Қоршаған ортаның жай-күйі және табиғи ресурстарды пайдалану туралы Ұлттық баяндама

Қалдықтар


Қазақстанда қалдықтардың қалыптасуы және тасмалдануы

Қазақстанда жинақталған ТҚҚ жалпы көлемі шамамен 103 млн тоннаны құрайды. 2016 жылдың есептік деректері бойынша республика бойынша түзілген ТҚҚ көлемі 5400,885 мың тоннаны құрайды, оның кәдеге жаратылғаны 140,294 мың тонна, бұл 2,6%, қалған көлемі полигондарда орналастырылады.

1-схема. Қалыптасқан, кәдеге жаратылған және тұрмыстық қатты қалдықтардың көлемі

2016 жылғы есептік деректер бойынша республикада 3943 астам ТҚҚ полигондары мен үйінділері есептелген. Олардың 590 – экологиялық талаптар мен санитарлы нормаларға сәйкес, бұл жалпы санының 15% құрайды.

ҚР Қауіпті қалдықтарды және оларды тасымалдау, кәдеге жарату, сақтау және көму мақсаттары үшін жоюды бақылау туралы Базель конвенциясына сәйкес қауіпті қалдықтардың 3 деңгейі анықталды:

1) Жасыл – G индексі;

2) Янтарь – А индексі;

3) Қызыл – R индексі.

2016 жылы пайда болған қауіпті және қауіпті емес қалдықтардың көлемі ҚОҚ БАЖ қалдықтарын түгендеу бойынша есептері 2-схемада ұсынылған.

2-схема. 2016 жылы түзілген қалдықтардың көлемі

Қалыптасқан қауіпті және қауіпсіз қалдықтар туралы деректер БҰҰ ЕЭК экологиялық көрсеткіштерінің бірі (І-33) болып табылады, жыл сайынғы деректері Статистика комитетінің сайтында қол жетімді.

Қауіптілік деңгейлері бойынша 2016 жылы түзілген қауіпті қалдықтардың көлемі, сонымен қатар жалпы көлемнен пайыздық мөлшерде 3-схемада  көрсетілген:

3-схема. Қауіптілік деңгейлері бойынша 2016 жылы түзілген қауіпті қалдықтардың көлемі

Көзі: Қоршаған ортаны қорғаудың «ҚОҚ БАЖ» жүйесінің қалдықтарды түгендеу бойынша есебі

Есепті 2016 жылы түзілген қауіпті қалдықтардың қозғалысы 4-схемада көрсетілген.

4-схема. 2016 жылғы қауіпті қалдықтардың көлемі мен қозғалысы, тонна

Көзі: Қоршаған ортаны қорғаудың «ҚОҚ БАЖ» жүйесінің қалдықтарды түгендеу бойынша есебі

2016 жылы қауіпті қалдықтардың импорты 12,4 мың тоннаны құрады. Ауыл шаруашылығында қолдануға жарамайтын және ескірген пестицидтерді пайдалану олардың химиялық сәйкестендіру проблемасы өткір мәселе болып отыр. 1500 тоннадан астам осындай пестицидтер мен олардың қоспалары республиканың қоймалары мен қорымдарда орналасқан, олардың кейбірі бейімделмеген және апатты орынжайларда сақталуда. Сондай-ақ  құрамында ПХД бар жабдықтар проблема болып табылады. Қазіргі таңда республимка аумағында құрамында ПХД бар жабдықтар 116 трансформтор мен 50-ге жуық конденсатор бар екендігі анықталды. Олардағы ПХД құрамының көлемі шамамен 980 тоннаға бағаланады. Құрамында ПХД бар қалдықтардың жалпы көлемі 250 мың тоннамен бағаланады. Қазақстан Республикасы ЖҚОЗ қалдық қорлары бойынша Шығыс және Орталық Еуропа елдері ішінен Ресей Федерациясынан кейін екінші орын алады.

