Қоршаған ортаның жай-күйі және табиғи ресурстарды пайдалану туралы Ұлттық баяндама

Солтүстік Қазақстан облысы

Солтүстік Қазақстан облысында атмосфералық ауаға ластауыш заттар түсімінің негізгі көзі энергетика объектілері, өнеркәсіптік кәсіпорындар мен автокөліктер болып табылады.

Облыс орталығы – Петропавл қаласы – СҚО әуе бассейнін ластауға ең көп үлес қосады. Мұнда облыстың стационарлы көздерден жалпы ластауыш заттар шығарындыларының  48%-ға жуығын беретін кәсіпорын – «СевКазЭнерго» АҚ (ЖЭО-2) орналасқан.

2016 жылы «Қазгидромет» ШЖҚ РМК Солтүстік Қазақстан облысындағы Петропавл қаласындағы 4 стационарлы бекетінде атмосфералық ауаның жай-күйіне бақылау жүргізді. Белгіленген бақылау желісіне сәйкес, атмосфералық ауаның ластану деңгейі жоғары деп бағаланды.

2016 жылы 1 ШМКм.е  асатын қалқыма РМ-2,5 бөлшектер бойынша – 2, қалқыма РМ-10 бөлшектер бойынша – 129, күкірт диоксиді бойынша – 3239, көміртегі оксиді бойынша – 74, озон бойынша – 138, күкіртті сутек бойынша – 12734, фенол бойынша – 3, аммиак бойынша – 293 жағдай, сонымен қатар 5 ШМКм.е  асатын күкіртті сутек бойынша – 6295 және аммиак бойынша 1 жағдай анықталды. Сондай-ақ  10 ШМКм.е  асатын күкірт сутек бойынша – 3040 жағдай анықталды.

Автоматтандырылған бақылау бекеттерінің деректері бойынша Петропавловск қаласында 2563 жоғары ластану (ЖЛ) және 477 экстремалды жоғары ластану (ЭЖЛ) жағдайы тіркелді.

Сонымен қатар «Қазгидромет» ШЖҚ РМК Солтүстік Қазақстан облысының Тайынша, Саумалкөл, Булаев поселкелерінде және Бескөл с. ауаның ластануына экспедициялық бақылаулар жүргізді. Қалқыма заттардың, күкірт диоксиді, көміртегі оксиді, азот оксидінің концентрациялары өлшенді. Күкірт диоксидінің шекті концентрациясы №1 нүктесінде 2,280 ШЖК, №3 нүктесінде 1,564 ШЖК, №4 нүктеде – 1,734 ШЖК құрады. Қалған ластауыш заттардың концентрациясы, бақылаулардың деректері бойынша шекті жол берілетін нормада.

Толық ақпарат «Қазгидромет» РМК сайтында орналасқан  (https://kazhydromet.kz/kk/bulleten/okrsreda?year=2016)

2016 жылы атмосфераға стационарлы көздерден шығарындылар 77,7 мың тоннаны құрады.

Автокөлік құралдарынан шығарындыларын мәселесі сол қалпы. Олардың үлесіне жалпы шығарындылардың жалпы көлемінен 70 %-нан астамы тиесілі.

1-схема. 2012-2016 жылдарға Солтүстік Қазақстан облысындағы автокөлік құралдарының санының динамикасы

Облыстағы көлдердің жалпы саны – 2328, жиынтық аумағы 4600 км2. Аумақтың көлділігі шамамен 3,5%-ды құрайды, Қазақстанның солтүстік облыстарының арасында ең жоғары. Сан жағынан аумағы 1 км2 жуық көлдер мен көл шұңқырлары басым, ең ірі көлдерге (су айдынының аумағына қарай) мыналар жатады: Сілеті-Теңіз, Шағлытеңіз, Теке, Кіші Қарой. Ең терең көлдер: Шалқар, Жақсы-Жаңғыстау, алайда тереңдігі 1,5-2,5 м көлдер басым. Солтүстік Қазақстан облысының су ресурстары Сілеті, Шағалалы, Қамысақты, Ащысу, Қарасу және басқа да уақытша ағыны бар басқа да  ағын сулы өзендердің ағылуы (Аққанбұрлық және Иманбұрлық өзендері) Есіл өзенінің ресурстарынан жиналады.

