Қоршаған ортаның жай-күйі және табиғи ресурстарды пайдалану туралы Ұлттық баяндама

Көлік


Қазақстан көлігі

Республиканың көлік кешені теміржол, автомобиль, құбыр жүргізу, өзен, әуе көлігі түрлерімен, автомобильді және теміржолды жолдармен, кеме жүзетін су жолдарымен ұсынылған. Республиканың жер үсті көлік магистралдарының ұзындығы 107,4 мың км. Оның 15,5 мың км – магистралды темір жолдар, 87,0 мың км – қатты жабындылармен жалпы пайдаланудың автомобиль магистралдары, 4,2 мың км – өзен жолдары.

Қазақстан Республикасының ішкі кеме жолдары су жолдарының ішкі кеме жолдары мемлекет меншігіне жатады.

Өзен көлігімен келесі Ертіс, Орал-Каспий және Іле-Балқаш бассейндерінің кеме жүретін учаскелерінде жалпы 4040,5 км ұзақтығын құрайтын әртүрлі көлік флотының 560 бірлігі бар  кеме негізгі тасымалдау жеке кеме иелерімен жүзеге асырылады.

ЕРТІС БАССЕЙНІ – 1 719,5 км (ҚХР шекарасынан РФ шекарасына дейін) оның ішінде Шығыс-Қазақстан облысы бойынша 1116,5 км, Павлодар облысы бойынша 634 км.

Бассейндегі негізгі порты тәулік бойы жұмыс тәртібімен ауысымға 13,2 мың тоннаға дейін қуаттылығымен Павлодар өзен порты болып табылады. Келесідей айлақтар бар: Жүк айлағы 650 м, жолаушылар айлағы 120 м.

2016 жылы бассейнде:

  • Шығыс Қазақстан облысы бойынша: 372,9 мың тонна жүк тасымалданды.

– Павлодар облысы бойынша: 841,5 тыс. мың тонна жүк тасымалданды.

ЖАЙЫҚ-КАСПИЙ БАССЕЙНІ – 1 013 км оның ішінде Батыс-Қазақстан облысы бойынша (Рубежка кентінен бастап Орал-Каспий арнасының Қиғаш өзеніне дейін) – 623 км, Атырау облысы бойынша – 390 км.  Бассейннің негізгі порты Атырау өзен порты. Порттық инфрақұрылымды қалпына келтіру 2010 жылы жүргізілген. Порт Жайық өзенінің сағасына орналасқан және кеме шөгінділері 2,3 м дейін қабылдауға қабілетті.  2016 жылы бассейнде тасымалданды:

– Батыс-Қазақстан облысы бойынша: 24,3 мың тонна жүк, жолаушылар – 20,0 мың адам.

– Атырау облысы бойынша: 24,3 мың тонна жүк, жолаушылар – 7,38 мың адам.

ІЛЕ-БАЛҚАШ БАССЕЙНІ – 1 308 км оның ішінде Алматы облысы бойынша 330 км, Қарағанды облысы бойынша 978 км.

2016 жылы бассейнде тасымалданды:

– Алматы облысы бойынша: 2,4 мың тонна жүк, жолаушылар – 5,8 мың адам.

– Қарағанды облысы бойынша: 15,0 мың тонна жүк, жолаушылар – 5,6 мың адам.

Кеме қатынасы қауіпсіздігі жүзеге асырады:

Қазіргі таңда елді мекендерді жүйелі автобустық хабарламамен қамту 80%-ды құрайды яғни, 100 адамнан артық халқы бар 6 623 елді мекеннен 5 299 елді мекен. Жолаушыларды тасымалдау 3041 жүйелі автобус бағыттарында 609 тасымалдаушымен жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасында 34 автовокзал мен 138 автобекет қызмет жасайды.

