Қоршаған ортаның жай-күйі және табиғи ресурстарды пайдалану туралы Ұлттық баяндама

Су


Республика су ресурстарының жай-күйі

Республиканың су ресурстарының негізгі қоры жер үсті және жер асты көздерінде шоғырланған. Жалпы алғанда Қазақстанның су ресурстары өңірлер бойынша әртүрлі орналасқан. Сонымен, шығыс ауданына барлық су ресурстарының – 34,5%-ы, солтүстікке – 4,2%-ы, орталыққа – 2,6%-ы, оңтүстік-шығысқа – 24,1%-ы, оңтүстікке – 21,2%-ы, батысқа – 13,4%-ы жатады. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылық министрлігінің деректері бойынша 2016 жылы тұщы судың жалпы қоры 524 км3 бағаланды оның ішінде мұздықтарда 80 км3, көлдерде 190 км3 шоғырланған, өзен ресурстары 101 км3 және жер асты суларының қоры 58 куб. км құрайды.

Карта интерактивті. Көріністі ұлғайту үшін, жүгіргіні картаға апару керек.

Тұщы судың жаңартылатын ресурстары туралы деректер БҰҰ ЕЭК экологиялық көрсеткіштерінің бірі (С-7), болып табылады, жыл сайынғы деректері Статистика комитетінің сайтында қол жетімді.

Сумен қамтамасыз ету деңгейі орта есеппен ел аумағының 1 км3 –ге 20 мың куб. құрайды. Бұл ретте сумен қамтамасыз ету жағдайы республикада аймақтар бойынша әртүрлі болып отыр. Сумен жеткілікті түрде қамтамасз етілген аймақтар бар мысалы, Ертіс өзенінің бассейні (Шығыс Қазақстан облысы), сонымен қатар судан тапшылық көріп отырған аймақтар да бар (Маңғыстау облысы).

Қазақстан аумағында сегіз ірі өзен бассейні бар.

1- кесте. Қазақстан Республикасының өзен бассейндері

Бассейн Бассейн өзендері
Арал-Сырдария бассейні Сырдарья
Балқаш-Алакөл бассейні Іле, Қаратал, Ақсу, Лепсі, Тентек, Емел, Аягөз, Бақанас
Ертіс бассейні Ертіс
Есіл өзені бассейні Есіл
Нұра-Сарысу бассейні Нұра және Сарысу
Тобыл-Торғай бассейні Тобыл, Торғай, Ырғыз
Жайық-Каспий бассейні Жайық өзені, сонымен қатар Ембі, Сағыз және Ойыл өзендері
Шу-Талас бассейні Шу, Талас, Аса

Республика аумағында  39 мың шамасында өзендер мен  ағын сулар бар, оның ішінде 7 мыңнан астамының ұзындығы 10 км-ден асады және барлығы беткі сулардың жалпы ауданы 4500 км2 және көлемі 190 /с шамасында 48 мыңнан астам көл бар.

Қазақстан Республикасы аумағында 2017 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Мемлекеттік балансымен 42,966 млн м3/тәул. көлемімен бекітілген пайдалану қорымен 3273 кен орны (4054 учаске) есептелген.

Мақсатты ұсынылуы бойынша пайдалануға беру қорлары жіктеледі:

– шаруашылық-ауыз сумен жабдықтау (ШАЖ) – 15,655 м3/тәу;

– өндірістік-техникалық сумен жабдықтау (ӨТС) – 2,216 млн м3/тәу;

– жер суаруға арналған (ЖС) – 18,887 млн м3/тәу;

– шаруашылық-ауыз суға және өндіріс-техникалық сумен жабдықтауға арналған (ШАС, ӨТС) – 1,177 млн м3/тәу;

– шаруашылық-ауыз суға арналған сумен қамту және жер суару (ШАС, ЖС) – 4,305 млн м3/тәу;

– кешенді пайдалануға арналған (ШАС, ӨТС, СЖ) – 0,725 млн м3/тәу.

95%-дық көрсеткіште қамтамасыз етілген шарт жағдайында бағаланған жерасты сулары қоры талап етілген сан мен сапада өндірілетін судың берілудегі сумен қамту жүйесінің 1 санатқа жауап бере алатынын көрсетеді. Жерасты суларының зерттелген қорлары толтырылған табиғи ресурстары есебінен жүзеге асады (атмосфералық жауын-шашын, өзен ағысы және басқалары) және 27 жылға дейін бекітіледі, кейін оларды қайта бағалау қажет болады.

Алайда, елдің гидрогеологиялық ерекшеліктері оның жеке аймақтарын сумен қамтамасыз етуге әсер ететін шаруашылық-ауыз суға арналған жерасты суларының аймақтық бөлінісінде тұрақсыздығын анықтап көрсетті: 50% шамасындағы ресурстар елдің оңтүстік бөлігінде, 30%-ы орталықта, солтүстік және шығыс бөліктерде, 20%-ы батыс өңірде аз мөлшерде жинақталған.

1-схема. Ауыз суы және техникалық жер асты су ресурстарымен облыстар қимасында қамтамасыздық (млн/м3 тәулік)

Республика жерасты сулары қорының 3 есе өсуі жағынан үлкен даму көрсеткішіне ие. 2014 жылғы гидрогеологиялық зерттеулер нәтижесі бойынша болжамды ресурстар 100,5 млн м3/тәул. көрсеткішіне ие болды, оның ішінде барлау жұмыстарын растауды талап ететін тұщы жерасты сулары – 63 млн м3/тәул. болды.

Су сапасының мониторингі

Гидрохимиялық көрсеткіштер бойынша су сапасының негізгі критерийлері балық шаруашылығы су қоймалары үшін маңызды ластауыш заттардың шекті жол берілетін концентрациясы (ШЖК) болып табылады.

Су сапасының өзгеру динамикасын салыстыру және анықтау үшін пайдаланылатын беткі сулардың ластану деңгейі судың ластануының кешенді индексінің (СЛКИ) мөлшері бойынша бағаланады.

Зерттелген су объектілерінің жалпы барлық санынан су сапасы келесі үлгіде жіктеледі:
– «нормативті-таза» деңгейіне 7 өзен, 1 көл, 1 арна, 1 теңіз.
– «ластанудың орташа» деңгейіне – 48 өзен, 12 көл, 11 су қойма, 3 арна.
– «ластанудың жоғары» деңгейіне – 33 өзен, 13 көл, 3 су қоймасы, 1 арна.
– «ластанудың төтенше жоғары» деңгейіне – 1 көл: Майбалық, Майбалық көлі минералдылығы 1000 мг/г асатын жоғары тұзды көлге жатады.

Көлдегі ШЖК асу жағдайлары негізінен хлоридтер, сульфаттар, кальций және магний бойынша анықталған. ҚР ЭМ ЭРБК мәліметтері бойынша көлдің ластануы шаруашылық-тұрмыстық қызмет салдарынан болмайды.

