Су

Қазақстанда беткі су ресурстарының сапасын бақылау 133 су объектіде жүргізіледі.

Олардың көбі ластанудың орташа деңгейінде (60 өзен, 18 көл, 13 су сақтағышы, 4 арна). 2017 жылы табиғи факторламен қатар экстремалды жоғары (14)  және жоғары (414) ластану факторларына өнеркәсіптік кәсіпорындарының ағынды сулары әсер етті.


Су ресурстарының жай-күйі.

Қазақстанда сегіз өзен су шаруашылығы бассейіні бар: Арал-Сырдария, Балқаш-Алакөл, Ертіс-Есіл, Орал-Каспий, Нұра-Сарысу, Тобыл-Торғай. Шу-Талас.

Қазақстан Республикасының су ресурстары, текше километр (км3)

 

Қазақстанда 3544 жер асты су кені тіркелген, оның қоры 42 миллион текше метрден асады.

Жер асты суының қоры атмосфералық жауын-шашын немесе өзен ағысының көмегімен табиғи жағдайда толады.

Тұщы суды қайталама және айналмалы пайдалану туралы деректер БҰҰ ЕЭК экологиялық көрсеткіштерінің бірі (С-7)болып табылады, жыл сайынғы кейбір деректер Статистика комитетінің сайтында қол жетімді.

Жер асты шаруашылық-ауз суы республика аумағында бір қалыпты таралмаған: ресурстың шамамен жартысы елдің оңтүстік, үштен бірі-орталық, солтүстік және шығыс аймақтарында және тек жиырма пайызы батыста орналасқан.

Қазақстан Республикасының аймақтары бойынша жер асты техникалық және ауыз суларының таралуы.

2017 жылы республиканың 32 суайдынында 14 экстремалды жоғары (ЭЖЛ) және 414 жоғары ластану (ЖЛ) жағдайы тіркелді.

Облыстар бойынша беткі сулардың жоғары және экстремалды жоғары ластану жағдайлары.

Ластанған ағынды сулар туралы деректер БҰҰ ЕЭК экологиялық көрсеткіштерінің бірі (С-16) болып табылады, жыл сайынғы кейбір деректер Статистика комитетінің сайтында қол жетімді.

Қазақстан суайдындарындағы сулардың сапасы

Нормативті-таза суайдындары

Жайық, Шаронов, Қиғаш, Қатты бөген өзендері; Марқакөл көлі; Каспий теңізі.

Ластанудың орташа деңгейінегі суайдындары

Қара Ертіс, Ертіс, Бұқтырма, Оба, Емел (ШҚО), Аягөз,Усолка, Ембі, Жайық (БҚО), Шаған, Деркөл, Елек (БҚО), Шыңғырлау, Сарыөзен, Қараөзен, Ақтасты, Ойыл,Үлкен Қобда, Қара Қобда, Тоғызақ, Үй, Желқуар, Есіл, Ақбұлақ, Нұра, Беттібұлақ, Көкпекті, Іле, Текес, Баянкөл, Шелек, Шарын, Қаскелең, Қарқара, Есік, Түрген, Талғар, Темірлік, Лепсі, Тентек, Жаманты, Ырғайлы, Кіші Алматы, Есентай, Үлкен Алматы, Ақсу (Алматы облысы), Қаратал, Қатынсу, Үржар, Егінсу, Талас, Асса, Берікқара, Шу, Ақсу (Жамбыл обл.), Тоқташ, Сарықау, Сырдария, Бадам, Арыс, Бөген өзендері;
Жасыбай, Сабындыкөл, Шалқар (БҚО), Шалқар (Ақтөбе обл.), Сұлтанкелді, Қопа, Зеренді, Билікол, Бурабай, Сұлукөл, Қатаркөл, Текекөл, Шолақ, Есей, Қоқай, Үлкен Алматы, Сасықкөл көлдері;
Бұқтырма, Өскемен, Аманкелді, Жоғарғы Тобыл, Сергеевское, Вячеславское, Кеңгір, Қапшағай, Күрті, Бартоғай, Тасөткел, Самарқан, Шардара су сақтағыштары;
Көшім, Нұра-Есіл, Ертіс-Қарағанды арналары, ағынды су арнасы;
Арал теңізі.

