Қоршаған ортаның жай-күйі және табиғи ресурстарды пайдалану туралы Ұлттық баяндама

Биоәртүрлілік


Қазақстанның орманы, флорасы мен фаунасының жағдайы

Республика аймағының көп бөлігін алып жатқан шұғыл-континенталды климат, орман өсіру, орман өндірісі мен ағаш егу шаруашылығына қатаң жағдай жасайды. 2017 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша мемлекеттік орман қорының жалпы ауданы республика аумағының 29423,91 мың га немесе 10,8% құрайды. Орман алқаптарымен жабылған жерлер жалпы орман қорының 12706,8 мың га немесе 43,2% құрайды. Республиканың орман-тоғайлы аумағы – 4,7% құрайды. Орманмен көмкерілген алқаптар 12706,8 мың га немесе орман қоры жалпы ауданының 43,2%-ын құрайды. Республиканың ормандылығы 4,7%-ды құрайды. Жеке орман қорының ауданы 695 га, орманды алқаптар жоқ. Мемлекеттік орман қорының басым бөлігі -77,4%-ы облыстардың әкімдіктерінің иелігінде, 21,8%-ы Ауыл шаруашылық министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің (бұдан әрі – Комитет) иелігінде. Комитетке бағынысты орман мекемелерінің ауданы 6427,5 мың га құрайды, оның 6313,1 мың га – заңды тұлға мәртебесімен ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға келесілер жатады.

Қазақстанда ормандар сәйкесінше біркелкі орналаспаған. Ормандардың өсімділігі табиғи аймақтардың әртүрлілігіне байланысты шартталған. Шөлді аймақта сексеуілді ормандар өседі. Таулы ормандардың негізгі бөлігі Алтайдың, Жоңғау және Іле Алатауының қара қылқанды екпелерімен көмкерілген. Далалы және орманды далалы жазықтықты бөлігі қайыңды-теректі шоғырлы ормандармен, қарағайлы ормандармен, Ертіс маңы жолақты қарағайлармен берілген.

Қазақстанда ормандар сәйкесінше біркелкі орналаспаған. Ормандардың өсімділігі табиғи аймақтардың әртүрлілігіне байланысты шартталған. Шөлді аймақта сексеуілді ормандар өседі. Таулы ормандардың негізгі бөлігі Алтайдың, Жоңғау және Іле Алатауының қара қылқанды екпелерімен көмкерілген. Далалы және орманды далалы жазықтықты бөлігі қайыңды-теректі шоғырлы ормандармен, қарағайлы ормандармен, Ертіс маңы жолақты қарағайлармен берілген.

Ормандар және өзге де орман көмкерген жерлер туралы деректер БҰҰ ЕЭК экологиялық көрсеткіштерінің бірі (D18) болып табылады, жыл сайынғы деректері Статистика комитетінің сайтында қол жетімді.

Орман құрамның 48,9%-ын  сексеуілдер, шөлді және далалы аймақтардың 23,2%-ын бұталы екпелер мен орманды аудандар алып жатыр. Біршама құнды қылқанды екпелер 13,6%, ұсақ жапырақтылар 12,1%  қатты жапырақтылар 0,8%. Ағаш қоры жалпы көлемінің барлық құрамының орманды түрлері сексеуілдің биологиялық ерекшеліктерімен шартталған, орман қорындағы сексеуілдің 1 га үлесі 3,4% (15,03 млн м3).

1-схема. Қазақстан Республикасының орман қоры

Орман қоры жерлері туралы нақтырақ ақпаратпен → «Жер реурстары» тарауында таныса аласыздар.

Қордың басым бөлігін қылқанды ағаштар құрайды 61,9 % (255,23 млн м3), қарағай 42,3% (108,03 млн м3) сонымен қатар, ұсақ жапырақтылар 33,7 % (138,76 млн м3), негізгі орманқы құрайтын түрлері қорының 21,4%-ын (91,11 млн м3) жұмсақ жапырақты қайыңдар құрайды.

Республиканың ормандары климатты, ортаны қалыптастырушы алағды және қойнауды қорғаушы, су қорғау және санитарлы-гигиеналық маңызды қызметтерді реттейді және елдің биологиялық биоәртүрлілігінің 86% табиғи резерваты болып табылады.

Республика аумағында омыртқалы жануарлардың 835 түрі мекендейді, соның ішінде: сүтқоректілер 178, құстар, Қазақстанда ұя салатын 489 (оның 396-сы Қазақстанда ұя салады, басқалары қыста ұшып келеді немесе көктемде және күзде ұшып кетеді), бауырмен жорғалаушылар – 49, қосмекенділер – 12, 104 – балық және балық сияқты, 3 – дөңгелек ауыздылар. Қазақстан аумағында омыртқасыздардың шамамен 100 мың түрі, оның ішінде жәндіктердің 50 мыңнан кем емес түрі мекендейді.

Қазақстанның қызыл кітабына 225 түрі мен кіші түрі енгізілген, олардың 128 омыртқалы және 97 омыртқасыз жануарлар. 115 жануарға жоғалу қауіпі төніп тұр.