ҚР кейбір су объектілерінде оттегіні биохимиялық тұтынудың 5 тәулік ішінде арттырылған көрсеткіштері байқалады және мына әдіспен жіктеледі:

Билікөл  көлдері – «ластанудың төтенше жоғары» деңгейіне;

«ластанудың орташа» деңгейіне – Жайық (Атырау), Шаронова, Қиғаш, Ембі (Атырау), Қосестек, Ақтасты, Ойыл, Үлкен Қобда, Обаған, Сарыбұлақ, Қара Кеңгір, Талас, Шу, Ақсу (Жамбыл), Қарабалта, Тоқташ, Сарықау өзендері, Каспий теңізі, Шалқар (Ақтөбе), Сұлтанкелді (Ақмола), Қопа, Қатаркөл көлдері, Кеңгір, Аманкелді су қоймалары жатады.

Барлық су объектілерінде оттегі тәртібі нормаға сай.

Оттегін биохимиялық тұтыну (ОБТ5) және өзен суындағы аммоний азотының концентрациясы туралы деректер БҰҰ ЕЭК экологиялық көрсеткіштерінің бірі (С-13) болып табылады, жыл сайынғы кейбір деректер Статистика комитетінің сайтында қол жетімді. Сонымен қатар тұщы судағы биогенді заттар туралы деректер БҰҰ ЕЭК экологиялық көрсеткіштерінің бірі (С-14), жағалау суларындағы биогенді заттар туралы деректер БҰҰ ЕЭК экологиялық көрсеткіштерінің бірі (С-15).

Жер үсті суларының жоғары және экстремальды жоғары ластану жағдайлары – 35 су нысанында 506 ЖЛ жағдайы және 8 ЭЖЛ жағдайы тіркелді. Негізгі ластағыш заттар: тұзды аммоний, марганец (2+), Нитритті азот, мырыш (2+), кадмий, ОБТ5, күкіртті сутегі, фторидтер, сульфаттар, жалпы темір, магний, бор (3+),мыс (2+).

2-схема.Жер үсті суларында 2016 жылы ЖЛ және ЭЖЛ жағдайлары, облыстар бойынша

3-схема. Жер үсті суларында 2016 жылы ЖЛ және ЭЖЛ жағдайлары, су көздері бойынша

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ТРАНСШЕКАРАЛЫҚ ӨЗЕНДЕРІ СУЛАРЫНЫҢ САПАЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ
ҚР РФ шекаралас Ертіс өзенінің сапасы келесідей үлгіде бағаланады:

«Ластану деңгейі нормативті таза» су келесі өзендерде:

Шаронов СЛКИ 0,0 құрады. ШЖК –дан арту анықталмаған, оттегі режимі нормада (10,7 мгО2/л).
Қиғаш СЛКИ 0,0 құрады. ШЖК –дан арту анықталмаған, оттегі режимі нормада (10,8 мгО2/л).
Шаған СЛКИ 0,0 құрады. ШЖК –дан арту анықталмаған, оттегі режимі нормада (11,28 мгО2/л)