Ластанудың жоғары деңгейіндегі суайдындары

Брекса, Тихая, Үлбі, Глубочанка, Красноярка, Елек (Ақтөбе обл), Қарғалы, Қосестек, Орь, Ырғыз, Темір, Тобыл, Әйет, Обаған, Сарыбұлақ, Жабай, Қара Кеңгір, Соқыр, Шерубайнұра, Қорғас, Емел (Алматы обл.), Қарабалта, Келес өзендері;
Үлкен Шабақты, Шучье, Кіші Шабақты, Қарасу, Лебяжі, Балқаш, Алакөл, Жалаңашкөл көлдері;
Қаратомар су сақтағышы.

Ластанудың төтенше жоғары деңгейіндегі суайдындары

Қылшықты, Шағалалы өзендері;Майбалық көлі.

 

2016 жылмен салыстырғанда шекарааралық өзен суларының сапасы айтарлықтай өзгермеген.

2017 жылы  Қазақстан Республикасының шекарааралық өзендерінің жай-күйі.

Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының шекарааралық өзендердің жай-күйі
Өзен Судың сапасы Ескерту
Шаронов өзенінің ағыны (Жайық өзенінің бассейні) Нормативті таза су Судың сапасы нормада
Ертіс өзені Ластанудың орташа деңгейі Мыстың концентрациясы көтеріңкі
Есіл өзені (Долматово ауылы) Ластанудың орташа деңгейі
Желқуар өзені (Чайковское ауылы) Ластанудың орташа деңгейі Сульфаттардың, темірдің, мыстың, марганецтің, никелдің, мұнай өнімдерінің концентрациясы көтеріңкі
Тоғызақ өзені (Тоғызақ бекеті) Ластанудың орташа деңгейі Сульфаттардың, темірдің, мыстың, марганецтің, никелдің, мұнай өнімдерінің концентрациясы көтеріңкі
Үй өзені (Үй ауылы) Ластанудың орташа деңгейі Сульфаттардың, магнийдің, фторидтердің, темірдің,  мыстың, марганецтің, никелдің концентрациясы көтеріңкі
 Елек өзені (Шілік ауылы) Ластанудың орташа деңгейі Хлоридтердің, азот нитритінің және темірдің кнцентрациясы көтеріңкі
 Жайық өзені (Январцево кенті) Ластанудың орташа деңгейі Азот нитритінің және темірдің концентрациясы көтеріңкі
Үлкен Қобда өзені (Қобда кенті) Ластанудың орташа деңгейі Хлоридтердің, аммоний тұздарының, мыстың, мырыштың, марганецтің концентрациясы көтеріңкі
Қараөзен өзені ( Жалпақтал ауылы) Ластанудың орташа деңгейі Азот нитритінің, темірдің және фенолдың концентрациясы көтеріңкі
Шаған өзені (Чувашинский кенті) Ластанудың орташа деңгейі Хлоридтер мен темірдің концентрациясы көтеріңкі
Сарыөзен өзені (Бостандық кенті) Ластанудың орташа деңгейі Магнийдің, аммоний тұздарының, азот нитритің, темір мен фенолдың концентрациясы көтеріңкі
Қиғаш тарамы (Жайық өзенінің бассейні) Ластанудың орташа деңгейі Бор концентрациясы көтеріңкі
Тобыл өзені (Милютинка ауылы) Ластанудың жоғары деңгейі Магнийдің, сульфаттардың, темірдің, аммоний тұздарының, мыстың, никелдің, марганецтің концентрациясы көтеріңкі
Тобыл өзені (Аққарға) Ластанудың жоғары деңгейі Никелдің, мыстың, марганецтің, сульфаттардың, магнийдің, темірдің, аммний тұздарының концентрациясы көтеріңкі
Айет өзені (Варваринка ауылы) Ластанудың жоғары деңгейі Никелдің, мыстың, марганецтің, сульфаттардың, магнийдің, темірдің, азот нитритінің, мыстың концентрациясы көтеріңкі
Обаған (Ақсуат ауылы) Ластанудың жоғары деңгейі Сульфаттардың, хлоридтердің, магнийдің, темірдің, аммоний тұздарының, мыстың, марганецтің, никелдің, мұнай қнімдірінің концентрациясы көтеріңкі