1-схема. 2017 жылдың 20 ақпанына механикалықжол көлік құралдары паркінің орташа жасы (бірлік)

Механикалық-жол көлік құралдары паркінің орташа жасы туралы деректер БҰҰ ЕЭК экологиялық көрсеткіштерінің бірі (Н-32) болып табылады, жыл сайынғы деректері Статистика комитетінің сайтында қол жетімді

1991 жылдан бастап 2016 жылға дейінгі кезеңде Қазақстан Республикасында жолаушылар айналымы 2,9 есе артты. Егер 1991 жылы жолаушылар айналымы 67 835,0 млн жкм құраса, 2016 жылы 268 784,2 млн жкм құрады. Қазақстан Республикасында жолаушылар айналымының негізгі үлесін автомобиль және қалалық электр көлігі құрайды. 2016 жылы автомобильді және қалалық электрлік көліктегі жолаушылар айналымының үлесі 89,2%-ды құрады.

2-схема. Жолаушылар айналымы

Жолаушы айналымы туралы деректер БҰҰ ЕЭК экологиялық көрсеткіштерінің бірі (Н-29) болып табылады, жыл сайынғы деректері Статистика комитетінің сайтында қол жетімді

 

 

 


Қазақстанда жолаушылар айналымының 87-89%-ының ең көп үлесін автомобиль жолаушылар айналымы (жеке көлік құралдары есепке алынбаған ұсынылған автобустар) алады.

Қоршаған ортаға әсер көзқарасымен көлік түрлері бойынша тасымалдауды тарату Жолаушы айналымы сияқты әртүрлі көлік түрлері бірдей емес «экологиялықпен» шартталған. Жүк тасымалдау автокөлігі саласынан су, темір жол, құбыр желісі көлігіне көшу қоршаған ортаға кері ықпал етудің төмендеуіне мүмкіндік беретіндіктен маңызды болып табылады. Әртүрлі көлік түрлерімен орындалатын жүк айналымындағы байланыс қоршаған ортаға ықпал ету шараларының тиімділігін бағалауға көмек береді.

Қазақстан Республикасында жүк айналымы негізінен көлік секторының үш түрімен қамтамасыз етіледі: теміржол – 239,0 млрд тонна км (пкм), автомобиль – 163,3 млрд км.

3-схема. Жүк айналымы

Жүк айналымы туралы деректер БҰҰ ЕЭК экологиялық көрсеткіштерінің бірі (Н-30) болып табылады, жыл сайынғы деректері Статистика комитетінің сайтында қол жетімді

Қазіргі уақытта республикада республикалық және облыстық маңызды 18 әуежай бар, оның ішінде 17 әуежайға халықаралық рейстерге қызмет көрсетуге рұқсат берілген. 2016 жылы ҚР әуежайлары 12,2 млн жолаушыға қызмет көрсетті, бұл 2015 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 2%-дан жоғары (12,1 млн адам). Тәуелсіздік жылдары Қазақстан әуежайларының 15-нің ұшу-қону жолағы және 11 жолаушылар терминалы салынды және реконструкцияланды. 2020 жылға дейін Қостанай және Өскемен қалалары әуежайларының ұшу-қону жолақтарын қалпына келтіру жоспарлануда. Қазақстанда ішкі әуе рейстерін 7 авиакомпания 53 маршрут бойынша орындайды.

Халықаралық тұрақты рейстер тек екі қазақстандық авиакомпания – «Эйр Астана» АҚ және «СКАТ» АҚ-мен жүзеге асырылады. Сонымен бірге, 2016 жылғы 8 желтоқсанда Еуропалық комиссия қазақстандық авиакомпаниялардың Еуропаға ұшуына шектеулерді алып тастау бойынша ресми шешім қабылдады. Халықаралық әуе тасымалдары рыногында қазақстандық авиакомпаниялардан басқа қазіргі уақытта 26 шетелдік тасымалдаушы қызмет көрсетеді, атап айтқанда мынадай ірі дүниежүзілік авиакомпаниялар: Turkish Airlines, Etihad, Aeroflot, KLM, Lufthansa, China Southern Airlines, Asiana Airlines, Fly Dubai, Өзбек әуе желісі және т.б.

Автокөліктің кез келген түрлерінің шығарындылары атмосфераның ластануына зор ықпал етеді, атмосфераның жағдайы туралы нақтырақ ақпарат Қоршаған ортаның жай-күйі туралы және Қазақстан Республикасының табиғи ресурстарын пайдалану туралы ұлттық баяндаманың «Атмосфералық ауа» тарауында келтірілген. Қоршаған ортаға парниктік газдарға жататын заттарды шағара отырып көлік климаттың өзгеруіне алып келеді. Климаттың өзгеруі туралы деректермен «Климаттың өзгеруі» тарауында танысуға болады.

