Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі қоршаған ортаны қорғау, табиғатты пайдалану, табиғат ресурстарын қорғау, олардың ұтымды пайдаланылуын бақылау және қадағалау, тұрмыстық қатты қалдықтармен жұмыс істеу, жаңартылатын энергия көздерін дамыту, «жасыл экономиканы» дамыту мемлекеттік саясатын бақылау салаларында мемлекеттік саясатты қалыптастыру мен іске асыруды, басқару процесін үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы болып табылады.
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Экологиялық блогы 5 департаменттен, Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті мен оның 16 аумақтық департаменттінен құрылған.
Заңнамалық деңгейде (Экологиялық кодекс) келесі арнайы уәкілетті органдардың функциялары анықталған:
1) су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары комитеті;
2) жер ресурстарын басқарудың орталық уәкілетті орган – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті;
3) орман шаруашылығы саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті;
4) жануарлар дүниесін қорғау, молықтыру және пайдалану саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті;
5) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындаға уәкілетті мемлекеттік орган – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті;
6) жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөнiндегі уәкiлеттi орган – Қазақстан Республикасы инвестициялар және даму министрлігінің Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті;
7) азаматтық қорғаныс саласындағы уәкілетті орган – Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі;
8) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті;
9) өсімдікті қорғау және карантин саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган – Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі.
Сонымен қатар, коммуналдық қалдықтарды басқару саласындағы анықталған қызметтерді коммуналдық-шаруашылық саласындағы уәкілетті орган – Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті.
Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты ұтымды пайдалану жергілікті өкілдермен, атқарушы органдармен, сонымен қатар жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен жергілікті деңгейде жүзеге асырылады.
Мемлекеттік экологиялық саясаттың қағидалары Қазақстан Республикасының Конституциясында берілген және тек экологиялық заңнаманың ғана емес қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану саласындағы барлық стратегиялық және бағдарламалық құжаттардың негізі болып табылады.
Экологиялық заңнаманың негізгі құжаттары: Экологиялық, Жер, Су, Орман, Салық және Әкімшілік кодекстері. «Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы»; «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы»; «Міндетті экологиялық сақтандыру туралы»; «Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы» заңдары, барлығы Қазақстан Республикасының 40-астам заңнамалық актілері мен www.ecoinfo.kz. интернет-ресурсында ашық қол жетімді жарияланған 2000 шамасындағы нормативтік құқықтық актілер. Сондай-ақ Қазақстан Республикасымен 26 табиғатты қорғау конвенциялары мен олардың хаттамалары ратификацияланған.
Қазақстан Республикасының ұзақ мерзімді дамуының негізгі стратегиялық құжаты «Қазақстан-2050» стратегиясы болып табылады. Бұл құжат Қазақстан дамуының қазіргі мақсаттары мен міндеттерін 2050 жылға дейін жаңа ұзақ мерзімді кезеңге анықтады. Сонымен бірге, өңірлік және жергілікті маңызы бар экологиялық инфрақұрылымның дамуының негізгі бағыттарын анықтайтын бағдар болып табылады.
«Қазақстан-2050» стратегиясының қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды пайдалану мәселелеріне қатысты негізгі мақсаттары:
– электр энергетикада: баламалы және жаңартылатын электр энергиясының үлесі 2050 жылға дейін 50%-ға жетуі тиіс;
– 2008 жылғы бастапқы деңгеймен салыстырғанда энерготиімділікті ЖІӨ энергия сыйымдылығын 2015 жылы 10%-ға төмендету және 2020 жылы 25%-ға төмендету міндеті тұр;
– су ресурстары бойынша 2020 жылға халықты ауыз сумен қамтамасыз ету және 2040 жылға ауыл шаруашылығын сумен қамтамасыз ету міндеті алға қойылған;
– ауыл шаруашылығында 2020 жылға ауыл шаруашылығы алқаптарының өнімділігін 1,5 есе ұлғайту міндеті тұр.
«Жасыл экономикаға» көшу орнықты даму қозғалысының жаңа бағыты болып табылады. Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 30 мамырдағы № 577 қаулысына сай «жасыл экономикаға» көшу жөніндегі тұжырымдамасы бекітілді. Тұжырымдамаға сәйкес «жасыл экономикаға» көшу жөніндегі шаралар келесі бағыттар бойынша іске асырылады: су ресурстарын орнықты пайдалану, орнықты және жоғары өнімді ауыл шаруашылығын дамыту, энергияны үнемдеу және энергиялық тиімділікті жоғарылату, элетр энергетикасын дамыту, қалдықтарды басқару жүйесі, ауаның ластануын төмендету және экожүйелерді сақтау және тиімді басқару.
Нәтижесінде 2030 жылға қарай еліміз су және жер ресурстарын қалпына келтіруі тиіс және ЭСДҰ-ның (Экономикалық серіктесу және даму ұйымы) қатысушы елдерімен және басқа да дамыған елдермен табиғи капиталды тиімді пайдаланудың орташа көрсеткіштерімен көп жағдайда салыстырылатын болады.
Есептер бойынша, 2050 жылдарға «жасыл экономика» аясында түрлендіру ЖІӨ-ді 3 %-ға қосымша ұлғайтуға, 500 мыңнан астам жаңа жұмыс орындарын құруға, өндірістің және қызмет айналасының жаңа салаларын қалыптатыруға, халықтың сапалы өмірінің жоғары стандарттарын түгел қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Қазақстан Республикасы Президентімен 2014 жылғы 26 мамырдағы ҚР Президентінің № 823 Қаулысымен «жасыл экономикаға» көшу жөніндегі кеңес құрылды.
