×
Экологиялық мәселелер туралы көбірек білу үшін, картадағы белгішелерді басыңыз. Егер Қазақстанның белгілі бір облысындағы экологиялық жағдаймен егжей-тегжей танысқыңыз келсе, оның құрылымын басыңыз немесе жоғарғы мәзірді қолданыңыз.
Ақмола облысы
Астана
Қарағанды облысы
Қарағанды
Жамбыл облысы
Тараз
Алматы облысы
Алматы
Оңтүстік Қазақстан облысы
Шымкент
Қызылорда облысы
Қызылорда
Маңғыстау облысы
Ақтау
Атырау облысы
Атырау
Батыс Қазақстан облысы
Орал
Ақтөбе облысы
Ақтөбе
Қостанай облысы
Қостанай
Солтүстік Қазақстан облысы
Петропавл
Павлодар облысы
Павлодар
Шығыс Қазақстан облысы
Өскемен
Щучье-Бурабай курорттық
аймағындағы көлдердің ластану
мәселесін шешу үшін ҚР Энергетика
министрігімен «Щучье, Бурабай,
Қарасукөлдерін тазалау және
санациялау» жобасы асыруда, құны
23,6 млрд тенге. 2017 жылдың
мамыр айы мен қазан аралығында
«Қоршаған ортаны қорғау
объектілерін салу және қайта
жаңарту» 037 бюджеттік
бағдарламасы бойынша, Щучье-
Бурабай курорттық аймағындағы
көлдерінен 108 618 лай
шығарылды. Экология
департаменті көлдердің суының
жағдайын бақылау үшін, і
лабораториялық зерттеулерді
жүргізеді.
Ақтөбеде, Елек өзенінің жағасында
1957 жылы хром қоспасы зауының
іске қосылуымен байланысты, алты
валентті хроммен жер асты суының
ластану аймағы бар. Қазір ластану
жер асты суының төмен ағысымен
Елек пен Жайық өзендеріне түсе
отырып таралуда. 2014-2015
жылдары жер асты суларына
мониторинг жүргізілді, ол
ластанудың төмендегенін көрсетті.
Дегенмен жоба әрі қарай жалғасын
тапқан жоқ, 2017 жылы мәселе
шешілгін жоқ.
Бұрыңғы Алға химиялық зауытының
иесіз қалдықтары ластанудың негізгі
себептеріне айналды. Мәселені
шешу үшін 2017 жылы "Жасыл
даму" АҚ«Бұрынғы Киров атындағы
Алға химия зауытының аумағында
орналасқан қауіпті қалдықтарды
жою үшін жобалау-сметалық
құжаттама" әзірледі. Жоба
мемлекеттік сараптамадан өтті
және облыс әкімдігімен үш жыл
ішінде іске асырылатын болады.
Облыстың Панфилов ауданында
гамма-сәулелену деңгейі жоғары
уран-кен орындарының үйіндісі
бар. Алматы облысының табиғи
ресурстар және табиғат
пайдалануды реттеу
басқармасымен Панфилов
ауданында орналасқан, уран
ұңғымасын қалпына келтірудің
техникалық-экономикалық
негіздемесін әзірлеуге бюджеттік
қаражат бөлу туралы бюджеттік
өтінім берді.
Сорбулақ жинақтағышының
жарылуынан Күрті кенті мен Ақши
ауылының, Ұзын ағаш станциялары
мен электр станцияларын су басу
ықтималдылығы бар, ол 2017 жылы
618-620 метр деңгейге дейін толған,
жол берілген көлемі 622,5 метр.
Мәселені шешу үшін «Сорбұлақ
ағын су жинақтағыш-көлді қайта
құру, қосалқы құралдарды қоса
алғанда» жұмыс жобасына
түзетілуде.
Өскеменде қала шегінде
радиоактивті ластану көзі бар, оның
себебі 50-70 жылдары қала шетінде
уран өндірісін, айналыста
ампулалық иондаушы сәулелену
көздері бар Калбаолово
комбинатының және
кәсіпорындардың қарқынды
фабрикаларының радиоактивті
қалдықтарын орналастыруы. Осы
мәселені шешу үшін радиоактивті
ауытқулардың және иондаушы
сәулелену көздерінің Кадастры
жасалды, оның аясында жыл сайын
жыл сайын қатерсіздендіру
жұмыстары жүргізілуде. 2017 жылы
Д. Серікбаев атындағы Шығыс
Қазақстан мемлекеттік техникалық
университетінің бас ғимараттың
аумағында қатерсіздендіру
жүргізілді.
Семей қаласында Ертіс өзені
ағысының астынан төселген, апатты
жағдайдағы кәріз құбырының
жарылуынан , өзеннің ластану қауіпі
бар. Қазір құбыр жабылған,
дегенмен Семейде жаңа мөлтек
аудандарын салу жоспарлануда,
оларды осы құбырға қосу қажет.
Құбырдың жарылуының алдын алу
мақсатында «Шығыс Қазақстан
облысы Семей қ. Тихомировская
сағасының аумағында Ертіс ө.
арқылы кәріз құбыры дюкерін қайта
жаңарту» жобалық-сметалық
құжаттамасы әзірленді, осы жобаны
қаржыландыру бойынша өтінім
жіберілді.
Жайық өзені мен оның Деркөл,
Шаған, Күшім ағыстарында судың аз
болуына байланысты қатты
лайланған, елді мекендердің
маңында су ластанған. Жайық өзені
бассаейнінің экожүйесін сақтау
және облыс халқын сумен
қамтамасыз ету үшін, 2016 жылы
«Жайық-Көшім жүйесінен «Үлкен
өзен» өзеніне суды бассейнаралық
жіберу үшін Киров-Шежін арнасын
қайта жаңғырту» жобасының 1
кезеңі жүргізілді. 2017 жылы екінші
кезеңі аяқталып, 3-кезеңінің
жобалық-сметалық құжаты
әзірленді. Сонымен қатар,
Мемлекетаралық келісім жасалды,
оның аясында түбін тазалау және
жағасын бекіу жұмыстары
жүргізілді.