 «Ластанудың орташа деңгейі» келесі өзендерде:
Милютинка ауылы Тобыл өзені
суының сапасы (Тобыл-Торғай су шаруашылық бассейні) «ластану деңгейі орташа» ретінде сипатталады, СЛИ 2,35 құрады. ШЖК артуы басты иондар (сульфаттар-2,4, магний – 1,3 ШЖК), биогенді заттар (жалпылама темір – 1,8 ШЖК), ауыр металдар тобындағы заттар бойынша (мыс – 6,6 ШЖК, мырыш – 1,2 ШЖК, никель – 4,3 ШЖК, марганец – 1,5 ШЖК) есепке тіркелді. Оттегі режимі нормада (7,59 мгО2/л).
Аққарға ауылы Тобыл өзені суының сапасы (Тобыл-Торғай су шаруашылық бассейні) «ластану деңгейі жоғары» ретінде сипатталады, СЛИ 4,47 құрады. ШЖК артуы ауыр металдар тобындағы заттар бойынша (никель – 6,1 ШЖК, мыс – 11,7 ШЖК, мырыш – 1,3 ШЖК,) басты иондар (хлоридтер – 1,8 ШЖК, сульфаттар – 3,8, магний – 1,9 ШЖК), биогенді заттар (жалпылама темір – 4,60 ШЖК), есепке тіркелді. Оттегі режимі нормада (9,13 мгО2/л).
Чайковский кенті – Желқуар өзені суының сапасы (Тобыл-Торғай су шаруашылық бассейні) «ластану деңгейі жоғары» ретінде сипатталады, СЛИ 4,20 құрады. ШЖК артуы басты иондар (сульфаттар – 2,5, магний – 1,6 ШЖК, хлоридтер – 1,2 ШЖК), биогенді заттар (жалпылама темір – 2,2 ШЖК), ауыр металдар тобындағы заттар бойынша (мыс – 13,3 ШЖК никель – 3,9 ШЖК) есепке тіркелді. Оттегі режимі нормада (9,25 мгО2/л).
Варваринка ауылы – Айет өзені суының сапасы (Тобыл-Торғай су шаруашылық бассейні) «ластану деңгейі жоғары» ретінде сипатталады, СЛИ 3,16 құрады. ШЖК артуы басты иондар (сульфаттар – 2,1, магний – 1,1 ШЖК), биогенді заттар (жалпылама темір – 2,5 ШЖК), ауыр металдар тобындағы заттар бойынша (мыс – 9,2 ШЖК, марганец – 1,6 ШЖК, никель – 5,5 ШЖК) есепке тіркелді. Оттегі режимі нормада (8,08 мгО2/л).
Тоғызақ өзені – Тоғызақ станциясы – (Тобыл-Торғай су шаруашылық бассейні) суының сапасы «ластану деңгейі жоғары» санатына жатады СЛИ – 2,73. ШЖК артуы басты иондар (сульфаттар – 2,9 ШЖК, магний – 1,5 ШЖК), биогенді заттар (жалпылама темір – 1,9 ШЖК), ауыр металдар тобындағы заттармен (мыс – 6,1 ШЖК, мырыш – 1,5 ШЖК, никель-4,8 ШЖК, марганец – 3,7 ШЖК) есепке тіркелді. Оттегі режимі нормада (9,15 мгО2/л).
Обаған өзені –Ақсуат ауылы – (Тобыл-Торғай су шаруашылық бассейні) суының сапасы «ластану деңгейі жоғары» деп бағаланады СЛИ – 3,12. ШЖК артуы басты иондар (сульфаттар – 1,1 ШЖК), биогенді заттар (жалпылама темір – 2,3 ШЖК, ауыр металдар тобындағы заттармен (мыс – 18,7 ШЖК, мырыш – 1,5 ШЖК марганец – 3,0 ШЖК, никель – 8,4 ШЖК) және органикалық заттар (мұнай өнімдері – 1,2 ШЖК) есепке тіркелді. Оттегі режимі нормада (7,34 мгО2/л).
Үй өзені – Үй ауылы – (Тобыл-Торғай су шаруашылық бассейні) суының сапасы «ластану деңгейі жоғары» деп бағаланады СЛИ – 2,43. ШЖК артуы басты иондар (сульфаттар – 2,3 ШЖК, магний – 1,4 ШЖК), биогенді заттар (нитритті азот – 1,2 ШЖК, жалпылама темір – 2,5 ШЖК) ауыр металдар (мыс – 11,7 ШЖК, мырыш – 1,2 ШЖК, марганец – 2,2 ШЖК, никель – 4,6 ШЖК) және органикалық заттар (мұнай өнімдері – 1,2 ШЖК). Оттегі режимі нормада (9,07 мгО2/л).
Елек өзені – Целинный кенті (Жайық-Каспий су шаруашылық бассейні) суының сапасы «ластану деңгейі жоғары» санатына жатады. СЛИ – 3,11. ШЖК артуы басты иондар тобындағы заттармен есепке тіркелді (сульфаттар – 1,1 ШЖК), биогенді заттар (тұзды аммоний – 1,3 ШЖК, бор – 8,0 ШЖК), ауыр металдар (мыс – 4,5 ШЖК, мырыш – 1,8 ШЖК, хром – (6+) 2,20 ШЖК, марганец – 5,8 ШЖК), органикалық заттар (мұнай өнімдері – 4,2 ШЖК, фенолдар – 2,0 ШЖК). Оттегі режимі нормада (10,60 мгО2/л).
Шілік ауылы – Елек өзені суының сапасы – (Жайық-Каспий су шаруашылық бассейні) суының сапасы «ластану деңгейі орташа» санатқа жатады. СЛИ – 1,5. ШЖК артуы басты биогенді заттар тобындағы заттармен есепке тіркелді (жалпылама темір – 1,5 ШЖК). Оттегі режимі нормада (11,08 мгО2/л).
Январцево кенті – Жайық өзені суының ластану индексі – (Жайық-Каспий су шаруашылық бассейні) суы ластануының индексі – 1,2 санын құрап, суының сапасы «ластану деңгейі орташа» санатқа жатады. ШЖК артуы басты иондар тобындағы заттармен есепке тіркелді (натрий – 1,2 ШЖК). Судағы еріген оттектің концентрациясы нормада (9,67 мг/дм3).
Ақтөбе облысындағы Ор өзені – Бөгетсай ауылы (Жайық-Каспий су шаруашылық бассейні) суының сапасы «ластану деңгейі жоғары» санатқа жатады. СЛИ – 4,62. ШЖК артуы ауыр металдар тобындағы заттармен есепке тіркелді (мыс – 9,4 ШЖК, марганец – 7,4 ШЖК), органикалық заттар (мұнай өнімдері – 3,8 ШЖК), биогенді заттар (тұзды аммони – 1,6 ШЖК). Оттегі режимі нормада (10,11 мгО2/л).
Ақтөбе облысындағы Үлкен Қобда өзені – Қобда кенті (Жайық-Каспий су шаруашылық бассейні) суының сапасы «ластану деңгейі жоғары», СЛКИ – 3,47. ШЖК артуы басты иондар тобындағы заттармен есепке тіркелді (сульфаттар – 1,8 ШЖК), ауыр металдар (мыс – 8,4 ШЖК, марганец – 4,6 ШЖК), органикалық заттар (мұнай өнімдері – 3,1 ШЖК, фенолдар – 1,2 ШЖК). Оттегі режимі нормада (9,23 мгО2/л).
Шаған өзені – Чувашенский кенті (Жайық-Каспий су шаруашылық бассейні) суының сапасы «ластану деңгейі қалыпты таза», СЛИ – 0,0. ШЖК артуы тіркелмеген. Оттегі режимі нормада (11,28 мгО2/л).
Жалпақтал ауылы – Қараөзен өзені суы ластануының кешенді индексі (Жайық-Каспий су шаруашылық бассейні) 1,57 құрап, «ластану деңгейі орташа» сатысына сәйкес келді. ШЖК артуы басты иондар тобындағы заттармен есепке тіркелді (хлоридтер – 1,6 ШЖК, магний – 1,9 ШЖК, натрий – 1,1 ШЖК). Оттегі режимі нормада (10,47 мгО2/л).
Сарыөзен өзені – Бостандық ауылы кешенді ластану индексі (Жайық-Каспий су шаруашылық бассейні) 1,80 құрап, «ластану деңгейі орташа» сатысына сәйкес келді. ШЖК артуы басты иондар тобындағы заттармен есепке тіркелді (хлоридтер – 2,00 ШЖК, магний – 1,6 ШЖК). Оттегі режимі нормада (10,76 мгО2/л).
Шароново ағысы суының сапасы «нормативті-таза» түрінде (Волга өзені бассейні) сипатталады. СЛИ 0,0 құрайды. ШЖК артқаны байқалмайды. Оттегі режимі нормада (10,7 мгО2/л).
Қиғаш жеңі суының сапасы «нормативті-таза» түрінде (Волга өзені бассейні) сипатталады. СЛИ 0,0 құрайды. ШЖК артқаны байқалмайды. Оттегі режимі нормада (10,8 мгО2/л).

Қазақстан Республикасы-Өзбекстан Республикасы
Сырдария өзені  Көкбұлақ ауылы (Арал-Сырдария су шаруашылық бассейні) суының сапасы «ластану деңгейі орташа» санатқа жатады, СЛИ – 2,90. ШЖК  артуы басты иондар тобындағы заттармен есепке тіркелді (сульфаттар – 4,9 ШЖК, магний – 1,4 ШЖК), биогенді заттар (нитритті азот – 4,1 ШЖК), ауыр металдар (мыс – 2,0 ШЖК) органикалық заттар (фенолдар – 2,2 ШЖК). Оттегі режимі нормада (9,77 мгО2/л).

Қазақстан Республикасы- Қырғызстан Республикасы
Шу – Благовещенское ауылы, Талас – Жасөркен ауылы, Асса – Маймақ теміржол станциясы, Ақсу – Ақсу ауылы, Тоқташ – Жауғаш батыр кенті, Қарабалта – Қырғызстанмен шекарада, Сарғоу – Қырғызстанмен шекарада, Қарқара – тау бөктерінде.
Судың сапасы бойынша барлық су объектілері «ластану деңгейі орташа» деп бағаланады.

Шу өзені Благовещенское ауылы (Шу-Талас су шаруашылық бассейні) суының сапасы «ластану деңгейі орташа» санатқа жатады. СЛИ – 1,88 құрады. ШЖК  артуы басты иондар тобындағы заттармен есепке тіркелді (сульфаттар – 1,1 ШЖК), биогенді заттар (нитритті азот) – 2,3 ШЖК, ауыр металдар (мыс – 2,6 ШЖК), органикалық заттар (фенолдар – 1,4 ШЖК). Оттегі режимі нормада (9,51 мгО2/л).

