Қоршаған ортаның жай-күйі және табиғи ресурстарды пайдалану туралы Ұлттық баяндама

Ауыл шаруашылығы



Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетінің деректері бойынша ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің (қызмет көрсетулер) көлемі 2016 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында 3 615,8 млрд теңгені құрайды.

1-схема. Өнімнің валдық шығарылымы, млн теңге

Өсімдік шаруашылығының валдық өнімінің жағымды динамикасын атап өту қажет. 2016 жылы ауыл шаруашылық дақылдарының нақтыланған егістік аудандары 21 473,6 мың га құрады және өткен жылмен салыстырғанда 2,1%-ға көп. 2016 жылғы жағдай бойынша дақылдық және бұршақты дәндердің егісінің егіс ауданының (72%) үлесін құрайды. Монодақылды жер бөлу жағдайларында жерді ұзақ пайдалану топырақтың тозуынан дегумификацияның басты себебі болып табылады. Егілетін топырақтың гумусты көкжиегі қуаттылығының азаюы органикалық және минералды тыңайтқыштарды енгізу жолымен өтеледі.

2-схема. Өсімдік шаруашылығының валдық өнімі, млн тенге

Өңдеуден кейін дәнді (күрішпен қоса) және бұршақ дақылдылардың валдық өнімділігі 20 634,4 мың тоннаны, майлы дақылдар 1 902,4 мың тоннаны, ашық грунт көкөністері 3 635,7 мың тоннаны, мақта 286,7 мың тоннаны, картоп 3545,7 мың тоннаны құрады.

3-схема. Дәнді және бұршақ дақылдылардың жиынының өнімділігі, мың тонна

Сонымен қатар 2016 жылдың қолайлы ауа-райы жағдайы астықтың жоғары шығымдылығына мүмкіндік берді. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің деректері бойынша астықтың валдық жиынтығы 15,0 млн тоннаны құрайды және ол 1,2 млн тонна немесе өткен жылға қарағанда 9%-ға артық. Өнімділіктің өңдеуден кейінгі орташа салмағы 12,1 ц/га құрайды, яғни деңгейі өткен жылға қарағанда 1,7%-ға (11,9 ц/га) көп.

Майлы дақылдар (өнімділік өсімі 18,9%-ға), қант қызылшасы (22,8%-ға), ашық грунт көкөністері (1,7%-ға) үшін біршама қолайлы жыл  болып отыр.

2016 жылы ірі қара мал (ІҚМ) саны 6,2 млн басты құрады. Қой мен ешкілердің саны 2015 жылмен салыстырғанда 468,3 мың басқа өсті және 2016 жылы 17,9 млн басты құрады. Жылқылардың бас саны 2015 жылмен салыстырғанда 42,9 мың басқа өсті және 2016 жылы 2,1 млн басты құрады. Құстың барлық түрлерінің бас саны 2015 жылмен салыстырғанда 2,2 млн басқа өсті және 2016 жылы 37,8 млн басты құрады.

4-схема.  Ауыл шаруашылығы жануарларының мал басының саны, млн бас

2016 жылдың қорытындылары бойынша еттің сойыс салмағы 931,0 мың тоннаны құрады. Сүт өнімі 2016 жылы 5,2 млн тоннаны құрады. Жұмыртқа өндірісі 2016 жылы 4,8 млрд дананы құрады.

5-схема. Өндірілетін мал шаруашылық өнімдерінің көлемі

2016 жылдың қорытындысы бойынша 2013 жылмен салыстырғанда  республика шаруашылықтың барлық санатындағы асыл тұқымды ІҚМ мал басының үлес салмағы 10,6%-ға қой 12,3%-ға, шошқа 20%-ға, жылқы 29%-ға, түйе 13,1%-ға, құс 17,1%-ға ұлғайды.

6-схема. Шаруашылықтың барлық санаттарындағы асыл тұқымдылардың мал басының үлес салмағы

2017-2021 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының Агроөнеркәсіп кешенін дамытудың жаңа мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 2017 жылы ауыл шаруашылығында еңбек өнімділігінде НКИ 112% деңгейіне қол жеткізу жоспарлануда (2015 жылдың деңгейіне). Сондай-ақ жерді рационалды пайдалану арқылы жаңа технологияларды енгізуді ынталандыру, жоғары сапалы тұқым сұрыптарын егуде минералды тыңайтқыштарды жаһанды қолдану, өсімдік құралдарын қорғау, жоғары өнімділіктегі ауыл шаруашылық техникасы мен жабдықтарын сатып алу арқылы ауыл шаруашылық дақылдарының, оның ішінде бидай өнімділігін арттыруға бағытталған мемлекеттік реттеу шаралар қарастырылды.