2-схема. Сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген жануарлар түрлерінің саны

Жоғалып кету қаупі бар түрлер және қорғалатын түрлер туралы деректер БҰҰ ЕЭК экологиялық көрсеткіштерінің бірі (D-19) болып табылады, жыл сайынғы деректері Статистика комитетінің сайтында қол жетімді

 

 

 

Деректер есебі бойынша Қазақстан Республикасында қар барысының 130 басына жуық мекендейді.

Қазақстанда киіктердің үш популяциясы бар: Бетпақдала, Орал және Үстірт, республикада сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген тұяқты жануарларды сақтау бойынша қабылданған шаралар жүзеге асыру нәтижесінде олардың табиғаттағы саны ұлғайды.

 

3-схема. 2010-2016 жылдары сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген жабайы тұяқты жануарлар басы санының динамикасы

Жекелеген түрлер санының өзгеруі және таралуы үрдісі туралы деректер БҰҰ ЕЭК экологиялық көрсеткіштерінің бірі (D-20) болып табылады, жыл сайынғы деректері Статистика комитетінің сайтында қол жетімді

Елдің балық шаруашылығының негізін акваторийлер құрамына кіретін Каспий және Арал теңіздерінің, Балқаш, Зайсан көлінің, Бұқтырма, Қапшағай, Шардара су сақтағыштары, Алакөл көл жүйесі мен жалпы ауданы 3 млн га жоғары су қоймалары мен 70-тен астам балық түрлері тіршілік ететін оның ішінде біршама құнды (уылдырықты, көксерке, сазан, ақ амур, дөң маңдай және тағы басқа) басқа су қоймалары жатады. Сонымен қатар, республиканың су қоймаларында интродуцияланған сондай-ақ коммерциялық құндылықтағы балық (пелядь, сиг және тағы басқа) түрлері бар.

Республикада аулау алқаптарының ауданы 214,4 млн га құрайды оның 109,3 млн га (50,9%) аңшылық пайдаланушыларға бекітілген. 2010-2016 жылдары республикада 24196,9 мың га астам аудан шаруашылық аралық аулау құрылғы (2016 ж – 5,7 мың га) жүргізілді. Аулау объектілері сүтқоректілердің 34 түрі және құстардың 59 түрі болып табылады.


Ормандарға, флора мен фаунаға әсер

2016 жылы республиканың мемлекеттік орман қоры және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарында 640,1 га ацуданда орман өртінің 306 жағдайы орын алды, оның ішінде ормандысы 275,26 га құрайды. Орман өрттерінен болған зиян – 28,6 млн теңге (28 685 510 теңге). 2016 жылы үлкен аудандарда мемлекеттік орман иелерінде Жамбыл (264 га), Қостанай (104,57 га), Павлодар (113,9 га), Алматы облыстарында (80,9 га) және Наурызым мемлекеттік табиғи қорығында (2826 га) орман өрттері орын алды.

Мемлекеттік орман қоры аумағында соңғы он жыл ішінде 385 мың га қамтыған 8053 орман өрттері, оның 200 мың га ауданы орманды жерлер болды. Өрт қамтыған орман ауданының орташа ауданы 47,8 га құрайды. Көрсетілген кезеңдегі өрттің зияны 3,8 млрд теңгені құрады. Өртке қарсы қызметпен қамтамасыз ету 52%-ға жуықты құрайды. Орман шаруашылығына өртпен қоса ағаштарды заңсыз кесу де айтарлықтай шығын келтіруде.

Табиғатты қорғау мекемелерінің мемлекеттік инспекторларымен және мемлекеттік орман қоры жұмыскерлерімен 2016 жылы көлемі 2626,18 кубометрді құрайтын орманды заңсыз кесудің 584 фактісі анықталды. Зиянның мөлшері 29,6 млн теңгені құрайды.   2016 жылы заңсыз кесілген ағаштардың көлемі 2015 жылмен салыстырғанда 7 есеге азайғанын талдау көрсетті.

Көбінесе қорықшылық құрамның өзінің кәсіби дайындығының әлсіздігі мен білікті мамандардың жеткізіліксіздігі аңшылық шаруашылықты шұғыл жүргізуге себеп болып табылады. Аңшылық фермалар мен құс шаруашылығын құру үшін қажетті вольерлердің құрылысына жер учаскелерін бөлу қиындығы. Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің аумақтық инспекцияларымен 2016 жылы 7931 бұзушылық жағдайы оның ішінде аулау бойынша 987, орман бойынша 981, балық бойынша 5946 жағдай анықталды.


