Қоршаған ортаның жай-күйі және табиғи ресурстарды пайдалану туралы Ұлттық баяндама

Қарағанды облысы

Қарағанды облысы республиканың ең ірі өнеркәсіптік аймақтарының бірі болып табылады, облыс аумағы 428 мың шаршы км құрайды. Облыстың өнеркәсіптік әлеуеті өсіп, қоршаған ортаға техногенді ықпалын тигізуде. Қарағанды облысының қоршаған ортасын негізгі ластауыштар «АрселорМиттал Теміртау» АҚ, «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС, «Смэлтинг Қазақмыс» ЖШС металлургия кешені кәсіпорындары, сонымен қатар пайдалы қазбаларды өндіру және байыту бойынша кәсіпорындар – «Жәйрем КБК» АҚ, «Теміртау электро-металлургия комбинаты» АҚ, «Шұбаркөл Көмір» АҚ, «Арселор Миттал Теміртау» АҚ Көмір департаментінің шахталары, Құрылыс материалдарын өндіруші кәсіпорындар – «Орталық Азия цемент» АҚ, Жылу энергиясын өндіруші кәсіпорындар – «Энерджи Қазақмыс ЖШС», «Қарағанды Энергия орталығы» ЖШС (1-ЖЭО, 2-ЖЭО).

Облыстың ауа бассейнінің ластану деңгейі негізінен 15 ірі кәсіпорынмен анықталады. Статистика комитетінің деректері бойынша стационарлы көздер шығарындыларының көлемі 2016 жылы 593,0 мың тоннаны, 2015 жылы шығарындылардың нақты көлемі – 596,4 мың тоннаны құрады. Күкіртті ангидрит – 57,2 мың тонна; азот диоксиді – 32,3 мың тонна; атмосфералық ауаға қатты бөлшектердің шығарындыларының көлемі – 41,5 мың тонна; атмосфералық ауаға тұншықтырғыш газ шығарындыларының көлемі – 152,3 мың тонна; басқалар – 6,8 мың тоннаны құрайды.

Қарағанды облысының атмосфералық ауасының жағдайын бақылау «Қазгидромет» ШЖҚ РМК-мен Қарағанды, Балқаш, Жезқазған, Саран, Теміртау қалаларының 19 стационарлы бекетінде жүргізілді. Бақылаудың стационарлы желілерінің деректері бойынша Қарағанды, Балқаш, Жезқазған, Теміртау қалаларының атмосфералық ауаға ластану деңгейі ластанудың жоғары деңгейімен, Саран қ. ластанудың төменгі деңгейімен бағаланды. 2015 жылмен салыстырғанда Теміртау, Жезқазған қалаларының атмосфералық ауасының ластану деңгейі өзгерген жоқ, Балқаш қ. «жоғарыдан» «өте жоғары» деңгейге көтерілді.

2016 жылы Қарағанды қаласында атмосфералық ауаның жоғары ластанудың (ЖЛ) 14 жағдайы және атмосфералық ауаның экстремалды жоғары ластанудың (ЭЖЛ) 1 жағдайы, Балқаш қ. атмосфералық ауаның – ЖЛ 4 жағдай және ЭЖЛ 5 жағдайы, Теміртау қ. атмосфералық ауаның – ЖЛ 12 жағдайы тіркелді.

Қарағанды облысында Балқаш көлі, Самарқанд, Кеңгір, Шерубай су сақтағыштары, -Нұра өзені және Топар су қоймасы, Нұра өзені (Соқыр, Шерубай-Нұра сағалары), Сарысу, Кара-Кеңгір, Жездібіршама ірі және  негізгі су объектілері  болып табылады және негізгі жүктемеге ие. Олардың су ресурстары «АрселорМиттал Теміртау», ЖШС «ТЭМК» ЖШС, «Энерджи Қазақмыс» ЖШС және басқалардың  өнеркәсіптік қызмет үдерістерінде пайдаланылады. Өнеркәсіптік пайдаланылғаннан кейін су қайтадан нормативті таза және нормативті тазартылған санаттар бойынша су объектілеріне ағызылады.

