Қоршаған ортаның жай-күйі және табиғи ресурстарды пайдалану туралы Ұлттық баяндама

Алматы облысы

Алматы облысының атмосфералық ауасының ластануына негізгі әсер ететін кәсіпорындар: жылу энергетикасы мен автомобиль көліктер, ҚР ҚМ пайдалану бөлімдерінің аудандық әскери гарнизондардың қазандықтары, құрылыс материалдарының кәсіпорындары, қазандық кәсіпорындар, ұйымдар сонымен қатар жеке секторлар. Жалпы алғанда Алматы облысы бойынша ластауыш заттардың 97,3% шығарындысы жылу және энергетика өнеркәсібінің кәсіпорындарының, 2,7% өндірістік базалар мен құрылыстың шығарындыларының үлесіне келеді.

Ластауыш заттар шығарындыларының стационарлық көздерінің саны бойынша ақпарат 1-схемада  көрсетілген.

1-схема. Ластауыш заттар шығарындыларының стационарлық көздерінің саны

Статистика деректері бойынша 2015 жылмен салыстырғанда атмосфера ауасын ластауыш шығарындылар көлемінің 4,8 мың тоннаға азайғандығы байқалады (2015 жылы – 55,0 мың тонна, 2016 жылы – 50,3 мың тонна).

Сонымен қатар, облыстың ауа бассейнінің ластануына саны жыл сайын өсетін автокөліктер елеулі үлес қосады.

2-схема. 2012-2016 жылдарға арналған Алматы облысы бойынша автокөлік құралдары санының динамикасы

Қазгидромет» РМК деректері бойынша келесі ластауыш заттар бойынша концентрацияны өлшеу жүргізілді: қалқыма заттар, РМ-10 қалқыма бөлшектер, күкірт диоксиді, көміртегі оксиді, азот оксиді, азот диоксиді, күкірт сутек сомасы, метан, аммияк және формальдегид.

Алматы облысының атмосфералық ауасының ластану  сипаттамалары бойынша толық ақпарат «Қазгидромет» РМК сайтында орналасқан (https://kazhydromet.kz/kk/bulleten/okrsreda?year=2016)

Алматы облысы аумағында жер үсті суларының ластануын бақылау 29 су объектісінде жүргізілді.

Барлығы зерттелген су объектілерінің жалпы санынан беткі сулардың сапасы келесідей үлгімен бағаланады:

– суы «орташа деңгейде ластанған» – Іле, Баянкөл, Қарқара, Есік, Талғар, Шарын, Темірлік, Лепсі, Қатынсу өзендері, Қапшағай, Күрті, Қаскелең, Бартоғай су қоймалары,  Жалаңашкөл, Сасықкөл көлдері;

– суы «нормативті таза» – Шілік және Түрген өзендері;

– суы «жоғары деңгейде ластанған» – Текес, Қорғас, Ақсу, Қаратал, Тентек, Жаманты, Ырғайлы, Емел, Үржар, Егінсу өзендері, Балқаш, Алакөл көлдері.

Барлық жері     22358,0 мың га; ластану нәтижесінде айналымнан шыққан жердің жалпы көлемі – 0 мың га: 2016 жылы қалпына келтірілген жер ауданы – 0,195 мың га құрайды.

«Қазгидромет» РМК Талдықорған қаласына, Балқаш, Балқаш-Алакөл көлдері бассейндері қойнауларының ауыр металдармен ластануын анықтау үшін іріктеу сынамаларын жүргізеді.

Балқаш көлі бассейні қойнауының ауыр металдармен ластануы.

Топырақтан алынған сынамалардан кадмий, қорғасын, мыс, хром, никель, күшәла, марганецтің құрамы анықталды. Топырақ сынамасына талдау жүргізгеннен кейін Іле өзенінің бассейнінің сағасына жүргізген зерттеулерде топырақ жамылғыларының барлық нүктелерінде күшәланың 3,25-5,65 ШЖК дейін артқаны байқалады. 2016 жылы Іле өзенінің сағасын іріктеу нүктелері басқа ауыр металдардың артуы байқалмады.

Балқаш-Алакөл көлі бассейні қойнауының ауыр металдармен ластануы.

2016 жылы экспедициялық зерттеулер барысында Балқаш көлі бассейні мен Алакөл-Сасықкөл өзендер жүйесінің 18 бақылау нүктесі бойынша су қорғау аймақ жағалауларындағы топырақ сынамаларын іріктеу жүргізілді. Топырақ сынамаларында ауыр металдар иондарының (күшәла, қорғасын, кадмий, марганец) қышқыл ерітінді нысандарының құрамы, сондай-ақ қылжымалы нысандары байқалды. Балқаш көлі бассейні мен Алакөл-Сасықкөл өзендер жүйесінің топырағында 18-дің 12 нысанында күшәланың 1,17-5,82 ШЖК шегінен, мыстың 0,04-0,39 ШЖК шегінен асқандығы байқалды. Ақши кенті Алакөл көлінің топырағында қорғасынның – 1,16 ШЖК шегінен асқандығы байқалады. Қалған бақылау нүктелердің грунтының сынамаларында ауыр металдардың құрамы ШЖК шегінде екендігі байқалады.

