Осы баяндама жайында

 

 

Сіздердің назарларыңызға, еліміздің экологиялық жағдайы мен оны жақсарту бойынша қолданылатын шараларды айқындайтын, ресми 2017 жылға арналған Қоршаған ортаның жай-күйі туралы және Қазақстан Республикасының табиғи ресурстарын пайдалану туралы ұлттық баяндамаға негізделген Қоршаған ортаның жағдайы туралы интерактивті баяндаманы ұсынамыз.

Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне сәйкес, Ұлттық баяндама Энергетика министрлігімен (2019 жылдан бастап Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі) министрліктер, ведомстволар және де Қазақстанның облыстары және Астана мен Алматы қалаларының (2019 жылдан бастап Шымкент қаласының әкімдігі) әкімдіктері ұсынған деректері негізінде жыл сайын дайындалады.

Баяндамада қоршаған ортаның және табиғи ресурстардың сандық және сапалық сипаттамалары туралы, оларға келтірілетін  антропогендік әсер, өңірлердегі экологиялық хал-ахуалы, қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды пайдалану саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру бойынша мәліметтер көрініс табады. Ұлттық баяндамада қоршаған ортаның жай-күйі мен оның еліміз бен оның өңірлеріндегі әлеуметтік-экономикалық дамуымен байланысын сипаттайтын статистикалық көрсеткіштер кеңінен қолданылады.

Интерактивті баяндама халықаралық тәжірибеге сәйкес жасалынған, құрылымында көпшілікке бейімделуді және визуализацияны жеңілдету үшін инфографикалар мен карталар бар.







«Интерактивті баяндама Еуропа Комиссиясының қаржылық қолдауымен Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігімен (2019 жылдан бастап Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігімен), «Жаңа экологиялық қауіпсіз технологияларды енгізу» ҚҚ, Қоршаған орта бойынша бойынша БҰҰ бағдарламасы мен «Зой» Экологиялық желісімен әзірленді.»

Қоршаған ортаның жай-күйі туралы және Қазақстан Республикасының табиғи ресурстарын пайдалану туралы ұлттық баяндама мемлекеттік және орыс тілдерінде newecodoklad.ecogosfond.kz және www.ecogeo.gov.kz мекенжайларында қол жетімді.