«Қазгидромет» ШЖҚ РМК-мен Қарағанды облысының аумағында жер үсті суларының ластануы бақылау келесі 15 су объектісінде жүргізілді: Нұра, Шерубайнұра, Соқыр, Көкпекті, Қара кеңгір өзендері; Самарқан, Кеңгір, су сақтағышы, ағынды сулар арнасы, Ертіс-Қарағанды арнасы, Қорғалжын қорығының көлі: Шолақ, Есей, Сұлтанкелді, Көкай, Нұра-Есіл арнасы, Балқаш көлі.

БПК5 көлемі бойынша су сапасы келесідей үлгіде бағаланады: суы «нормативті таза деңгейіне» – Нұра өзені, Соқыр, Шерубайнұра,  Көкпекті өзендері, Самарқанд су сақтағышы, ағынды сулар арнасы,  көлдері, Ертіс-Қарағанды, Нұра – Есіл арналары; суы  «ластанудың орташа деңгейіне» – Кеңгір су сақтағышы, Қара кеңгір өзен.

2015 жылмен салыстырғанда көлемі бойынша БПК5 барлық су объектілерінде  өзгермеген. Оттегі тәртібі нормада.

Облыс аумағында келесідей ЖЛ жағдайлар анықталды: Нұра өзенінде – ЖЛ 91 жағдай, Самарқанда су сақтағышы – ЖЛ 4 жағдайы, ағынды сулар арнасы – ЖЛ 11 жағдайы, Соқыр  өзені ЖЛ – 6 жағдайы, Шерубайнұра өзені – ЖЛ 34 жағдайы, Көкпекті өзені – ЖЛ 6 жағдайы, Қара кенгір өзені ЖЛ – 31 жағдайы, Шолақ көлі – ЖЛ 3 жағдайы, Есей көлі ЖЛ -2 жағдайы, Сұлтанкелді көлі ЖЛ -2 жағдайы, Нұра Есіл арнасы ЖЛ – 4 жағдайы.

Сонымен қатар «Қазгидромет» ШЖҚ РМК-мен келесідей көрсеткіштер бойынша облыстың 9 су объектісінде гидробиологиялық бақылау жүргізілді: фитопланктон, зоопланктон, перифитон және бентос және биотестинг (өткір судың уыттылығын анықтау). Гидробиологиялық көрсеткіштер бойынша бақыланған барлық су объектілерінің су сапасы үшінші сыныпқа сәйкес келеді, яғни суы «орташа ластанған». Алынған мәліметтерге сәйкес зерттеу жүргізілген су сынақ объектісіне улы әсер етпейді.

Толық ақпарат «Қазгидромет» РМК (https://kazhydromet.kz/kk/bulleten/okrsreda?year=2016) сайтында жарияланған

Бүлінген жерлердің жалпы ауданы 44,8 мың га құрайды, соның ішінде  пайдаланылғаны – 10,6 мың га, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің ауданы – 14 млн га.

«Қазгидромет» ШЖҚ РМК-мен Балқаш, Жезқазған, Қарағанды, Теміртау қалаларында көктемгі және күзгі мезгілдерде топырақтың ауыр металдармен ластануын бақылау жүргізілді.

Толық ақпарат «Қазгидромет» РМК (https://kazhydromet.kz/kk/bulleten/okrsreda?year=2016) сайтынан алуға болады

2016 жылы «Қарағанды ликвидшахта» (РММК)  күшімен 0,3 мың га. Мемлекет балансына берілген жер көлемі 0,168 мың га құрайды.

2016 жылғы 20 желтоқсандағы жағдай бойынша аймақта ерекше және сирек кездесетін ландшафттарды сақтау мақсатында республикалық маңызы бар 13 ерекше қорғалатын табиғи аумақ (ЕҚТА) және 5 жергілікті құндылық бар.

Қарағанды облысы өзінің алып жатқан ауданы бойынша Қазақстан Республикасының ең ірі аумақтарының бірі болып табылады.