Биоәртүрлілікті қорғау

Қазақстанда ЕҚТА құру тарихы 90 жылға есептеледі: 1926 жылы алғаш рет Орталық-Азия аймағында «Ақсу-Жабағылы» қорығы құрылды. 1934 жылы Наурызым және Барсакелмес қорықтары құрылды. Отыз жыл үзілістен кейін 60-шы жылдары Алматы және Қорғалжын  қорықтары, 70-ші жылдары Марқакөл қорығы, 80-ші жылдары Үстірт қорығы, 90-шы жылдары Батыс-Алтай және Алакөл қорықтары құрылды. Мемлекеттік ұлттық табиғи қорықтар кейінірек құрыла бастады. Алғаш рет 1985 жылы Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркі, қалғандары ХХ ғасырдың 90-шы жылдардың екінші жартысында және ХХІ ғасырда құрылды. ЕҚТА құру бойынша жұмыстар 2000 жылдан кейін қарқынды дамыды, 2000 жылдан бастап 2016 жыл аралығында ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың ауданы 4,8 млн га ұлғайды, бұл ретте 13 жаңа және бұрынғы 12 табиғатты қорғау мекемесінің ауданы кеңейді.  Заңды тұлғалар мәртебесіндегі ЕҚТА жалпы ауданы 2,0 млн га-дан 3 есеге яғни 7,0 млн га-ға ұлғайды. ЕҚТА жалпы аумағы 24,4 млн га-ды құрайды (елдің ауданынан 8,9%).

2016 жылы Жамбыл облысында жалпы ауданы 68 910 га болатын жергілікті маңызы бар «Мерке» мемлекеттік табиғи қорығы құрылды. Сонымен қатар, Комитетпен Ырғыз-Торғай мемлекеттік табиғи резерваты аумағын 409,9 мың га кеңейту бойынша жұмыстар жүргізілді..

ЕҚТА шамалы ауданын 2020 жылы 25,6 млн га дейін жеткізу жоспарлануда, бұл ел аумағының 9,4% құрайтын болады.

4-схема. 2013-2016 жылдары ел ауданындағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтар ауданының үлесі

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы деректер деректер БҰҰ ЕЭК экологиялық көрсеткіштерінің бірі (D-17) болып табылады, жыл сайынғы деректері Статистика комитетінің сайтында қол жетімді.

 

 

5-схема. Республикадағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, км2

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, сауықтыру, рекреациялық және тарихи-мәдени белгіленген жерлер туралы нақтырақ ақпаратпен →  «Жер ресурстары» тарауында танысуға болады

ЕҚТА экологиялық туризмді дамуда,  бұл экологиялық ағартуда ел азаматтарының табиғатты құрметтеуге шақырады сонымен қатар, жергілікті халықты қызмет көрсету саласында жұмыс орындарымен қамтамасыз етуге ықпал етеді.

2016 жылы ҚР АШМ Орман шаруашылығы және дануарлар дүнесі комитетінің табиғатты қорғау мекемелерінің инфрақұрылымын дамытудың бас жоспарына сәйкес жалпы көлемі 291,42 га болатын 43 жер учаскесі ұзақ мерзімге пайдалануға, жалпы ауданы 55,17 га болатын 45 жер учаскесі қысқа мерзімге пайдалануға ұсынылды. Сонымен қатар, Жол картасы шеңберінде инвесторлармен туризмді дамыту және ЕҚТА рекреациялауда 12 жоба (объектілер) жүзеге асырылды, оның бүгінгі таңдаға көрінісі келесідей: туризмнің 4 объектісі аяқталды; туризмнің 1 объектісі аяқталуға жақын; туризмнің 5 объектісі бойынша құрылыс жұмыстарының 50-70%-ы орындалды; 2 объекті жұмыстары қаржының жоқтығына байланысты басталған жоқ.

Қазіргі таңда ЕҚТА-да 220 туристік (экскурсиялық) маршрут және жол жұмыс істейді: оның 146-сы туристік маршрут және 74-і экскурсиялық жол. Ағымдағы жылы табиғатты қорғау мекемелермен қолданыстағы 80 туристік маршрут мен 43 жолды қалпына келтіру және абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Соңғы жылдары ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға жеке тұлғалардың (туристермен) келу динамикасының санында өсу байқалады.

2016 жылы ЕҚТА келушілердің жалпы саны 1 191 773 адамды құрады, келушілер саны өткен жылмен салыстырғанда (2015 жыл – 1 070 360 адам) 121 413 адамға өсті. Сәйкесінше 2016 жылы шамамен 286,19 млн теңгені құраған ЕҚТА пайдаланғаны үшін бюджет түсімінің өсімі байқалады.

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды бақылау орман шаруашылығы мен жануарлар дүниесі облыстық аумақтық инспекциясы инспекторларымен және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар табиғи қорғау мекемелерінің инспекторларымен табиғатты қорғау заңнамасының бұзушылыққа жол бермеу бойынша рейдтік іс-шаралар жүргізу арқылы тексеру жүргізіледі.  2016 жылы ЕҚТА инспекторларымен (мемлекеттік табиғи қорықтар, мемлекеттік табиғи парктер, мемлекеттік табиғи резерваттары) 6242 рейд жүргізілді және табиғат қорғау заңнамасының 1011 бұзушылық оның ішінде анықталған бұзушылық нәтижелері бойынша инспекторлармен 901 адамға 9001,82 мың теңге сомасында әкімшілік айыппұл салынып, әкімшілік құқық бұзушылық  туралы 977 хаттама жасалды.