5-схема. Қауіпті қалдықтарды шекаралық тасымалдау

Қауіпті қалдықтарды шекаралық тасымалдау туралы деректер БҰҰ ЕЭК экологиялық көрсеткіштерінің бірі (І-34) болып табылады, жыл сайынғы деректері Статистика комитетінің сайтында қол жетімді

2016 жылы ҚОҚ БАЖ есептік деректері бойынша түзілген қауіпті емес қалдықтардың жалпы санынан басқа қалдықтардың да негізгі үлесін байқауға болады. Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің м.а. 2016 жылғы 29 шілдедегі «Қалдықтарды түгендеу жөніндегі есеп нысанын және оны толтыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» № 352 бұйрығына сәйкес басқа қалдықтар болып қалдықтарды түгендеу бойынша қауіпті емес қалдықтарды түгендеу бланкінің 1-40 жолдарындағы белгіленбеген қалдықтар табылады. Қауіпті емес қалдықтарды түгендеу бланкінің 1-40 жолдарындағы белгіленбеген қалдықтар 1- кестеде сәйкес.

1-кесте. Қауіпті емес қалдықтарды түгендеу бланкінің 1-40 жолдарындағы белгіленбеген қалдықтардың түрлері

Қалдықтардың түрлері
1. Қаптауыш материалдар:
2. қағаз және картон қаптауыш
3. пластикті және пластмасса қаптауыштар
4. шыны ыдыстар (шыны сынықтары)
5. ағаш қаптауыштар
6. металл қаптауыштар
7. 2-6 жолдарда белгіленбеген басқа қаптауыш материалдар
8. Макулатура:
9. қағаз
10. Картон
11. аралас
12. Пластик қалдықтары:
13. қатты пластик
14. жұмсақ пластик
15. төменгі қысымды полиэтилен (ТҚП)
16. жоғарғы қысымды полиэтилен (ЖҚП)
17. 13-16 жолдарда белгіленбеген пластиктің өзге қалдықтары
18. Электрондық және электр жабдық қалдықтары:
19. ірі көлемді тұрмыстық жабдық
20. ұсақ көлемді тұрмыстық жабдық
21. ақпараттық технологиялар және телекоммуникациялар жабдығы
22. тұтыну жабдығы
23. жарық беру жабдығы
24. электр және электрондық құралдар
25. 19-24 жолдарда белгіленбеген басқа электрондық және электр жабдық қалдықтары:
26. Ірі көлемді қалдықтар:
27. жиһаз
28. керамика (раковиналар, унитаздар)
29. 27-28 жолдарда белгіленбеген басқа ірі көлемді қалдықтар
30. Құрылыс қалдықтары:
31. құрылыстың ағаш қалдықтары
32. бетон бұйымдарының сынықтары
33. темір бұйымдарының сынықтары
34. керамикалық құбырлардың сынықтары
35. кірпіш сынықтары
36. құрылыстың, ғимарат және имаратты қиратудың аралас қалдықтары
37. 31-36 жолдарда көрсетілмеген басқа құрылыс қалдықтары
38. Қолданыстан шыққан автокөлік (данамен):
39. бөлшектеуден кейін (корпус)
40. бөлшектенбеген

6-схемада «Басқа қалдықтар» қалдық түрлерін қауіпті емес қалдықтардың негізгі үлесін құрайтын түзілген қауіпті емес қалдықтардың көлемі көрініс табады. Бұл табиғат пайдаланушылардың басым бөлігі қауіпті емес қалдықтарды толық көлемде бөлек жинамайтындығын және сәйкесінше оларды «Басқа қалдықтар» кестесіне қоятынымен түсіндіріледі.

6-схема. 2016 жылға қауіпті емес қалдықтарды құрайтын үлесі

Көзі: Қоршаған ортаны қорғаудың «ҚОҚ БАЖ» жүйесі

Схемада пайдаланудан шығып қалған көлік көлемі туралы ақпарат жоқ, аталған ақпарат аймақтар қимасында сипатталады.

Қазақстанда тарихи өнеркәсіптік қалдықтардың оның ішінде, техногендік минералдық түзілімдердің үлкен саны бар. Кеңестік индустриалдық бес жылдық кезеңінде ауыр өнеркәсіптің, аграрлық кешеннің және пайдалы қазбаларды әзірлеу қалдықтарының маңызды көлемі жинақталған. Сонымен қатар, бұл қалдықтардың маңызды бөлігі жоғары уытты және радиоактивті ластанудың деңгейі жоғары.