Елек (Целинное ауылы) Ластанудың жоғары деңгейі Бордың, аммоний тұздарының, мыстың, хромның және марганецтің концентрациясы көтеріңкі
Ор өзені (Бөгетсай ауылы) Ластанудың жоғары деңгейі Аммоний тұздарының, мыстың, марганецтің және фенолдардың концентрациясы көтеріңкі
Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасының шекарааралық өзендерінің жай-күйі
Өзен Судың сапасы Ескерту
Сырдария өзені (Көкбұлақ ауылы) Ластанудың жоғары деңгейі Сульфаттардың, азот нитритінің, мыстың, фенолдың концентрациясы көтеріңкі
Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы трансшекаралық өзендерінің жай-күйі
Өзен Судың сапасы Ескерту
Шу (Благовещенское ауылы) Ластанудың орташа деңгейі Сульфаттардың, мыстың, фенолдың концентрациясы көтеріңкі
Талас өзені (Жасөркен ауылы) Ластанудың орташа деңгейі Мыстың концентрациясы көтеріңкі
Асса ауылы (Маймақ бекеті) Ластанудың орташа деңгейі Мыстың концентрациясы көтеріңкі
Ақсу өзені (Ақсу ауылы) Ластанудың орташа деңгейі Магнийдің, сульфаттардың, фторидтердің, мыстың, фенолдың концентрациясы көтеріңкі
Тоқташ өзені (Жауғаш Батыр кенті) Ластанудың орташа деңгейі Магнийдің, сульфаттардың, мыстың, марганецтің, фенолдың концентрациясы көтеріңкі
Сарықау өзені (Қырғызстанмен шекаралас) Ластанудың орташа деңгейі Магнийдің, фторидтердің, темірдің, мыстың, марганецтің, фенолдың концентрациясы көтеріңкі
Қарқара өзені Ластанудың орташа деңгейі Мыстың, сульфаттардың концентрациясы көтеріңкі
Қарабалта өзені (Қырғызстанмен шекаралас) Ластанудың жоғары деңгейі Магнийдің, сульфаттардың, мыстың, марганецтің, фенолдың концентрациясы көтеріңкі. Уранның концентрациясы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының нормативінен екі есе артқан.
Қазақстан Республикасымен Қытай Халық Республикасының шекарааралық өзендерінің жай-күйі
Өзен Судың сапасы Ескерту
Қара Ертіс өзені (Боран а. тұстамасы) Ластанудың орташа деңгейі Мыстың концентрациясы көтеріңкі
Іле өзені (Добын ауылы) Ластанудың орташа деңгейі Мыстың, марганецтің, темірдің және азот нитритінің концентрациясы көтеріңкі
Текес өзені (Текес ауылы) Ластанудың орташа деңгейі Мыстың, марганецтің, темірдің, азот нитритінің және сульфаттардың концентрациясы көтеріңкі
Корғас өзені (Баскүнше ауылы) Ластанудың орташа деңгейі Темірдің концентрациясы көтеріңкі
Емел өзені (Кызылту ауылы) Ластанудың орташа деңгейі Сульфаттардың, азот нитритінің, темірдің мыстың, марганецтің концентрациясы көтеріңкі
Баянкөл өзені (Баянкөл ауылы) Ластанудың орташа деңгейі Мыстың концентрациясы көтеріңкі
Корғас өзені (Ынталы ауылы) Ластанудың жоғары деңгейі Мыстың, марганецтің, темірдің, азот нитритінің концентрациясы көтеріңкі

 
 
 
 

 
 


Су ресурстары сапасының халыққа әсері


Қазақстанда халықтың 92 пайызы су құбыры суымен қамтамассыз етілген. Ауыз суының шамамен 99 пайызы санитарлық гигиеналық талаптарға сәйкес келеді.

2017 жылы микробиологиялық көрсеткіштер бойынша су құбыры суының 30 мыңнан астам сынамасына талдау жүргізілді. Белгіленген нормативтерге 2,4 пайызы сәйкес келмейді.

Санитарлық химиялық көрсеткіштер бойынша судың 26 мың сынамасы алынды.Олардың ішінде 3,4 пайызы талаптарға сәйкес келмеген.