Кеңес Қазақстан Республикасы Президентінің өкімімен 2013 жылы Қазақстан – 2050 ұзақ мерзімдік стратегиясын және «Жасыл экономикаға» көшу тұжырымдамасын жүзеге асыру үшін құрылғаны белгілі. Кеңестің мүшелері мемлекеттік органдардың, ұлттық компаниялардың, ғылыми-зерттеу ұйымдарының және ҮЕҰ басшылары болып табылады. Кеңес Қазақстанның орнықты даму және «жасыл» экономикаға қозғалысының басым бағыттары бойынша сектораралық диалогты ұйымдастыру үшін бірегей алаң ретінде ұсынылады.
2016 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің жанынан «Жасыл экономикаға» көшу жөніндегі Кеңестің 2 отырысы өтті:
1) 2016 жылдың 4 шілдесінде – Қазақстан Республикасында Париж климаттық келісімін іске асыру бойынша. Отырыстың қорытындысы бойынша Қазақстанның Үкіметіне климаттың өзгеруі және төмен көміртекті дамытуға көшу саласындағы саясатты жандандыру бойынша ұсыныстар қабылданды.
2) 2016 жылдың 18 қарашасында – Қазақстан Республикасының 2013 – 2020 жылдары «жасыл экономикаға» көшу туралы Тұжырымдамасын іске асыру бойынша іс-шаралар жоспарын орындау бойынша және Астана қаласында «жасыл» технологиялар және БҰҰ қамқорлығымен инвестициялық жобаларының халықаралық орталығының құрудың тұжырымдамасы талқыланды. Отырыстың қорытындысы бойынша Астана қаласында «жасыл» технологиялар және БҰҰ қамқорлығымен инвестициялық жобаларының халықаралық орталығының құру бойынша тұжырымдаманың жобасын әзірлеу бойынша амалдар қолданды және «Қаржылық және инвестициялық саясат» жұмыс тобын тарату бойынша шешім қабылданды.
Қазақстан Республикасы БҰҰ-ның Бас Ассамблеясының 66-шы сессиясында «Жасыл көпір» серіктестік бағдарламасы (бұдан әрі – ЖКСБ) бастамашы болды және барлық мемлекеттермен барлық серіктестердің қатысуы үшін ерікті және ашық болып табылатын орнықты даму бойынша аймақаралық бастама ретінде орнықты даму жөніндегі Біріккен Ұлттар Ұйымының конференциясында мақұлданды.
ЖКСБ насихаттау мақсатында Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігімен 5 ірі халықаралық «Жасыл көпір» конференция өткізілді. Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі мен Азия мен Тынық мұхиты үшін экономикалық және әлеуметтік комиссиясы (АТМЭӘК) арасында ЖКСБ аясында орнықты даму саясындағы бастамаларды бірлесіп орындау бойынша өзара ынтымақтастық туралы меморандум әзірленіп, қол қойылды. Бұған қоса, Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі мен «Жасыл экономиға және G-GLOBAL дамыту коалициясы» заңды тұлғалардың бірлестігі арасындағы серіктестік туралы меморандумға қол қойылды. Серіктестіктің бас мақсаты мемлекеттің, бизнес пен қоғамдастықтың сектораралық өзара әрекеттесу алаңы ретінде Қазақстан Республикасының «жасыл» экономикаға көшу тұжырымдамасын және ЖКСБ іске асырудағы жәрдемдесу болып табылады.
Сондай-ақ, 2015 жылы Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің қолдауымен «Халықтық жасыл технологиялар академиясы» технологиялары мен «жасыл» тәжірибені тираждау және «жасыл экономика» бойынша Білімді тарату орталығының (бұдан әрі – БТО) ашылу өтті. БТО базасында 15-тен астам «жасыл» технологиялар жұмыс істейді (күн коллекторлары, құдықтар, жарықдиодты шамдар, пиролиздік пештер және т.б.). БТО негізінде жаңа заманғы екі жылыжай жұмыс істейді: күн биовегетарий және жер төледегі фитодионды жылыжай, онда органикалық көкеніс өнімі жылсайын өсіріледі. Бұл технология Ресейдегі әріптестер «Грин Пикъ» компаниясымен тапсырылғандығын атау өту қажет.
«Жасыл Көпір – жасыл технологияларға, инновацияларға және қол жетімді энергияға көпір» Халықаралық Конференциясы аясында 2016 жылы Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі мен «Қ. Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық зерттеу техникалық университеті» ҮАҰ арасындағы серіктестік туралы меморандумға қол қойылды.
Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы «жасыл экономикаға» көшу кеңесі отырысының 2016 жылдың 18 қарашадағы №17-5 хаттамасына сәйкес Астана қаласында БҰҰДБ, ЮНЕП және ЕҚЫҰ қолдауымен «жасыл» технологиялар және БҰҰ қамқорлығымен инвестициялық жобаларының халықаралық орталығының құру бойынша тұжырымдаманың жобасын әзірлеу бойынша амалдар мақұлданды.
2012 жылдың 22 қарашасында халықаралық бюроның 161 мүше-мемлекетінің жасырын дауыс беруі нәтижесінде Астана қаласы ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізу орны деп тағайындалды. ЭКСПО-2017 қазақстандық көрмесінің тақырыбы «Болашақ энергиясы» тұрақты даму ұстанымдарына негізделеді, ал оның астында экономикалық және әлеуметтік мұқтаждықтарды, сондай-ақ мәдени әралуандылықпен және адам денсаулығына пайдалы ортаны қамтамасыз етумен байланысты сұраныстарды қанағаттандыруға бағытталған үдерістер ұғынылады. Осы тақырып «СО2 шығарындыларын қысқарту», «Энергиялық тиімді өмір салты» және «Энергия барлығы үшін» сияқты аса басым бағыттарға арналған тақырыпшаларды қарастырады. Көрме 2017 жылдың 10 маусымы мен 10 қыркүйегі аралығында өтетін болады. ЭКСПО-2017 көрмесі кезінде 3000 мәдени-ойын-сауық, тақырыптық және білім беру іс-шараларын өткізу жоспарлануда.