Солтүстік Қазақстан облысының аумағындағы жер үсті суларының ластануына бақылау Есіл өзені мен Сергеевка су қоймасында жүргізілді. Есіл өзенінде ШЖК астығы негізгі иондар топтарынан (сульфаттар – 1,2 ШЖК, натрий – 1,1 ШЖК), қоректік заттардың (жалпы темір – 1,9 ШЖК), ауыр металдардың (мыс – 3,3 ШЖК) көрсеткіштері бойынша тіркелді.

Сергеевское су қоймасының биогенді заттардың тобындағы заттар (жалпы темір – 3,2 ШЖК), ауыр металлдар (қорғасын – 3,9 ШЖК) бойынша жоғарылау байқалды.

Есіл өзені суының сапасы «ластанудың орташа деңгейі» ретінде бағаланады; Сергеевское су қоймасы – «ластанудың жоғары деңгейі».

Толық ақпарат «Қазгидромет» РМК сайтында жарияланған  (https://kazhydromet.kz/kk/bulleten/okrsreda?year=2016)

Солтүстік Қазақстан облысының жер қоры 2016 жылғы 1 қарашадағы жер теңгерімі мәліметтері бойынша 9804,3 мың га құрайды, оның 8405,1 мың га ауыл шаруашылығы алқабы, соның ішінде 4888,8 мың га егістік.

Топырақтың ауыр металлдармен ластануының жағдайына бақылауды «Қазгидромет» ШЖҚ РМК Петропавл қ. көктемгі және күзгі мезгілдерде жүргізді.

Көктемгі кезеңде Петропавловск қаласында топырақтың үлгілерінде мыстың мөлшері 1,4-3,5 ШЖК, қорғасын – 0,3-1,2 ШЖК, мырыш – 0,3-0,6 ШЖК, хром және кадмий – 0,2-1,5 ШЖК болды. Күз мезгілінде Петропавл қаласындағы топырақ үлгілеріндегі мыстың мөлшері 0,53 – 6,50 мг / кг және қорғасын – 18,36 – 54,60 мг / кг, мырыш – 6,88 – 30,60 мг / кг, хром -4,80-1,27 мг / кг және кадмий – 0,12-0,98 мг / кг.

Толық ақпарат «Қазгидромет» РМК сайтында жарияланған (https://kazhydromet.kz/kk/bulleten/okrsreda?year=2016)

Солтүстік Қазақстан облысының едәуір бөлігі орманды дала аймағында орналасқан, орман қорының жерлері облыс аумағының 7,1%-ын ғана құрайды (689,8 мың га).

Облыс аумағында 12 орман мекемесі ұйымдастырылған және «Көкшетау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің (МҰТП) бір бөлігі (СҚО Айыртау ауданы) бар.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 10 қарашадағы № 1074 қаулысымен 4 мемлекеттік табиғи қорықша құрылды: Смирнов (зоологиялық), Согров (зоологиялық), Орлиногор (ботаникалық), Мамлют (зоологиялық) жалпы аумағы 429,95 мың га.

Облыс орман қоры жерінің жалпы ауданы 689,8 мың гектарды құрайды, олардан орман мекемелерінің ауданы – 549,7 мың га, Солтүстік Қазақстан облысының аумағындағы «Көкшетау» МҰТП – 134,511 мың га, облыстың жол қызметі – 5,5 мың га.

Республикалық маңыздағы табиғат ескерткіштері: Жаңажол, Күміс қарағай орманы, Қарағай орманы, «Бүркiттау» шоқысы және қайнаркөз, «Имантау» көлінің аралы, «Шолғыншы» шоқысы, Қазан жартасты шөгінділерi, реликтивті алқаптар, Үшкір төбе, «Екі ағайынды» шоқысы, үңгірі бар сарқырама, Айыртау шоқысы 181,1 гектар аумақта орналасқан.

2016 жылы кеден және шекара қызметінің радиациялық бақылау барысында облыс аумағымен транзитпен өткен жүктің радиациялық фоны артқан жағдайлар анықталмады. 2015-2016 жылдар кезеңінде жер қойнауынан құрамында радионуклидтер бар кен жыныстары мен қалдықтар игерілмеді.

СҚО аумағында 5 жабылған және жойылған уран кен орны орналасқан: Ғ.Мүсірепов атындағы ауданда – Шоқпақ, Аққанбұрлық; Айыртау ауданында – Грачев, Қосашы, Дергачев.