Орман ресурстарын молайту биоәртүрлілікті сақтау үшін алдыңғы қатарлы мақсат болып табылады. Ол ормандарды қалпына келтірудің табиғи және жасанды әдістерін қолдануға назар аудартады. Ормандылықты арттыру үшін орман екпелерін құру болып табылады. Бүгінгі таңда жасанды екпелер 929,1 га немесе орманмен көмкерілген жерлердің 7,4%-ын құрайды. Соңғы 5 жыл ішінде ормандарды молайту және ағаш өсіру 1,5 ретке өсті және 2015 жылы 60 мың га жетті. 2016 жылы 56,8 мың га.

6-схема. 1992-2016 жылдары ормандарды молайту және ағаш өсіру

Республиканың таспа шоққарағайларын молайтуға ерекше назар бөлінеді, олардың ауданы 883,1 мың га-ны құрайды. «Семей орманы» және «Ертіс орманы» резерваттарында оларды құрылған кезінен бастап орманды молайту көлемі жыл сайын 800 га-дан 7000 га-ға дейін ұлғайды. Құрылған күннен бастап барлығы екі резерватта 57,6 мың га екпе отырғызылды.

«Республика аумағындағы ормандарды сақтау және ормандылықты ұлғайту» жобасы шеңберінде «Семей орманы» табиғи резерватында швед технологиясымен салынған және заманауи құралдармен жабдықталған орман тұқым станциялары мен орман тәлімбағының кешені пайдалануға берілді.

Орман шаруашылығы іс-шараларын отырғызу материалымен қамтамасыз ету үшін мемлекеттік орман қоры жерлерінде жыл сайын әртүрлі түрлердің 200 млн данадан астам стандартты көшеттерін өсіру мүмкіндігі бар жалпы ауданы 4364 га болатын 155 тұрақты орман тәлімбақтары құрылды. Республика бойынша отырғызу материалын молайтудың нақты көлемі орта есеппен 162 млн дананы, оның стандарттысы 75,0 млн дананы құрайды

2016 жылы жалпы ауданы 1176,0 мың м3 көлеммен 102629,4 га ауданға орман шаруашылығы іс-шаралары жүргізілді, оның ішінде көлемі 297,7 мың м3 болатын 2465,1 га ауданға басты пайдалануды кесу, көлемі 78,6 мың м3 болатын 3013,9 га ауданға орманды күту үшін кесу, көлемі 0,1 мың м3 болатын 3,0 га ауданға жеке ағаштарды кесу, көлемі 173,7 мың м3 болатын 14061,2 га ауданға жеке ағаштарды кесу таңдамалы санитарлы кесу, көлемі  547,7 мың м3 болатын 9517,3 га ауданға жаппай санитарлы кесу, көлемі  53,4 мың м3 болатын 72913,9 га ауданға қоқыстан тазарту және көлемі  24,8 мың м3 болатын 655,0 га ауданға өзге кесулер (орман жол алаңқайларын, өртке қарсы жарылыстарды, орманды аудандарды тазалау және кесу) жүргізілді. Қазіргі таңда, Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының м.а. 2016 жылғы 22 желтоқсандағы «Мемлекеттік орман қоры учаскелеріндегі қылқан жапырақты екпелерде санитарлық мақсатта ағаш кесуді жүргізуге тыйым салу туралы» № 287 бұйрығына сәйкес 2017 жылдың 1 ақпанынан бастап қылқан жапырақты екпелерде санитариялық мақсатта ағаш кесуді жүргізуге тыйым салынды.

Ұзақ мерзімге орманды пайдалануға мемлекеттік орман қоры учаскелерін ұсыну  

Қазақстан Республикасы Орман кодексінің 31-бабына сәйкес мемлекеттік орман қоры учаскелеріндегі орман ресурстары 10 жылдан 49 жылға дейін мерзімде орманды ұзақ мерзімге пайдалануға ұсынады. Мемлекеттік орман қоры учаскелеріндегі орман ресурстарын мемлекттік орман иесі мен орман пайдаланушы арасында шарт жасасу арқылы тендер хаттамасы негізінде ұзақ мерзімге пайдалануға ұсынады. Өткізілген тендерлерге сәйкес орман ресурстары Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан облыстарына ұзақ мерзімге пайдалануға ұсынылды.

Республикада мемлекеттік орман қоры учаскелерін ұзақ мерзімге пайдалануға беріледі. Қазақстан Республикасы Орман кодексінің 31-бабына сәйкес мемлекеттік орман қоры учаскелеріндегі орман ресурстары 10 жылдан 49 жылға дейін мерзімде орманды ұзақ мерзімге пайдалануға ұсынады. Мемлекеттік орман қоры учаскелеріндегі орман ресурстарын мемлекттік орман иесі мен орман пайдаланушы арасында шарт жасасу арқылы тендер хаттамасы негізінде ұзақ мерзімге пайдалануға ұсынады. Өткізілген тендерлерге сәйкес орман ресурстары Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан облыстарына ұзақ мерзімге пайдалануға ұсынылды.