Қалдықтармен жұмыс істеу


Қазақстан халқының саны 18 млн адам, оның 66,4% қоқыс шығару қызметтерімен қамтылған. Елдің бір тұрғынына жыл сайын түзілген ТҚҚ көлемі 280-330 кг құрайды. Жыл сайын түзілген қалдықтардың көлемі 5-6 млн тоннаны құрайды. Түзілген ТҚҚ көлемінен шамамен 3% қайта өңделеді, қалған көлемі полигондар мен үйінділерде орналастырылады (97%).

Кәсіпорында пайдаланылған, қайталама пайдаланылған, жағылған қауіпті емес қалдықтардың үлесі олардың түзілу көлемі есепті жылда 30,77%-ды, кәсіпорындардағы залалсыздандырылған қауіпті емес қалдықтардың үлесі 0,0037%-ды құрайды.

Қалдықтарды өңдеу және қайта пайдалану туралы деректер БҰҰ ЕЭК экологиялық көрсеткіштерінің бірі (І-35) болып табылады, жыл сайынғы деректері Статистика комитетінің сайтында қол жетімді

7-схема. Қалдықтардың түпкілікті жойылуы

Қалдықтарды түпкілікті жою туралы деректер БҰҰ ЕЭК экологиялық көрсеткіштерінің бірі (І-36) болып табылады, жыл сайынғы деректері Статистика комитетінің сайтында қол жетімді

Қалдықтарды басқару саласындағы Қазақстанның саясаты қайталама шикізаттан өнім алумен қалдықтарды қайта өңдеу секторын дамытуға бағытталған. Аталған саясат Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылдың 30 мамырындағы Қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының «жасыл» экономикаға көшу концепциясында (бұдан әрі – Концепция) көрініс табады.

Концепциямен ТҚҚ-мен бар проблемаларды шешу үшін талаптарды жүзеге асыратын негізгі іс-шаралар анықталған атап айтқанда: қалдықтарды бөлек жинауды енгізу; ТҚҚ қайта өңдеу деңгейінің мониторингі және оның индикаторлары анықталған; инвестицияларды тарту механизмін әзірлеу; қалдықтарды жинау, қайта өңдеу және кәдеге жарату, қалдықтарды қайта өңдеу бойынша кәсіпорындарды ынталандыру шығындары бөлігін жабу мақсатында

Иесіз қауіпті қалдықтарды анықтау және жою бойынша жұмыстар жүргізілуде. Сонымен қатар, Энергетика министрлігінің «Жасыл даму» АҚ ведомствоға қарасты ұйымымен 2014 жылы Қарағанды облысындағы «Теміртау электрометаллургия комбинаты» АҚ аумағында орналасқан құрамында сынабы бар иесіз қалдықтарды зерттеу бойынша жұмыстар жүргізілді. Жүргізілген жұмыстардың нәтижесі бойынша құрамында сынабы бар қалдықтар әрі қарай кәдеге жарату үшін «Меркур-Центр KZ» ЖШС-ға сатылды. Осылайша «тарихи қалдықтар» деп танылған қауіптілігі жоғары көз жойылды.

Сондай-ақ, Қостанай облысының Тоғызақ кентіндегі «Шаруа» ЖШС қалдықтары көмуге полигон-мал қорымдарына шығарылып, жойылды сонымен қатар, ауыл шаруашылық химиясын қоймалау бұзылу нәтижесінде пайда болған иесіз қалдықтарды (улы химикаттар) көму бойынша жұмыстар жүргізілді.

Қазақстан Республикасы ЖҚОЛ туралы Стокгольм конвенциясына 2001 жылдың 23 мамырында қол қойып және оны 2007 жылдың 7 маусымында ратификациялау арқылы халықтың денсаулығы мен қоршаған ортаны химикаттардан қорғау үшін қауіптілікті жоюдағы әлемдік қоғамдастықтың жаһанды тәсілінің бағытын негізге алатындығы туралы өз ниетін білдірді.

