Көлік

Қазақстанда 4 миллионнан астам автокөлік, оның ішінде шамамен 3,9 миллион отын ретінде бензин мен дизельдік отынды, 12 мыңы-газды қолданады, ал 7,5 мыңы-электрлік көлік. Сонымен бірге Қазақстандық көліктің жартысынан көбі 14 жастан асқан, бұл қоршаған ортаның ластануына елеулі үлес қосады. Қоршаған ортаның жай-күйін жақсарту үшін, мемлекет жыл сайын экологиялық таза көлік өндірісі үшін қаражат бөлуді ұлғайтуды, 2017 жылы 11,7 млрд теңге, ал 2016 жылы 4,4 млрд теңге.


Қазақстан көлігі


Қазақстанның көлік кешені теміржол, автомобиль, құбыр жүргізу, өзен, әуе көлігі түрлерімен, автомобильді және теміржолды жолдармен, кеме жүзетін су жолдарымен ұсынылған. Сонымен қатар көлік кешенініне автокөлік және темір жол жолдары, кеме жолдары, ғимараттар мен имараттар қатынасы құралдары мен жолдарына байланысты құбырлар жатады.

Теміржол көлігі

Қазақстан Республикасы магистральдық темір жолдарының ұзындығы 16,2 мың километрді құрайды.

Теміржол көлігінің жүк айналымы 2017 жылы 206,3 млрд тонна километрді құрады. Ол өткен жылмен салыстырғанда шамамен 10%-ға аз болған.

Су көлігі

Қазақстанның су көлігі жолының жалпы ауданы 4,5 мың километрді құрады. Елдің көліктік флоты-609 бірлік өзен кемелерінен тұрады. Навигациялық кезеңнің орташа ұзақтығы сәуірден бастап қазанға дейін және шамамен 184 күн.

Еліміздің негізгі өзен бассейндеріне Ертіс (кеме жолдарының ұзындығы 1 720 километр), Орал-Каспий (1 мың километрден сәл артық) және Іле-Балхаш (1 308 километр) жатады. Барлық үш бассейннің өзендерімен негізінен шығалтас, құм, тұз, қиыршықтас тасымалданады.

Автомобильді көлік

Еліміздің өндірістік-шаруашылық жүгінің көп бөлігі автокөлікпен тасымалданады. Сонымен біргі бұл-ластаушы заттарды атмосфераға шығаруы бойынша көшбасшы болып табылады. Сондықтан Қазақстанның экологиялық қауіпсіздігі бірінші кезекте автокөліктің экологиялық қауіпсіздігіне байланысты.

Көліктің осы түрінен шығарылатын зиянды заттарының көлемі бірнеше факторларға байланысты. Бастысы-пайдаланылатын отынның түрі. ҚР ІІМ деректері бойынша 2017 жылы отынның танымал түрі бензин болған.

Аймақтарда пайдаланылған отын түрлері бойынша механикалық жол көлік құралдары паркінің құрамы

Аймақтарда пайдаланылған отын түрлері бойынша механикалық жол көлік құралдары паркініңқұрамы туралы деректер БҰҰ ЕЭК экологиялық көрсеткіштерінің бірі (Н-31) болып табылады, жыл сайынғы деректері Статистика комитетінің сайтында қол жетімді.

Шығарындыларға әсер ететін тағы бір маңызды фактор-автомобиль көлігінің жасы. ІІМ деректері бойынша 2017 жылы елімізде жасы 10 жылдан артықболатын автокөліктердің саны 68 %-ы құрады. Аймақтар бойынша біршама жаңартылған көлік құралдар Алматы және Астана қалаларына тиесілі (3 жылдан аз).

Механикалық жол көлік құралдары паркінің орташа жасы

  • 2017–2015 жж.
  • 2014–2011 жж.
  • 2010– 2008 жж.
  • 2007–2003 жж.
  • 2003 дейін.

Механикалық-жол көлік құралдары паркінің орташа жасы туралы деректер БҰҰ ЕЭК экологиялық көрсеткіштерінің бірі (Н-32) болып табылады, жыл сайынғы деректері Статистика комитетінің сайтында қол жетімді

Сонымен қатар қоршаған ортаның жағдайына транспорт техникасының сапасы, оның техникалық жағдайының деңгейі мен автокөлік жолдарының сапасы әсер етеді.

Әуе көлігі

Елімізде әуе көлігінің танымалдылығы артуда: 2016 жылы онымен 12,2 миллион адам жүрсе, 2017 жылы-14,2 миллион.

