Қоршаған ортаның жай-күйі және табиғи ресурстарды пайдалану туралы Ұлттық баяндама

Жамбыл облысы

Статистика деректері бойынша 2016 жылы ластауыш заттар шығарындыларының көлемі 52,4 мың тоннаны құрады. Стационарлық көздерден алынған ластауыш заттар шығарындыларының негізгі үлесі (42%) химиялық сектор кәсіпорындарына келеді. Жылу-энергетикалық саласы кәсіпорындарынан бөлінген шығарындылар – 18,3 %, тау-кен өндіру – 14,1 %, газ – 14 %, коммуналдық – 10,4 %, металлургиялық – 2,3 % құрайды.

Автомобиль көлігінен бөлінген шығарындылар көлемі сол күйінде қалып отыр. Оның үлесіне жалпы шығарындылардың 70%-дан астамы келеді.

1- схема. 2012-2016 жылдардағы Жамбыл облысындағы автокөлік құралдары санының өзгеруі

Жамбыл облысындағы атмосфералық ауаның жай-күйін бақылау Тараз, Жаңатас, Қаратау, Шу қалалары мен Қордай кентіндегі 9 стационарлық бекетте жүргізілді.

2016 жылы 1 ШМКм.е  асатын: қалқыма заттар бойынша – 23, қалқыма РМ-10 бөлшектер бойынша – 152, көміртегі оксиді бойынша – 85, азот диоксиді бойынша – 22, азот оксиді бойынша – 8,  күкіртсутек бойынша – 38 және фторлы сутек  бойынша 6 жағдай анықталды.

Жамбыл облысы аумағындағы жерүсті суларының ластануына «Қазгидромет» РМК 10 су объектісінде (Талас, Асса, Берікқара, Шу, Ақсу, Қарабалта, Тоқташ, Сарықау өзендері, Билікөлкөлі, Тасөткел су қоймасы) бақылау жүргізеді.

Су объектілерінің сапасы келесі жолмен бағаланады:

«төмен деңгейде ластанған» су – Талас, Асса, Берікқара, Шу, Ақсу, Қарабалта, Тоқташ, Сарықау өзендері, Билікөл көлі, Тасөткел су қоймасы.

Билікөл көліндегі судың БПК5 бойынша сапасы «төтенше жоғарғы деңгейдегі ластану» ретінде бағаланады.

Талас, Шу, Ақсу, Қарабалта, Тоқташ, Сарықау өзендерінде – «төмен деңгейде ластанған». Асса, Берікқара өзендерінде, Тасөткел су қоймасында – «нормативті-таза». Оттегі режимі нормада.

Облыс аумағындағы Билікөл көліндегі ЖЛ-дің 12 жағдайы тіркелген.

Толық ақпарат «Қазгидромет» РМК-нің (https://kazhydromet.kz/kk/bulleten/okrsreda?year=2016) сайтында орналастырылған

Облыс жер қорын санаттар бойынша бөлу, мың га:

Барлық жер – 14 426,4, оның ішінде:

– ауыл шаруашылық мақсаттағы жерлер  – 4 615,4;

– елді мекендер жерлері – 462,1;

– өнеркәсіптік және басқа жері – 146,0;

– орман қоры – 4 429,5;

– су қоры – 335,9;

– қордағы жерлер – 1 936,2.

Ластану нәтижесінде айналымнан шығарылған жерлердің жалпы ауданы 74,892 мың га-ны құрайды:

– қалпына келтіруге жатпайтын жерлер – 74,6 тыс. га;

– қайта қалпына келтірілген жерлер ауданы – 0 тыс. га;

– ластанған жерлер ауданы – 0 тыс. га;

– шөлейттенген жерлер ауданы – 0 тыс. га.

«Қазгидромет» РМК топырақтың ауыр металдармен ластануы жағдайына мониторинг жүргізеді. Толық ақпаратты «Қазгидромет»  РМК-нің (https://kazhydromet.kz/kk/bulleten/okrsreda?year=2016) сайтынан алуға болады

Жамбыл өңірлік геология және жер қойнауын пайдалану инспекциясының 26.12.2016 ж. деректері бойынша Жамбыл облысында ҚР «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Заңына сәйкес 197 рұқсат құжаттары бар 143 жер қойнауын пайдаланушы тіркелген.

Жамбыл облысы аумағында төрт мемлекеттік қорық бар:

– Андасай мемлекеттік қорығы;

– «Берікқара» мемлекеттік қорығы;

– «Қарақоңыз» мемлекеттік қорықшасы;

– «Жусандала» мемлекеттік қорықшасы.

2014–2016 жж. жергілікті маңызы бар екі – «Мерке» және «Үмбет» мемлекеттік табиғи қорықтар құрылды

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жай-күйі қанағаттанарлық. ЕҚТА аумағында өрт, орманды заңсыз кесу және орман заңнамасын басқа да бұзушылықтар жоқ.

Облыстың жануарлар дүниесі өте саналуан, мұнда 5000 астам омыртқасыздар бар. Оның ішінде 50 сүтқоректілер түрі, 150 құстардың түрі, 20-дан астам балық түрлері есептелген.

Жамбыл облысының мемлекеттік орман қорының жалпы ауданы 4,4 млн га-ны құрайды, оның ішінде орман – 2,2 млн га. Орман қоры 30,8%-ды құрайды, ал орман жамылғысы бар аудан облыстың жалпы ауданының 15,47%-ды құрайды (республика бойынша ең жоғарғы деңгей).