Талас өзені Жасөркен ауылы суы ластануының кешенді индексі сапа жағынан – 2,1 құрайды, суы «ластану деңгейі орташа» санатқа жатады. Ластану ауыр металдар есебімен бақыланады (мыс – 2,10 ШЖК). Оттегі режимі нормада (9,80 мгО2/л).

Асса өзені Маймақ станциясы үшін СЛИ – 2,1 құрайды және суы «ластану деңгейі орташа» санатқа жатады. Ластану ауыр металдар есебімен бақыланады (мыс – 2,2 ШЖК), Оттегі режимі нормада (9,17 мгО2/л).

Ақсу Ақсу ауылы суы ластануының кешенді индексі сапа жағынан 2,03 құрайды және «ластану деңгейі орташа» су тобына жатады. ШЖК артуы басты иондар тобындағы заттармен есепке тіркеледі (сульфаттар – 2,4 ШЖК), биогенді заттар (фторидтер – 1,4 ШЖК), ауыр металдар (мыс – 2,9 ШЖК), органикалық заттар (мұнай өнімдері – 1,2 ШЖК, фенолдар – 1,7 ШЖК). Оттегі режимі нормада (9,69 мгО2/л).

Тоқташ өзеніЖауғаш Батыр кенті (Шу-Талас су шаруашылық бассейні) «ластану деңгейі орташа» санатқа жатады, СЛИ – 2,05. ШЖК артуы басты иондар тобындағы заттармен есепке тіркеледі (сульфаттар – 3,1 ШЖК, магний – 1,1 ШЖК), биогенді заттар (жалпы темір – 1,1 ШЖК), ауыр металдар (мыс – 3,4 ШЖК), органикалық заттар (фенолдар – 1,6 ШЖК). Оттегі режимі нормада (9,55 мгО2/л).

Қарабалта өзеніҚырғызстанмен шекарасында (Шу-Талас су шаруашылық бассейні) суының сапасы бойынша «ластану деңгейі орташа» деп сипатталады, су ластануының кешенді индексі – 2,13. ШЖК артуы басты иондар тобындағы заттармен есепке тіркеледі (сульфаттар – 3,8 ШЖК, магний – 1,5 ШЖК), биогенді заттар (жалпы темір – 1,1 ШЖК, фторидтер – 1,2 ШЖК), ауыр металдар (мыс – 3,2 ШЖК) органикалық заттар (мұнай өнімдері – 1,2 ШЖК, фенолдар – 1,9 ШЖК). Оттегі режимі нормада 9,68 мгО2/л).

Сарықау өзеніҚырғызстанмен шекарасында (Шу-Талас су шаруашылық бассейні) суының сапасы бойынша «ластану деңгейі орташа» деп сипатталады, су ластануының кешенді индексі – 2,17. ШЖК артуы басты иондар тобындағы заттармен есепке тіркеледі (сульфаттар – 3,6 ШЖК, магний – 1,6 ШЖК), биогенді заттар (жалпы темір – 1,2 ШЖК, фторидтер – 1,9 ШЖК), ауыр металдар (мыс – 3,1 ШЖК), органикалық заттар (фенолдар – 1,4 ШЖК). Оттегі режимі нормада (9,76 мгО2/л).

Қарқара өзенітаудан шығарда – (Балқаш-Алакөл су шаруашылық бассейні) суының сапасы бойынша «ластану деңгейі орташа» деп сипатталады, СЛИ – 1,40. ШЖК артуы жоғарылауы ауыр металдар тобын заттарының есебімен бақыланады  (мыс – 2,2 ШЖК, марганец – 1,2 ШЖК), биогенді заттар (жалпы темір – 1,3 ШЖК), басты иондар (сульфаттар – 1,2 ШЖК). Оттегі режимі нормада 11,8 мгО2/л.

Қазақстан Республикасы –Қытай Халық Республикасы

Қара Ертіс өзені – Боран ауылы, Іле-Добын бұғазы, ТекесТекес ауылы, ҚорғасБаскүнше және Ынталы ауылы, ЕмелҚызылту ауылы.

Барлық өзендер суларының сапасы «ластану деңгейі орташа» деп сипатталады.

Қара Ертіс өзенінің трансшекарасындағы, Боран ауылы тұстамасында (Ертіс су шаруашылық бассейні) ҚХР аумағынан келетін судың сапасы «ластану деңгейі орташа» санатқа жатады. СЛИ – 2,0 құрады, ШЖК артуы ауыр металдар тобы есебінен тіркеледі (мыс – 2,0 ШЖК). Оттегі режимі нормада (10,27 мгО2/л).

Іле өзеніДобын бұғазы – (Балқаш-Алакөл су шаруашылық бассейні) бойынша ҚХР аумағынан келетін судың сапасы «ластану деңгейі орташа» санатқа жатады, СЛИ – 1,79. ШЖК артуы ауыр металдар тобы есебінен тіркеледі (мыс – 1,9 ШЖК, марганец – 1,4 ШЖК), биогенді заттар (жалпы темір – 3,0 ШЖК, нитритті азот – 1,7 ШЖК, тұзды аммоний – 1,1 ШЖК). Оттегі режимі нормада (9,87 мгО2/л).

 Текес өзені суының сапасы Текес ауылы (Балқаш-Алакөл су шаруашылық бассейні) «ластану деңгейі орташа» санақта жатады, СЛИ – 3,20. ШЖК артуы ауыр металдар есебінен тіркеледі (мыс – 3,1 ШЖК, марганец – 6,2 ШЖК), биогенді заттар (жалпы темір – 2,5 ШЖК, нитритті азот – 1,1 ШЖК). Оттегі режимі нормада (10,30 мгО2/л).

Қорғас өзені суының сапасы Баскүнше ауылы (Балқаш-Алакөл су шаруашылық бассейні), «ластану деңгейі орташа» санатқа жатады, СЛИ – 1,65. ШЖК артуы ауыр металдар есебінен тіркеледі (мыс – 1,3 ШЖК, марганец – 1,3, ШЖК) биогенді заттар (жалпы темір – 2,0 ШЖК). Оттегі режимі нормада (11,0 мгО2/л).

Қорғас өзені суының сапасы Ынталы ауылы (Балқаш-Алакөл су шаруашылық бассейні) «ластану деңгейі орташа» санатқа жатады, СЛИ – 4,90 құрады. ШЖК артуы ауыр биогенді заттар есебінен тіркеледі (жалпы темір – 5,5 ШЖК) ауыр металдар (мыс – 4,6 ШЖК, марганец – 6,3, ШЖК, мырыш -2,0 ШЖК). Оттегі режимі нормада (10,3 мгО2/л). .

Қызыл–Ту кенті – Емел өзені бойынша – (Балқаш-Алакөл су шаруашылық бассейні) су сапасының талдау нәтижесі бойынша су сапасы «ластану деңгейі орташа» санатқа жатады. СЛИ – 1,94. ШЖК артуы басты иондар тобындағы заттармен есепке тіркелді (сульфаттар – 1,8 ШЖК), ауыр металдар (мыс – 2,3 ШЖК, марганец – 1,9 ШЖК). Оттегі режимі нормасы (8,97 мгО2/л).