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау және оның аумақтық бөлімшелерімен І-санаттағы объектілер үшін келесі көлемде мемлекеттік қызметтер көрсетілді: 2016 жылға мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысы – 5216, 2015 жылға – 4905, 2014 жылға – 5797. 2015 жылы Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің орталық аппаратымен – 271 қорытынды, ал аумақтық бөлімшелерімен – 4634 қорытынды берілді, қоршаған ортаға эмиссияға 2016 жылға – 2675, 2015 жылға – 2403, 2014 жылға – 2677 рұқсат берілді.
2015 жылы Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің орталық аппаратымен – 43 қызмет, аумақтық бөлімшелерімен – 5754 қызмет көрсетілді.
1-схема. II, III және IV-санаттағы объектілер үшін мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысын беру
2-схема. II, III және IV-санаттағы объектілер үшін қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат беру
Қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды молықтыру және пайдалану саласындағы мемлекеттік экологиялық бақылау экологиялық қауіпсіздік қамтамасыз ету, табиғи және энергетикалық ресурстарды үнемдеу, биологиялық ресурстарды орнықты пайдалану, ұлттық өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында іске асырылады.
Бақылау-инспекциялық қызметтің негізгі көрсеткіштері 2016 жылға: экологиялық заңнаманың сақталуы бойынша шаруашылық субъектілеріне өткізілген тексерулердің саны – 3177 тексері; 5363 экологиялық заңнаманы бұзушылық анықталды, 4620 ұйғарым берілді; жалпы сомасы 1 965,022 млн теңгеге 5127 әкімшіліқ айыппұлдар берілді. Барлығы 2016 жылы мемлекет табысына жалпы сомасы 1 776,051 млн теңгеге әкімшіліқ айыппұлдар ерікті түрде төленді.
2016 жылға жалпы сомасы 35 368,880 млн теңгеге қоршаған ортаға келтірілген зиянды өтеу жөніндегі талаптармен 1589 ұйғарым берілді. Шаруашылық қызметті тоқтару туралы 194 материал сотқа жіберілді, соның ішінде сот шешімімен қанағаттандырылғаны 179 материал. Ерікті тәртіпте өндірілмеген әкімшілік айыппұлдар мен талаптар күштеп өтеу үшін уақытылы сот органдарына жіберіледі.
Өндірістің экологиялық бақылау табиғатты пайдаланушының қоршаған ортаға әсері, табиғатты пайдаланушылармен қоршаған ортаны қорғау бойынша орындалып жатқан іс-шараларының тиімділігін бағалау, қоршаған ортаға әсердің салдарын бағалау және болжау туралы анық ақпаратты алу мақсатында жүргізіледі.
2016 жылға өндірістік экологиялық бақылаудың 15081 есебі тексерілген болатын. Есептерді ұсынбағаны үшін 49 940 036 теңге сомасына 291 әкімшілік айыппұлдар салынды және өндірілді.
Қоршаған ортаның сапасы туралы анық ақпаратты алу үшін экологиялық мониторинг міндеттерінің бірі қоршаған ортаның жағдайын тәулік бойы бақылау болып табылады. Республика бойынша кәсіпорындардың аумағында орнатылған өндірістік мониторинг бекеттерінің жалпы саны – 90. Атырау облысындағы «НКОК Н.В.» компаниясы автоматтандырылған бақылау бекеттерінің ең көп саны бар – 20, он-лайн режимінде анықталатын компоненттер – көміртегі тотығы, азот тотығы, азот диоксиді, күкіртті сутек, күкірт диоксиді.
Алайда, бақылау бекеттерінің көрсеткіштері орталықтандырылып, біріктірілмейді және толық көлемде жалпыланбайды. Қазақстанда экожүйенің жағдайы туралы деректерді тіркеу және он-лайн режимінде тапсыру жүйесі жоқ.
Қолданыстағы мониторинг жүйелері, қызметтер мен желілер көбіне қоршаған орта объектілерінің ластануына бақылауды жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің бассейндік инспекцияларымен 2013 жылы суды пайдаланушылармен су және табиғатты қорғау заңнамаларының талаптарын сақтау бойынша 385 тексеру өткізілді. 541 бұзушылық анықталды, анықталған бұзушылықтарды жою бойынша 313 ұйғарым берілді, жалпы сомасы 39317,0 мың теңгеге 452 әкімшілік айыппұлдар тағылды, соның ішінде жалпы сомасы 36572,0 мың теңгеге 420 айыппұл өндірілді.
Көбіне су қоры саласындағы заңнаманың талаптарын бұзу келесі бағыттарда бақыланады (11.6- кесте):
– ЖСҚ жобаларының жоқтығы және ЖСҚ нормативтерінен асып кету;
– суға мемлекеттік меншік құқығын бұзу;
– су және оны пайдаланудың бастапқы есебін жүргізу қағидаларын бұзу;
– су ресурстарының есебі мен есептілігінің деректерін бұрмалау.