«Қазгидромет» РМК-нің топырақтың ауыр металдармен ластануының жай-күйін бақылауы Тараз, Қаратау, Жаңатас, Шу қалаларында көктемгі және күзгі кезеңдерде жүргізілді.

Көктемгі кезеңде Тараз қаласындағы топырақ сынамаларындағы кадмийдің концентрациясы 0,08 – 0,32 ШМК, хром  0,02 – 0,03 ШМК, мырыш 0,25 – 0,70 ШМК, мыс  0,13 – 3,57 ШМК және қорғасын  0,23 – 0,99 ШМК шегінде болды.

Күзгі кезеңде Тараз қаласындағы топырақ сынамаларындағы хромның концентрациясы 0,28 – 0,6 мг/кг, мырыш 11,4 – 20,1 мг/кг, мыс 0,75 – 2,8 мг/кг және қорғасын – 18,9-72,7 мг/кг, кадмий – 0,08-0,23 мг/кг шегінде болды.

Көктемгі және күзгі кезеңдерде Қаратау қ. тау-кен өндіру комбинатынан 500 м қашықтықтағы және метеостанция маңында (көзден (автотранспорт) – 500 м қашықтықта) топырақ сынамаларындағы анықталатын ауыр металдар 0,03 – 22,4  мг/кг шегінде болды, бұл шекті мүмкін нормадан аспайды.

Көктемгі және күзгі кезеңдерде Жаңатас қ. топырақ сынамаларындағы кадмий, мырыш, қорғасын, хром, мыс 0,01 – 15,6 мг/кг шегінде болды. Қала шетіндегі жанармай құятын станция және тау-кен өндіру комбинаты маңында нормадан артық болуы байқалмады.

Көктемгі және күзгі кезеңдерде Шу қ. топырақ сынамаларындағы қорғасын, мырыш, мыс, кадмий және хром 0,01 – 18,3 мг/кг шегінде болды.

Көктемгі және күзгі кезеңдерде қосалқы станция және Қордай кентінің орталығындағы топырақ сынамаларындағы ауыр металдар 0,01 – 15,2 мг/кг шегінде болды.

Жергілікті жердегі гамма-сәулелену деңгейін «Қазгидромет» ШЖҚ РМК-нің бақылауы күнделікті 3 метеорологиялық станцияда (Тараз, Төле би, Шығанақ) жүзеге асырылды.

Жалпы облыс бойынша радиацялық гамма-фон 0,17 мкЗв/сағ құрады және рұқсат етілген мөлшерде болды.

Жамбыл облысы аумағындағы атмосфераның төменгі қабаттарының радиацялық ластануын «Қазгидромет» РМК-нің бақылауы 3 метеорологиялық станцияда (Тараз, Төле би, Шығанақ)  горизонталь планшеттер арқылы ауа сынамаларын алу жолымен жүзеге асырылды. Барлық станцияларда бестәуліктік сынама алу жүргізілді.

 Облыс бойынша жерге түскен сәулелену тығыздығының орташа мәні  1,2 Бк/м2 құрайды, бұл рұқсат етілген-шекті деңгейден аспайды.

Қатты тұрмыс қалдықтарының 2016 жылы түзілген көлемі 60,2 мың тоннаны (55 кг/адам/жыл) құрады. 2016 жылы қайта өңделген ҚТҚ-ның үлесі 0,6 % құрады. Тұрғындардың 79,1% (қала тұрғындары – 100 %, ауыл тұрғындары – 64,5 %) қоқыс шығару қызметімен қамтылған. Облыс бойынша 168 полигон мен қоқыс төгетін жерлер бар, барлығының қажетті жобалау, құқық беретін және рұқсат құжаттары бар.

ҚТҚ бөлек жинау кезең-кезеңімен енгізіліп жатыр. Тараз қаласының 12 шағын ауданы мен 2 тұрғын үй массивінде пластикалық қалдықтарды, шыныларды бөлек жинауға арналған 101 бірлік торлы контейнерлер орнатылды. Құрамында сынабы бар шамдар мен аспаптарды қабылдау және демеркуризациялау бойынша «Алди и К»  ЖШС құрылды.

Тараз қаласының әкімдігі мен «RedwaveWasteGmbH» Германия компаниясы арасында бірлескен ынтымақтастық туралы келісімшарт жасалды. ҚТҚ-ны сұрыптау және қайта өңдеу бойынша зауыт құрылысына ауданы 10,5 га болатын жер учаскесі бөлініп берілді. Жалға беру құқығына мемлекеттік акті ресімделді. Тараз қаласында қоқысты сұрыптайтын желі орнату жөнінде мәселе қарастырылып жатыр.

Жамбыл облысының табиғи-климаттық, сондай-ақ ЖЭК-ні пайдалануға арналған маңызды энергетикалық әлеуетін ескере отырып, соңғы жылдары өңірде ЖЭК объектілерін салу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Облыс әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқарамасының ақпараты бойынша 2010 жылға дейін орнатылған барлық ЖЭК объектілерінің қуаттылығы шамамен 1,5 – 2,0 МВт-ты құрады. Бүгінгі күні жалпы қуаттылығы 114,05 МВт болатын 9 ЖЭК объектілері жұмыс істейді.

Есепті кезеңде Жамбыл облысының Қордай ауданында қуатылығы 53,75 МВт ЖЭК іске асырылды – «Ветро Инвест» ЖШС (кезең бойынша енгізу, 2016 ж. – 26,4 МВт).

ЖЭК пайдаланатын энергия өндіретін ұйымдар тізбесіне өңірде 2020 жылға дейін пайдалануға беру жоспарланып отырған 8 ЖЭК объектілері енгізілді.