Теміртау қ. «ТЕМК» АҚ аумағында
сақталатын иесіз сынап және басқа
қауіпті химиялық заттар сақталған.
Осы қалдықтарды қауіпсіз кәдеге
асыру қажет, ал жойылғанға дейін
төгілу мен топырақтың
ластануының алдын алу үшін,
сұйық қалдықтар сақталған
бөшкелердің герметикалылығын
бақылау керек.
Балқаш көлінің жағасында «Дарьял-
У» радиолокациялық станциясының
аумағында сот шешімімен иесіз деп
танылған өндірістік конденсаторлы
контейнерлерді сақталған.
Конденсаторлардың құрамында
полихлордифенил қауіпті заты бар.
2017 жылы «Жасыл даму» АҚ мен
«EcoProfKz» ЖШС арасындағы
келісім шеңберінде, «Дарьял-У»
конденсаторлары аумағында
қоршаған ортаның
компоненттерінің
полихлордифенилмен ластануына
зертханалық талдаулар жүргізілді.
Конденсаторларды жою мәселесі
қарастырылған.
Қостанай қаласында қолданылатын
ағынды суларды тазалау
технологиясы заманауи талаптарға
сәйкес келмейді, ағынды суларды
тазалау тиімділігі 20%-дан аспайды.
Осы мәселені шешу үшін 2014
жылы «Қостанай қаласының сумен
қамтамасыз ету және су тарту
жүйесін инвестициялаудың
негіздемесі» жобалық құжаттамасы
әзірленді. Жоба мемлекеттік
сараптамадан өтті, дегенмен
жобаның өзіндік құны жоғары
болуына байланысты мәселе
шешілген жоқ. Ағынды суларды
тазарту үшін балама тәсілді қолдану
бойынша мәселе қарастырылуда.
Сырдария өзені суының ластануын,
қоқыстануын, сарқылуын
болдыртпау мақсатында, су қорғау
аймақтары мен белдеулері
құрылуда.
1974 жылы Жаңаөзен қаласында
"Өзен-Гурьев-Куйбышев"
магистралдық газ құбырындағы
апаттың салдарынан, ауданы 84 га
болатын мұнай қоймасы пайда
болды. Үкімет мұнай қалдықтарын
Экологиялық кодекске сәйкес иесіз
деп танып, оларды республикалық
меншікке тапсыру туралы шешім
қабылдады. Ашық конкурс
қорытындысы бойынша 304 136
тонна қауіпті қалдық әрі қарай
кәдеге жарату үшін, мемлекеттен
"ЭкоОриентир" ЖШС баллансына
тапсырылды.
Мұнайлы ауданында
қолданылмайтын 2 ірі уран карьері
бар, олардың радиациялық
деңгейін бақылау шекті
нормалардан аспағандығын
көрсетті. Радиацияның халықтың
денсаулығына әсерін алдын алу
үшін, 2018 жылы аудан әкімдігі 1,1
км траншея қазу және 9 арнайы
тақтайша орнату арқылы
карьерлерге көлік құралдарымен
қол жетімдікті және олардың
ауданында малдың жайылуы
шектетілді.
Облыстың 57 % халқы Каспий
теңізінің ластануына және жыл
сайын нашарлауына қарамастан
,тұщытылған суын тұтынады.
Өкінішке орай, Қазақстанда Каспий
теңізінің кешенді проблемаларын
зерттеуге арналған, ғылыми-зерттеу
институттары мен орталықтары
жоқ, ал "Қазгидромет" ЖШС сәйкес
материалдық базасы жоқ. Мәселені
шешу үшін, Парламент мәжілісі
депутаттарымен және облыс
әкімдігімен ҚР Үкіметіне мәселені
шешу үшін ұсыныстар енгізілді,
дегенмен мәселе шешілген жоқ.
Бұрынғы «Химпром» зауыты мен
Былқылдак ағынды су қоймасы
аумағындағы сынаппен тарихи
ластануы облыс үшін проблема
болып қала бермек. 2005 жылдан
бастап осы аумақтарда сынаптың
жыл сайынғы мониторингі
жүргізіліп келеді, бұл тұрғындар
мен қоршаған орта үшін мүмкін
болатын қауіпті анықтау үшін қажет.
2017 жылы мониторинг
бағдарламасы түзетілді, жер асты
суларын бақылау ұңғымаларының
саны артты. Бір жыл ішінде
«GioTrade» ЖШС зертханасы ауа, су
және топырақтың 334 сынамасын
алды.
×
Ақмола облысының экологиялық мәселелер
Астана қаласының экологиялық мәселелер
Қарағанды облысының экологиялық мәселелер
Жамбыл облысының экологиялық мәселелер
Алматы қаласының экологиялық мәселелер
Алматы облысының экологиялық мәселелер
Оңтүстік Қазақстан облысының экологиялық мәселелер
Қызылорда облысының экологиялық мәселелер
Маңғыстау облысының экологиялық мәселелер
Атырау облысының экологиялық мәселелер
Батыс Қазақстан облысының экологиялық мәселелер
Ақтөбе облысының экологиялық мәселелер
Қостанай облысының экологиялық мәселелер
Солтүстік Қазақстан облысының экологиялық мәселелер
Павлодар облысының экологиялық мәселелер
Шығыс Қазақстан облысының экологиялық мәселелер
<
>