Қоршаған ортаның жай-күйі және табиғи ресурстарды пайдалану туралы Ұлттық баяндама

Астана қаласы

Астана қаласы – Қазақстан Республикасының елордасы. Қаланың аумағы 0,7 мың км² құрайды. Әкімшілік-аумақтық бөлінуі бойынша қаланың үш ауданы бар: Алматы, Сарыарқа, Есіл. Қаланың халқы 2017 жылдың басына 972 692 адамды құраған.

Астана аумағының қарқынды дамуы және елорда тұрғындарының өсуі жағдайында энергетика мен су ресурстарына, көлік және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылыққа деген қажеттілікті объективті түрде артуы атмосфераға ластауыш заттар шығарындыларының ұлғаюына алып келеді

1-схема. Атмосфераға ластауыш заттардың шығарындылары

Елорданың әуе бассейнін ластауға елеулі «үлес» қосқан автономды қазандықтар жыл сайын өсіп келеді. Осылайша, 2016 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша облыста автономды қазандықтардың 231 бірлігі бар.

Шығарылатын газдардан зиянды заттар шығарындыларына әсер ететін автомобиль отынын сапасына мемлекеттік бақылаудың жоқтығын ескере отырып, Астана қаласы бойынша негізгі ауаны ластауыштар ластанудың жылжымалы көздері автокөлік құралдары болып табылады. Олардың үлесіне ластауыш заттардың жылпы шығарындылары көлемінің 51%-дан астамы жатады (90,89 мың тонна: 177,23 мың тонна * 100% = 51,3%).

2 – схема. 2012-2016 жылдарға арналған Астана қ. автокөлік құралдарының көлемінің динамикасы

Астана қаласының аумағында атмосфералық ауаның жай-күйін  7 бақылау бекетінде жүргізілуде. Сонымен қатар, 3 нүктеде эпизодты бақылау жүргізілді (№1 нүкте «Жасыл квартал» ТК («Хан шатыр» СОК), №2 нүкте – №2 Қалалық емхана (ЭКСПО ауданы), №3 нүкте («Пирамида» ауданы).

Ластану деңгейінің стационарлық желілерінің деректері бойынша атмосфералық ауа жоғары болып бағаланады.

Бүтіндей қала бойынша өлшенген заттардың орташа концентрациясы 2,4 ШЖК с.с., азот диоксиді – 1,9 ШЖК, с.с., артпады. СИ және НП бойынша қала ауасы азат диоксидімен барынша (№4 бекет ауданында) ластанған.

2016 жылы 1 ШЖК с.с. астам көлемі артқан жағдай тіркелді, өлшенген заттар – 997, РМ-2,5 қалқыма бөлшектер  – 35, РМ -10 қалқыма бөлшектер – 1048, күкірт диоксиді – 1323, көміртек оксиді – 48, азот диоксиді – 626, азот оксиді – 3, сутегі фторы – 78 жағдай, сонымен қатар 5 ШЖК с.с. астам көлемі артқан жағдай тіркелді, қалқыма заттар – 6, азот диоксиді – 4 және сутегі фторы 4 жағдай.

Эпизодты бақылау деректері бойынша №2 және №3 нүктелерде күкірт диоксидінің концентрациясы 1,3 ШЖК құрады. Бақылау деректері бойынша қалған ластауыш заттар концентрациясы шекті жол берілетін нормада.

Астана қаласының атмосфералық ауаның ластану  сипаттамасы бойынша толығырақ ақпарат «Қазгидромет» (https://kazhydromet.kz/kk/bulleten/okrsreda?year=2016) сайтында орналастырылған

Астана қаласы құрғақ, су ресурстарының шектеулігімен сипатталатын аймақта  орналасқан. Қаланың негізгі және жалғыз су көзі Сарыбұлақ және Ақбұлақ шағын  салалары бар Есіл өзені болып табылады.

Вячеслав су сақтағышы қаланың экономикалық, ауыз су және өнеркәсіптік қажеттіліктерін қанағаттандыруға арналған 67,2 млн м3/жыл сумен жабдықтаудың жалғыз көзі болып табылады (су сақтағыштың жобалық сыйымдылығы 410,9 млн м3).

Астана қ. аумағындағы су объектілерінде өнеркәсіптік ағызулар жоқ. Алайда,  ластану сипаты жоғары ластанудың негізгі себептері жекеменшік сектордың ағынды суларға ағызуы, ластанған жерлерден тасқынды ағызулармен және табиғи климаттық жағдайлар болып табылады.

Елорданың аумағында су объектілерінің санитарлық жай-күйін бақылауды қалалық және аудандық әкімдіктер жүзеге асырады.