1 кесте. 2016 жылға су қоры саласындағы заңнаманың талаптарын бұзылуы
Бұзылу түрі | Бұзушылықтар анықталд | Берілген ұйғарымдар | Айыппұлдар | |||
---|---|---|---|---|---|---|
салынды | қайтарылып алынды | |||||
дана | дана | дана | мың теңге | дана | мың теңге | |
БАРЛЫҒЫ | 541 | 313 | 452 | 39 317 | 420 | 36 572 |
Соның анықталғаны: | ||||||
Су қорғау және су шаруашылығының белгілерін жою, ҚР ЭҚБтК 138-бабының 2-бөлімі | 0 | 0 | 0 | 0 | 0 | 0 |
Өнеркәсіптік қауіпсіздік және бөгеттердiң қауiпсiздiгi саласындағы аттестатталатын жұмыс түрлерін жүргізу кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу, ҚР ЭҚБтК 299-бабы | 0 | 0 | 0 | 0 | 0 | 0 |
Ластану мен бітелуді болдырмайтын құрылыстар мен құрылғыларсыз объектілерді пайдалануға беру, ҚР ЭҚБтК 358-бабының 1-бөлімі | 0 | 0 | 0 | 0 | 2 | 119 |
Суды ластанудан, бітелуден және таусылудан қорғауды қамтамасыз ететін су қорғау іс-шараларын өткізбеу, ҚР ЭҚБтК 358-бабының 2-бөлімі | 19 | 16 | 19 | 2 089 | 17 | 1 888 |
Су шаруашылығы құрылғыларының бұзылуы, ҚР ЭҚБтК 359-бабының 1-бөлімі | 8 | 8 | 6 | 318 | 5 | 265 |
Су шаруашылығы құрылыстары мен құрылғыларын іске қосудың ережелерін бұзу, ҚР ЭҚБтК 359-бабының 2-бөлімі | 15 | 14 | 13 | 551 | 12 | 509 |
Суға ұңғынаманы заңсыз қазу және су асты жерлерінің су алудың құрылысы, ҚР ЭҚБтК 360-бабының 2-бөлімі | 1 | 1 | 1 | 212 | 1 | 14 |
Судың бастапқы есебін жүргізу және оларды пайдаланудың ережелерін бұзу, ҚР ЭҚБтК 361-бабы | 158 | 48 | 154 | 12 054 | 146 | 11 583 |
Су ресурстарының есебі мен есептілігінің деректерін бұрмалау, ҚР ЭҚБтК 362-бабы | 74 | 68 | 74 | 5 599 | 71 | 5 472 |
Су ресурстарын реттеуге кедергi келтіру, ҚР ЭҚБтК 363-бабы | 1 | 0 | 1 | 21 | 0 | 0 |
Белгіленген су сервитуттарын бұзу,
ҚР ЭҚБтК 365-2-бабы |
0 | 0 | 0 | 0 | 0 | 0 |
Суға мемлекеттiк меншiк құқығын бұзу, ҚР ЭҚБтК 141-бабы – барлығы: | 171 | 97 | 167 | 17 284 | 152 | 15 884 |
Соның ішінде: су объектiлерiн заңсыз басып алу | 6 | 2 | 8 | 764 | 8 | 1 472 |
суды заңсыз пайдалану | 151 | 83 | 145 | 14 930 | 130 | 12 824 |
лимиттердi бұзып су алу | 2 | 0 | 1 | 42,42 | 1 | 42,42 |
жер асты және жер үсті суларын шаруашылықсыз пайдалану | 2 | 2 | 2 | 573 | 2 | 573 |
гидротехникалық жұмыстарды өз еркімен жүргізу | 24 | 1 | 9 | 626 | 7 | 488 |
заңсыз жүргізу | 8 | 5 | 1 | 212 | 0 | 0 |
Өзендер мен басқа да су қоймаларының жағдайына әсер ететін құрылыстардың, ғимараттардың және басқа да объектілердің заңсыз құрылысы, ҚР ЭҚБтК 360-бабының 1-бөлімі | 0 | 0 | 0 | 0 | 0 | 0 |
Суды пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторға өзінің қызметтік міндеттерін орындауда кедергі жасау, басқа да ұйғарымдар мен талаптарды орындаумау, ҚР ЭҚБтК 356-бабы | 62 | 55 | 7 | 350 | 7 | 350 |
ЖСҚ жобаларының жоқтығы және ЖСҚ нормативтерінен асып кету | 541 | 313 | 452 | 39 317 | 420 | 36 572 |
Басқа да бұзушылықтар | 0 | 0 | 0 | 0 | 0 | 0 |
Ұйғарымда аталған негізгі іс-шаралар: тұтынылатын су құралын орнату және бастапқы суды есепке алу журналын жүргізу, рұқсат етілген арнайы суды пайдалану құжаттарын рәсімдеу, су ресурстарын тазарту және бұрмалау деректерін есепке алу, су қорғау белдеуін қоқыстан тазалау, өзге де (тазарту құрылғыларымен және сорғы станцияларын ауыстыруды қамтамасыз ету).
3-схема. Өзен бассейндері бойынша %-да берілген ұйғарымдарды орындалуына шолу
Тиісті ветеринарлы іс-шараларды жүргізу нәтижесінде Қазақстан Республикасының ветеринарлы қызметі вакцинасыз еркін ел мәртебесін алуға ықпал етті. 2015 жылы Қазақстан Республикасы Халықаралық эпизодты бюроның (Париж қ.) 83-ші Бас сессиясында вакцинасыз (Ақмола, Атырау, Ақтөбе, БҚО, Қарағанды, Қостанай, СҚО, Павлодар, Маңғыстау облысы) аусыл бойынша елдің әл ауқаты туралы ресми сертификат алды. Қалған 5 облыс бойынша Қазақстан Республикасында аусылдыңғ бақылау бағдарламасы бекітілді, ресми сертификат 2016 жылы мамырда ХЭБ 84-ші Бас сессиясында тапсырылды.
2016 жылдың тамызында қалған 5 облыс бойынша (Алматы, Жамбыл, Қызылорда, ШҚО, ОҚО) аусылдың еркін аумағы мәртебесін алу үшін тиісті құжаттама жіберілді. Аталған облыстар бойынша соңғы шешім 2017 жылы мамырда ХЭБ қабылданатын болады. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылық министрлігімен толық 2016 жылға арналған (ҚР Ауыл шаруашылық министрінің 2016 жылғы 26 ақпандағы №83 бұйрығымен бекітілді) ерекше қауіпті мал ауруларын сауықтыру бойынша ветеринарлық іс-шара жоспарына сәйкес 135 723,9 манипуляция жүргізілді. 2016 жыл қорытындысы бойынша Жоспардың орындалуы 100%.