2017 жылдың 1 қаңтардағы жағдай бойынша жалпы ауданы 1,9 млн га құрайтын жеке және заңды тұлғалардың 1349 орман ресурстарын ұзақ мерзімге орман пайдалануға ұсынылды, оның ішінде:

1) ағашты дайындау үшін – 79 орман пайдаланушыға 1,4 млн га ауданға;

2) сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристік және спорттық мақсаттар үшін – 592 орман пайдаланушыға 29,7 млн га ауданға;

3) жанама пайдалану үшін – 653 орман пайдаланушыға 483,7 млн га ауданға;

4) отырғызу материалын өсіру үшін – 5 пайдаланушыға 0,1 мың га;

5) аңшылық шаруашылық үшін – 17 пайдаланушыға 0,3 мың га;

6) ғылыми-зерттеу мақсаттары үшін – 3 пайдаланушыға 0,1 мың га.

Республикада орман қору аумағында орман өрттерін жою үшін 421 бірлікте өрт машиналарымен және 691 бірлікте тіркеме құрылғысы бар тракторымен жобдықталған 202 орман өрт станциясы (бұдан әрі – ОӨС) орналасқан. Орман өрттерін шұғыл табу мақсатында өрт қауіпсәз кезең бойына кезекшілік ұйымдастырылған 321-ден астам өрт-бақылау мұнарасы бар.мемлекеттік орман иелерімен шұғыл байланысқа шығу мақсатында 7589-дан астам радиостанция сонымен қатар, телефонды және ұялы байланыс пайдаланылады. Ормандарда өрт жағдайы туралы ақпаратты шұғыл қабылдау және беру, «Қазавиаорманқорғау» РМҚК-да орман өрттерін өшіру үшін Республикалық дағдарыс орталығында орман өрттері туралы ақпаратты беру қамтамасыз етілген.

Соңғы жылдары қабылданған шаралар нәтижесінде орман шаруашылығының нормативті құқықтық базасын жетілдіру, саланы бюджеттік қаржыландыруды ұлғайту заңсыз ағаш кесу көлемін айтарлықтай төмендетуге мүмкіндік жасады. Орманды қорғау және орман заңнамасы бұзушылығымен күрес бойынша іс-шара табиғатты қорғау және құқық қорғау органдарымен жүзеге асырылады.

ҚР АШМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетімен «Аджип Казахстан Норт Каспиан Оперейтинг Компани Н.В.» бірлескен мемлекеттік-жеке меншік серіктестігі шеңберінде 2008 жылы Қазақстан Республикасы Қызыл кітабының төртінші баспасы (Омыртқалылар, 2008ж.) басылып шығарылды. Сирек және жойылу қауіпі бар жануарлар түрлерінің саны реттеледі.

Спутниктік маяктарды (қамыттарды) пайдалану және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда камера тұтқыштарды орнату арқылы жануарлар дүниесіне мониторинг жүргізудің жаңа технологиясы енгізілуде. Қазақстанда әртүрлі деңгейдегі 15 ЕҚТА бар: аумақтарында қар барысының кездесуі тіркелген қорықтар, ұлттық парктер және қорықшалар бар. Соңғы 12 жыл шегінде облыс аумағында бар тау жүйелерінде 6 ұлттық парк құрылған, бұрыңғы 3 қорықшаның аумағы кеңейтілген. Бұл барыс ареалының 50 000 км2 құрайтын қорғалған бөлігінің Қазақстан шегіндегі жалпы аумағын шамамен 30%-ға ұлғайтуға мүмкіндік берді. Деректер есебі бойынша Қазақстан Республикасында қар барысының 130 басына жуық мекендейді.

Киіктерді, сондай-ақ тұяқты жануарлардың сирек және құрып кету қаупіндегі түрлерін қорғауды «ПО «Охотзоопром» РМКК жалпы аумағы 123,0 млн га болатын облыстың 10 әкімшілік аумақтарында жолсыздығының таулы мекендердің, шөлейт және жазық аудандардың өте ауыр жағдайында автокөлікті пайдаланумен жүзеге асырады. Қорғауға шамамен 220 жануарлар дүниесін қорғау инспекторлары мен 104 жоғары өтімді автокөлік құралдарының бірлігі қамтылған.

Киіктерді қорғауды ұйымдастыру нәтижесінде олардың саны 2003 жылы 21 мыңнан 295 мың басқа көбейген болатын алайда, 2015 жылы Бетпақ дала популяциясы киіктерінің жаппай қырылуы орын алды және 2016 жылдың қорытынды есебі бойынша олардың республикадағы саны шамамен 108,3 мың басты құрады.

7-схема. 2010-2016 жылдар қырылу бойынша киіктер санының динамикасымың бас

Аңшылық, қыстау және көшу кезеңдеріндегі Киіктерді негізінен көп шоғырланатын жерлерін қорғаудың тиімділігін арттыру үшін ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетімен 2007 жылы 99 бірлікте инспекторлық құрам қызметкерлер штатымен ауданы 765,3 га құрайтын Ырғыз-Торғай мемлекеттік табиғи резерваты құрылды. Ырғыз-Торғай табиғи резерватының 2016 жылы 409,9 мың га кеңейтілген, қазіргі жалпы ауданы 1 173,5 мың га құрайды. Сонымен қатар, Қорғалжын қорығы далалы аумағының ауданын 263,4 мың гектарға кеңейту жүргізілді.

