Атмосфера – бұлауқымды әуе жүйесі. Атмосфераның Жер экожүйесіндегі маңызы–бұл адамды жануарлармен өсімдіктер дүниесін тіршілікке қажетті газ элементтерімен қамтамасыз ету (оттегі, көмірқышқыл газ).
Ластауыш заттар шығарындылары атмосфералық ауа сапасына, экожүйе мен халық денсаулығының тұрақтылығын аықпал етеді.
Қазақстандағы ауаның сапасы |
Қазақстан Республикасында барынша өндірістік сәйкесінше, ең көп ластанған болып Шығыс Қазақстан, Қарағанды және Павлодар облыстары есептеледі. Атмосфералық ауаның ластану проблемасы Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарында және Астана қаласында біршама аз.
Елді мекендердегі ауаның сапасы БҰҰ ЕЭК-ның (А2) экологиялық көрсеткіштерінің бірі болып табылады, жыл сайынғы деректер Статистика комитетінің сайтында қол жетімді.
Атмосфераның ластану индексі (АЛИ) есептеулері бойынша, 2016 жылы ластанудың жоғары деңгейімен(АЛИ – 7-13, СИ – 5-10, ЕЖҚ – 20-49%): Алматы, Астана, Ақтөбе, Балқаш, Жезқазған, Теміртау, Қарағанды, Шымкент қалалары және Ақай кенті сипатталады.
Ластанудың көтеріңкі деңгейіне: Жаңатас, Өскемен, Риддер, Қызылорда, Тараз, Семей, Шу, Петропавл қалалары және Глубокое, Бейнеу кенттері жатады.
Ластанудың төменгі деңгейіне: Түркістан, Талдықорған, Степногор, Ақсай, Көкшетау, Құлсары, Саран, Кентау, Ақсу, Жаңаөзен, Зырян, Рудный, Екібастұз, Қостанай, Павлодар, Орал, Ақтау, Атырау, Қаратау қалалары және Сарыбұлақ, Березовка, Январцево, Қордай, Төретам, Қарабалық кенттері, «Бурабай» КФМС және Щучье-Бурабай курорттық аймағы жатады.
«Қазгидромет» РМК деректері бойынша 2016 жылы барлығы атмосфералық ауаның 2837 жоғары ластану (ЖЛ) және 550 экстремалды жоғары ластану (ЭЖЛ) жағдайлары тіркелді, соның ішінде Петропавл қаласында 2563 (ЖЛ) және 477 (ЭЖЛ), Ақтөбе қаласында 235 (ЖЛ) және 67 (ЭЖЛ), Қарағанды қаласында 14 (ЖЛ) және 1 (ЭЖЛ), Теміртау қаласында 12 (ЖЛ) және Балқаш қаласында 4 (ЖЛ) және 5 (ЭЖЛ).
1-схема. Атмосфералық ауаның жоғары ластануы (ЖЛ) және экстремалды жоғары ластануы (ЭЖЛ).
Толық ақпарат «Қазгидромет» РМК сайтында орналастырылған. Сонымен қатар «Қазгидромет» РМК геопорталында www.atmosphera.kz ластаушы заттардың концентрациясын нақты уақыт режимінде көруге болады
Қазақстан Республикасы бойынша радиациялық жағдай
Қазақстан Республикасының елді мекендері бойынша орташа радиациялық гамма-фон 0,003-0,32 мкЗв/с шегінде болды. Қазақстан Республикасы бойынша радиациялық гамма –фон 0,13 мкЗв/с және жол берілушегінде.
Қазақстан Республикасы аумағында атмосфераның жерге жақын қабатында орта тәуліктік радиоактивті түсутығыздығы 0,6-3,2 Бк/м2 шегінде болды. Қазақстан Республикасы аумағында радиоактивті түсулердің орташа тығыздығы1,2Бк/м2, бұл шекті жол берілетін деңгейінен аспады.
Облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардың радиациялық жағдайы «Аймақтардағы экологиялық жағдай» 12-бөлімде көрсетілген.
Ауа сапасына әсер етуші факторлар |
Елді мекендердің атмосфералық ауасы азот диоксиді, көміртегі оксиді, күкірт диоксиді, формальдегид, күкірттісутек, қалқыма заттар, фенол, аммиак сияқты ластауыш заттармен жоғары және өте жоғары ластануы келесі факторлармен шартталған.
