Қоршаған ортаның жай-күйі және табиғи ресурстарды пайдалану туралы Ұлттық баяндама

Энергетика


Қазақстанның жылу-энергетикалық кешені

ЖІӨ бірлігіне есептегенде Қазақстан климатының қысқы мезгілде қытымыр суық болуы жылытуға кететін шығындардың үлесі жоғарлауына ал, аумағының кең көлемде болуы транспорттық үлестің (мысалы, электр желілерімен өткізу кезіндегі жоғалту) жоғарлауын қарастырады.

Жоғары энергия сыйымдылығы ең бірінші Қазақстан экономикасының құрылымымен түсіндіріледі.

Тау-кен өндірісі мен түсті металлургия сияқты энергия сыйымдылығы салаларын қоса алғанда ЖІӨ шамамен 30 %-ын өндіретін елдің өндірістік секторымен түсіндіріледі.

Энергия тиімді технологияларды енгізу мен жабдықтардың тозуы жоғары энергия сыйымдылылықтың басқа факторлары болып табылады.

1-схема. Энергия сыйымдылығы*

Энергия сиымдылығы туралы деректер БҰҰ ЕЭК экологиялық көрсеткіштерінің бірі (G-27) болып табылады, жыл сайынғы деректері Статистика комитетінің сайтында қол жетімді

2016 жылы электр энергияны өңдеу көлемі 94,1 млрд кВтс құрады, ол өткен кезеңмен салыстырғанда 3,3 млрд квтс. Елдегі электр энергияны тұтыну көлемі 92,3 млрд кВтс. құрайды. Республика бойынша элект энергияны тұтыну көлемінің ұлғаюы ірі кәсіпорын тұтынушылармен, сонымен қатар 2016 жылдың қысқы және күзгі айлардағы төмен температуралық фон салдарынан тұрмыстық тұтынуға қатысты электр энергиясының артуына, сондай-ақ электр энергияны Ресей Федерациясына экспорттау арқылы қол жеткізілді. Бұл ретте 2016 жылы электр энергияны өндіру ГЭС, КЭС және ЖЭС 2015 жылмен салыстырғанда 2540,8 млн кВтс ұлғайды.

Қазақстан бойынша толықтай Қазақстанның Бірыңғай электр энергетикалық жүйесі 3000 МВт астамды (белгіленген қуаттылығы 22 055 МВт, максималды энергетикалық жүктеме 13 660 МВт) құрайды.

2-схема. Электр энергияны өндіру және тұтыну 2013-2016 жылдардағы динамикасына талдау

Қазақстан энергияның бір бірлігін өндіру үшін шамамен 25%–30 % отынды басқа дамыған елдермен салыстырғанда көп пайдаланады. Тозығы жеткен жабдықтар мен технологиялық үдерістердің тиімділігінің төменділігі оның негізгі себептері болып табылады.

3-схема. 2013-2016 жылдардағы электр станциялардың отын шығыны

Төменде шартты отын тонналарымен электр станциялармен отын шығынының динамикасы ұсынылды.

4-схема. Шартты отын тонналарындағы электр станцияларымен отын шығынының динамикасы

5-схема. Энергияны тұтынудың жалпы көлемі

Энергияны тұтынудың жалпы көлемі туралы деректер БҰҰ ЕЭК экологиялық көрсеткіштерінің бірі (G-26) болып табылады, жыл сайынғы деректері Статистика комитетінің сайтында қол жетімді

6-схема. Түпкілікті энергия тұтыну

Түпкілікті энергия тұтыну туралы деректер БҰҰ ЕЭК экологиялық көрсеткіштерінің бірі (G-25) болып табылады, жыл сайынғы деректері Статистика комитетінің сайтында қол жетімді

2016 жылы көмір шығыны 50,1 млн т-ға дейін (2015 жылға 99,6%) азаған.