2016 жылы қоршаған ортаның жай-күйіне мониторинг жүргізу Бақылау жүргізу жоспарына сәйкес жүргізілді:
– атмосфералық ауаның жай-күйіне мониторинг Қазақстан Республикасының 49 елді мекендеріндерінде (14 облыстар мен Астана және Алматы қалаларында) 146 стационарлы бекеттерде, соның ішінде 46 қолмен іріктеу бекеттерінде және 90 автоматты бекеттерде жүргізілді;
– 11 жылжымалы зертханалардың көмегімен Астана және Алматы қалаларында, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Қарағанды, Қызылорда және Солтүстік Қазақстан облыстарында.
Топырақтың жай-күйіне мониторинг 65 бақылау пунктілерінде жүргізілді. Радиациялық фонның деңгейіне бақылау 86 метеостанцияларда, 25 автоматты бекеттерде, 44 елді мекендерде гамма айналаны өлшеу бойынша жүргізілді, бета белсенділікті анықтау бойынша 43 метеостанцияда жүргізілді. Атмосфералық жауын-шашын мен қар жамылғысының жағдайына мониторинг 46 метеостанцияларда, қар жамылғысына – 39 метеостанцияда жүргізілді. 26 су объектісінің түп шөгінділері жағдайына мониторинг жүргізілді. Жер үсті және теңіз суларының жағдайына мониторинг гидрохимиялық көрсеткіштер бойынша 128 су объектілерінде, соның ішінде 83 өзенде, 26 көлдерде, 14 су қоймаларында, 4 каналдар мен 1 теңізде орналасқан 392 жармаларда жүргізілді.
Жер үсті суларының жағдайына гидробиологиялық көрсеткіштер бойынша мониторинг, ихтиологиялық зерттеулер Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарында өткізілген.
Жүргізілген бақылаулардың нәтижелері бойынша келесі бюллетендер шығарылды:
– Қазақстан Республикасы қоршаған ортаның жай-күйі туралы ақпараттық бюллетені;
– «Арал маңы тұрғындарының» денсаулығы мен қоршаған орта жай-күйі туралы ақпараттық бюллетені;
– «Морпорт ақтау» арнайы экономикалық аймағының қоршаған орта жай-күйі туралы ақпараттық бюллетені;
– Балқаш көлі бассейнінің қоршаған ортаның жай-күйі туралы ақпараттық бюллетені;
– Нұра өзені алабының қоршаған орта жай-күйі туралы ақпараттық бюллетені;
– Щучинск-Бурабай курорттық аймағының қоршаған ортасының жай-күйі туралы ақпараттық бюллетені;
– Қоршаған орта объектілеріндегі токсикологиялық компоненттердің трансшекаралық тасымалы жөніндегі ақпараттық бюллетені.
Ақпараттық бюллетендео ҚР Энергетика министрлігінің және «Қазгидромет» РМК сайттарында жарияланған (https://kazhydromet.kz/kk/bulleten/okrsreda?year=2016)
Жерасты суларының ластануы бойынша жерасты суларының ластануының кадастры жүргізіледі. Кадастрға 276 жерасты суларының ластану учаскелері кіреді, оның ішінде: ластауыш заттардың концентрациясы өте қауіпті 58 учаске.
2016 жылы дөңгей, температура, химиялық құрамды және ластануды жүйелік режимді бақылаулар 5000 жерасты суларының мониторингінің мемлекеттік желісінің пунктарында жүргізілді. Жерасты суларының техногенді ластануының мониторингі Қазақстан Республикасының 5 облыстарында орналасқан 5 полигондарда (Қошқарата – Маңғыстау облысы, Мірғалымсай-Түркістан – Оңтүстік Қазақстан облысы, Ілек – Ақтөбе облысы, Семей – Шығыс Қазақстан облысы және Рудный-Қостанай – Қостанай облысы).
Мемлекеттік жерасты суларының мониторингінің деректер базасы (МЖСМ ДБ) жүргізілді, мемлекеттік жерасты суларының кадастры жүргізілді. Қазіргі таңда МЖСМ ДБ-да деңгейлердің 9,639 млн өлшемі, температураның 3,65 млн өлшемі және 249,8 мың химиялық талдаулар бойынша ақпарат бар. 2016 жылға жер асты суларының есебінің деректері енгізілді (қорлар, шығару, пайдалану). Қазіргі таңда, Қазақстанда 42765 мың м3/тәул. бекітілген қорларының кеңдігімен 2905 кен орындары (3499 учаскі) мен 48,4 мың м3/тәул. бекітілген қорларымен 73 минералды суларының кен орындары зерттелген.
Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы мемлекеттік банкінің «Жер асты суларының» кіші жүйесін қалыптастыру және модификациялау, қазіргі заманда жер қойнауының мемлекеттік мониторингін жүзеге асыруды жақсарту жұмыстары жалғасуда.
2016 жылы Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитеті қарамағындағы «Ғарыш-Экология» ғылыми-зерттеу орталығы» РМК (бұдан әрі – Кәсіпорын) 2007 жылы Қарағанды облысында «Протон-М» зымыран-тасығыштың (ЗТ) апаттық құлау ауданындағы қоршаған орта нысандары мен халықтың денсаулық күйі көрсеткіштерінің серпінін зерттеу жұмыстары жүргізілді. ЗТ апаттық құлау ауданының экожүйелеріндегі қалпына келу процестеріне экологиялық зерттеулер жүргізілді, ЗТ бөліктерінің апаттық құлау орындарында зымыран отыны компонеттерінің және олардың өзгеру өнімдерінің болу-болмауын анықтау үшін 90 топырақ сынамасы және 16 өсімдіктер сынамасы алынды. «Протон-М» ЗТ бөліктерінің құлау орындарында өсімдік жабынының ластанбағаны анықталды.