Автожолдардың қалалық көліктермен бос еместігі (кептелуі) –бензиннің және дизельдік отынның көпқұрамды болып шығуы елді мекендегі атмосфералық ауаның ластануының негізгі көздерінің бірі болып табылады.
Өндіріс орындарынан эмиссияның шашылуы – өндіріс орындарынан шыққан заттардың жануы, ауа ластануының жоғары деңгейіне бейімделген өндірістік үдерістің нәтижесі. Эмиссиялардың негізгі көздерінің бірі энергетикалық кешен болып табылады.
Халықты ақпараттандыру үшін республикада 2016 жылдан бастап Ластауыштардың шығарындылары мен тасымалдарының мемлекеттік тіркелімі (ЛШТМТ) жүргізілуде, оның аясында 2000 –нан астам І санаттағы объектілері бар кәсіпорындар, жыл сайын 1 тамызға дейін қоршаған ортаға шығарындылар туралы ақпарат ұсынады – http://prtr.ecogosfond.kz/
Ластаушы заттардың шығарындылары |
2016 жылы стационарлы көздерден келіп түсетін ластауыш заттар көлемі 2271,6 млн тоннаны құрайды, бұл 2015 жылмен салыстырғанда 4,2%-ға ұлғайды.
2-схема. Әкімшілік бірліктер қимасы бойынша тұрақты көздерден атмосфераға ластауыш заттардың шығарындылары (мың тонна).
2016 жылы республиканың әуе бассейніне қорғасын және оның қосылыстары, марганец және оның қосылыстары, мыс оксиді, күкірт қышқылы, күшәла, хлор, сынап сияқты ерекше ластауыш заттар келіп түсті. Нақты айтқанда, аталған заттардың шығарындылары белгіленген шекті жол берілетін шығарындылардың (ШЖШ) шегі көлемінен аспады.
Атмосфералық ауаға ластауыш заттардың шығарындылары БҰҰ ЕЭК-ның (А2) экологиялық көрсеткіштерінің бірі болып табылады, жыл сайынғы деректер Статистика комитетінің сайтында қол жетімді.
3-схема. Стационарлы көздерден атмосфералық ауаға ластауыш заттардың шығарындылары, заттар қимасында.
2016 жылы республиканың кәсіпорындарымен барлық стационарлы ластауыш көздерден бөлінетін ластауыш заттардың жалпы көлемінің 92,3% сүзілді және залалсыздандырылды.
Қазақтан Республикасының атмосфералық ауасының негізгі ластауыш заттары күкірт диоксидінің, азот диоксидінің, көміртек оксидінің, МЕҰОҚ, аммиактың, көмірсутектің, фенолдың, формальдегидтің, қорғасынның, қатты бөлшектері (шаң және күл) және олардың қосылыстары, темір және мыс және бірқатар басқа қосылыстар болып табылады.
6-схема. ЖІӨ-нің бірлігіне шаққандағы негізгі ластауыш заттардың шығарындылары
Республика бойынша радиоактивті түсулердің орташатығыздығы 1,2 Бк/м2, бұл шекті жол берілетін деңгейінен аспады. «Радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптары» бекітілген гигиеналық нормативтергесәйкес шекті тәуліктік радиоактивті түсулердің мәні, алғашқы өлшеу нәтиделері бета-активтілік сынамасының өлшемі тәулігіне 110Бк/м2 аспайды.
Республиканың радиациялық жағдайы туралы толық ақпарат «Қазгидромет» РМК сайтында орналастырылған.
Озон қабатын бұзатын қосылыстарға хлорфторкөміртегілер (ХФК), көміртегітетрахлориді, метилхлороформ, галондар, гидрохлорфторкөміртегілер(ГХФК), гидробромфторкөміртегілер(ГБФУ) жәнеметилбромиджатады. Оларөртсөндіргіштерде(галондар) және ауыл шаруашылығы пестицидтерінде (метилбромид) еріткіштер, хладагенттер, көбіктендіру және майсыздандыру заттары, аэрозольдер үшін ығыстырғыштар ретінде пайдаланылады.
Озон қабатын бұзатын заттарды тұтыну БҰҰ ЕЭК-ның (А3) экологиялық көрсеткіштерінің бірі болып табылады, жыл сайынғы деректер Статистика комитетінің сайтында қол жетімді.