Ауыл шаруашылығына инвестициялық салымдар 2016 жылдың қаңтар-қыркүйек айлары үшін 46,7%-ға көбейді және 252,9 млрд теңгені құрады. Негізгі дән егуші – Солтүстік Қазақстан, Ақмола және Қостанай аймақтары ауыл шаруашылығы (56,8%) инвестицияларының басым бөлігін құрап, салаға 143,8 млрд теңгені құйды. Негізгі капитал инвестициясының 84%-дан астамы мерзімдік дақылдарды өсіру үшін (63,7%) және мал шаруашылығы (21%) үшін ауыл шаруашылығына жіберілді.

Республикада ауылшаруашылығы аумақтарының ғарыштық мониторингі жүргізіледі. 2016 жылы күрделі жүйелерді құру қағидаларына негізделген және белгілі функционалды бағыттағы біріктірілген модуль түріндегі астық өндірісі ғарыштық мониторингінің міндеттерін шешу үшін «Агро-ГАЖ» ақпараттық-талдау жүйесінің архитектурасы әзірленді. Астық дақылдары ғарыштық мониторингі міндеттеріне арналған аналитикалық есептілік нысаны дайындалды. (BSI), (SAVI), (NDWI) индекстерін есептеуге негізделген, себу мерзімдерін анықтау әдістемесі әзірленді.

Астық дақылдарының өнімділігін болжау үшін регрессиялық модельдер әзірленді, онда 100 алқаптан артық жерлердің түрлі деректеріне талдау жасалды.

«Новокубанское» ЖШС және «Ақмола-Феникс» АҚ енгізілген астық дақылдары мониторингі міндеттерін шешуге арналған кіші спутник бақылауларын жүргізу технологиясы әзірленді (2016 жылғы 7 қазандағы ғылыми-техникалық өнімді енгізу актілері бар).

Астық өндірісі ғарыштық мониторингінің міндеттерін шешу барысында түрлі кеңістіктік шешімдегі ғарыш түсірілімдерді тематикалық дешифрлеу және калибрлеу үшін кіші спутникалық бақылау өткізу технологиялары және әдістемелік негіздері.

Құрылған технологиялар ауыл шаруашылығы өндірісін басқарудың жаңа мүмкіндіктерін ашады, ол өз кезегінде республика азаматтарының азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Бұдан бөлек, спутникалық ақпарат негізінде табиғы ресуртарды пайдаланудың жедел және объективті мониторинг әдістемелерінің болуы ауыл шаруашылығы өндірушілерінің қызметі мен қолдауын мемлекеттік бақылау әдістерінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің мүмкіндіктерін кеңейтеді.



ҚР АШМ «Агрохимиялық қызметтің республикалық ғылыми-әдістемелік орталығы» ММ деректері бойынша 1986 жылы республика далаларына 33,2 млн тонна органикалық тыңайтқыш енгізілді, 1995 жылы – 1,1 млн тонна. 2000 жылдан бастап органикалық тыңайтқыштарды қолдану көлемі қысқартылды. Соңғы бес жылда (2012-2016 жылдар) органикалық тыңайтқыштар орта есеппен 616,6 мың тонна енгізілді. Минералды тыңайтқыштарды максималды қолдану 1986 жылы байқалған және ол жылы қолданыстағы заттарды қайта есептеуде 1,0 млн тоннасы енгізілген болатын (1 га 29 кг). 2012-2016 жылдар кезеңінде қолданыстағы заттарға минералды тыңайтқыштарды енгізу көлемі 84,9-129,6 мың тоннаға дейін жетті және біршама көп енгізілген көлем – 129,6 мың тонна 2012 жылдың үлесінде.

7-схема. Минералды және органикалық тыңайтқыштарды енгізу

Минералды және органикалық тыңайтқыштарды енгізу туралы деректер БҰҰ ЕЭК экологиялық көрсеткіштерінің бірі (F-23) болып табылады, жыл сайынғы деректері Статистика комитетінің сайтында қол жетімді.

 

 

 

2016 жылы шегіртке зиянкестеріне қарсы болжам бойынша 1 779,7 мың гектардың 1,655,0 мың гектар аумағына химиялық өңдеу жүргізілді.

Карантиндік объектілерге қарсы химиялық өңдеу 146,8 мың га ауданға жүргізілді. 2017 жылы ерекше қауіпті зиянды ағзалар мен карантинді объектілер 4 811,6 мың га тарату болжанады оның ішінде карантинді объектілер 169,1 мың га, шегіртке зиянкестері – 1 570,7 мың га, дәнді дақылдар аурулары – 2 485,8 га. Қазіргі таңда уақытылы химиялық өңдеу (пестицидтерді сатып алу, химиялық өңдеу бойынша қызметтер, сақтау және тасымалдау бойынша қызметтер) жүргізу үшін дайындық іс-шаралары жүргізілуде.

Пестицидтер  мен гербицидтерді енгізу туралы деректер БҰҰ ЕЭК экологиялық көрсеткіштерінің бірі (F-24) болып табылады, жыл сайынғы деректері Статистика комитетінің сайтында қол жетімді.