Қоршаған ортаның жай-күйі және табиғи ресурстарды пайдалану туралы Ұлттық баяндама

Қызылорда облысы

Қызылорда облысы бойынша Статистика департаментінің деректеріне сәйкес 2016 жылы атмосфералық ауаны ластауыш заттар шығарындылары 12 532 кәсіпорынмен жүзеге асырылды.

Статистика деректері бойынша атмосфералық ауаға өнеркәсіп шығарындыларының жалпы көлемі – 30,1 мың тонна; атмосфералық ауаға күкірт ангидритінің шығарындыларының көлемі – 2,2 мың тонна; атмосфералық ауаға азот диоксидінің шығарындыларының көлемі – 4,2 мың тонна; атмосфералық ауаға қатты бөлшектер шығарындыларының көлемі – 4,4 мың тонна; атмосфералық ауаға тұншықтырғыш газ шығарындыларының көлемі – 11,6 мың тонна.

Қызылорда облысы бойынша ІІД әкімшілік полиция басқармасының 2016 жылғы ұсынылған деректер бойынша 147 284 автокөлік тіркелген, оның ішінде бензин двигателімен – 130 651 дана, дизелді отынмен – 10 135 дана, газды двигателмен – 6 498 дана.

«Қазгидромет» РМК Қызылорда облысының атмосфералық ауасының жағдайына 5 стационарлық бекетте бақылау жүргізді оның ішінде, Қызылорда қаласында 3 бекетте, Ақай және Төретам кенттерінде сейкесінше 1 стационарлық бекеттерден.

Сонымен қатар, «Қазгидромет» РМК 2016 жылы Қызылорда қаласының 5 маршрутты бекеттерінде (оңтүстік өндірістік аймақ, солтүстік өндірістік аймақ, «Сыбаға» базары, «Ақмешік» шағын аудан, орталық алаң) және Қызылорда облысының 7 ауданында (Жаңақорған, Шиелі, Қармақшы, Жалағаш, Сырдария, Қазалы, Арал) экспедициялық зерттеулер жүргізді. Қызылорда облысы және облыстың басқа аудандары бойынша экспедициялық зерттеулердің нәтижелері азот диоксидінің, қалқыма заттардың, күкірт диоксидінің және көміртек оксидінің құрамының жол берілетін норма шегінде екендігін көрсетті.

Қызылорда облысының атмосфералық ауасының ластану сипаттамасы бойынша толық ақпаратты «Қазгидромет» РМК (https://kazhydromet.kz/kk/bulleten/okrsreda?year=2016) сайтында орналасқан

Қызылорда облысының су ресурстарының экологиялық жағдай негізінен 2 фактормен сипатталады: Сырдария өзенінің сулылық тәртібі және Арал теңізінің деңгейлік тәртібі. Сырдария өзені шекара аралық су ағысы ретінде Орталық-Азия мемлекеттерінің төрт аумағынан өтеді және осы елдердің орнықты әлеуметтік-экономикалық дамуының маңызды факторларының бірі болып табылады. Қызылорда облысы аумағындағы өзеннің ұзындығы – 1281 км, суармалы жерлер –   215 мың га.

Арал теңізінің бассейні Амудария және Сырдария сияқты екі дербес бассейндерінен тұратын тұйық, ағынсыз аймақ. Арал аймағының барлық өзен ағысы қар мен мұздықтардың мерзімдік еру есебінен қалыптасады. Сырдария бассейнінің беткі сулары жылына орташа 37,7 км3 құрайды. Негізгі бөлігі (70%) Ферған алқабынан өзенге дейін сонымен қатар, Бекабдадан Шардараға дейін 23%-ды қалыптасады.

«Қазгидромет» РМК Қызылорда облысы аумағының беткі суларының ластануын 2 су объектісінде бақылау жүргізді: Сырдария өзені мен Арал теңізі.

Сырдария өзенінде судың температурасы 0ºC тан 25,48ºC –қа дейін толқуда, сутек көрсеткішінің орташа маңызы – 7,99, суда еріген оттегінің концентрациясы орта есеппен 6,93 мг/дм3, БПК5 орта есеппен 1,07 мг/дм3 құрайды.

Ауыр металдар топтарынан (мыс – 2,4 ШЖК) және негізгі иондар (сульфаттар – 4,4 ШЖК, бойынша нормадан асу жағдайлары байқалған.

Арал теңізінде судың температурасы – 11,8ºC, сутек көрсеткішінің орташа маңызы – 8,13 суда еріген оттегінің концентрациясы орта есеппен 6,77 мг/дм3, БПК5 орта есеппен 1,0 мг/дм3 құрайды.

Ауыр металдар топтарынан (мыс – 3,0 ШЖК) және негізгі иондар (сульфаттар – 4,4 ШЖК, бойынша нормадан асу жағдайлары байқалған.

Қызылорда облысы аумағындағы су объектілерінің су сапасы келесі үлгімен бағаланады: Сырдария өзені мен Арал теңізінің сапасы «ластанудың жоғары деңгейі» түрінде бағаланады.