7-схема. Қосымшаға сәйкес нысан бойынша озон қабатын бұзатын заттарды тұтыну, ОБЗ тонна
Ақпарат көзі: Озон хатшылығының сайты ozone.unep.org/en/data-reporting/data-centre
Климаттың өзгеруі туралы бұдан да нақты ақпарат Қоршаған ортаның жай күйі туралы және табиғи ресуртарды пайдалану туралы Ұлттық баяндаманың «Климаттың өзгеруі» бөлімінде келтірілген. → Климаттың өзгеруі
Ауаны қорғау |
Атмосфералық ауағаластауыш заттардың шығарындылары туралы ақпаратты қалыптастыруға жауапты мемлекеттік орган болып Ұлттық экономика министрлігінің Статистика бойынша комитеті табылады. Ауа 2-ТП (жылдық) нысан бойынша жалпы мемлекеттік статистикалық қадағалаудың қорытындысымен ақпарат қалыптасады.
Көрсеткіш 2015 жылғы 25 желтоқсандағы ҚРҰЭМ Статистика комитеті төрағасының м.а. №223 бұйрығымен бекітілген «Қоршаған орта статистикасының көрсеткіштерін қалыптастыру жөніндегі әдістемеге» сәйкес қалыптасады.
Елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасына мемлекеттік мониторингті Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігінің «Қазгидромет» РМК мен Денсаулық сақтау министрлігінің Тұтынушылардың құқығын қорғау комитеті (санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылық бойынша уәкілетті орган) жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқығын қорғау комитетінің деректері бойынша 2016 жылы атмосфералық ауаның жағдайына мониторинг жүргізу респубиканың 74 ірі және кіші қалаларында жүзеге асырылды. Бақылауда атмосфералық ауаға ұйымдастырылған шығарындылары бар 1484 объекті болды, оның 38% объектісі зерттеумен қамтылды. 2016 жылы Санитарлы-химиялық көрсеткіштерге Ұлттық сараптама орталығы зертханаларының филиалдарымен 158 621 атмосфералық ауа сынамасы зерттелді, оның ішінде сынамалардың 1,2%-ы гигиеналық нормативтерге сәйкес болмады.
2016 жылы «Қазгидромет» РМК Қазақстан Республикасы аумағында атмосфералық ауаның жай-күйіне бақылау республиканың 49 елді-мекенінде 146 бақылау бекетінде жүргізілді, олардың ішінде 56 сынаманы қолмен алу бекетінде және 90 автоматтандырылған бекетте және 11 жылжымалы зертхананың көмегімен.
Атмосфералық ауаның ластануын зерделеу кезінде стационарлық бекеттерде келесі қоспалар: қалқыма заттар (шаң), РМ-1 қалқыма бөлшектері, РМ-2,5 қалқыма бөлшектері, РМ-4 қалқыма бөлшектері, РМ-10 қалқыма бөлшектері, күкірт диоксиді, еритін сульфаттар, көміртегі оксиді мен диоксиді, азот оксиді мен диоксиді, озон, күкіртті сутегі, фенол, фторлы сутегі, хлор, хлорлы сутегі, көмір сутегісі, көмірсутек қосындысы, аммиак, күкірт қышқылы, формальдегид, метан, метан емес көмірсутектер, күшала қосындысы, кадмий, қорғасын, хром, мыс, бензол, бенз(а)пирен,
бериллий, марганец, кобальт, гамма-фон, мырыш анықталды. ҚР аумағында атмосфералық ауа ластануының жай-күйін «Мемлекеттік органдарды тұрғындар қоғамдастығын ақпараттандыру үшін қалалардың атмосфера ластануының жай-күйі жөніндегі құжат 52.04.667–2005 БҚ сәйкес стандартты индекс пен ең жоғары қайталанғыштық бойынша бағалау жүргізілді. Атмосфералық ауаның ластану көрсеткіштері. Атмосфералық ауаның ластану деңгейі қоспалар шоғырларының салыстыруы ШЖК-мен (мг/м3, мкг/м3) бағаланады.
Одан басқа, халықты ақпараттандыру үшін республикада 2016 жылдан бастап Ластауыштардың шығарындылары мен тасымалдарының мемлекеттік тіркелімі (ЛШТМТ) жүргізілуде, оның аясында 2000 –нан астам І санаттағы объектілері бар кәсіпорындар, жыл сайын 1 тамызға дейін қоршаған ортаға шығарындылар туралы ақпарат ұсынады — http://prtr.ecogosfond.kz/.