Павлодар облысы Железинск ауданындағы іргелес аймақтағы елді мекен тұрғындарының өмір сапасы мен денсаулық күйін ескерумен, № 213 құлау ауданында (ҚА) ғарыштық-зымыран қызметінің (ҒЗҚ) әсеріне қарсы экологиялық тұрақтылыққа критериялық баға беру бойынша зерттеулер жүргізілді.
2013 ж. «Протон-М» ЗТ-ның «Байқоңыр» ғарыш айлағында апатқа ұшырау ауданына іргелес орналасқан Қазалы ауданының Қазалы, Сарыбұлақ, Сортүбек ауылдарында осы елдімекендердің әрқайсысынан тіршілік ортасы нысандарының (топырақтың, ауыз судың, өсімдіктер мен атмосфералық ауаның) сынамаларын алумен, гигиеналық зерттеу жұмыстары жүргізілді. Зерттеліп отырған сынамаларға зертханалық жағдайларда талдау жүргізу кезінде бақыланып отырған елді мекендердің тіршілік ортасы нысандарынан зымыран отынының компоненттері мен олардың өзгеру өнімдері табылмады.
Республикада ауылшаруашылығы аумақтарының ғарыштық мониторингі жүргізіледі. 2016 жылы күрделі жүйелерді құру қағидаларына негізделген және белгілі функционалды бағыттағы біріктірілген модуль түріндегі астық өндірісі ғарыштық мониторингінің міндеттерін шешу үшін «Агро-ГАЖ» ақпараттық-талдау жүйесінің архитектурасы әзірленді. Астық дақылдары ғарыштық мониторингі міндеттеріне арналған аналитикалық есептілік нысаны дайындалды.
Landsat ғарыштық суреттері деректері бойынша (BSI), (SAVI), (NDWI) индекстерін есептеуге негізделген, себу мерзімдерін анықтау, түрлі даталарда тиісті индекстер арасындағы ауытқу шамаларын есептеу әдістемесі әзірленді. Астық дақылдарының өнімділігін болжау үшін регрессиялық модельдер әзірленді, онда 100 алқаптан артық жерлердің түрлі деректеріне талдау жасалды.
Сондай-ақ мұнай дақтарын табиғаты басқа мұнай сликтерінен бөлу міндеттерін шешу үшін (теңіз құбылыстары, атмосфералық процестер, биологиялық пайда болу табиғаты) Каспий теңізі айдынындағы болашақ мұнай сликтерінен тұратын аудандар үшін ЖҚБ оптикалық деректерінің базасы құрылды.
ГАЖ ортада мұнай сликтерін салыстыру үшін жер өрістерінің кеңістіктік-уақытша динамикасы және олардың орналасу аудандарындағы биолактондар орны алынды. ЖҚБ радарлы және оптикалық деректерін кешенді талдау негізінде, жел өрістері мен биопланктон туралы деректерді пайдаланып ГАЖ ортада су айдынындағы мұнай төгілуі туралы геокеңістіктік деректер базасы қалыптастырылған, ол алаң сипаттамалы геобайлам контурынан тұрады.
Үстел ГАЖ әзірленді, ол ғарыштық мониторинг Ахуалдық орталық құрамына кіреді, радарлы поляриметрия әдістері негізінде су айдынындағы мұнай төгілуі мониторингі деректерін бейнелеуге және талдауға мүмкіндік береді.
Халықаралық ынтымақтастық Қазақстан саясатының бөлінбейтін бөлігі. 2016 жылдың 25-27 ақпан аралығында Бейжин қаласында (ҚХР) Қоршаған ортаны қорғау саласындағы ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Қытайлық комиссияның 5-ші отырысы өтті. 2015 жылға трансшекаралық өзендердің суларының сапасы мен төтенше жағдайларға жедел әсер ету бойынша монитроинг, талдау және бағалау бойынша комиссия жұмыс тобының қызметінің қорытындысы болды.
2016 жылдың 30-31 наурызында Астана қ. Министрлік Ресей Федерациясының Табиғи ресурстар және экология министрлігімен бірлесіп Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы 2004 жылғы 22 желтоқсандағы қоршаған ортаны қорғау саласындағы серіктестік туралы келісім аясында Ресей Федерациясының Үкіметі мен Қазақстан Республикасының Үкіметі арасындағы Орал өзені бассейнінің экожүйесін сақтау жөніндегі келісім жобасының мәтінін келісу бойынша қазақстандық-ресейлік кеңес беру өткізілді. 2016 жылдың 4 қазанында Ресей мен Қазақстанның өңіраралық серіктестігінің 13-форумы аясында Мемлекет басшыларының қатысуымен осы Келісімге қол қойылды.
2016 жылдың 24-26 мамырында Ашхабад қаласында Түрікменстанның Қоршаған ортаны қорғау және жер ресурстары бойынша мемлекеттік комитетімен Орнықты даму жөніндегі мемлекетаралық комиссияның кезекті отырысы ұйымдастырылған болатын. Отырыста БҰҰ-ның Орнықты Даму Мақсаттарының 70-ші Бас Ассамблеясымен, Климат жөніндегі Париждік келісіммен қабылданған мәселелер, сондай-ақ ОДМК қызметінің алдағы болашағының мәселелері қарастырылған болатын.
2016 жылы Қазақстан Республикасының Халықаралық саудада жекелеген қауіпті химиялық заттар мен пестицидтерге қатысты алдын ала негізделген келісім процедуралары туралы Роттердам конвенциясын орындау туралы; Жойылуы қиын органикалық ластауыштар туралы Стокгольм конвенциясын орындау туралы; Ақпаратқа кіру, шешімдер қабылдау процесіне жұртшылықтың қатысуы және қоршаған ортаға қатысты мәселелер бойынша сот әділдігіне қол жеткізу туралы конвенциянын орындау туралы Ұлттық баяндамалары дайындалды.