Қазір Қазақстанда республикалық және облыстық маңызды аэропроттар жұмыс жасайды, олардың 17 халықаралық рейстерді жүзеге асырады. Қазақстанда ішкі әуе рейстерінің 55 маршруты бойынша 7 авиакомпания орындайды. Халықаралық тұрақты рейстер тек екі қазақстандық авиакомпания-«Эйр Астана» АҚ және «СКАТ» АҚ-мен жүзеге асырылады. Сонымен бірге, 25 шетелдік тасымалдаушы тұрақты халықаралық рейстерді орындайды, олардың қатарында Turkish Airlines, Etihad, Aeroflot, KLM, Lufthansa, China Southern Airlines, Asiana Airlines, Fly Dubai, Өзбек әуе желісі және т.б. бар.

Соңғы жылдары 15 ұшу-қону жолақтарына және 12 жолаушылар терминалына қалпына келтіру және құрылыс жұмыстары жүргізілді. 2020 жылға дейін Қостанай және Өскемен қалаларындағы ҰҚЖ қалпына келтірілетін болады.

Жолаушылар айналымы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің деректеріне сәйкес 16 жылда Қазақстанда жолаушылар айналымы шамамен төрт есе азайған: 1991 жылғы 67 835 миллион жолаушылар километрден 2017 жылғы 19 241,2 миллион жолаушылар километрге дейін.

Жолаушылардың көп бөлігі автокөлікті және қалалық электр көлігін қолданады. 2017 жылы олардың үлесі 93 %-ды құрады.

Ішкі су жолаушылар айналымы (миллион жолаушылар километрі)

Темір жол жолаушылар айналымы (миллион жолаушылар километрі)

Автомобильді және қалалық электр жолаушылар айналымы (миллион жолаушылар километрі)

Жолаушы айналымы туралы деректер БҰҰ ЕЭК экологиялық көрсеткіштерінің бірі (Н-29) болып табылады, жыл сайынғы деректері Статистика комитетінің сайтында қол жетімді

Жүк айналымы

Инвестициялар және даму министрлігінің деректері бойынша бүгінде Қазақстан Республикасында жүк айналымы негізінен теміржолмен (206,3 миллиард тонна километр) және автомобилмен (161,84 миллиард тонна километр) қамтамасыз етіледі.

Жоғарыда аталып өткендей автокөлік қоршаған ортаға әсері елеулі әсер етеді. Сондықтан жүк тасымалдау автокөлігі саласынан су, темір жол, құбыр желісі көлігіне көшу қоршаған ортаға кері ықпал етудің төмендеуіне мүмкіндік беретін маңызды қадам болып табылады.

Ішкі су жүк айналымы (млрд ткм)

Темір жол жүк айналымы (млрд ткм)

Автомобильді және қалалық электр жүк айналымы (млрд ткм)

Жүк айналымы туралы деректер БҰҰ ЕЭК экологиялық көрсеткіштерінің бірі (Н-30) болып табылады, жыл сайынғы деректері Статистика комитетінің сайтында қол жетімд

 
 
 
 

 
 


Көліктегі экологиялық саясат


Көлік-қоршаған ортаның ластануы мен климаттың өзгеруіне әсер ететін негізгі факторлардың бірі болып табылады.

Парниктік газдардың жаһандық шығарындыларының 23%-ы оның үлесіне келеді және осы көрсеткіш тұрақты түрде жоғарлауда. Экологиялық таза көлік құралдарды, электромобильдерді енгізу жағымсыз сыртқы әсерлерді жою кезінде тиімді шешім болуы мүмкін.

ӨКЖ (өндірушілердің кеңейтілген жауапкершілігі) бағдарламасы экологиялық таза көлік құралдарын өндіруге ықпал етеді. Осы қаражатқа 21 900 көлік өндірілді.

Осы көліктерді өндіруші ғана емес, сатып алушы да ынталандырылады. 2017 жылы автокөлік иегерлеріне 7,9 млрд теңге жалпы сомаға 23 мың жеңілдік сертификаты дайындалды. Әр сертификаттың құны 315 тен 650 мың теңгені құрады.

Инфрақұрылымның дамуына Астана және Алматы қалаларында 109 электр құю станцияның инфрақұрылымын дамытуға 303,7 млн теңге бөлінді. Осы қаражатқа Астанада 10 ЭҚС мен Алматы қ. 2 ЭҚС орнатылды.

2016-2017 жылдары экологиялық таза көлік құралдарын өндіруге бөлінген қаржы мөлшері

Экологиялық саясат туралы нақтырақ ақпарат Қоршаған ортаның жай-күйі туралы және Қазақстан Республикасының табиғи ресурстарын пайдалану туралы ұлттық баяндаманың «Экологиялық саясат» тарауында келтірілген → Экологиялық саясат