7-схема. Қазақстанның электр станцияларымен және қазандықтарының көмір шығынының динамикасы

Парниктік газдар шығарындыларының 80%-дан астамы электр энергетикалық сектордың үлесіне тиеді.

Парниктік газдардың шығарындылары туралы нақтырақ ақпарат Қоршаған ортаның жай-күйі туралы және Қазақстан Республикасының табиғи ресурстарын пайдалану туралы ұлттық баяндаманың «Климаттың өзгеруі» тарауында келтірілген

Атмосфералық ауаның жай –күйі мен атмосфераға шығарындылар туралы нақтырақ ақпарат Қоршаған ортаның жай-күйі туралы және Қазақстан Республикасының табиғи ресурстарын пайдалану туралы ұлттық баяндаманың «Атмосфералық ауа» тарауында келтірілген

 

Көмір өнеркәсібі

Қазақстанның көмір өнеркәсібі ел экономикасының біршама ірі салаларының бірі болып табылады. Еліміз көмір қоры бойынша көшбасшы елдердің ондығына кіреді.  Мемлекеттік баланспен 49 кен орын бойынша алынған қорлар және 33,6 млрд т. құрайды оның ішінде тасты – 21,5 млрд тонна, сұр тас көмір – 12,1 млрд тонна ескерілді.

Кен орындарының басым бөлігі Орталық (Қарағанды және Екібастұз көмір бассейндері, сонымен қатар Шұбаркөл кен орны) және Солтүстік Қазақстанда (Торғай көмір бассейні) шоғырланған.

Республика аумағында әртүрлі жылдардағы 400 ден астам кен орындары мен тасты және сұр тасты көмір көріністері бар. Көмірдің баланстық қорлары толықтай ішкі талаптардан тұрады және көмір өнеркәсібінің біршама көлемін экпорттауға мүмкіндік береді.

Көмір өндіру 2016 жылы 97,3 млн тонна көмірді құрайды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4,5 млн тоннаға аз.

2016 жылы бойына ішкі нарыққа 67,2 млн тонна көмір, экспорнтқа – 25,8 млн тонна ұсынылды. Көмір өндірудің күтілетін көлемі 2017 жылы 100,0 млн тонна деңгейімен болжанады.

2016 жылы бойына ішкі нарыққа 67,2 млн тонна көмір, экспортқа – 25,8 млн тонна ұсынылды.

Көмір өндірудің күтілетін көлемі 2017 жылы 100,0 млн тонна деңгейімен болжанады. Көмір өндіру көлемінің азаюы 2016 жылы келесі себептермен шартталған:

  1. Гидроэлектрстанцияларда электр энергияны өндіруді 25,1%-ға ұлғайтқан өзендердің жоғары сулылығы.
  2. Өткен жылмен салыстырғанда қолайлы ауа-райына байланысты және Қазақстан мен Ресей Федерациясындағы энергия өндіруші кәсіпорындарының көмірді тұтынуының төмендеуі.

Атом энергетикасы

Қазақстан табиғи уранның барланған қорлары бойынша әлемде екінші орынды алады. Барлық зерттелген әлемдік резервтердің 12%-ы Қазақстан Республикасының жер қойнауында шоғырланған. 2009 жылы Қазақстан әлемдегі уран өндірісі бойынша бірінші орынды иеленді және нарықтың қолайсыз баға конъюнктурасына қарамастан, әлемдік уран нарығында жетекші орынды сақтап келеді. Қазақстан әлемдік уран өндірісінің 40%-ын өндіреді.

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК »АҚ компаниялар тобының кәсіпірындары бойынша уран өндірісінің көлемі 2016 жылы 24 702 тоннаны (2015 жылға қарай 103,5%) құрады. 2017 жылы 22 125 тонна уранды өндіру жоспарлануда. Жоспарланған өндіру көлемінің төмендеуі әлемдік уран нарығындағы жағдайға байланысты.