Конвенция жүзеге асыру мүмкін болатын жерде тұрақты азайту, антропогенді көздерден (диоксиндер, фурандар, ПХД, гексохлорбензол) алынған С-қосымшасынан барлық шығарындыларды нақты жоюды мақсат етеді. Байқаусызда ЖҚОЛ өндіруге қатысты тәжірибе шара қолданыстағы технологиялар мен біршама экологиялық тәжірибені пайдалану болып табылады.

Қазақстан Республикасы Стокгольм конвенциясының тарабы ретінде Конвенция ережелерін жүзеге асыруға бағытталған міндеттемелерге ие. Нақты айтқанда, Қазақстан Республикасы:

– Конвенция шеңберінде міндеттемелерді орындау жоспарын әзірлейді және жүзеге асырады;

– Конвенция күшіне енгеннен кейін екі жыл ішінде Тарап конвенциясының орындау жоспарын жолдайды;

– ЖҚОЛ туралы Стокгольм конвенциясы бойынша міндеттемелерінің орындалуы және технологияларды беру бойынш әлеуетін құру үшін құрылымды ұйымдастырады;

– әрбір антропогендік көздерді, оларды тұрақты азайту және нақты жою мақсатында С-қосымшада көрсетілген химиялық заттардың жиынтық шығарындыларын азайтуға бағытталған шараларды қабылдайды;

– ЖҚОЛ қалдықтары мен қолдарына байланысты шығарындыларды азайту немесе жою бойынша шараларды қабылдайды;

– ЖҚОЛ бойынша ақпарат алмасуды жеңілдетеді және жүзеге асырады және осындай ақпаратпен алмасу мақсатында үшін ұлттық үйлестіру орталығын белгілейді;

– мүдделі тараптардың барлығын хабардар етуді және оқытуды арттыру бойынша шаралар қабылдау, ЖҚОЛ туралы қолданыстағы барлық ақпаратты жұршылыққа ұсынуға ықпал етеді;

– ЖҚОЛ барлық аспектілері және олардың баламалары бойынша бар ресурстар шеңберінде ғылыми зерттеу, әзірлеу, мониторинг және ынтымақтастық.

ЖОЛ қасиеттері бар пестицидтерді түгендеу тек 20%-ды қамтиды.

ЖҚОЛ сипаттарындағы химиялық заттарды түгендеу 2003-2005 жылдары келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылды:

– ескірген және пайдалануға жарамсыз пестицидтерді сақтау;

– құрамында ПХД бар жабдықтар;

– диоксиндер мен фурандар шығарындылары;

– ЖҚОЛ ластанған аумақтар.

Қазақстанда түгендеу нәтижесінде жойылу қиын органикалық ластауыштардың 8 ластану ошағы анықталды. Қазақстанда «ыстық нүктелер» туралы ақпарат ЖОЛ ластанудың «ыстық нүктелер» дүниежүзілік картасына орналастыру үшін оны ЖОЛ (IPEN) жоюдың халықаралық желілеріне бағытталған.

2009 жылы ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2009 жылғы 8 желтоқсандағы №261-О бұйрығымен Конвенцияның алғашқы тізіміне кіретін ЖҚОЛ реттеу бойынша шараларды қарастыратын ЖҚОЛ туралы Стокгольм конвенциясы бойынша Қазақстан міндеттемелерінің орындалу жоспары бекітілді.

Қазіргі таңда Стокгольм конвенциясына жаңа ЖҚОЛ тізімнің қосылуына, сонымен қатар жоспарланған ҰОЖ ережесін өзектендіруге байланысты ҚР Энергетика министрінің 2015-2028 жылдарға жойылуы қиын органикалық ластауыш заттар туралы Стокгольм конвенциясы бойынша Қазақстан Республикасының міндеттемелерінің орындалу жоспары 2014 жылғы 30 желтоқсанда №102 бұйрығымнен бекітілген.