2015 жылмен салыстырғанда трансшекаралық өзендердің келесідей сапалық өзгерістері есепке алынады:

– Есіл өзендердің трансшекаралық сапалық жағдайы (Долматово ауылы), Обаған (Ақсуат кенті), Іле (Добын бұғазы), Емел (Қызыл ту кенті), Сырдария (Көкбұлақ ауылы), Шу (Благовещенское ауылы), Талас (Жасөркен ауылы), Асса (Маймақ станциясы), Аксу (Ақсу ауылы), Тоқташ (Жауғаш Батыр кенті), Қарабалты ( Қырғыз Республикасы шекарасымен), Сарықау (Қырғыз Республикасы шекарасында), Елек (Шілік кенті), Жайық өзені – Январцево кенті, Қараөзен (Жалпақтал ауылы), Елек (Целинный), Қорғас (Баскүнше), Қара Ертіс (Боран ауылы), Ертіс (Прииртышское ауылы), Әйет (Варваринка ауылы), Қарқара (таудан шығарда), Үлкен Қобда (Қобда кенті ), Ор (Бөгетсай ауылы), Қиғаш (Котяевка ауылы), Шароновка (Гонюшкино ауылы) – айтарлықтай өзгермеген;

– Текес (Теккес ауылы) өзенінде, Қорғас (Ынталы ауылы) – нашарлады;

– Тобыл (Милютинка ауылы), Тоғызақ (Тоғызақ маңы), Үй (Үй ауылы), Шаған өзені – Каменный кенті (Чувашинский кенті) – жақсарды;

Қазақстан Республикасының 3 трансшекаралық өзендерінде жоғары ластанудың (ЖЛ)                  4 жағдайы атап көрсетілді:

«ЯФИ» РМК «Қазгидромет» РМК-мен 2016 жылдың көктемі мен күзінде іріктелген су сынамаларына, олардың радионуклидтті және элементті құрамын анықтау үшін зерттеу жүргізді.

Талдау нәтижелері бойынша 3.1, 3.2, 3.3-ші суреттерінде көрсетілген радионуклидтердің концентрацияларының біршама мәндері Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс Қазақстан өзендеріне сәйкес:

Шу ө., Емель ө., Сырдария ө. және әсіресе Қарабалта ө. Алайда, олардың радиациялық белгілері бойынша құрамы тірі организмдер мен қоршаған ортаға қауіп келтірмейдігін атап өткен жөн, себебі радионуклидттің концентрациясының біршама мәні уран – 234 (U-234) Қарабалта өзенінде 2015 жылдың көктемінде (365 мБк/л) және күзінде (434 мБк/л) судың осы радионуклиді үшін (2.8 Бк/л) Қазақстан Республикасының «Араласу деңгейі» санитарлы нормативінен аса маңызсыз (0.130 және 0.155, сәйкесінше) үлесін құрайды. Және тірі ағзалар мен қоршаған ортаға қауіп келтірмейді.

 

4-схема. Кейбір өзендердің суларының құрамында көктем мерзімінде ШЖКРК*  немесе ШЖКДДҰ** мәнімен сәйкестендірілген жеке қоспа (сомалық) элементтерінің концентрациясы мәні

Су көзі Заттың атауы ШЖК мкг/л Көрсеткіш мкг/л
Жайық өз. (Орал) Алюминий (Al) ШЖКҚР, 500 73,3
Марганец (Mn) (ШЖКҚР ) 100 34,5
Елек өз Мырыш (Zn)
(ШЖКҚР, Zn2+ )
(ШЖКДДҰ)
5 000
10
24,4
Фосфор (P) (ШЖКҚР, элементарлы фосфор) 0,1 619
Тобыл өз. Хром (Cr) (ШЖКҚР, Cr6+) 50 5,74
Ертіс өз. Күміс (Ag)
(ШЖКҚР)
(ШЖКДДҰ)
50
2,0
1,5
Шу өз. (SH): Барий (Ba)
(ШЖКҚР)
(ШЖКДДҰ)
100
700
Уран (U) (ШЖКҚР) 15 17,2
Қарабалта өз Күшәла (As)
(ШЖКҚР)
(ШЖКДДҰ )
50
10
4,35
Молибден (Mo) (ШЖКҚР)
(ШЖКДДҰ)
250
70
23,9
Уран (U)
(ШЖКҚР )
15 28,3
литий (Li)
(ШЖКҚР )
30 18
Сырдария өз. Стронций (Sr) (ШЖКҚР, Sr2+) 7000 2483
Қорғасын (Pb)
(ШЖКҚР)(ШЖКДДҰ)
30
10
2,6
Уран (U) (ШЖКДДҰ) 15 16,2
Литий (Li) (ШЖКҚР) 30 18,5
Бор (B) (ШЖКҚР = 500 мкг/л) — 147 мкг/л 500 147
Никель (Ni)
(ШЖКҚР)
(ШЖКДДҰ)
100
70
6,3

5 – схема. Кейбір өзендердің суларының құрамында күз мерзімінде ШЖКРК*  немесе ШЖКДДҰ** мәнімен сәйкестендірілген жеке қоспа элементтерінің концентрациясы мәні

*Су көздеріне, шаруашылық-ауыз су мақсаты үшін су жинау орындарына, шаруашылық-ауыз сумен жабдықтауға және суды мәдени-тұрмыстық пайдалану орындарына және су объектілерінің қауіпсіздігіне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 16 наурыздағы № 209 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 22 сәуірде № 10774 тіркелді

** ШЖКДДҰВОЗ [Guidelines for Drinking Water Quality: incorporating first addendum, Third Edition, World Health Organization. Recommendations – Switzerland, 2013, 595 p.]

Қазақстан Республикасының нормативті құжаттарында судағы уран (химиялық элемент ретінде) үшін шекті ШЖК мәні келтірілмеген. Сонымен қатар, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) ұсыныстарына сәйкес уранның химиялық қауіптілігі 1-ші сыныпқа жатады және оның құрамының ауыз суда болуы  ШЖК=15 мкг/л мәнімен белгіленген. Ресей Федерациясының санитарлық ережелерінде, сондай-ақ бұл нормативтер қабылданған. [«Шаруашылық ауыз су және мәдени тұрмыстық су пайдалану объектілерінде су объектілерінде судағы химиялық заттардың шекті жол берілетін концентрациялары» 2.1.5.2280-07 ГН гигиеналық нормативтері. 2007 жылдың 22 қарашасында РФ ӘМ тіркелді. Тіркеу нөмірі № 10520]. Осы нормативті назарға ала отырып (су сынамаларының индуктивті-байланысты плазма және нетроактивті талдауымен масса-спектроскопия әдістерімен микроэлементтік талдау деректері бойынша) Сырдария (17,6 мкг/л), Шу (17,2 мкг/л) өзен суларында уранның болуы, әсіресе Қарабалта ПДК=15 мкг/л мәні айтарлықтай артты.