Жануарларды көшірусирек кездесетін және құрып кету қаупі бар түрлерін және жеке популяцияны қалпына келтіру, сонымен қатар жеткілікті санын заңдастыру үшін кең пайдаланатын жолдары болып табылады, мысалы аңшылық түрлері. Тұяқтыларды көшіру елімізде көшіруді бастау ондаған жылдар бұрын басталған болатын және оларға қатысты тәжірибе мол.

Қазақтанда құланды көшіру бірнеше кезеңмен жүзеге асырылды. 1953 жылдан бастап 1961 жыл аралығында Бадхыз қорықшасынан (Түрікменстан) Басакелмес түбегіне 14 құлан әкелінді (Слудский, Афанасьев, 1964). Бұдан кейін түбектегі құландардың басы 200-ге жетті, жаңа – құландарды құрлыққа әкелу кезең басталды. 1982-1983 жылдары құландар Барсакелмес түбегінен Қапшағай  МАҚШ (қазіргі таңда – «Алтын Эмель» МҰТП) аумағына әкелінді және жіберілді. Кейін құландар Аңдасай (Жамбыл облысы) және Ақтау-Бұзашы (Маңғыстау облысы) мемлекеттік қорықшаларына жіберілді. Содан соң мемлекеттік тапсырыстар мен бағдарламалар шеңберінде «Алтын Эмель» МҰТП-нен Аңдасай қорықшасы аумағына  құландар әкелінді, нәтижесінде олардың саны 2500 басқа жетті. Қазіргі таңда 50 га ауданына қаумалдар салынды және Қостанай облысының «Алтын дала» резерватының аумағына 2017 жылы 16 бас құланды көшіру үшін инфрақұрылым салынды.

Бұқар бұғысын көшіру Қазақстанда екі кезеңмен жүзеге асырылды: бірінші кезеңде 1981 жылғы 21 бұхар бұғысы Тәжiкстаннан бұрынғы Қазақ ССР Министрлер Советiнiң Шаруашылық басқармасының Қарашеңгел мемлекеттiк аңшылық шаруашылығына (Алматы облысы)  Іле өзенінің алқабына әкелінді. Кейін аңшылық шаруашылығындағы бұқар бұғысының саны қазіргі таңда 700 басқа жетті. Екінші кезеңде Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан ауданының Сырдария өзенінің алқаптарында Дүниежүзілік жабайы табиғат қорымен (WWF) бірлесіп көшіру бойынша жұмыстар басталды және ол жерде қорғау және еркін топтармен 100 бастан астам саны тіршілік етеді.

Қазақстанда Пржеваль жылқысын көшіру бойынша жұмыстар 2003 жылы «Алтын-Эмель» МҰТП-де басталды. Халықаралық ұйымдардың стандарттары бойынша көшіруді бастау үшін тиісті шарты Пржеваль жылқысын жануарлардың қорғалатын түрлері тізіміне қосу болып табылады. 2017 жылы Қазақстанда жабайы табиғатта жоғалып кеткен түрлерінен сирек кездесетін және құрып кету қаупі бар түрлері тізіміне енуге мүмкіндік беретін жануарлар дүниесін қорғау саласындағы заңнамаға қосымша енгізілетін болады. Осыған байланысты, Министрлікпен ҚР БҒМ Зоология институтымен және Қазақстандық биологиялық әртүрлілікті сақтау ассоцияциясымен бірлесіп Сирек кездесетін және құрып кету қаупі бар түрлері тізіміне Пржеваль жылқысын енгізу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Тізім бойынша ұсыныстар Зоология комиссиямен енгізіледі, Тізбе Қазақстан Республикасының Үкіметімен бекітіледі.

Сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген жануарлардың түрлері, оның ішінде олардың дериваттарын алу Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша ерекше жағдайларда ғана келесі тармақтар үшін жол беріледі:

1) арнайы құрылған талаптарда өсіру және оларды одан әрі қоршаған ортаға жіберу;

2) ұлттық аңшылық түрлерін дамыту;

3) ғылыми зерттеулер;

4) селекция.

Жабайы фауна мен флора түрлерін халықаралық сату туралы конвенция әрекетіне жататын жануарлардың құрып бара жатқан түрлерін сату

Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі СИТЕС Конвенциясының Қазақстан Республикасындағы Әкімші орган ретінде СИТЕС Конвенциясының әрекетіне ықпал ететін жануарларды әкелуге және әкетуге рұқсат, Жабайы жануарлар мен өсiмдiктер дүниесiнiң жойылып кету қаупi бар түрлерiмен Халықаралық сауда жасау жөнiндегi Конвенцияның І, ІІ, ІІІ-қосымшаларына қосылған жануарларды көбейтумен айналысады. Рұқсат Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі м.а. 2015 жылғы 30 сәуірдегі «Жануарлар дүниесі саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» № 18-03/390 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік қызмет стандарттарына сәйкес жүзеге асырылады. 2016 жылдың 14 қаңтарынан бастап 2016 жылдың 30 желтоқсаны аралығы кезеңінде Қазақстан Республикасына әкелу және оның шегінен шығарылатын жануарлар түрлері, олардың бөліктері немесе дериваттарына 193 рұқсат берілді. ҚР Салық кодексіне сәйкес 2016 жылы республикалық бюджетке келіп түскен рұқсат төлемі 818 706 теңгені құрайды.