2015 жылы ПХД экологиялық қауіпсіз жұмыс істеу жүйесін құру шеңберінде «Қазақстанда ПХД басқарудың кешенді жоспарын әзірлеу және орындау» БҰҰДБ жобасы аяқталды. Жоба ПХД қауіпсіз жұмыс істеу бойынша нормативті базасын әзірледі, оның шеңберінде 360 кәсіпорын ПХД жабдықтарын түгендеуге кірісті. Сондай-ақ, жоба шеңберінде республиканың алты кәсіпорнынан (2400 конденсатор) 80 тонна ПХД майы 33 трансформатор (Республиканың төрт кәсіпорны) және 150 тонна кәдеге жаратылды.

ҚР Президентінің 2012 жылғы 28 қыркүйектегі № 399 қаулысына сәйкес ЖҚОЛ (жойылуы қиын органикалық ластауыштар) жою проблемалары бойынша жобаларды жүзеге асыру үшін 2012 жылдың 22 қарашасынан бастап күшіне енген Қазақстан Республикасы аумағының орманды жерлерін көбейту жобасын дайындауға грант бөлу туралы Қазақстан Республикасы және Қайта Құру және Халықаралық Даму Банкі арасында Келісімге қол қойылды.

Сондай-ақ, Қазақстанда «Ұлттық орындалу жоспарын жаңарту, Қазақстанда медициналық қалдықтарды ұлттық жоспарлау мен тиімді басқару үдерісіне тұрақты органикалық ластауыштарды басқаруды интеграциялау» БҰҰДБ/ҒЭҚ ҚОСРМ жобасы жүзеге асырылуда.

Іске асырылу мерзімі 2014-2017 жылдар, жобаның негізгі мақсаты: байқаусызда пайда болатын жойылуы қиын органикалық ластауыштар мен қоршаған орта экологиясы үшін басқа барлық ластауыштар шығарындыларын азайту.

Қауіпті қалдықтарды шекараралық тасымалдау «Қауiптi қалдықтарды шекара аралық тасымалдауды және оларды аулаққа шығаруды бақылау туралы Базель конвенциясымен реттеледі (Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 10 ақпандағы № 389-II Заңы).

Конвенцияның негізгі ережесі: қауіпті қалдықтарды шығаруға және кіргізуге тыйым салу, қалдықтарды заңсыз саудалаудың алдын алу, үкіметтік ұйымдардың, өнеркәсіптік кәсіпорындардың, ғылыми мекемелердің және басқалардың қызметін үйлестіру, жазбаша ескертулер мен рұқсат беру жүйесі арқылы қалдықтарды шекара аралық тасымалдауды бақылау.

ТҚҚ-ның проблемаларын кешенді шешу үшін әкімдіктермен Жол карталары әзірлерді және бекітілді, олар келесі шараларды қарастырады:

– ТҚҚ-ны жинау және шығару бойынша қызметтермен халықты қамтамасыз ету;

– бөлек жинауды енгізу, сұрыптау жолақтарын орнату;

– биогаз немесе тыңайтқыштарды алу арқылы органикалық қалдықтарды қайта өңдеу;

– қалдықтарды қайта өңдеу бойынша шағын және орта бизнесті дамыту;

– ТҚҚ-ның ескі полигондарын қалпына келтіру, жаңа полигондарын салу, биогазды алу.

Жол картасының іс-шараларын жүзеге асыру келесілерге мүмкіндік береді:

– әрі қарай өңдеуге жарамды ТҚҚ-ның жалпы массасынан шикізатты максималды алу үгінгі таңда полигондарда жылына шамамен 60 млрд теңге сомасындағы қайта өңделген қалдықтар сақталады);

– шағын және орта бизнес кәсіпорындарының қайта өңдеу көлемін ұлғайту, жаңа өнімді шығаруды жүйелеу;

– жаңа жұмыс орындарын құру;

– елді мекендердің санитарлық жағдайын жақсарту;

– полигондардың қызмет көрсету мерзімін ұлғайту сәйкесінше, жаңа полигондардың құрылысының бюджет шығындарын қысқарту.

ТҚҚ-мен жұмыс істеу және полгиондарда сақтау көлемін азайту саласындағы проблемалық мәселелерді шешу мақсатында елдің аймақтарында ТҚҚ-ны бөлек жинау, сұрыптау, қайта өңдеу кезеңділікпен енгізіледі.