Есіл бассейнінің өзендерінің ерекшелігі тек жыл мезгілдері ғана емес, сонымен қатар жылдар бойына ағыстың біркелкі бөлінбеуі болып табылады. Әр жылдардағы судың құны жүздеген есе дерлік болуы мүмкін, бұл осы өзендердің ресурстарын үнемді пайдалануды қиындатады. Нәтижесінде бұл судағы ластауыш заттардың мөлшерінің күрт өсуіне, көк-жасыл балдырлардың пайда болуына, судың сапасының төмендеуіне әкеліп соғады.

Астана қаласының аумағында жер үсті суларының ластануын бақылау 5 су объектісінде жүргізілді ( Есіл, Ақбұлақ, Сарыбұлақ өзендері, Вячеслав су қоймасы , Нұра-Есіл арнасы).

Есіл өзенінде ШЖК артуы басты иондар тобының заттары (сульфаттар – 1,8 ШЖК),), ауыр металдар (мыс – 1,6 ШЖК, мырыш – 2,7 ШЖК) бойынша тіркелді.

Ақбұлақ өзенінде ШЖК артуы ауыр металдар тобының заттары (мыс – 2,2 ШЖК, мырыш – 4,9 ШЖК, марганец – 2,8 ШЖК), басты иондар (хлоридтер – 1,3 ШЖК, магний -1,2 ШЖК, сульфаттар – 3,1 ШЖК), биогендік заттар (тұзды аммоний – 1,4 ШЖК, ннтритті азот– 2,5 ШЖК, фторидтер – 1,7 ШЖК) бойынша тіркелді.

Сарыбұлақ өзенінде ШЖК артуы ауыр металды заттар тобының заттары (мырыш – 5,4 ШЖК, марганец – 2,0 ШЖК), басты иондар (сульфаттар – 5,9 ШЖК, хлоридтер – 2,2 ШЖК, кальций – 1,2 ШЖК, магний – 2,3 ШЖК), биогендік заттар (тұзды аммоний – 5,1 ШЖК, нитритті азот – 3,9 ШЖК, фторидтер – 2,9 ШЖК) бойынша тіркелді.

Нұра-Есіл арнасына ШЖК артуы басты иондар тобының заттары (сульфаттар – 4,5 ШЖК магний – 1,4 ШЖК,), ауыр металдар (мыс – 1,4 ШЖК, марганец – 1,4 ШЖК, мырыш – 2,2 ШЖК,) бойынша тіркелді.

Вячеслав су қоймасы ШЖК артуы ауыр металдар тобының заттары (мыс – 1,5 ШЖК, мырыш – 3,2 ШЖК) бойынша тіркелді.

КСЛИ бойынша судың сапасы Астана қаласының су объектілері аумағында мынадай түрде бағаланады: Сарыбұлақ өзені –  ластанудың жоғары деңгейі» Есіл өзені, Ақбұлақ, Нұра-Есіл арнасы, Вячеславское су қоймасы – ластанудың орташа деңгейі». 2015 жылы судың сапасы Есіл, Сарыбұлақ өзендері, Нұра-Есіл арнасында – жақсарды, Вячеславское су қоймасында – өзгермеген.

Экстерамалды жоғары және жоғары ластану деңгейі атап көрсетілген Сарыбұлақ өзенінде – ЖЛ 12 жағдай, Ақбұлақ өзенінде – ЖЛ 2 жағдай, Сұлтанкелді  көлінде – ЭЖЛ 2 жағдай, Есіл өзенінде- ЖЛ 5 жағдай.

Астана қаласының атмосфералық ауаның ластану  сипаттамасы бойынша толығырақ ақпарат «Қазгидромет» (https://kazhydromet.kz/kk/bulleten/okrsreda?year=2016) сайтында орналастырылған

Жерасты сулары Астана қаласындағы шаруашылық-ауыз сумен қамтамасыз етудің қосымша көзі болып табылады. Солтүстік-шығыс шекарасынан бастап 5-50 км және Астана қ. солтүстігінде Ақмола жер асты суларының кен орындары (Қоянды және Софиев учаскелері) бар. Әкімшілік қатынаста Ақмола жер асты суларының кен орындары Ақмола облысының Целиноград ауданына жатады. Кен орны аттас ойыспен ұштасады.

Ақмола ойысы – ұзындығы 70 км-ге және ені 40-50 км дейін болатын эллипс пішіндегі синклиналды құрылыммен қосылған ірі ойыс болып табылады.

Қаланың жақын маңында Ақмола кен орнының Қоянды учаскесінің батыс бөлігінде тәул/9 мың м3 көлемдегі жер асты суларының  пайдалану қоры бар.

Ақмола облысының аумағында жер асты суларының деңгейін өлшеу және су сапасына сынама жүргізу үшін 170 бақылау (тұстама) ұңғымалары бар.