Өткен жылдың басты оқиғасы Қазақстанмен 2015 жылдың желтоқсан айында қабылданған Климаттың өзгеруі жөніндегі БҰҰ Рамалық конвенциясына Париж келісіміне қол қоюы мен бекітуі болды, ол өзіне шаралардың «жол картасын» және елдердің ұлттық деңгейде анықтайтын үлестерін ұсынады (INDCs), бұл парниктік газдардың шығарындыларын қысқартуға және климаттың көзгеруіне орнықтылықты нығайтуға мүмкіндік береді.
Сондай-ақ, екі жақты серіктестік форматында 2016 жылы келесі келісімдер бекітілді: Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Біріккен Сауд Әмірліктері Үкіметі арасындағы атом энергиясын бейбіт түрде пайдалану саласындағы серіктестік туралы келісім; Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы 2004 жылғы 17 мамырдағы қазақстан-қытайлық серіктестік туралы комитет құру туралы келісімге толықтырулар енгізу туралы хаттама, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі мен Куба Республикасының Энергетика және тау өнеркәсібі министрлігі арасындағы энергетика саласындағы серіктестік бойынша өзара қарым-қатынас туралы меморандум.
Бұған қоса, 2016 жылы Қазақстан Республикасы мен Халықаралық атом энергиясы агенттігі арасындағы Қазақстан Республикасында Халықаралық атом энергиясы агенттігінің уранды төмен байыту банкін құру туралы келісім қазақстан Республикасының 2016 жылғы 22 желтоқсандағы № 31-VІ заңымен және Каспий теңізінің теңіз ортасын қорғау жөніндегі негіздемелік конвенцияға Мұнаймен ластануға әкелетін тосын оқиғалар жағдайындағы өңірлік әзірлік, ден қою және ынтымақтастық туралы хаттамасы (Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 18 наурыздағы № 474-V заңы) ратификацияланған. Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 желтоқсандағы № 97 заңымен Каспий теңізінің теңіз аясын қорғау бойынша рамалық конвенция (Тегеран конвенциясы) ратификацияланған. Осы конвенцияның мақсаты Каспийдің теңіз аясын барлық көздерден ластанудан қорғау, сондай-ақ күзету, сақтау, қалпына келтіру және оның биологиялық ресурстарын орнықты және ұтымды пайдалану болып табылады. Бұған қоса, Тегеран конвенциясы аясында оның мақсаттарына жету бойынша нақты шаралар бейнеленуі тиіс бір қатар хаттамаларды әзірлеу қарастырылған.
2016 жылдың наурызында Қазақстан Республикасының заңымен (ҚР 2016 жылғы 18 наурыздағы № 474-V заңымен) Каспий теңізінің теңіз ортасын қорғау жөніндегі негіздемелік конвенцияға Мұнаймен ластануға әкелетін тосын оқиғалар жағдайындағы өңірлік әзірлік, ден қою және ынтымақтастық туралы хаттамасы ратификацияланды.
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің ақпараты бойынша эколог-кадрлардың дайындығын «Экология» мамандығы бойынша 41 ЖОО, соның ішінде 5 ұлттық, 18 мемлекеттік, 3 акционерлік және 15 жеке оқу орындары іске асырады.
2015-2016 оқу жылдары оқытылғандардың контингенті:
Бакалавриат – барлығы – 3 848 адам, мемлекеттік тапсырып бойынша – 617 адам, шығарылым – 1 352 адам;
Магистратура – 313 адам, мемлекеттік тапсырып бойынша – 203 адам, шығарылым – 170 адам;
Докторантура – 18 адам, барлығы мемлекеттік тапсырыс бойынша оқытылғандар, шығарылым – 3 адамды құрады.
2015 жылы осы мамандық бойынша жұмысқа орналасқандардың саны 71 %, мемлекеттік тапсырыс бойынша 97 % құрады.
Экологиялық кодекстің 161-бабының 2-тармағына сәйкес «Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы» ШЖҚ РМК қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды пайдаланудың негізгі мәселелері қарастырылатын семинарларды ұйымдастырып өткізеді. Семинарлар келесі өзекті тақырыптар бойынша өткізілді: – Экологиялық кодекс. Құқыққолдану; – Экологиялық аудит; – Экологиялық сараптама және табиғатты пайдалануды реттеу; – Өндіріс және тұтыну қалдықтарын басқару; – Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылау.
«Ғылым туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 18 ақпандағы заңына сәйкес ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті мемлекеттік бюджеттен қаржыландыру базалық қаржыландыру, гранттық қаржыландыру, бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру нысандарында жүзеге асырылады.
Гранттық қаржыландыру ғылыми зерттеу жұмыстардың, ғылыми техникалық әлеуеттің және ғылыми ұйымдардың бәсекеге қабілеттілігін және олардың ұжымдарының, ғалымдардың сонымен қатар ғылыми және (немесе) ғылыми техникалық нәтижелердің коммерциализациясының деңгейін арттыру мақсатында ғылыми зерттеулерді жүргізу үшін бөлінеді.
Бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру стратегиялық маңызды мемлекеттік міндеттерді шешуге бағытталған және конкурстық негізде немесе Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша конкурстан тыс рәсімдер арқылы жүзеге асырылады.
«Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасының заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі жанында Отын-энергетикалық кешен және экология мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңес әрекет етеді.
Қоғамдық кеңестің құрамына үкіметтік емес ұйымдардың 20 өкілі мен мемлекеттік органдардың 9 өкілі кірді. Қоғамдық кеңестің жанында 5 комиссия келесі бағыттар бойынша қызмет етеді: электр энергетикасы және көмір, атом энергетикасы, бюджет, стратегиялық және нормативті-құқықтық бағыт, мұнай және газ, экология.