ҚР Санитарлық ережелеріне сәйкес қауіптіліктің 1 және 2-ші сыныбындағы заттары сомалық сипатқа ие яғни, қауіпті сыныптың бірнеше заты болған кезде сомалық ластану көрсеткіші лимиттелген зияндылық көрсеткіші қатынас сомасы үшін 1 және 2-ші сыныптағы қауіптілік элементтерінің концентрациясынан табылған судағы ШЖК қауіптілік мәні 1.0-ден артық болмауы есептеледі. Салыстыру үшін осындай есептер ДДҰ-мен ұсынылған ШЖК мәні бойынша қауіптіліктің осы көрсеткіштері үшін есептер жүргізілді.

6 – схема. ДДҰ-ның нормативтері бойынша Қазақстандағы трансшекаралық өзен суларының  мәні  (индуктивті-байланысты плазма және масса-спектроскопия деректері)


Су ресурстары сапасының тұрғындарға әсері

2016 жылы қызмет көрсету зертханасы микробиологиялық көрсеткіштер бойынша 34556 сынама суды сынақтан өткізді, олардың 883 үлгілері немесе олардың 2,6%-ы талаптарға сай емес (2015 жылы 2,0%).

Санитарлық-химиялық көрсеткіштер бойынша 30534 су үлгілері зерттелді, олардың 1016 үлгілері немесе 3,3% (2015 жылғы 2,5%) тиісті үлгілер болмады.

Ауыз суының сапасы туралы деректер БҰҰ ЕЭК экологиялық көрсеткіштерінің бірі (С-12) болып табылады, жыл сайынғы кейбір деректер Статистика комитетінің сайтында қол жетімді

Орталықтандырылмаған көздерден (ұңғымалар, құдықтар, бұлақтар және т.б.) санитарлық-химиялық көрсеткіштер бойынша 2036 су үлгілері алынды, оның ішінде 174 үлгілі немесе 8,5% талаптарға сай емес (2015 жылы – 6,5%). Микробиологиялық көрсеткіштер бойынша орталықтандырылмаған сумен жабдықтау көздерінен 2 057 су үлгілері зерттелді, үлгілердің 86 немесе 4,2% -ы талаптарға сай емес (2015 жылы – 4,0%).

Қазіргі уақытта Қазақстан халқының 67%-ы ауыз сумен қамтамасыз етудің орталық жүйесін пайдалана алады.

Қол жетімді ауыз судың жеткіліксіз жағдайы суды бұру және ағынды суларды тазалау техникалық қолдау және орталықтандырылған сумен жабдықтаудың қолданыстағы инфрақұрылымын жөндеу саласындағы артта қалушылықпен қиындайды. Олар ел масштабында шамамен барлық көлемнің 40%-ын құрайды. Инфрақұрылымды дамытудағы артта қалушылық себептерінің бірі – операциялық және инвестициялық шығындарды жабуға мүмкіндік бермейтін тарифті жасаудың әлсіз механизмі болып табылады.

Активтердің жалпы қанағаттанарлықсыз жай-күйі (60% астамы тозған) орталықтандырылған сумен жабдықтау қызметтер сапасының көрсеткіштерін нашарлатады.


Су ресурстарына әсер ету факторлары

2016 жылы Қазақстан кәсіпорындары 1971 млн м3 желісіне жеткізілді, 639,8 млн м3 ағынды су жіберілді, оның ішінде тазарту құрылғылары арқылы 582,6 млн м3 ағынды сулар жіберілді осылайша ағындың жалпы ағымына өткізілген ағынды сулардың үлесі 91,1%-ды құрады. Соның ішінде толық биологиялық тазарту арқылы тазартылғаны 535,6 млн м3, оның толық өңделмегені 5,7 млн м3, нормативті тазартылғаны – 468,4 млн м3, жеткіліксіз тазартылғаны – 50,6 млн м3.

Республиканың өңірлері бойынша кәріздік ағынды суларды жалпы ағызудағы тазартылған ағындылардың төмен үлесі Атырау облысында (35,6%) байқалды.

Кәріздік ағынды суларды жалпы ағызудағы ағындылардың толығымен тазартылғаны Астана және Алматы қалаларында байқалды.

7 – схема. Кәріздік жабдықтар жұмыстарының негізгі көрсеткіштері,аймақтар қимасында ( мың м3)

Республика аумағында 560 кәріз жүйесі және 317 жеке кәріз желілерінің жұмыс істейді және 2015 жылға қарағанда 11 бірлікке өсті.

Ластанған ағынды сулар туралы деректер БҰҰ ЕЭК экологиялық көрсеткіштерінің бірі (С-16) болып табылады, жыл сайынғы кейбір деректер Статистика комитетінің сайтында қол жетімді

8 – схема. Кәріздік имараттардың, жеке кәріздік желілер және кәсіпорындар саны, аймақтар қимасында, 2015-2016 жылдарға (бірлік)

2016 жылы кәріздік имараттардағы апаттардың саны 513 бірлікті құрады, 2015 жылмен салыстырғанда  35% -ға азайды айтарлықтай азаюы байқалады, оның ішінде2016 жылғы кәріздік желілердегі апат саны 470, 2015 жылмен салыстырғанда 244 апатқа төмен.

9 – схема. Кәріздік имараттар мен кәріздік желілердегі апаттар саны, аймақтар қимасында, 2015-2016 жылдар (бірлік)

2016 жылы Республика бойынша кәріздік желілердің ұзындығы 15,3 мың км, бас коллекторлар-4,8 мың км, көше желісі- 5,6 мың км, орамішілік және аулаішілік-5 мың км-ні құрады

10 – схема. 2016 жылы кәріздік желілердің ұзындығы,аймақтар қимасында мың м3

15,3 мың км кәріздік желінің 5,4 мың км ауыстыруды қажет етеді жіне 1 мың км-ден астамы ауыстырылды.

 

11 – схема. Ауыстыруды қажет ететін және ауыстырылған кәріздік желілердің ұзындығы, аймақтар қимасында


Су ресурстарына әсер ету

Статистика комитетінің мәліметтері бойынша, ағынды сулардың көлемі 2016 жылға 5205,011 млн м3, 5112 млн м3 ағынды сулар тазартылды, тазартылмаған (жеткіліксіз тазартылған) ағынды сулардың үлесі 1,79% -ды құрады.

 

12 – схема. 2014-2016 жылдары ағынды сулар және тазартылған ағынды сулардың жалпы көлемі млн м3/жыл

Ағызылған ағынды сулардың көлемінің азаюы және тазартылмаған ағынды сулардың үлесәнәі төмендеуі қоршаған ортаға жүктеменің (ластанудың) төмендеу көрсеткіштері болуы мүмкін.