Астана қаласының аумағы 71,0 мың гектарды құрайды, шекара сызығының жалпы ұзындығы 175,0 км құрайды, ол Ақмола облысының Целиноград, Шортанды және Аршалы аудандарымен шектеседі. Қала үш әкімшілік ауданнан тұрады: Алматы – 20,6 мың га, Есіл – 31,2 мың га, Сарыарқа – 19,2 гектар. Жер қорлары 15,0 мың га – «Жасыл белдеу», 4,4 мың гектар – «Су қоры», 12,7 мың гектары – ауыл шаруашылығы алқаптары, 3,6 мың гектар – өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс, 35,3 мың гектар – елді мекен, оның ішінде: 7,5 мың шаршы метр.

Астана қаласының табиғи және рекреациялық аумақтары 34 770 гектарды құрайды, оның ішінде парктер, алаңдар, бульварлар – 4 900 га, табиғи ландшафттар – 29 870 га.

Астана қ. фондық ластануға қатысты топырақты эколого-геохимиялық зерттеудің деректері бойынша, жалпы алғандаэкологиялық қауіпті элементтердің орташа мөлшерімен сипатталады.

«Қазгидромет» РМК деректері бойынша, көктемгі мерзімде Астана қаласының әртүрлі аудандарынан алынған топырақтардың сынамаларында мыстың мөлшері 0,02 – 9,71 ШЖК, хром, қорғасын – 0,02 – 2,23 ШЖК, кадмий және мырыш 0,06 – 0,1,05 ШЖК шегінде болды.

1-ЖЭО ауданында топырақ сынамаларында ШЖК-ның қорғасын бойынша артылғаны байқалды (мыс -1,5 ШЖК). Уәлиханов және Кенесары көшелерінің қиылысында мыс – 9,71 ШЖК, мырыш – 1,05 ШЖК.   №3 мектеп аумағында (Сейфуллин және Әуезов көшелерінің қиылысы) хром – 2,2 ШЖК, 2-ЖЭО ауданында хром концентрациясы – 2,19 ШЖК құрайды. Қалалық демалыс паркі аумағындағы топырақ сынамаларында барлық белгіленген ауыр металдардың шекті жол берілетін нормадан артылмағаны байқалды.

Күз кезеңінде Астана қаласының әртүрлі аудандарынан алынған топырақ сынамалары құрамында мыс – 0,92-6,0 мг/кг,  хром – 4,37-8,46 мг/кг, қорғасын – 0,65-1,2 мг/кг, 4, мырыш -5,12-32,83 мг/кг, кадмий – 0,66-1,85 мг/кг шегінде.

Қалалық демалыс паркі ауданында хром – 1,3 ШЖК, мырыш – 1,4 ШЖК. Уәлиханов және Кенесары көшелерінің қиылысында мыс – 2,0 ШЖК және мырыш – 1,3 ШЖК. №3 мектеп  (Сейфуллин және Әуезов көшелерінің қиылысы) мыс пен хромның концентрациясы – 1,4 ШЖК. 1-ЖЭО ауданының топырақ сынамаларында мыс бойынша – 1,4 ШЖК артқаны анықталған. 2-ЖЭО ауданының топырақ сынамаларында барлық белгіленген ауыр металдардың шекті жол берілетін нормадан артылмағаны байқалды.

Толық ақпарат «Қазгидромет» РМК-ның  (https://kazhydromet.kz/kk/bulleten/okrsreda?year=2016) сайтында орналастырылған

Республика елордасында жасыл белдеу құру бойынша жұмыстар жүргізілуде, ол 1997 жылдан бері 75 мың га-ға жетті.

3-схема. Астана қаласының Жасыл белдеуі

ҚР Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылар құқықтарын қорғау департаментімен ұсынылған ақпараты бойынша өткен 2016 жылы Астана қаласының радиациялық тұрақты жағдай байқалады, Астана қ. аумағында радиациялық апатты жағдай тіркелмеген.

Осыған байланысты, қала аумағында сәулеленудің табиғи көздерін қайта өңдеумен айналысатын объектілер жоқ, пайдалы қазбалы кендер бойынша жұмыстар жүргізілмейді және қоршаған ортаға радиациялық заттар шығарындылары мен ағызулар фактісі тіркелмеген, 2016 жылы барлық санаттардағы радиоактивті қалдықтардың пайда болуы жағдайы анықталмаған.

 2016 жылы Астана қаласы бойынша 394,9 мың тонна ҚТҚ жиналды (449 кг/адам/жыл). ҚТҚ-ны өңдеу үлесі (сұрыптауды қоса) 7,0% құрады. ҚТҚ-ның қалған көлемі қалалық полигонда орналастырылады. ҚТҚ-ны шығару қызметтерімен қаланың 100% қамтылған.

ҚТҚ-ны орналастыру ҚТҚ-ның жаңа полигонының 1 ұяшығында жүзеге асырылады. 2017 жылы полигонның 2-ші ұяшығының құрылысы аяқталады. 2016 жылы республикалық және жергілікті бюджет қаражатының есебінен  ҚТҚ-ның ескі полигоны қалпына келтірілді. ҚТҚ полигонының аумағында құрылыс қалдықтарын уақытша сақтау және қайта өңдеуге арналған алаң бар.