Құрылған кезден бастап (2016 жыл) Қоғамдық кеңестің 15 отырысы өтті, оның ішінде 4 – Қоғамдық кеңестің, 1 – Қоғамдық кеңес президиумының және 10 – Бағыттар бойынша комиссиялардың отырыстары.
Ақпаратқа кіру, шешімдер қабылдау процесіне жұртшылықтың қатысуы және қоршаған ортаға қатысты мәселелер бойынша сот әділдігіне қол жеткізу туралы Орхус конвенциясы 1998 жылдың 25 маусымында «Еуропа үшін қоршаған орта» Орхус қ. (Дания) үдерісі шеңберінде Еуропа елдерінің қоршаған орта министрлерінің 4-ші конференциясында қабылданғандығын атап өтеміз. Конвенция 2001 жылдың 30 қазанында күшіне енді.
Қазақстанда Орхус конвенциясы Қазақстан Республикасының 2000 жылдың 23 қазанында «Ақпаратқа кіру, шешімдер қабылдау процесіне жұртшылықтың қатысуы және қоршаған ортаға қатысты мәселелер бойынша сот әділдігіне қол жеткізу туралы Орхус конвенциясын ратификациялау туралы» № 92-II заңымен ратификацияланды.
Орхус конвенциясының міндеттемелерін орындауда ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2009 жылғы 20 наурыздағы «Орхус конвенциясын жүзеге асырудың кейбір мәселелері» №35-ө бұйрығымен 2009 жылы Орхус конвенциясын жүзеге асыру бойынша жұмыс органы болып «Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы» РМК анықталған.
Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 161-бабына сәйкес 2009 жылы «Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы» РМК жанынан Мемлекеттік экологиялық ақпарат қоры (МЭАҚ) ұйымдастырылды.
МЭАҚ деректер базасы бүгінгі таңда экологиялық ақпараттың он екі мыңнан астам бірлігін құрайды. МЭАҚ сайтында (www.ecogosfond.kz) әртүрлі бағыттар бойынша есептелген және жүйеленген экологиялықақпарат тізілімдері орналастырылған: ғылыми-зерттеу жұмыстары, экологиялық мониторинг, бақылау-инспекциялық қызмет есептері және т.б.
2014 жылдың шілдесінен бастап МЭАҚ-дан тегін негізде жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік қызмет көрсету арқылы экологиялық ақпарат ұсынылады. Өткен кезеңде сегіз жүзден астам мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның аясында халыққа қоршаған ортаның жағдайы туралы мыңнан астам бірлік ақпарат ұсынылды.
Бұған қоса, Орхус конвенциясының ережелерін жүзеге асыру мақсатында экологиялық ақпаратты тарату Мемлекеттік экологиялық ақпарат қорының интернет ресурсында және «Қазақстан экологиясы» республикалық мамандандырылған газетін басып шығару арқылы жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасының аумағындағы нақты экологиялық жағдай және оларды жақсартудағы шаралар туралы халықты жыл сайын ақпараттандыру үшін 2011-2014 және 2015 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының қоршаған ортаның жай-күйі туралы және табиғи ресурстарды пайдалану туралы ұлттық баяндамасы әзірленді, ҚР Энергетика министрлігінің, Қазақстан Орхус конвенциясының интернет ресурсында және http://doklad.ecogosfond.kz/ веб-парағында орналастырылған.
Қазақстан Республикасында Орхус конвенциясының ережелерін жүзеге асыру мақсатында 2016 жылы Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне, нақты айтқанда Экологиялық және Салық кодекстеріне маңызды өзгертулер мен толықтырулар енгізілді.
Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне енгізілген өзгертулер мен толықтыруларға (ҚР-ның 2016 жылғы 8 сәуірдегі № 491-V заңы) сәйкес І-санаттағы объектілері бар кәсіпорындар заңнамалық деңгейде Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігіне Ластауыштардың шығарындылары мен тасымалдарының мемлекеттік тіркеліміне енгізу үшін ақпаратты Министрліктің http://prtr.ecogosfond.kz/ интернет ресурсында ашық қол жетімділікте жариялауға ұсынады.
Сонымен қатар Қазақстанда Конвенция ережелерін жүзеге асыру 14 Орхус орталығымен қолдау табуда. Орхус орталықтары мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам арасындағы байланыстырушы топ болып табылады.
Қазақстандағы Орхус орталықтары коммерциялық емес ұйымдар ретінде құрылған, олардың негізгі қызметі халыққа ақпараттық және кеңестің көмек көрсетуге бағытталған.
Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігімен Ластауыштардың шығарындылары мен тасымалдарының тіркелімі туралы хаттаманы Орхус конвенциясына ратификациялауды келісудің мемлекеттікішілік үдерістері жүргізілуде.
«Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстарының мемлекеттік кадастрлары» ақпаратты жүйесі жинаудың, жүйелеудің, сақтаудың, өндеудің және бейнелеудің автоматтандырылған жүйесін ұсынады және Қазақстан Республикасының табиғи ресурстары туралы кеңістік-үйлестірулік деректерді, бұл деректердің талдауы Қазақстан Республикасының табиғи ресурстарын қорғау, қалпына келтіру және сақтауға байланысты басқарушылық, өндірістік ғылыми міндеттерді шешуде тиімді пайдалану үшін қолданылады.
Ақпараттық жүйе 4 кіші жүйелерден құралған: орман кадастры, ЕҚТА кадастры, жануарлар дүниесі және балық ресурстары, олар бойынша ақпарат 2004 жыл мен 2016 жыл аралығындағы мерзімге 3211 объект бойынша динамикалық деректерден құралған