Мұнай өнеркәсібі

Мұнай мен конденсат өндірісінің көлемі 75,5 млн тонна жоспары кезінде 78 млн тоннаны (2016 жылға жоспар бойынша 103,4%, 2015 жылға қарай – 98,2%) құрады. 2017 жылға мұнай өндіру жоспары 81 млн тоннаны құрайды. 2016 жылдың қазан айында 3 жылдық жөндеу және қалпына келтіру жұмыстары аяқталғаннан кейін Қашаған кен орнын пайдалану қайта жанданды. Қашаған кен орнында мұнай өндіру 957 мың тоннаны құрады.

Облыстар бойынша 2016 жылға мұнай өндіру көлемі мынадай:

– Атырау обласы (28 компания) – 33,5 млн тонна;

– Маңғыстау облысы (30 компания) – 18,1 млн тонна;

– Батыс Қазақстан облысы (2 компания) – 12,3 млн тонна;

– Қызылорда облысы (13 компания) – 7,6 млн тонна;

– Ақтөбе облысы (17 компания) – 6,3 млн тонна.

 Мұнайгаз химиялық өнеркәсібі

 Мұнайгаз химиясы – Қазақстан Республикасының экономикасын дамытудың басым бағыттарының бірі. Бүгінгі таңда республикада полипропилен зауыты (жобалық қуаты жылына 70 мың тонна) және метил трет-бутил эфирі (жобалық қуаты жылына 20 мың тонна) бар. Бензол өндірісі (жобалық қуаттылығы жылына 133 мың тонна) және параксилол (жобалық қуаттылығы жылына 496 мың тонна) құрылды. Атырау облысындағы арнайы мұнай-химия аймағының аумағында жылына 500 мың тонна полипропиленді өндіруге арналған мұнай-газ-химия жобалары, жылына 800 мың тонна полиэтилен өндірісі жүзеге асырылуда. Сарапшылардың пікірінше, мұнай және газ химиясы өндірісі қоршаған ортаға айтарлықтай әсер етпейді, өйткені ластаушы заттардың шығарындылары алғаш рет қайта бөлінетіндіктен (мұнай мен газды бастапқы өңдеу), яғни, мұнай-химия және газ өндіру үшін, шикізат – зиянды заттардан (күкірт, меркаптандар және т.б.) тазартылған көмірсутектер.

Қазақстанда электр желілерін өндіру әртүрлі меншік нысанындағы 111 электр станциямен жүзеге асырылады. 2017 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша Қазақстандағы электр станциялардың жалпы белгіленген қуаттылығы 22055,5 МВт, таратылатын қуаттылығы – 18789,1 МВт.

Міндеттерді жүзеге асыру мақсатында Энергетика министрлігінің «Аймақтық электр желілі компанияларды (АЭК) бекіту» Ұлттық жоспарымен белгіленген 51 қадамында 2016 жылы «Электр энергетикасы мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгертулер мен қолықтырулар енгізу туралы» Заң жобасы әзірленді.

2015-2019 жылдарға арналған «Нұрлы жол» инфрақұрылымын дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 1500 км ұзындықты алып жатқан Солтүстік-Шығыс-Оңтүстік жоғары вольтты электр энергиясын берудің құрылысының жобасы жүзеге асырылады. «Екібастұз-Шүлбі ГЭС (Семей) – Өскемен» жобасының бірінші деңгейі Индустралияландыру күні шеңберінде Мемлекет Басшысымен 2016 жылдың 6 желтоқсанында іске қосылды.

«Жылуэнергетика жүйесін дамытуға облыстық бюджеттерді, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерін дамытуға мақсатты трансферті» бюджеттік бағдарлама шеңберінде Қазақстан Республикасының облыстары мен қалаларын электрмен және жылумен сенімді қамтамасыз ету мақсатында 2016 жылы Ақмола, Шығыс-Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан облыстарында және Алматы және Астана қалаларында 21 жобаны жүзеге асыру үшін 34 964 160 мың теңге бөлінді. 2016 жылы игерілу 100%-ды құрады.