Ауыз суының сапасы туралы деректер БҰҰ ЕЭК экологиялық көрсеткіштерінің бірі (С-12) болып табылады, жыл сайынғы кейбір деректер Статистика комитетінің сайтында қол жетімді.

Орталықтандырылмаған су көздерімен халықтың шамемен 7 пайызы қамтамасыз етілген. 2017 жылы осындай көздерден санитарлық химиялық көрсеткіштер бойынша 3,2 мың сынама алынған. Олардың 8,5 пайызы санитарлық нормаларға сәйкес келмеген. Микробиологиялық көрсеткіштерге 2 мың сынама талданып, 3,1 пайызы санитарлық талаптарға сәйкес келмейтіндігі анықталған. Микробиологиялық көрсеткіштерге 2 мың су сынамасы алынған, 3,1 пайызы талаптарға сәйкес келмеген.

 
 
 
 

 
 


Су ресурстарына әсер


2017 жылы жер асты және беттік сулардан 22 миллиардтан астам текше метр тұщы су алынған.

Тұщы суды алу, миллион текше метр

Ауыл шаруашылық кәсіпорындар тұщы судың негізгі тұтынушылары болып табылады, олар ел тұщы суының 60-тан астам пайызын тұтынады.

Шаруашылық түрлері бойынша тұщы суды алу, миллион текше метр

Тұщы суларды алу туралы деректер БҰҰ ЕЭК экологиялық көрсеткіштерінің бірі (С-8) болып табылады, жыл сайынғы кейбір деректер Статистика комитетінің сайтында қол жетімді.

2017 жылы Қазақстанда ауыз су және техникалық жер асты сулары Алматы облысы мен Алматы қаласында барлығынан көп алынған, ал Атырау облысында ең төмен.

Қазақстан Республикасының аймақтары бойынша табиғи көздерден су алу

2017 жылы республикада өндірістік кәсіпорындармен, әсіресе жылу энергетика, түсті металлургия мұнай өндірісі кәсіпорындарымен су барлығынан көп пайдаланылған.

Экономика салалары бөлінісіндегі суды пайдаланудың негізгі көрсеткіштері, миллион текше метр

Коммуналдық тұрмыстық қажеттіліктерге 0,8-0,9 текше километр су жыл сайын шығындалады, бұл барлық су тұтынудың 4-7 пайызы.

Судың шамамен 60 пайызы ауыл шаруашылық тұтынушыларға, 40 пайызы өндірістік кәсіпорындар тұтынушыларына және 50 пайыз коммуналдық шаруашылықтарға тасымалдау кезінде жоғалады.

Тасымалдау кезіндегі судың жоғалуы, миллион текше метр 

Судың жоғалуы туралы деректер БҰҰ ЕЭК экологиялық көрсеткіштерінің бірі (С-10) болып табылады, жыл сайынғы кейбір деректер Статистика комитетінің сайтында қол жетімді.

 
 
 
 

 
 


Су ресурстарын қорғау


2017 жылы айналмалы және қайтадан пайдаланылған су көлемі 8,934 миллиард текше метрді құрады.

Тұщы суды қайталама және айналмалы пайдалану

Судың жоғалуы туралы деректер БҰҰ ЕЭК экологиялық көрсеткіштерінің бірі (С-10) болып табылады, жыл сайынғы кейбір деректер Статистика комитетінің сайтында қол жетімді.

2017 жылы 3 179 су құбыры мемлекеттік санитарлық эпидемиологиялық бақылау мен қадағалауға жатқан.

Олардың ішінде қалаларда 233, ауылдық елді мекендерде 2 861 орналасқан. Топтық су құбырларының саны-85.

Қазақстан Республикасының Агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары 41 апатты су сақтағышын қалпына келтіруді көздейді.

2017 жылы Алматы, Ақтөбе, Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда, Түркістан облыстарынад 7 апаттық су сақтағышын қалпына келтіру аяқталды. 2019-2021 жылдары тағы 26 апаттық су жинақтағышын қалпына келтіру жоспарланған.

Экологиялық саясат туралы нақтырақ ақпарат Қоршаған ортаның жай-күйі туралы және Қазақстан Республикасының табиғи ресурстарын пайдалану туралы ұлттық баяндаманың «Экологиялық саясат» тарауында келтірілген → Экологиялық саясат