Тұтастай елде соңғы 5 жыл ішінде экономиканың барлық салаларын жыл сайын  сумен жабдықтау орта есеппен 22,5 куб. км құрады, оның 95%-ы беткі сулар есебінен.

2016 жылы тұщы суды алу 21 653 млн м3 құрады, оның ішінде 20 585 млн м3 жер беті және жер асты 1 068 млн м3 жер асты сулары.

Тұщы суларды алу туралы деректер БҰҰ ЕЭК экологиялық көрсеткіштерінің бірі (С-8) болып табылады, жыл сайынғы кейбір деректер Статистика комитетінің сайтында қол жетімді

13 – схема. 2014-2016 жылдары жер беті және жер асты суларын алу

*теңіз суы есепке алынбайды

Суды тұтынудың негізгі үлесі ауыл шаруашылығы өндірісіне келеді – елде су тұтынудың жалпы көлемінің 60%-нан жоғары.

14 – схема. 2014-2016 жылдары шаруашылық қызмет түрлері бойынша суды алу, млн.м3

2016 жылы табиғи көздерден 24 563 млн м3 су алынды, ең көбі Оңтүстік Қазақстан облысында – 6684,5 млн м3, ең азы Ақмола облысында -52 млн м3 су алынған.

15 – схема. Қазақстан Республикасының аймақтары бойынша табиғи көздерден су алу, млн

Суды коммуналдық-тұрмыстық және ауыз су қажеттіліктеріне пайдалану

Халықтың суда ауыз сумен және тұрмыстық қажеттілікпен қамтамасыз етілуі басымдылық болып табылады. Суды жалпы тұтыну құрылымында ауыз суды пайдалану 4-5% -дан аспайтынына қарамастан, халықтың сумен қамтамасыз ету қауіпсіздігі суды тиімді сақтау және ластануды болдырмау саясатын іске асыру арқылы экономиканың басқа салаларындағы су ағынының деңгейіне байланысты болады.

Есепті жылы қалалардың, жұмысшылар кенттерінің және өнеркәсіптік кәсіпорындарының коммуналдық және тұрмыстық қажеттіліктері үшін суды тұтыну көлемі 0,715 км3 құрады.

Коммуналдық шаруашылық кәсіпорындарымен барлығы 0,396 км3 ағынды сулар ағызылады, оның ішінде табиғи жер үсті су қоймаларына ағызылатыны 0,04 км3 ағынды сулар.

Өнеркәсіп қажеттіліктеріне суды пайдалану

Есепті жылда суды өнеркәсіп қажеттілікте пайдалану 5,23 км3  несесе суды тұтынудың жалпы көлемінің  25 %-ын құрайды. Бұл ретте беткі көздерден суды алу 5,1 км3 құрайды. Су алуда жылу энергетика, түсті металл, мұнай өнеркәсібі кәсіпорындарының біршама үлес салмағы бар.

Ауыл шаруашылығында суды пайдалану

Есепті жылда толықтай қайтарымсыз суды тұтыну болып табылатын ауыл шаруашылығында суды толық тұтыну 12,1 км3 құрайды, ол, барлық суды тұтынудың 98%-ы  ауыл шаруашылықтың суару үлесіне жатады (су басқан шалғындармен қоса жүйелі және лиманды суару ).

Есепті жылы нақты түрде 1,34 млн га жүйелі суарылды, инженерлі-лиманды суару 0,101 млн га және есепті жылда 0,482 млн га суарылды.

 

16-схема. Экономика салалары қимасында суды пайдаланудың негізгі көрсеткіштері, млн м3

Қалаларда тұтынудың 55%-ын, ауылдық елді мекендерде 11%-ын құрайтын коммуналды-тұрмыстық қажеттіліктерге жыл сайын 0,8 – 0,9 км3 немесе су 4 – 7%  ал, суды беруді жоғалту – барлық су алудың ширегіне жуығы шығындалды.

Коммуналдық-тұрмыстық қажеттіліктер үшін су алудың көлемі жылына 0,9 км3 құрайды, халықтың жан басына шаққандағы ЖІӨ-нің ұқсас деңгейімен салыстырғанда, коммуналдық қызметтерге орташа жан басына шаққандағы суды тұтыну деңгейі төмен және жылына 51 м3, ал Бразилияда, Түркияда, Ресей және Мексикада жылына 80 – 100 м3. Тұтынудың төмен деңгейі негізінен сумен жабдықтау және санитария желілерінің жеткіліксіз болуымен байланысты.

17-схема. 2013-2016 жылдары жан басына шаққандағы тұрмыстық суды тұтыну

Жан басына шаққандағы тұрмыстық суды тұтыну туралы деректер БҰҰ ЕЭК экологиялық көрсеткіштерінің бірі (С-9) болып табылады, жыл сайынғы кейбір деректер Статистика комитетінің сайтында қол жетімді

Тасымалдау кезінде судың жоғалуы орта есеппен келесідей: ауыл шаруашылық  тұтынушылары үшін 60%; өнеркәсіп тұтынушылары үшін 40%-ға жуық және суды тұтыну көлемінен коммуналдық шаруашылықтар үшін 50%. Коммуналдық және ауыл шаруашылығында су ресурстарын пайдаланудың ағымдағы жағдай кезінде 2040 жылға дейін өнеркәсіпте тиімділіктің жылдық орташа деңгей 29,7 км3 дейін суды алуда өсу күтілуде. 

18-схема. 2011 – 2016 жылдары тасымалдау кезіндегі судың жоғалуы, млн м3

м3″]

Тасымалдау кезіндегі судың жоғалуы туралы деректер БҰҰ ЕЭК экологиялық көрсеткіштерінің бірі (С-10) болып табылады, жыл сайынғы кейбір деректер Статистика комитетінің сайтында қол жетімді.


Су ресурстарын қорғау

2016 жылы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің аумақтық органдарында 3147  су құбыры, оның ішінде қалалық жерлерде 254 (258), ауылдық 2819 және топтық 74, су пайдалану орындарында 899, оның ішінде I-санатты су қоймалары – 229, II-санатты – 670. Гидрохимиялық көрсеткіштер бойынша беткі су ресурстарының сапасын бақылау 128 су объектісінің 392 гидрохимиялық тұстамасында жүргізілді: 83 өзенде, 14 су қоймасында, 26 көлде, 4 арнада, 1 теңізде. Беткі сулардың ластануының аталған мониторингі 30 трансшекаралық өзендердегі 34 гидрохимиялық тұстама өңделді. Қазіргі таңға дейін суды бөлу туралы келісімі жоқ Қытай Халық Республикасының (бұдан әрі – ҚХР) басқа іргелес елдермен жасалған шарттарға сәйкес Қазақстанға жылына орта есеппен трансшекаралық өзендердің келесідей ағыс көлемдері келіп құйылуы қажет:

Сырдария өзені – 12 км3;

Жайық өзені – 7,79 км3;

Іле өзені –12 км3, Қара Ертіс өзені- 9,8 км3 (көп жылдық орташа деректер негізінде);

Шу өзені – 2,79 км3, Талас өзені – 0,81 км3.