Қазақстан Республикасы аумағында гамма-фон (экспозициялық мөлшердің қуаттылығы) күнсайын 14 облыстың 86 метеорологиялық станциясында, сондай- ақ атмосфералық ауаның ластану мониторингіне экспозициялық мөлшердің қуаттылығына өлшеу автоматты режимде 23 автоматты бекетте жүргізілді.
«Қазгидромет» РМК атмосфераның жерге жақын қабатында радиоактивтердің түсу тығыздығына бақылау Қазақстанның 14 облысында 43 метеорологиялық станцияда ауа сынамасын горизонтальді планшеттер алу жолымен жүзеге асырылды.
Семей сынақ полигонының (ССП) аумағы мен оған іргелес аудандарда әуе кеңістігіне радиациялық мониторинг жүргізу мақсатымен 2013-2016 жылдары әуе кеңістігіне мониторинг жүргізудің стационарлы бекеттері орнатылды. ССП аумағында 4 және оған іргелес аумаққа 3 ауа мониторингінің бекеті орналастырылды. Ауаны сынау мерзімділігі бір тоқсанда 1-2 рет таңдалды және 241Am, 137Cs, 90Sr и 239+240Pu – негізгі дозаны қалыптастырушы радионуклидтердің барына талдау жүргізілді.
036 «Атомды энергетикалық жобаларды дамыту» республикалық бюджеттік бағдарламасының 101 «Қазақстан Республикасының аумығында радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету» кіші бағдарламасының «Азғыр» бұрынғы полигоны мен оған іргелес аумақтағы кешенді мониторинг» іс-шарасы аясында ҚР ЭМ «Ядролық физика институты» РМК 2014 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін «Азғыр» полигонында және іргелес жатқан Азыр мен Балқұдық елді мекендерінде кешенді радиоэкологиялық мониринг бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Жұмыс барысында қоршаған ортаның объектілерінің радионуклидтті дәне микроэлементтік құрамының мониторингі бойынша і-шаралар орындалуда.
Радиациялық ахуал мониторингі туралы нақтырақ ақпарат Қоршаған ортаның жай-күйі туралы және Қазақстан Республикасының табиғи ресурстарын пайдалану туралы ұлттық баяндаманың 11.5.2-тарауында келтірілген.
Қазақстан республикасы Экологиялық кодексінің 310-бабына сәйкес климатты және Жердің озон қабатын қорғаудың келесі негізгі қағидалармен негізделеді.
Климат пен Жердің озон қабатын қорғау саласындағы мемлекеттік басқаруды Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі іске асырады. Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 313-бабына сәйкес озонды бұзатын заттарды тұтынуды мемлекеттiк реттеу мақсатында озонды бұзатын заттарды шығарудың және тұтынудың жол берiлетiн лимиттерi (квоталары) белгiленедi.
Озонды бұзатын заттарды және құрамында солар бар өнімдерді транзиттеуді қоспағанда, оларды Кеден одағына кірмейтін елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан осы елдерге әкету қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган беретін лицензиялар негізінде жүзеге асырылады.
Жеке тұлғалардың озонды бұзатын заттарды жеке пайдалану үшін (коммерциялық емес мақсаттарда) алып өтуіне тыйым салынады.
Қазақстан Республикасы «Қазгидромет» РМК базасында Жердің озон қабатына мониторинг жүргізіледі. Озонның жалпы құрамына (ОЖҚ) бақылау «Қазгидромет» РМК 5 метеорологиялық станциясында жүргізіледі:
1.Алматы БГМС (ашылған жылы 1957)
2.Арал теңізі (ашылған жылы 1976)
3.Семей (ашылған жылы 1964)
4.Қарағанды (ашылған жылы 1963)
5.Атырау (ашылған жылы 1965)
Озонометр жерден тыс көзден (күннен) келген озон жұту сызығындағы ултракүлгін радиация (УКР) көлемін өлшейді.
Бақылау М-124 құралдың көмегімен тәулігіне 8 рет жүргізіледі. ОЖҚ және УКР бақылау мерзімінің уақыты мен саны күннің жарық мезгілінде әрбір станция үшін жеке бақылау кестесімен анықталады.