Үлгілерді әкелу немесе шығару мақсаты коммерциялық операциялар, ғылыми зерттеулер, цирктік көрсетілімдер немесе жылжымалы көрмелер, зообақтармен, ботаникалық бақтармен және мұражайдармен сонымен қатар, жеке рұқсат берулер мен аңшылық трофейлер және т. б. арасындағы алмасулар болып табылады.

Қосымша ақпарат – Жабайы фауна мен флора түрлерін халықаралық сату туралы конвенциясының (СИТЕС) Қосымшаларына Қазақстанның 110 фауна түрі енгізілген, атап айтқанда І-Қосымшаға – 20 түр, ІІ-Қосымшаға – 90 түр. Сирек және жойылу қауіпі бар жануарлар түрлерінің тізімінде – 40 сүт қоректі, 50-су жануары, 57 – құс күреді.

Бүгінгі таңда республикада қорықшылар саны 2605 адамды құрайтын 687 аң аулау шаруашылығы жұмыс істейді.

2016 жылы аулау шаруашылығын дамытуды қаржыландыруға барлығы 2372,1 млн теңге жіберілді, оның ішінде еңбек төлемі мен қорықшылар қызметін ұстауға – 1275,7 млн теңге, есеп жұмыстарына – 73,3 мың теңге, жануарларды қорғауға – 289,3 мың теңге, биотехникалық іс-шараларға – 260,1 млн теңге, өзге жұмыскерлердің еңбекақысына – 215,1 мың теңге, өзге қызметкерлерді ұстауға – 31,3 мың теңге, аулау шаруашылығы іс-шараларына – 204,9 мың теңге, өзге шығындар – 22,4 мың теңге.

Жеке аулауды пайдаланушылардың қаржы қаражаты қорықшыларды ұстау мен биотехникалық іс-шаралар шығындарымен қоса аулау шаруашылығын дамытуға бағытталады. Аулау алқаптарының резервтік қорының біршама перспективті учаскелерін бекіту бойынша жұмыстар мен олардағы жануарлар дүниесін қорғау қорықшы қызметтерімен жалғасын табуда. Қазіргі таңда республикада жабайы құстарды өсіру, аулайтын ит өсіру және аңшылық шаруашылығының басқа түрлері дами бастады. Осыған байланысты осы жұмыстарды үйлестіру үшін мемлекеттік-жеке кәсіпкерлікті дамыту шеңберінде «Қансонар» аңшылардың қоғамдық бірлестігі мен аңшылық-шаруашылығы субъектілері республикалық республикалық несиеленген ассоциация жұмыс істейді. 2016 жылы аулау мезгілінде республикада 150080 аңшы тіркелді, оның аңшылыққа 7636 аңшы қатысты. 2016 жылы жануарлар дүниесін пайдалану үшін төлем ретінде республикалық бюжетке – 151159,0 мың теңге түсті оның ішінде шетел аңшылық туризміне 41326,0 мың теңге.

2016 жылы жануарлар дүниесін қорғау, өндіру және пайдалану саласының жеке кәсіпкерлеріне қатысты барлығы 352 тексеру жүргізілді оның 233-і ішінара, 116-сы жоспардан тыс. Тексеру нәтижесі бойынша жануарлар дүниесін қорғау, өндіру және пайдадану саласында 226 заңнама бұзушылық анықталды.  Тексеру қорытындысы бойынша әкімшілік айыппұл сомасы 6365,0 млн теңгені құрайды.

Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің аумақтық инспекцияларымен 2016 жылы 9191 кешенді рейд және табиғат пайдалану саласында 1329 тексеру жүргізілді, бұл ретте табиғатты пайдалану заңнамасының 7931 бұзушылық жағдайы оның ішінде аулау бойынша 987, орман бойынша 981, балық бойынша 5946 жағдай анықталды. Көрсетілген бұзушылықтар бойынша әкімшілік жауапкершілікке 7156 адам, 75 браконьер қылмыстық жауапкершілікке тартылды. 107,8 мың теңге сомасына әкімшілік айыппұл салынды, оның ішінде 91,5 мың теңге төленді.