 


Транспорттағы экологиялық саясат

Қазіргі таңда Республиканың мұнайды қайта өңдеу зауыттарымен зауыттарды қалпына келтіру және жаңғырту жобалары жүзеге асырылып отырғандығын атап өту қажет.

Жаңғырту жобаларын жүзеге асырудың негізгі мақсаты болып мыналар табылады:

–     ашық мұнай өнімдерінің ішкі нарығы тұтынушылығын толық қамтамасыз ету;

–     мұнай өндірудің тереңдігін ұлғайту;

–     ескірген, моралды тозған жабдықтарды қаманауи технологиялармен ауыстыру;

–     Кедендік одақтың техникалық регламенті талаптарына сәйкес К5 экологиялық санаттағы моторлы отынды шығаруды қаматамасыз ету;

–     зауыттың қуаттылығын ұлғайту.

Атырау МӨЗ-де зауытты қалпына келтіру және жаңғырту жобасы механикалық аяқталуда.

Шымкент МӨЗ (ПКОП) және Павлодар мұнай химия зауытының механикалық аяқталуы ЗЖИМЖ сәйкес 2017 жылға жоспарланған.

2017 жылдың соңына дейін ҚР МӨЗ-де К-4,5 стандарттарына сәйкес алғашқы өнімдер шығарыла бастайды. Қондырғылар орнатылғаннан кейін 2017 жылдың соңына дейін ҚР МӨЗ қуаттылығы (мұнай және мұнай өнімдерін қацта өңдеу көлемі ұлғаю) біртіндеп өсе бастайды. Зауыттарды қалпына келтіру және жаңғырту меншік және қарыз қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

К5 экологиялық санаттағы мотор отынын шығару келесі қондырғылардың есебінен жүзеге асырылатын болады:

Дизель отынын гидротазалау Құрамында аз күкірті бар дизелдік отынын өндіруге арналған
Изомерлеу қондырғысы Изомерлеу қондырғысы шикізатты алдын-ала гидротазалау блогымен изомерлеу қондырғысы бензиннің жоғарғы октанда компоненті – изомеритті арналған
 

Каталитикалық крекинг бензинін гидротазалау қондырғысы

 

Бензинді гидротазалау қондырғысы құрамында күкірт аз каталитикалық крекинг бензинін (FCC) өндіруге арналған

Жаңғыртуды аяқтау, Евро 4,5 сәйкес сапа стандартты мұнай өнімдерімен жанар-жағар майдың ішкі нарықтың қажеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Ішкі нарықты ашық түсті мұнай өнімдерімен қамтамасыз ету, дизел отынын және жоғарғы октанды бинзинді өндіруді жоғарлату (қайтадан өңдеу тереңдігін жоғарлату) және қара мұнай өнімдерін (мазут) өндіруді қысқарту есебінен жүзеге асырылатын болады, мұнда қара мұнай өнімдері ішкі нарық қажеттілігін қамтамасыз ететіндей мөлшерде өндірілетін болады.

Бұл пайдаланылатын пайдаланылатын отынның түрлері бойынша бөліністегі механикалық-жол көлік құралдары паркінің құрамын жақсартуға мүмкіндік береді, ол БҰҰ ЕЭК экологиялық көрсеткіштерінің бірі (Н-31) болып табылады, жыл сайынғы деректері Статистика комитетінің сайтында қол жетімді

Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияға «Қоршаған ортаны қорғау» 16-қосымшасының «Авиациялық қозғалтқыштар эмиссиясы» 2-томына сәйкес әуе кемелері газ тәрізді қалдықтардың (құрамында көміртек және азоты бар заттар) қамтылуы және ұшу кезінде және жерде отын қалдықтарын болдырмау бойынша енгізілген стандарттарға сәйкес жасалады.

Осылайша, қазіргі уақытта авиакомпаниялар ұшу кезінде отын үнемділігін көздейтін, тиісінше атмосфераға газ тәрізді заттардың  (СО, СО², NO, NO²), сондай-ақ шуыл деңгейін төмендету болжанған жаңа және энергиялық тиімді әуе кемелері сатып алынуда.