р. Жайык – 7,79 км3;

Аймақтарды дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы және 2015-2019 жылдарға арналған «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 2016 жылы Республикалық бюджеттен 31 жобаны іске асыру үшін 41,4 млрд теңге бөлінді, соның ішінде 25 жоба, 6 жаңа жоба (ауылдарда 17 жоба бойынша 6,2 млрд теңге, қалалар – 14 жобаны іске асыруға 35,2 млрд теңге).

Нәтижесінде  368,477 км су құбыры мен кәріз желісі салынды және қайта жаңартылды, оның ішінде сумен жабдықтау 332,877 км, суды бұру 35,6 км (ҚЕМ 59,19 км салынды, 38,996 км қалпына келтірілді, ҚЕМ 11,1 км салынды, 259191 км қалпына келтірілді).

2016 жылғы жоспарлы көрсеткіштер Бағдарлама шеңберінде объектілерді аяқтау есебінен қол жеткізілді (қалаларда орталықтандырылған сумен жабдықтауға қол жетімділік –  88 %, ауылдарда орталықтандырылған сумен жабдықтауға қол жетімділік – 52,3 %, қалаларда суды бұру – 84%, ауылдарда суды бұру – 11,2%).

«Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 2016 жылы сумен жабдықтау жүйесін қалпына келтіру және құрылысына 2 178 951 мың теңге бөлінді, 1 664 663 мың теңге немесе 76%-ы игерілді.

2013 жылы «Ақ-Бұлақ» бағдарламасы шеңберінде 341 ауылдық елді мекенде жер асты қорларын қамтамасыз ету үшін іздестіру-барлау (бұдан әрі – ІБЖ) және 35 кен орнын жер асты сулары қорларын қайта бағалау мақсатында қайта барлау жұмыстары аяқталды. Жұмыстар нәтижесінде 330 ауылдық елді мекен үшін 141,3 мың3/тәул. көлеміндегі жер асты су қорлары бекітілді, 1126,9 мың м3/тәул. сомалық көлемдегі кен орындарының қоры қайта бағаланды, 4,32 мың м3/ тәул. 2 учаскенің қоры барланды. 11 ауылда кен орындарының жер асты сулары анықталмады немесе ауыз сумен қамтамасыз етуге жарамсыз тұзды су анықталды.

2014 жылы 216 ауылда ІБЖ аяқталды, оның 213-і 111,25 м3/тәул. көлеміндегі жер асты суларымен қамтамасыз етілді және 769,6 м3/тәул. көлеміндегі 30 жер асты кен орнының қорлары байта бағаланды және бекітілді. 3 ауылда ауыз сумен қамтамасыз етуге жарамсыз тұзды су анықталды.

2015 жылы 744 ауылда жұмыстар аяқталды, оның 709-ы 561,753 м3/тәул. көлеміндегі жер асты су қорларымен қамтамасыз етілді және 859,018 м3/тәул. көлеміндегі 40 кен орнының қорлары байта бағаланды және бекітілді. 35 ауылда тұзсыздандыруға жарамсыз тұзды су немесе елді мекендерге жақын тұщы жер асты сулары жоқтығы анықталды.

 2016 жылы 480 ауылда жұмыстар аяқталды, оның 456-сы 130,6 м3/тәул. көлеміндегі жер асты суларымен қамтамасыз етілді және 1 682,5 м3/тәул. көлеміндегі 40 кен орнының қорлары байта бағаланды және бекітілді. 24 ауылда ауыз сумен қамтамасыз етуге жарамсыз тұзды су анықталды.

2017 жылдың соңына 330 ауыл үшін  ұқсас жұмыстар жүргізу және 12 кен орны үшін жер асты су қорларын қайта бағалау жоспарлануда.

2016 жылы айналмалы және қайтадан пайдаланылған су көлемі 8257 млн м3 құрады. 3.8-ші кестеде 2014-2016 жылдарға арналған айналмалы және қайтадан пайдаланылған судың салыстырмалы көрсеткіштер берілген.

19-схема. Тұщы суды 2013-2016 жылдары қайталама және айналмалы пайдалану, млн м3.

Тұщы суды қайталама және айналмалы пайдалану туралы деректер БҰҰ ЕЭК экологиялық көрсеткіштерінің бірі (С-11) болып табылады, жыл сайынғы кейбір деректер Статистика комитетінің сайтында қол жетімді

2016 жылы 1401,4 млн м3 көлемінде табиғат қорғаудың су жіберулер жүргізілді. Су жіберулер су объектісінің табиғи жағдайын қамтамасыз ету мақсатында Павлодар облысының Шідерті өзенінің сағасын бұзылу және шөлейттену үдерістерін жою, Қызылорда облысының аумағындағы көлдер жүйесін, Ақмола облысының Қорғалжын мемлекеттік қорығындағы Теңіз көлінің сумен толтыру және қоректендіру және экологиялық жағдайын жақсарту, Ақтөбе облысының Илек трансшекаралық өзенінің тепе-теңдігін қолдау және экологиялық жағдайын жақсарту үшін жүргізілді.

«Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою саласындағы қызметті ұйымдастыру» 060 бюджеттік бағдарламасының «Халықты, объектілер мен аумақтарды табиғи апаттардан инженерлік қорғау бойынша облыстық бюджеттерді, Алматы және Астана қалаларының бюджеттерін дамытудың мақсатты трансферттері» 104 кіші бағдарламасына сәйкес  2017 қаржылық жылы Алматы қаласының әкімдігіне 220 мың м3-тан 500 мың м3 дейін сел массасының алу үшін Кіші Алматы өзені бассейнінің Мыңжылқы бөгетінің қуаттылығын ұлғайтуға 226,66 млн теңге  бөліну қарастырылды.

Қазақстан аумағында 1590 гидротехникалық құрылым бар (ГТҚ), олардың 381 ГТҚ жөндеу жүргізуді талап етеді, оның ішінде 41-і республикалық, 224-і коммуналдық, 77-сі жеке меншікте және 28 иесіз.

Апатты ГТҚ жөндеу мәселесін, сонымен қатар олардың көбеюіне жол бермеудің тиісті шараларын шешу талап етіледі.

Барлық су қоймаларын толтыру барысын мониторингілеу мен басқаруды ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары комитеті мен оның бассейндік инспекцияларымен жүзеге асырылады.

*Су көздеріне, шаруашылық-ауыз су мақсаты үшін су жинау орындарына, шаруашылық-ауыз сумен жабдықтауға және суды мәдени-тұрмыстық пайдалану орындарына және су объектілерінің қауіпсіздігіне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы»  Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 16 наурыздағы № 209 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 22 сәуірде № 10774 тіркелді.]

** ШЖКДДҰ [Guidelines for Drinking Water Quality: incorporating first addendum, Third Edition, World Health Organization. Recommendations – Switzerland, 2013, 595 p.]