Талдықорған қаласы қойнауының ауыр металдармен ластануы. «Қазгидромет»

РМК-да Талдықорған қаласында топырақтың ауыр металдармен ластануын анықтау үшін сынамалар көктем және күз мезгілдерінде таңдалған. Талдықорған қаласының топырақ сынамалары көктем мезгілінде хром 0,04-0,17 ШЖК шегінде, мыс 0,43-1,61 ШЖК шегінде, мырыш 0,4–0,71 ШЖК, кадмии – 0,6 – 5,7 ШЖК, қорғасын – 1,2– 15,0 ШЖК болды. Талдықорған қаласының топырақ сынамалары көктем мезгілінде хром 0,75-2,7 мг/кг шегінде, мыс 2,7-6,7 мг/кг  шегінде, мырыш 18,8-20,4 мг/кг, қорғасын 15,74-251,3 мг/кг шегінде, кадмии – 0,38-6,8 мг/кг болды.

Топырақтың ластануы бойынша толық ақпаратты «Қазгидромет» РМК (https://kazhydromet.kz/kk/bulleten/okrsreda?year=2016) сайтынан алуға болады

Облыс аумағында 2 мемлекеттік табиғи қорық, 5 мемлекеттік ұлттық табиғи парк, 7 мемлекеттік қорықша, 3 мемлекеттік табиғи ескерткіш және 1 ботаникалық бақ бар.

Орман қорының жері 4929,6 мың га алып жатыр, оның ішінде: ерекше қорғалатын табиғи аумақтар 544,4 мың га, мемлекеттік қорғаныш орман жолақтары 3,2 мың га, қала ормандары мен орман парктері 1,1 мың га, елді мекендердің жасыл аймақтары мен емдеу-сауықтыру мекемелері 4,4 мың га, өзендер, көлдер, су сақтағыштар, арналар және басқа су объектілері жағалаулары бойынша ормандардың шектелген жолақтары 165,8 мың га, халықаралық және республикалық маңызы бар ортақ пайдаланудағы темір жолдар мен автомобиль жолдары бойындағы қорғаныш орман жолақтары 24,2 мың га, алаңдар мен топырақ қорғау ормандар 4155,9 мың га, халықаралық және республикалық маңызы бар ортақ пайдаланудағы темір жолдар мен автомобиль жолдарының каналдардың, магистральдық құбырлар мен басқа да желiлiк құрылыстардың бөлiп берiлген белдеулерiндегi енi он метр және одан кеңiрек, алаңы 4,9 мың га астам қорғаныштық екпелер жатады.

Алматы облысының орман қорын құрайтын ормандар мен орманмен көмкерілмеген жерлердің жалпы ауданы 4342,7 мың га.

Алматы облысы аумағындағы елді мекендер бойынша атмосфераның жер бетіндегі қабатының радиоактивті ластануын бақылау 5 метеорологиялық станцияда (Алматы, Нарынқол, Жаркент, Лепсі, Талдықорған) ауаны көлденең планшеттермен сынама алынды. Барлық станцияларда сынамаларды бес тәуліктік іріктеу жүргізіледі.

Гамма сәулелену деңгейін бақылау күнделікті 8 метеорологиялық станцияда іске асты (Алматы, Бақанас, Қапшағай, Нарынқол. Жаркент, Лепсі, Талдықорған, Сарыөзек) және бір автоматты бекетте іске асты – ол Талдықорған қаласының атмосфералық ауа ластануын бақылады.

«Қазгидромет» РМК ақпараты бойынша облыстағы радиация жағдайы тұрақты болып қала береді.

Облыста Алматы облысы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті АММ –мен елді мекендерде тұрақты радиациялық мониторингі жүргізіледі. Орынжайлардағы сәулелену гаммасының ЭДҚ қуаты 0,14 до 0,21 мкЗв/сағ, аумақтардағы елді мекендер бойынша түсу тығыздығының орташа мәні 0,08 ден 0,18 сағ/мкЗв/сағ толқуда. Сондай-ақ елді мекендерде радонды карталау жүргізілуде. Радон мен торонның ЭТКБ шекті жол берілетін деңгейден аспайды. Облыстағы радиациялық жағдай қалыпты.