8-схема. 2016 жылы аумақтық инспекторлармен жүзеге асырылатын бақылауинспекциялық қызмет көрсеткіштері

2006 жылдан бастап су қоймалары мен (немесе) учаскелерде бекітілген балық шаруашылығын дамытуда пайдаланушылардың меншік қаражатын тарту бойынша жоспарлы түрде жұмыстарды жүргізуге, оларды қорғау, өсімін молайтуға және ғылыми зерттеулерді жүргізуге және инвестицияларды тарту мүмкіндік беретін ұзақ мерзімге балық ресурстарына қол жетімділікті кепіл болатын жұмыстар жүргізілуде. Сонымен 2016 жылғы жағдай бойынша халықаралық және республикалық маңыздағы су қоймаларының 352 учаскесінде 252 учаске бекітілген.

9-схема. Балық шаруашылығы су қоймалары (учаскелері) туралы ақпарат

10-схема. Республиканың балық шаруашылығы су қоймалары бойынша балықтар мен басқа су жануарларын аулау лимитінің игерілуі

Күн сайын орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі облыстық аумақтық инспекциялармен балықты қорғау рейдтері жүргізіледі, бірлескен бекеттер ұйымдастырылады, табиғатты қорғау заңнамасындағы бұзушылықтар анықталып, құқық қорғау және табиғатты қорғау органдарымен бірлесіп бұзушылықтар ашылады. 2016 жылы  табиғатты қорғау заңнамасының 5947 бұзушылығы анықталды. Бұл ретте әкімшілік жауапкершілікке 795 тұлға, қылмыстық жауапкершілікке 32 тұлға тартылды. 90,9 млн теңгеге әкімшілік айыппұл салынды, мемлекет бюджетіне 69,9 млн теңге қайтарылды.  Бұзушылардан 75,6 тонна балық тартып алынды. Сонымен қатар, 263 бірліктегі көліктік және жүзу құралдары және 8117 бірліктегі аулау құрылғы тартып алынды.

11-схема. 2010-2016 жылдарға арналған балық ресурстарын қорғаудың бақылауинспекциялық қызметі бойынша ақпарат

Броконьерлермен күрес мақсатында жыл сайын Жайық-Каспий бассейні су қоймаларында 1 сәуірден бастап 31 мамыр аралығында бекіре және басқа балықтардың уылдырық шашу кезінде құқық қорғау және табиғат қорғау органдарымен бірлескен кең масштабтағы «БЕКІРЕ» табиғат қорғау акциясы өткізіледі. Балықты қорғау акциясы орталық мемлекеттік органдардың үйлестірілуі және тікелей қатысуымен жүзеге асырылады.

12-схема. Кең масштабтағы «БЕКІРЕ» табиғат қорғау акциясы бойынша ақпарат

Ведомстоға бағынысты балық шаруашылығы кәсіпорындарымен («Атырау бекіре балық өсіру зауыты» РМҚК, «ОралАтырау бекіре балық өсіру зауыты» РМҚК, «Петропавл балық тәлімбағы» РМҚК, «Майбалық балық тәлімбағы» РМҚК, «Қамысты бас балық тәлімбағы» РМҚК, «Қапшағай уылдырық шашуөсіру шаруашылығы» РМҚК, «Қазақ өндірістікжерсіндіру станциясы» РМҚК) Балық шаруашылығы су қоймаларының резервтік қорында балық ресурстарының өсімін молайту бойынша мемлекеттік тапсырыс шеңберінде жыл сайын табиғи тіршілік ету ортасында бағалы балық түрлерінің құртшабақтарын өсіру және шығару бойынша қызметтер жүзеге асырылады (бекірелік, сигтік, тұқылық және өсімдікпен қоректенуші балықтар). Мемлекеттік тапсырыс көрсетілген балық аулау кәсіпорындармен және олармен жіберілгені жыл сайын 100%-ға орындалады, және 2014 жылы – 168,42 млн дана; 2015 жылы – 168,42 млн дана; 2016 жылы – 168,42 млн дана жіберілді.

Сонымен қатар, балық шаруашылығының су қоймаларын пайдаланушылармен 2016 жылы міндеттерді орындау шеңберінде бекітілген су қоймаларында балық аулауды жүзеге асыруда, балықтардың бағалы түрлері құртшабақтарының жалпы көлемі 180,0 млн данадан астамы ауланды (2015 ж. – 200 млн дана).

Қазіргі таңда балық ресурстврын табиғи популяциялау үшін қолайлы жағдай жасау үшін іс-шаралар қабылдануда. Сонымен Атырау облысының әкімдігімен Жайық өзенінің ұзындығы 65 км болатын теңізге шығатын оң және сол қолтығымен Яиц арнасының және Атырау облысының Құрманғазы ауданындп ұзындығы 131 км болатын Қиғаш өзенінің Ганюшкин арнасының түбін тереңдетуді қарастыратын жобалық-сметалық құжаттама (ЖСҚ) әзірленді.

Сонымен қатар, ағымдағы жылдың 16 мамырында Атырау қаласында Орал өзені бассейнінің түбін тереңдету және арнасын реттеу мәселелері бойынша су шаруашылығы іс-шаралары туралы жиналыс болып өтті. Қазіргі таңда өзен суы деңгейінің төмендеуінен антропогенді ықпал мен климаттық өзгерістерге ұшырап, балықтардың табиғи уылдырық шашудың азаюына алып келуде.