2017 жылы ауыл шаруашылығында еңбек өнімділігі адам басына шаққанда 1,6 млн теңгені құрады. Ауыл шаруашылық дақылдарды валдық жинау, сондай-ақ ауыл шаруашылық жануарлардың саны жоғарлады. Топыраққа 13 811 тонна пестицидтер енгізілді.
Топыраққа улы химикаттарды, пестицидтер мен тыңайтқыштарды енгізу |
Улы химикаттарды енгізу-ауыл шаруашылық дақылдарырының зиянкестерімен күресуге қажетті құрал, дегенмен ол-ауыл шаруашылығының қоршаған ортаға әсер етуші негізгі фактор болып табылады. 2017 жылы шегіртке зиянкестерінің үйірлі түрлеріне қарсы, дәнді дақылдар ауруларына қарсы, астық көбелегі, жүгерідегі мақта көбелегі, мақта көбелегі, жүгерідегі өрмекші кенесі, мақтадағы өрмекші кенесіне қарсы 5,8 млн га жер өңделді. Америкалық ақ көбелекке, шығыс жемір көбелегіне, қауын шыбынына, калифорния сымырына, дербесжұбқа, жатаған укекіреге қарсы 51,4 мың га жер
2017 жылы ауыл шаруашылығына зиянды организмдердің залалының алдын алу мақсатында 13 мың тоннадан астам пестицидтер қолданылған, бұл 2016 жылға қарағанда 3 мың тоннаға артық. Әр түрлі мақсаттағы пестицидтер,
Дән дәрілегіш – бұл саңырауқұлақтардан, бактериялардан және топырақта болатын зиянкестерінен зақымданудан қорғау үшін тұқымдарды өңдеуге арналған улы химикаттар.
Пестицидтерді енгізу
Барлық енгізілген пестицидтер (тонна).
Аудан бірлігіне пестицидтер енгізілді (кг/га).
Пестицидтер мен рұқсат етілген және тыйым салынған пестицидтер тізімі бойынша толық ақпарат Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі сайтта орналастырылған.
Ауыл шаруашылығына әсер етудің тағы бір факторы тыңайтқыштарды енгізу болып табылады.
2007-2017 жылдары 28,27 млн гектар егістік алқабының топырағына мониторинг жүргізілді, нәтижесінде топырақта гумустың төмен мөлшері- 76,6%, орташа – 22,4% және жоғары – 1,0% анықталды.
Топырақта гумустың мөлшерінің аз болуы құнарлылықтың төмендеуіне әкеледі, оны сақтау үшін топыраққта минералды және органикалық тыңайтқыштар енгізіледі.
2013 жылдан бастап 5 жыл ішінде топыраққа орта есеппен 725,4 мың тонна органикалық тыңайтқыш енгізілді, бұл өткен жылдарға қарағанда аз; салыстыру үшін 1986 жылы тек 1,0 млн. тонна тыңайтқыштар қолданылды.
Минералды және органикалық тыңайтқыштарды енгізу
Минералды тыңайтқыштарды тұтыну (мың тонна).
Минералды тыңайтқыштарды тұтыну (1 гектарға килограмм)
Минералды тыңайтқыштармен өңделген алаңдар
Минералды және органикалық тыңайтқыштарды енгізу туралы деректер БҰҰ ЕЭК экологиялық көрсеткіштерінің бірі (F-23) болып табылады, жыл сайынғы деректері Статистика комитетінің сайтында қол жетімді.
Органикалық тыңайтқыштарды енгізу
Органикалық тыңайтқыштарды тұтыну
Органикалық тыңайтқыштармен өңделген алаңдар
Қазақстандағы ауыл шаруашылығының жағдайы |
2017 жылы ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алқабы шамамен 22 млн гектарды құрады. Дәнді (күрішті қоса алғанда) және бұршақ дақылдар ең үлкен аумақты (70%) ды алды.
2017 жылы кейбір дақылдарды валдық жинау көлемі (мың тонна)
Дақылдар | Көлемі |
---|---|
Дәнді (күрішті қоса алғанда) және бұршақ дақылдары | 20 585 |
Ашық грунт көкөністері | 3 616 |
Картоп | 3 551 |
Майлы дақылдар | 2 359 |
Мақта | 331 |
Дәнді (күрішті қоса алғанда) және бұршақ дақылдардың өнімділігі 13,4 ц/га құрады. Бидайды жинау 14,8 млн га, ал өнімділігі 12,4 ц/га құрады.
2017 жылы жылқы басының саны 6,9%-ға, ірі қара мал-5,5%-ға, түйе-7,2%-ға жоғарлаған. Қой 1%-ға, ал құс 8,1%-ға жоғарласа, ешкі мен шошқа саны азайған.
2017 жылы кейбір ауыл шаруашылық жануарлар басының саны (бірлік)
Басының саны | Бірлік |
---|---|
Жылқы | 2 416 000 |
Ірі қара мал | 6 764 000 |
Түйе | 193 000 |
Қой | 16 000 000 |
Құс | 40 000 000 |
Ешкі | 2 279 200 |
Шошқа | 815 1000 |
2017 жылы сиыр етін өндіру 1,2 млн тоннаны құрады, 2016 жылмен салыстырғанда 5,9 %. Сүт өндірісі 2016 жылмен салыстырғанда 3%-ға артып, 5,5 млн тоннаны құрады. Жұмыртқа өндірісі 5 млрд данаға жетті.
Жынуарлардың аса қауіпті ауруға шалдығуына қатысты эпизодтық жағдай тұрақты.
Ауыл шаруашылық жануарларының ауруымен күрес |
Ауыл шаруашылық жануарларды сібір жарасы ауруынан шектеу үшін, Қазақстанда 2 180 көмінді құрылды. Олардың барлығы белгілермен таңбаланды және 2 178 қоршауға алынды. Автоматтандырылған ақпараттық жүйеге 2 144 көмінді туралы ақпарат енгізілді.
2017 жылы
Экологиялық саясат туралы нақтырақ ақпарат Қоршаған ортаның жай-күйі туралы және Қазақстан Республикасының табиғи ресурстарын пайдалану туралы ұлттық баяндаманың «Экологиялық саясат» тарауында келтірілген → Экологиялық саясат