Бақылаудан кейін деректер БГО әзірленген «OZON-SZ» бағдарламаға (Санкт-Петербург) енгізіледі. Аталған бағдарлама Қазгидромет желісінде 2005-2006 жылдардан бастап жұмыс істейді. «OZON-SZ» осы станцияда бақылау үшін пайдаланылатын және станцияның үйлестіру және оның теңіз деңгейінен жоғарылығы есебімен озонометр сипаттамаларымен әрбір станция үшін ұсынылады.
Қазіргі таңда Қазақстан Республикасы озон қабатын қорғау саласындағы келесі халықаралық келісімдер тарапы болып табылады:
Озон қабатын қорғау туралы Вена конвенциясы 1985 жыл. Қазақстан Вена конвенциясына 1997 жылғы қосылған («Қазақстан Республикасының Озон қабатын қорғау жөнiндегi Вена конвенциясына қосылуы туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 30 қазандағы №177- I Заңы).
Озон қабатын бұзатын заттар жөніндегі Монреаль хаттамасы 1987 жыл. 1997 жылы Қазақстан Монреал Хаттамасына қосылды («Қазақстан Республикасының Озон қабатын бұзатын заттар жөніндегі Монреаль Хаттамасына қосылуы туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 30 қазандағы №176-I Заңы). ОБЗ өндірісін және тұтынуын қысқарту бойынша нақты шаралар қарастырылды.
Монреал хаттамасына Лондон түзетулері 1991 ж. Қазақстан Лондон түзетуіне 2007 жылы (Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 7 мамырдағы №191 «Озон қабатын бұзатын заттар жөніндегі Монреаль хаттамасына түзетуге Қазақстан Республикасының қосылуы туралы» Заңы, Лондон, 27-29 маусым 1990 жыл) қосылды.
Копенгаген түзетулері 1992 ж. Қазақстан 2011 жылғы 6 сәуірде ҚР №426-ІV ҚР заңымен Копенгаген түзетулерін ратификациялады.
Монреал түзетулері 1997 ж. Қазақстан 2011 жылғы 6 сәуірде ҚР №426-ІV ҚР заңымен Монреаль түзетуін ратификациялады.
Пекин түзетулері 1999 ж. Қазақстан 2014 жылғы 23 сәуірде ҚР №198-V ҚР заңымен Пекин түзетуін ратификациялады.
2016 жылдың 12-14 қазаны аралығында Кигали қ. (Руанда) Монреаль хаттамасы Тараптарының 28-ші жиналысы өткізілді. Отырыс барысында гидрофторкөміртектерді (ГФК) өндіру және тұтыну бойынша Монреаль хаттамасына жаңа түзету (Кигали түзетуі) мәтіні қабылданды. Кигали түзетулерінің мақсаты Жердің озон қабатын сақтауға және жүзжылдықтың соңына дейін 0,50С жаһанды температурасына өсуін тоқтатуға мүмкіндік беретін ГФК өндіруді және тұтынуды біртіндеп қысқарту болып табылады. Төменде 2011-2013 жылдарға өндіріс және тұтыну деңгейінің базалық жолағына қатысты Қазақстан үшін ГФК біртіндеп қысқарту бойынша кесте келтірілген.
Монреал хаттамасы XXVI/13) тараптарының жиырма алтыншы кеңесінің қабылданған шешіміне сәйкес Қазақстан озон бұзушы заттарды бөлудің келесі кестесін негізге алады:
Гидрохлорлы көмірсутек тұтынуды 2013 жылғы ОБҚ-ның 83,32 тоннасынан бастап мына деңгейлерден аспайтындай деңгейге дейін қысқарту:
1) 2014 жылы ОБҚ 40 тонна;
2) 2015 жылы ОБҚ 9,9 тонна;
3) 2016, 2017, 2018 және 2019 жылдары ОБҚ 3,95 тонна;
4) 2020 жылы 1- қаңтарына ОБҚ нөл тонна, Монреал Хаттамасында жазылғандай 2020-2030 жылдар аралығындағы кезеңде тоңазытқыш жабдықтары мен ауаны баптауға арналған қондырғыларға қызмет көрсетуге тұтынуды есепке алмағанда,
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 4 ақпандағы № 35 бұйрығымен 2016-2019 жылдар кезеңіне озонды бұзатын заттарды тұтыну лимиттері (квоталарын) бекітілді.
2017 жылы Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігімен «Парниктік газдар және озонды бұзушы заттар саласында экологиялық мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен ұсыныстар енгізу туралы» Заң жобасы тұжырымдамасын бекіту жоспарлануда.