Облыстың жануарлар дүниесі алуан түрлі. Оңтүстік және оңтүстік-батысында ақбөкен табынымен мекендейтін жайылымдар бар. Сонымен қатар облыста қасқырлар, түлкілер, қарақұйрықтар, арқарлар, ақкіс, қабандар және басқалар кең тараған. Көлдер мен өзендерде сазан, алабұға, маринка, шортан, шабақ және басқалар бар. Сарыарқада арқарлар, қарақұйрықтар, дала бөкендері – ақбөкендер, бүркіттер, сұңқарлар, қасқырлар және түлкілер сияқты  таңғажайып жануарлар мекендейді.

2016 жылы мемлекеттік орман қорында (МОҚ) 4 өрт жағдайы болды, өрт шарпып өткен жалпы алаңы – 2,38 га, 2015 жылы МОҚ жерлерінде 20 өрт жағдайы болды, өрт шарпып өткен МОҚ жерлерінің алаңы – 103,82 га.

«Қазгидромет» РМК Қарағанды облысы аумағындағы атмосфералық жер қабатының радиоактивті ластануын бақылау көлденең планшеттермен ауа сынамасын іріктеу жолымен 5 метеостанцияда (Балқаш, Жезқазған, Қарағанды, Корнеевка, Родниковский усқ) және 2 автоматтандырылған бекетте Қарағанды қ. (№5 ЛББ), Теміртау қ. (№2 ЛББ) атмосфералық ауасының ластануын қадағалау жүзеге асырылды.

Облыс бойынша орташа радиациялық гамма-фон 0,15 мкЗв/с құрайды және шекті жол берілетін деңгейден аспайды.

Толық ақпарат «Қазгидромет РМК (https://kazhydromet.kz/kk/bulleten/okrsreda?year=2016) сайтында орналастырылған

Облыс бойынша 2016 жылы түзілген  тұрмыстық қатты қалдықтардың көлемі 649,3 мың тонна (471,1 кг/адам/жылына), оның 4,9%-ы сұрыпталды және өңделді, 0,05%-ы қайта өңделді. Қоқыс шығару қызметтерімен облыс халқының 73,0% -ы қамтылған.

Облыста 202 ҚТҚ полигоны бар, олардың 45-і (22,3%) экологиялық талаптар мен санитарлық ережелерге сәйкес.

ТҚҚ жинаумен, сұрыптаумен және өңдеумен 6 компания айналысады. ҚТҚ-ны бөлек жинау енгізілуде. Сонымен, Қарағанды және Теміртау қалаларында «ТТК» ЖШС-мен қалдықтарды (пластик, қағаз, шыны, полиэтилен) бөлек жинау үшін 1000 контейнер қойылды.

Жалпы көлемде ЖЭК-тен өндірілген электр энергиясының аймақ бойынша үлесі 2016 жылы 0,03% -ды құрады.

Бүгінгі таңда облыста ЖЭК-тің келісі объектілері жүзеге асырылды:

– Бұхар-Жырау ауданындағы Ынтымақ су сақтағышында 0,6 МВт қуаттылығымен шағын СЭС «Казводхоз» ШЖҚ РМК;

– Бұхар-Жырау ауданында биогаз қондырғысын  орнату – «АПК Волынский» ЖШС.

«2020 жылға дейін ЖЭК пайдаланушы энергияны өндіруші ұйымдардың тізбесіне» сәйкес ЖЭК келесі объектілерін жүзеге асыру жоспарлануда:

– Шет ауданында 50 МВт қуаттылығымен Ақадыр» КЭС құрылысы» жобасы – «КазСолар 50» ЖШС;

– Гүлшат кенті ауданында 40 МВт қуаттылығымен КЭС құрылысы» жобасы – «КПМ-Дельта» ЖШС;

– Саран қаласында 100МВт қуаттылығымен КЭС құрылысы» жобасы – «SES Saran» ЖШС (КЭС Саран).