Алматы облысында тұрғындардың санитарлы-эпидемиологиялық ахуалы саласындағы органдардың бақылауында иондалған сәулелену көздері (бұдан әрі – ИСК) бар 7 радиациалық-қауіпті объектіні бақылау жүзеге асырылды.

2016 жылы Алматы облысында түзілген тұрмыстық қатты қалдықтардың (бұдан әрі – ҚТҚ) жалпы көлемі 641,5 мың т құрайды (328 кг/адам/жыл). 2016 жылы ҚТҚ-ны қайта өңдеу үлесі 2,15%, қайта өңделгені 12,37%.

Халықты ҚТҚ-ны шығарумен қамту 67,0% құрайды, оның ішінде қала, аудан орталықтары, ірі елді мекендерді 100% қамтиды. Облыс бойынша 2025 жылға 100%-ға жеткізу жоспарлануда.

Облыста 370 полигондар мен ҚТҚ үйінділері бар, оның ішінде 9-ы (2,5%) экологиялық талаптар мен санитарлық ережелерге сәйкес.

Талдықорған қ. макулатура, тоқыма, пластик-шыны, басқа қалдықтардың 3 фракциясы бойынша ҚТҚ-ны бөлек жинауды (пилоттық жоба) енгізу жұмыстары жүргізілуде. ҚТҚ-ны бөлек жинау контейнерлері бюджеттік ұйымдар, ірі сауда орталықтарымен қоса 70 контейнерлік алаңдарда орналастырылған. Ағымдағы жылдың қыркүйек айында ТКМ операторының ықпалымен ерекше қауіпті қалдықтарды жинау үшін 190 контейнер құру жоспарлануда.

Облыс аумағында ҚТҚ-ны жинау, сұрыптау және өңдеу бойынша қызметті жүзеге асыратын 8 кәсіпорын жұмыс істейді.

Талдықорған қ. «ADAL DAMU CAPITAL» ЖШС жылына 120,0 мың тонна қуаттылығымен жұмыс істейтін қоқысты сұрыптау станциясы бар. 2018 жылы ҚТҚ органикалық фракциясын қайта өңдеу бойынша биогаз кешенінің құрылысы жоспарлануда.

2016 жылы қатты және сұйық қалдықтарды қайта өңдеу бойынша «ЭкосервисАрман» ЖШС қазақстан-түрік бірлескен кәсіпорны жұмыс жасайды. Кәсіпорынның тәулігіне жобалық қуаттылығы 50 тонна қалдық (рәзеңке, пластик, май мен тозған шина).

Іле ауданында «Таза ЖерМПК» ЖШС инвесторына ҚТҚ полигоны аумағына қоқысты қайта өңдейтін зауыт құрылысын салуға 2 га жер учаскесі берілді,

Бұған қоса Алматы облысында жыны ыдыстарды өндіру мен шыныны өңдеу бойынша 2 кәсіпорын («САФ» ЖШС, «Алматы стекло» ЖШС), пайдаланылған аккумуляторларды қайта өңдеу бойынша 1 кәсіпорын («Қайнар АКБ» ЖШС), картон және қағаз өнімдерін өндірумен қағазды өңдеу бойынша 1 кәсіпорын («KagazyRecycling» ЖШС), сонымен қатар ПЭТ ұнтақтарын, ПЭТ флекстерін және ПЭТ жолақтары мен басқа бұйымдарды өндірумен пласстик қалдықтарын қайта өңдеу бойынша 1 кәсіпорын («КазПэтПолимер» ЖШС) жұмыс істейді.

Экологиялық проблемаларды шешу мақсатында облыс әкімдігімен 2016-2020 жылдарға арналған Алматы облысының экологиялық проблемаларын шешу бойынша іс-шара жоспары әзірленді. 171,6 млн теңге сомасын құрайтын «Алматы облысының қалдықтарын басқарудың аймақтық жүйесі» жобасының техника-экономикалық негіздемесі әзірленуде.

Шағын гидроэлектрстанциялары – Алматы облысындағы жаңартылатын энергия көздерін (ЖЭК) пайдаланудағы біршама белсенді дамыған бағыт. Қазіргі таңда аймақта шамамен 111,8 МВт сомалық қуаттылығымен ЖЭК-нің қолданыстағы 18 объектісі бар. ЖЭК пайдаланушы энергия өндіруші ұйымдардың тізбесіне 2020 жылға дейін пайдалануға беру жоспарланатын ЖЭК-нің 13 объектісі енгізілген.

Облыстық энергетика және ТКК басқармаларының ақпараты бойынша «Samruk-Green Energy» ЖШС Қапшағай қ. маңында жалпы құны 1700 млн теңге болатын күн электр станциясы құрылысының инновациялық пилоттық жобасын инвестициялады.