Атом өнеркәсібінде жұмыс төрт негізгі бағыт бойынша жүзеге асырылады:

– атом өнеркәсібін дамыту;

– атом энергетикасын дамыту;

– атом саласындағы ғылымды дамыту;

– халықтың денсаулығы мен қоршаған ортаны қорғау.

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ канадалық СAMEСO компаниясымен бірлесе отырып уранның үш тотығы (UO3) түрінде номиналды қуаты 6000 тонна ураны бар Үлбі металлургиялық зауыты негізінде мұнай өңдеу зауытын салу бойынша жобаны іске асыруда. 2017 жылдың соңына қарай техникалық-экономикалық негіздеменің негізінде зауыт құрылысының экономикалық негіздемесі туралы шешім қабылданады.

Урал байыту жобасын «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Орал электрохимиялық комбинатының базасында ресей тарапымен бірлесіп жүзеге асырады. 2014 жылдан бастап «Уран байыту орталығы» АҚ-ның қазақстандық-ресейлік бірлескен кәсіпорны уранды байыту бойынша ресейлік қызметтерге жылына 5 млн SWU (бөлек жұмыс бірлігі) көлемінде қол жеткізе алады. 2014 жылғы желтоқсанда «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ мен CGNPC қытайлық компаниясы Қазақстанда жылу бөлгіш құрамалар (ЖБҚ) өндірісін ұйымдастыру туралы келісімге қол қойды. Тараптар барлық қажетті рұқсат беру рәсімдерін өткізді және 2015 жылдың желтоқсанында «Үлбі-ТВС» ЖШС БК құрды.

Ядролық отын циклын одан әрі дамыту үшін елде атом энергетикасын құру қажет. Қазіргі уақытта ҚР АЭС құрылысын салудың ТЭН әзірлеу бойынша ұсыныстар дайындауға қатысты қазақстан-жапондық бірлескен жұмыс тобын құру бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Атом саласындағы ғылымды дамыту мақсатында 2003 жылдан бастап «Қазақстандық термоядролық материалтану (ҚТМ) тоқмақ стендтік кешенін құру» жобасы іске асырылуда. Жобаның мақсаты – Қазақстан Республикасының ITER жобасына, Халықаралық термоядролық эксперименталдық реакторға қатысуын (ITER, International Thermonuclear Experimental Reactor) және елдегі термоядролық энергетика саласындағы ғылым мен техниканың қазіргі заманғы өрістерін дамытуды қолдау болып табылады.

2015 жылы Тоқамақ КТМ жобасы ЭКСПО-2017-ге жоспарланған көрменің тақырыптық бағытын ескере отырып, «Болашақ энергиясы» тақырыбымен орналастыру ұсынылды. Кешеннің дайындығы жалпы жұмыс көлемінің 90%-ын құрайды.

Энергетикалық ядролық реакторлардағы ауыр апаттармен бірге жүретін үдерістерді зерттеу, «Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы» РМК, EAGLE және ANGARA арнайы эксперименталдық стендтері әзірленіп құрылды. ИГР реакторымен бірге атом энергетикасының қауіпсіздігі бойынша бірегей зерттеу кешені құрылады.

Ядролық қаруды таратпау режимін қолдауға ВВР-К зерттеу реакторы төмен байытылған уран отынына айналу үшін модернизацияланды, төмен байытылған ядро реактордың физикалық және қуатты іске қосу сәтті жүзеге асырылды.

Ағымдағы және перспективалық жобалардың бірі – «Ядролық медицина және биофизика орталығын құру». Бұл жобаның мақсаты радиофармпрепараттарды өнеркәсіптік өндірістерді құру үшін жағдайлар жасау, ядролық медицина мен биофизиканың жаңа өнімдерін жасау үшін ғылыми зерттеулер жүргізу болып табылады.

