңа экологиялық қауіпсіз технологияларды енгізу орталығы» ҚҚ, Қоршаған орта бойынша бойынша БҰҰ бағдарламасы мен «Зой» Экологиялық желісімен әзірленді. Денисов Николай Қоршаған ортаның жай-күйі туралы және Қазақстан Республикасының табиғи ресурстарын пайдалану туралы ұлттық баяндама мемлекеттік және орыс тілдерінде осында және осында қол жетімді. Жоба командасы Жалпы мәтінді үйлестіру және бейімдеу: Колчина Ирина Графикалық дизайн: Гульчук Мария Веб-дизайн және бағдарламалау: Токарев Александр Ағылшын тіліне аудармалаушы: Ракош Илья Үйлестіру және түзету: «ҚОҚ АТО» РМК өкілі, Балабаева Алтынкуль «Зой» экологиялық желісі тұсынан үйлестіру және редакциялау: ЮНЕП тұсынан үйлестірушісі: Маркес Томас Қ (қозғаушы күштер) – қоршаған ортаға әсер ететін экономиканың салалары мен халық өмірі, олардың жағдайы мен дамуы; Ж (жағдай) – осындай әсер ету нәтижесінде қалыптасатын қоршаған ортаның жағдайы; С (салдары) – осы күйдің адамға, шаруашылыққа, табиғи қауымдастықтарға тигізетін салдары; Ә (әсер) – қоршаған ортаға не әсер ететіндер, ластаушы заттардың шығарындылары, табиғи ресурстарды пайдалану; Ш (шаралар) – қоршаған ортаның жағдайын жақсарту үшін қоғам не істеп жатыр және не істеуге дайындалуда.
Интерактивті баяндаманы Еуропалық комиссия, БҰҰ Қоршаған орта жөнiндегi бағдарламасы, Зой экологиялық желісінің қолдауымен Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі жасады.