Бөлек жинау 22 қалада және ірі елді мекендерде ендірілген, ал олардың 17-де ТҚҚ-ны сұрыптау сату және қайта өңдеу үшін сапалы шикізатты арқылы жүзеге асырылады.

Қалдықтарды сұрыптайтын және қайта өңдейтін, өнімнің 20-дан астам түрін шығаратын 130-дан астам кәсіпорын жұмыс істейді: пластик, металл, ағаш, шыны, қағаз бұйымдар, резеңке үгінділері және резеңке техникалық бұйымдар. Кәсіпорындар саны өсуде. Сондықтан ӨКМ ендіруге мүмкіндік береді. Сонымен, мысалы, шиналарды өңдеу және кәдеге жаратуды жүзеге асыратын кәсіпорындардың саны 2016 жылы 5-тен 13-ке, пайдаланылған майлар 2-ден 8-ге ұлғайды.

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 17 қарашадағы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне индустриялық-инновациялық саясат мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» № 407-V заңымен, Қазақстанда қалдықтарды жинаудың, қайта өңдеудің және кәдеге жаратудың шығындар бөлігін жабу мақсатында өндірушілердің (импорттаушылардың) (бұдан әрі – ӨКМ) кеңейтілген міндеттемелері енгізілді.

ӨКМ жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы «Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері операторын айқындау туралы» № 1137 қаулысымен «ӨКМ операторы» ЖШС (бұдан әрі – ӨКМ операторы) белгіленді. 2016 жылдың 6 қыркүйегінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігімен ӨКМ операторы жұмысының міндеттері мен принциптерін, негізгі мақсатты көрсеткіштерін аныцқтайтын ӨКМ операторының Қызмет стратегиясы мен инвестициялық саясаты келісілді.

Экологиялық заңнамаға сәйкес Қазақстан аумағына автокөлік құралдарын енгізуші жеке және заңды тұлғалар тұтынушылық қасиетін жоғалтқаннан кейін автокөлік құралдары мен олардың компоненттерінен (автомобиль шиналары, аккумуляторлар, мотор майлары) пайда болған қалдықтарды жинауды, тасымалдауды, өңдеуді, залалсызнандыруды, пайдалануды және кәдеге жаратуды қамтамасыз етуге міндетті. 2016 жылдың қазанында Қазақстанда электрлік және электронды жабдықтарды (тұрмыстық техника, люминесцентті және сынап шамдар, токтың химиялық көздерін) ораудың ӨКМ принциптерін енгізу туралы шешім қабылданды.

Бұл ретте, 2016 жылғы жағдай бойынша шиналарды өңдеу және кәдеге жаратуды жүзеге асырушы ұйымдардың саны 5 тен 13 ке ұлғайды, пайдаланылған майларды өңдеумен және кәдеге жаратуды жүзеге асыратын ұйымдардың саны 2 ден 8 ге ұлғайды сонымен қатар, аккумуляторларды өдеуді жүзег асыратын 1 кәсіпорын өзгеріссіз қалды. Ал 2017 жылы шиналар мен пайдаланылған майларды өңдеу және кәдеге жарату бойынша қосымша 6 ұйымды енгізу жоспарлануда.

2016 жылы ӨКМ операторы бөлек жинау және қалдықтарды өңдеу үшін 22 арнайы ұйымға өтемақы ретінде 1 653,7 млн теңге төледі.

Жылдың соңына дейін Шымкент қаласында «HillCorparation» ЖШС мотор майлары мен жағар материалдарын өндірумен пайдаланылған майларды қайта өңдеу бойынша зауыт пайдалануға беріледі (қазіргі таңда жабдықтарды монтаждау жүргізілуде). Қуаттылығы жылына 10 мың тонна қалдық. Бұл қалдықтарды қайта өңдеуді тағы да 2%-ға ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Осылайша, мемлекетпен алдын алынған шаралар, оның ішінде ӨКМ ендіру, кәсіпорындарды ынталандыруға, қалдықтарды қайта өңдеу көлемін ұлғайтуға, сонымен қатар аталған саланың шағын және орта бизнесін дамытуға мүмкіндік береді.