Орташа есеппен облыста радиациялық гамма-фон 0,11 мкЗв/сағ құрады және рұқсат  етілген  шегінде.

2016 жылы «Қазгидромет» РМК Солтүстік Қазақстан облысы аумағында атмосфераның жерге  жақын  қабатының радиациялық ластануын бақылау 2 метеорологиялық  станциясында ауа  сынамаларын көлденең планшеттермен іріктеу  арқылы  жүзеге  асырылады (Петропавл, Сергеевка). Станцияда сынамалардың бес тәулік талдауы жүргізілді.

Облыс бойынша түсу тығыздығының орташа көлемі 1,2 Бк/м2 құрайды, бұл шекті жол берілетін деңгейден аспайды.

Толық ақпарат «Қазгидромет» РМК сайтында жарияланған  (https://kazhydromet.kz/kk/bulleten/okrsreda?year=2016)

2016 жылы облыста 387,0 мың тонна ҚТҚ (603,1 кг/адам/жыл) түзілді. ҚТҚ сұрыптау және өңдеу 2016 жылы 3,0% құрады. ҚТҚ-ның қалған көлемі полигондар мен қоқыстарда (2015 жылғы 579-дан 2016 жылғы 490-ға дейін азайды) орналасқан. Облыс халқының 45,3%-ы қоқыс жинау қызметтерімен қамтылған.

Бүгінгі таңда 490 нысанның 14-і (2,9%) экологиялық талаптарға және санитарлық ережелерге сәйкес келеді. 2016-2020 жылдарға арналған аудандардың аумақтарын дамыту бағдарламаларына сәйкес 2017 жылы аудан орталықтарында және ірі елді мекендерде орналасқан қалдықтарды орналастыру үшін 13 нысанды жобалау жоспарлануда.

Сонымен, Петропавловск қаласында 271 жаңа контейнер, ПЭК-ыдыстарын, алюминий банкаларын, макулатура, орама полиэтилен қалдықтары, шыны қалдықтары, пластмассаның әр түрлерін жинау үшін 310 контейнер орнатылды, 11 контейнерлік алаңдарда тас төсеу құрылғысы мен асфальтті бетон жабындысы төселді, 10 бірлік арнайы техника сатып алынды.

Қайтама шикізат өнімдерін қабылдау бекеттері салынды: макулатура, пластик, шыны және пайдаланылған тұрмыстық техника. «Технодом» компаниясының сауда орталықтарында электронды және электр жабдықтарын жинауға арналған эко-қораптар орнатылды. 2017 жылы ӨКМ Операторының көмегімен облыстың аумағында құрамында сынабы бар шамдар мен аккумуляторларды жинауға арналған 79 контейнер орнату жоспарлануда.

Петропавл қаласында 2017 жылдың қаңтарында жеке инвестициялар мен қарыз қаражаты есебінен «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ қалдықтарды сұрыптау кешенін іске қосты, сұрыптау көлемі жылына 20 мың тоннаны құрайды.

Жаңартылатын энергия көздері – бұл табиғи үдерістерден табиғи пайда болатын үздіксіз жаңартылатын энергия көздері.

Жаңартылатын энергия көздерінің барлық түрлерінен Солтүстік Қазақстан облысында жел энергетикасы біршама дамыты, себебі Солтүстік Қазақстан облысында желдің әлеуеті жоғары – 106 мың МВт, желдің орташа жылдамдығы 7-8 м / с, бұл бағытта ең перспективалы бағыттар – Тайынша, Ғ.Мүсірепов, Есіл болып табылады.

Бүгінгі таңда облыста жалпы қуаты шамамен 6 МВт болатын 3 ЖЭК нысаны іске асырылды:

– Қызылжар ауданының Новоникольское с. ЖЭС 1,5 және 2 МВт қуаттылығымен;

– Шал ақын ауданындағы Есіл өзеніндені ГЭС 2,46 МВт қуаттылығымен.

– «БиоТЭС» ЖШС (Астана қ.) Солтүстік Қазақстан облысының Қызылжар ауданында биогаз жабдығының құрылысы бойынша пилоттық жоба жүзеге асырылуда. Жабдықтың орнатылған электр қуаты 1 МВт құрайды, бұл тәулігіне 40 тоннадан астам шикізатты өңдеуге мүмкіндік береді.