Қызылорда облысы бойынша толық ақпаратты Қазгидромет РМК сайтынан көруге болады (https://kazhydromet.kz/kk/bulleten/okrsreda?year=2016)

2016 жылға санаттар бойынша жерді бөлу, мың га:

ауыл шаруашылығына белгіленген – 2456,7;

елді мекендер жерлері – 658,3;

өнеркәсіп жерлері және т.б. – 173,3;

ерекше қорғалатын табиғи аумақтар – 161,0;

орман қоры – 6506,7;

су қоры – 2239,7;

қордағы жерлер – 11845,7;

мұнай өнімдерімен ластанғаны – 0,145;

объектілер құрылысы кезінде бұзылған – 0,034;

қалпына келтірілгені – 0,179

Барлығы жерлер – 24,041.

2016 жылға эрозияға ұшыраған ауыл шаруашылық алқап аудандары – 10867,5 мың га, оның ішінде:

Барлығы эрозияға ұшыраған егістіктер – 2,5 мың га, оның ішінде:

ластану нәтижесінде айналымнан шығып қалған жерлердің жалпы ауданы – 0,145;

қалпына келтіруге жарамайтын жерлер – 0,0011;

2016 жылы қалпына келтірілген жерлер– 0,179.

ластанған жерлер ауданы – 0,179;

оның ішінде ірі кәсіпорындар бойынша қалпына келтірілген жерлердің ауданы– 0,400.

Топырақтың ауыр металдармен ластану жағдайына мониторингті «Қазгидромет» РМК жүргізеді. Толық ақпаратты Қазгидромет РМК (https://kazhydromet.kz/kk/bulleten/okrsreda?year=2016) сайтынан алуға болады

Барлығы облыс бойынша 2016 жылы 90 жер қойнауын пайдаланушы тіркелген, олардың ішінде: көмірсутекті шикізатты -13, жер асты суларын – 13, кең тараған пайдалы қазбаларды – 55, полиметалл кендерін – 4, ванадий -1, емдік балшық – 4 игереді.

2017 жылғы 1 қаңтардағы деректер бойынша облыстың орманды алқабы – 6519,1 мың га оның ішінде орманмен көмкерілгені – 3037,0 мың га, орман тәлімбақтары мен жинақталмаған орман екпелері – 12,4 мың га, бұта тұқымдас ағаштар, мемлекеттік орман қорына кірмейтін – 88,3 мың га орман қорғау жолағы – 0,5 мың га.

Аймақтың жануарлар дүниесі балықтың 25 түрін, сүтқоректілердің 40 түрін, құстардың 300 түрін қамтиды.

2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексіне және Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» заңына сәйкес Қызылорда облысының әкімі 2008 жылдың 20 ақпанында «БМТҚ қүзет аймағын белгілеу туралы» №422 шешім шығарды

Барсакелмес учаскесіндегі күзет аймағы – 19 638,77 га, «Қасқұлан» учаскесіндегі күзет аймағы – 26 670,57 га. Барлығы 46 309,34 га.

2016 жылы 19 наурызда «Адам және биосфера» ЮНЕСКО бағдарламасының Халықаралық үйлестіру кеңесінің 28-ші сессиясының шешімімен Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығы негізінде құрылған Барсакелмес биосфералық резерваты ЮНЕСКО-ның биосфералық резерваттардың әлемдік желісіне қосылды. Бұл Қазақстанда ЮНЕСКО-мен танылған халықаралық маңыздағы 6-шы биосфералық резерват.

2015 жылмен салыстырғанда 2016 жылы қоршаған ортаға келіп түсетін радиоактивтер қалдықтарының көлемі 36,15%-ға ұлғайды. 2016 жылы қоршаған ортаға 1 106,112 тонна төменрадиоактивті қалдықтар келіп түсті.

Қызылорда облысының тұтынушылар құқығын қорғау департаментінің деректері бойынша ионды сәулеленуді пайдаланушы кәсіпорындардың саны – 29 бірлікті құрайды ал, иондаушы сәулелену көздерінің саны – 58 бірлікті құрайды.

2016 жылы облыста 145,0 мың тонна қатты тұрмыстық қалдықтар пайда болған (192,5 кг/адам/жыл). 2016 жылы қайта өңдеу үлесі (сұрыптауды қоса алғанда) 3,45 % -ды құрады. ҚТҚ қалған мөлшері 145 полигон мен үйінді сақтағышта көміледі, оның 5-і (3,4 %) экологиялық талаптар мен санитарлық ережелерге сәйкес келеді. Қоқысты шығару қызметімен халықтың 61,9% қамтылған. Облыста қатты тұрмыстық қалдықтарды жинаумен және қайта өңдеумен айналысатын 4 кәсіпорын жұмыс жасайды. Қызылордада тұрғындардан құрамында сынабы бар шамдарды жинау үшін 2015 жылы БҰҰ ДБ жобасы аясында 24 арнайы контейнер орналастырылған. Облыста ҚТҚ бөліп жинау енгізілмеген, қалдықтарды сұрыптау жүргізілмейді.

Облыста, Жаңақорған ауданындағы «СКЗ-U» ЖШС күкірт қышқылы зауытында қуаттылығы 420 кВт күн электр станциясы іске асырылған. Жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдардың тізбесіне сәйкес, 2020 жылға дейін келесі ЖЭК-ті іске асыру жоспарлануда:

– «Қуаттылығы 50 мВт Байқоңыр КЭС-тің құрылысы» жобасы – «Baikonyr Solar» ЖШС (Байқоңыр Солар);

– «Жалағаш ауданында 30 МВт қуаттылығымен КЭС құрылысы» жобасы – «Номад Солар» ЖШС