2016 жылы ядролық медицина және биофизика орталығының өндірістік-технологиялық кешені іске қосылды.

«Атом энергиясын пайдалану туралы» және «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттігінің Төмен байытылған уран банкін құру туралы келісімді ратификациялау туралы» заңдары қабылданды. Қабылданған заңдарды орындау кезінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 7 қаулысы және Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 18 бұйрығы әзірленді және бекітілді.


Жаңартылатын энергия көздері

Қазақстан жеткілікті көмірсутекті шикізат пен минералды ресурстары бар (мұнай, газ, көмір және т.б.) энергияға мол ел екендігіне қарамастан, энергияның жаңартылатын көздерін (ЖЭК) энергиялық балансты тарту арқылы парниктік газдарды және басқа да ластауыш заттардың шығарындыларын төмендету үшін таза технологиялар, таза энергетиканы дамытуға қажеттілігі байланысты өзекті міндет болып табылады.

Қазақстан Республикасының табиғи жағдайлары жер, күн және су энергияларын пайдалана отырып генерацияны дамытуға мүмкіндік береді. ЖЭК электр энергиясын генерациялау бойынша бірлескен әлеуеті сағатына 1885 млрд кВтс құрайды. Жел энергиясы базасында генерациясының аз әлеуетке ие болуда.

Қазақстан жаңартылатын энергия көздерін дамытумен біртіндеп айналысуда, ол үшін елде барлық жағдайлар жасалды: нормативтік-құқықтық база құрылды, белгіленген тарифтер бекітілді, әр түрлі жаңартылатын энергия көздерінің әлеуеттеріне зерттеулер жүргізілді, ЖЭК желіге интеграциялау үшін желілік инфрақұрылымның әлеуеті мен дайындығы бағалануда.

ЖЭК дамуының нақты нысаналы индикаторлары мен оларға қол жеткізу бойынша қадамдар қабылданды. 2013 жылдан бастап Қазақстанда «Жасыл экономикаға» өту концепциясы жүзеге асырылып жатыр, оған сәйкес 2020 жылы ЖЭК үлесі электр энергиясын жалпы өндіру көлемі бойынша 3%-ға ал, 2030 жылға қарай 10% – ға жететін болады.

Энергетика министрлігімен ҚР Энергетика министрінің 2015 жылғы 11 ақпандағы «Жаңартылатын энергия көздерінің пайдаланылуына мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес тоқсан сайын жаңартылатын энергия көздерін (бұдан әрі – ЖЭК) пайдалануға мониторинг жүргізіледі.

2016 жылдың мониторинг қорытындысы бойынша ЖЭК өндірілген электр энергиясының көлемі 0,928 млрд кВтс (2015 жылға 131%) құрайды.

Электр энергиясын өндіруде жалпы көлемдегі ЖЭК үлесі шамамен 1%-ды құрайды.

9-схема. Электр энергиясын өндірудің жалпы көлемінде жаңартылатын энергия көздердің үлесі

Электр энергиясын өндірудің жалпы көлемінде жаңартылатын энергия көздердің үлесі туралы деректер БҰҰ ЕЭК экологиялық көрсеткіштерінің бірі (G-28) болып табылады, жыл сайынғы деректері Статистика комитетінің сайтында қол жетімді

2016 жылы Алматы, Жамбыл және Оңтүстік-Қазақстан облыстарында жалпы қуаты 50,39 МВт (2 ГЭС – 19,49 МВт, 2 ЖЭК – 30,9 МВт) болатын ЖЭК 4 жобасы қосылды.

01.01.2017 ж. жағдай бойынша ЖЭК пайдаланатын кәсіпорындардың саны 50 бірлікті құрады, олардың жалпы қуаты 295,7 МВт (ГЭС – 139,8; ЖЭК – 98,2; СЭС – 57,3; биогаз құрылғысы – 0,35).

