Ауа

2017 жылы 2016-шы жылмен салыстырғанда Қазақстан ауасына қауіпті заттар көбірек шығарылды. Қалаларда өткен жылмен салыстырылғанда ауа сапасы өзгерген жоқ. Соңғы 5 жылда озон қабатын бұзатын заттардың шығарындылары 10 еседен артық төмендеп, 2017 жылы 6,8 тоннаны құрады. 2017 жылы өткен жылмен салыстырғанда ауаның жоғары және экстремалды жоғары ластану жағдайлары 2300-ге төмендеген.


Қазақстандағы ауаның сапасы


2017 жылы зерттелген 138 591 атмосфералық ауа сынамасының 6280 данасы гигиеналық нормативтерге сәйкес болмады. Сынамалардың орташа республикалық көрсеткішінен Қарағанды облысында-8,5%, Ақмола облысында-5,5% жоғары болды.

Қазақстан елді мекендерінде ауаның ластану деңгейі (2017 жыл)

АЛИ есептеулері бойынша деректер (Алмосфераның ластану индексі-атмосфераның ластану деңгейінің кешенді көрсеткіші) 

Елді мекендердегі ауаның сапасы БҰҰ ЕЭК-ның (А2) экологиялық көрсеткіштерінің бірі болып табылады, жыл сайынғы деректер Статистика комитетінің сайтында қол жетімді.

2017 жылы ЖЛ және ЭЖЛ жағдайлары

Ауының жағдайы туралы накты ақпаратымен «Қазгидромет» РМК сайтында танысуға болады, сонымен қатар «Қазгидромет» РМК геопорталында www.atmosphera.kz заттардың концентрациясын нақты уақыт режимінде көруге болады.

 
 
 
 

 
 


Ауаға әсер


Қалалар мен ауылдардағы атмосфералық ауаның азот және көміртегі оксиді, күкірт диоксиді, формальдегид, күкірт сутегі, қалқыма заттар, фенол, аммиак сияқты ластауыш заттармен ластануы, автомобиль жолдарының қалалық көлікпен шоғырлануы, шығатын газдардың көп мөлшеде болуы, өнеркәсіп кәсіпорындары шығарындыларының таралуы, жел жылдамдығының төмен болуына байланысты.

2017 жылы ауаға 2,3 млн тонна қауыпті заттар түскен-бұл 2016 жылдан 4,2%-ға артық.

2017 жылы адам басына шаққандағы шығарындылар 2016 жылғыдай 119 кг құрады.

Халықтың жан басына шаққандағы негізгі ластауыш заттар шығарындылары

Елдің аудан бірлігіне шаққандағы қауіпті заттардың шығарындылары 2016 жылмен салыстырғанда 10 кг/км2 дейін өсті.

Аудан бірлігіне шаққандағы негізгі ластауыш заттардың шығарындылары

ЖІӨ
-нің бірлігіне шаққандағы ластауыш заттардың шығарындылары 1 килограмнан аз төмендеген

ЖІӨ
-нің бірлігіне шаққандағы негізгі ластауыш заттардың шығарындылары

Атмосфералық ауаға ластауыш заттардың шығарындылары БҰҰ ЕЭК-ның (А1) экологиялық көрсеткіштерінің бірі болып табылады, жыл сайынғы деректер Статистика комитетінің сайтында қол жетімді

Көптеген өнеркәсіптік кәсіпорындар орналасқан, Қарағанды, Атырау, Ақтөбе және Шығыс Қазақстан облыстарында ауаныі ең көп ластануы байқалды.

Аймақтар бойынша ластаушы заттардың шығарындылары

Өлшем бірлігі: (мың/тонна)

Қауіпті заттардың шығарындыларының ішінде күкірт диоксиді бес жылдан астам уақыт бойы бірінші орында.

Қауіпті заттардың ауаға шығарындылары, түрлері бойынша

А.

Б.

Қазақстанда жердің озон қабатын бұзатын заттарды тұтыну ескеріледі.

Озон қабатын бұзатын заттарды
тұтыну,
ОБҚ тонна

Көзі: Озон хатшылығының сайты

Озон қабатын бұзатын заттарды
тұтыну БҰҰ ЕЭК-ның (А3) экологиялық көрсеткіштерінің бірі болып табылады, жыл сайынғы деректер Статистика комитетінің сайтында қол жетімді.

 
 
 
 

 
 


Ауаны қорғау


2017 жылы кəсіпорындардан ауаға шығарылған барлық ластауышы заттардың 92,3% ауланды жəне залалсыздандырылды.

«Қазгидромет» РМК Республика ауасының сапасын бақылауды 49 елді мекенде 146 бақылау пунктінде жүргізеді.

Ауада қалқыма заттар (шаң), РМ-2,5 қалқыма бөлшектері, РМ-10 қалқыма бөлшектері, күкірт диоксиді, еритін сульфаттар, көміртегі диоксиді, азот диоксиді, азот оксиді, озон (жерге жақын), күкіртті сутегі, фенол, фторлы сутегі, хлор, хлорлы сутегі, көмір сутегі, аммиак, күкірт қышқылы, формальдегид, метан, о/е күшала қосындысы, кадмий, қорғасын, хром, мыс, бензол, бенз(а)пирен, бериллий, марганец, кобальт, гамма-фон, мырыш анықталды.

Қазақстан қоршаған ортаны қорғау бойынша Вена конвенциясының, озон қабатын бұзатын заттар жөніндегі Монреал хаттамасы және оның басқа, түзетулерінің Тарапы болып табылады. Осы құжаттарға сәйкес Қазақстан жыл сайын озон қабатын бұзатын заттардың экспорты мен импорты туралы есеп береді, озон қабатын бұзатын заттарды азайту және озон қабатының жай-күйі туралы ақпараттарды ұсынады және гидрохлорфторкөміртектерді тұтыну деңгейін төмендету бойынша іс-шаралар жоспарын жүзеге асырады.

Қазақстан жақын арада тарапы болуды жоспарлап отырған Монреаль хаттамасының Кигали түзетулеріне сәйкес, 2011-2013 жылдар базалық деңгейге қатысты гидрофторкөміртектерді өндіру және тұтынуды кезең-кезеңмен қысқартуды жоспарлануда.

2011-2013 жылдарға өндіріс және тұтыну деңгейінің базалық жолағына қатысты Қазақстан үшін ГФК біртіндеп қысқарту.

Қазақстан үкіметі озонды бұзатын заттарды пайдаланаумен байланысты іс-шараларды бақылайды. Осылайша, Экологиялық кодекстің 313-бабы олардың шығарындылары мен тұтынылуының шегін белгілейді. Озон қабатын бұзатын заттар мен олар құрамында бар өнімдерді қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган берген лицензия негізінде ғана елге жеткізілуі мүмкін. 2017 жылы осындай 4 лицензия берілген.

Экологиялық саясат туралы нақтырақ ақпарат Қоршаған ортаның жай-күйі туралы және Қазақстан Республикасының табиғи ресурстарын пайдалану туралы ұлттық баяндаманың «Экологиялық саясат» тарауында келтірілген → Экологиялық саясат