Қазақстанда Үкіметпен БҰҰДБ-мен бірлесіп күн атласы әзірленді http://atlassolar.kz/Maps/Demo?map=avg_dnr, ол күн энергетика саласындағы инвесторларды тартуға арналған құрал және де электр қуатын түрлендіретін ұйымдар үшін техникалық құрал болады. Сондай-ақ жел атласы дайындалған http://www.windenergy.kz/atlasKZ.html, ол электр энергиясын кез келген жерлерде жел энергиясын пайдалану перспективасын анықтауға мүмкіндік береді.

2016 жылы ЖЭК субъектісінің инвестициялық тартымдылығын арттыру мақсатында 2016 жылғы 28 сәуірдегі «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне «жасыл экономикаға көшу бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы шеңберінде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. «Қайта жаңартылатын энергия көздерін қолдау» жобасы қолға алынды, мұнда ЖЭК секторын қолдау үшін қосымша шаралар қабылданды, атап айтқанда:

– РҚҚ-да сатып алынатын электр энергиясы үшін ЖЭК объектілері алдында РҚҚ-ның қаржылық міндеттемелерін қамтамасыз ету мақсатында резервтік қор құру;

– ҚР Бірыңғай электр энергетикалық жүйесінің желілеріне қосылу механизмін жетілдіру мақсатында Энергиямен жабдықтаушы ұйым мен Энергия өндіруші ұйым арасындағы ЖЭК пайдаланатын объектілерді қосу жөніндегі келісімді жасасу;

– бұрын бекітілген тиянақталған тарифтерді жыл сайын қайта қарау.

Жоғарыда аталған Заңды жүзеге асыру барысында 2016 жылы ҚР Энергетика министрінің ЖЭК саласын дамыту жөніндегі нысаналы индикаторларды бекітуге, ЖЭК нысандарын қосу туралы типтік шарттар, сонымен қатар оны жасасудың тәртібі мен мерзімдері, ЖЭК көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдардың тізбесін қалыптастыру қағидалары, резервтік қорды қалыптастыру және пайдалану, ЖЭК объектілерін орналастыру жоспарын қалыптастыру, таза тұтынушылардан электр энергиясын сатып алу және сатуға қатысты 6 бұйрығы әзірленді және бекітілді.

Бұған қоса, Министрлікпен ЖЭК-ті одан әрі дамыту арқылы аукциондық тетікті енгізу мүмкіндіктері туралы жұртшылықпен талқылауды бастады. Бұл механизм ең тиімді ЖЭК жобаларын таңдаулы технологиялармен таңдауға және іске асыруға мүмкіндік береді және ЖЭК-тің ел экономикасына жүктемесін азайтуға көмектеседі. Сондай-ақ, жаңартылатын энергетика секторын дамытудың маңызды құралы – белсенді халықаралық ынтымақтастық болып табылады.

ЖЭК саласындағы халықаралық қаржы институттары, Еуропалық Қайта құру және Даму Банкі (ЕҚДБ) арасындағы ынтымақтастық Қазақстан Республикасының Үкіметі мен халықаралық қаржы ұйымдары арасындағы Серіктестік Негіздемелік Келісімдер шеңберінде жүзеге асырылады. Қазақстан IRENA (IRENA) Халықаралық Жаңартылатын Энергия Агенттігінің толыққанды мүшесі болып табылады.

IRENA агенттігінің бағдарламаларының бірі – «Жаһандық энергияға көшуді жоспарлау» – «REmap 2030» бағдарламасы. Бағдарламаның мақсаты – 2010 жылмен салыстырғанда 2030 жылға дейін ЭКЖ-ның үлесін екі есеге арттыру. Қазіргі уақытта Қазақстан 2030 жылға дейін жаңартылатын энергия көздерін дамытудың жол картасы (Remap 2030) және Орталық Азиядағы (соның ішінде Қазақстан) жаңартылатын энергия көздерін дамытудың перспективаларына арналған IRENA мамандандырылған есебі аясында IRENA-мен ынтымақтасады.