Оңға жылжытыңыз
Нұр-Сұлтан қаласы
Елордада радиациялық жағдайға және атмосфераның беткі қабатының радиоактивті ластануына бақылау жүргізілді, бұл гамма- фонның, гамма- сәулеленудің және радиоактивті жауын- шашынның орташа мәндері 2019 жылы қалыпты шектерде болғанын көрсетті. Елордадағы су сапасына мониторинг Есіл өзенінің Ақбұлақ пен Сарыбұлақ салаларымен, Нұра өзені, Нұра-Есіл каналы және Вячеслав су қоймасындағы 14 гидравликалық қақпада жүргізілді. Бұл су көздеріндегі су сапасы орташа ластанған. 2018–2019 жылдардағы қаладағы ауаның ластану деңгейі 2019 Ластанудың жоғары деңгейі 2018 Ластанудың жоғары деңгейі Ауаның жоғары және экстремалды жоғары ластану жағдайлары тіркелмеген. Елордада пайдалы қазбалар жоқ, қаланы пайдалы қазбалармен қамтамасыз ету мақсатында әкімдік қаладан 50 шақырым радиуста орналасқан жер қойнауын пайдаланушылардың тізімін жасады. 2016 4,8 8,4 2017 2018 2019 8,7 23,7 2018-2019 жылдары облыс ауасына түскен негізгі ластаушы заттар, тонна Күкірт ангидриді Азот оксиді Қатты заттар Көміртегі оксиді 201 8 28 12 11 3,6 201 9 37 13 10 2,9 2017 28 14 11 4,3 2019 жылы елорда ауасының ластануының негізгі себептері стационарлық көздер мен көлік болды. 2017–2019 жылдары Қаладағы стационарлық көздердің саны 2019 6 433 2018 6 583 2017 7 205 2017–2019 жылдары Стационарлық көздерден елорда ауасына қауіпті заттардың шығарындылары, мың тонна 2019 65 2018 56 2017 59 2017–2019 жылдары Елорда ауасына көліктен зиянды заттардың шығарындылары, мың тонна 2019 95 2018 93 2017 79 2018-2019 жылдардағы Нұр-Сұлтан қаласындағы көлік саны 2019 261 100 2018 270 700 Елордадағы көліктердің 65,1 пайызы 10 жылдан асқан. 2017-2019 жылдары мемлекеттік органдардың жұмысының арқасында «Астана-Энергия» АҚ шығарындыларының лимитін 6 000 тоннаға төмендетуге мүмкіндік туды. 2018 жылы Экология департаменті «Астана-Энерго» АҚ ЖЭО-1 және ЖЭО-2 қызметіне жоспардан тыс тексеру жүргізіп, табиғатты қорғау заңнамасын бұзу фактілері анықтады, нәтижесінде 160 миллион теңгеден астам айыппұл салынды. Тексеруден кейін техниканың бір бөлігіне күрделі жөндеу жүргізілді. «Таза ауа 2018-2019» іс-шаралар жоспары аясында, Экология департаменті мен жергілікті полиция қызмет,і автокөліктерден ластаушы заттардың мөлшері нормадан асып кеткен жүргізушілерді жауапкершілікке тартты. 2019 жылы 1871 жүргізуші, 2018 жылы 7997 жүргізуші жауапкершілікке тартылды. Экология департаменті 2019 жылы табиғатты пайдаланушыларға қоршаған ортаға зиян келтіргені үшін, жалпы сомасы 159 млн теңгеге 10 талап-арыз берген. Қаладағы ауаның ластануын азайту үшін экологиялық таза Еуро-5 және Еуро-6 738 автобусы пайдаланылады. Қоғамдық көліктерден шығатын зиянды заттардың азаюына қоғамдық көліктер үшін бөлек жолақ қарастыратын Bus Lane жобасы ықпал етті. Елордада 52 электр май құю бекетінде зарядтауға болатын 46 электромобиль бар. 2020 жылы Көктал-1, Көктал-2, Железнодорожный, Промышленный, Оңтүстік-Шығыс елді мекендерін газ тарату желілеріне қосу жоспарлануда. Мичурино, Интернационал, Күйгенжар ​​тұрғын алаптары 2021-2023 жылдары газдандырылады. 2017-2019 жылдары Сарыбұлақ және Ақбұлақ өзендерінің жоғары ластану жағдайларының саны Жыл 2017 2018 2019 Сарыбұлақ 12 12 123 2019 жылдың сәуір айында Сарыбұлақ және Ақбұлақ өзендерінің жоғары ластануы анықталғаннан кейін «Астана Тазалық» ЖШС қызметіне жоспардан тыс тексеру жүргізіліп, кәсіпорынға жалпы сомасы 21 миллион теңгеден астам сомаға жеті әкімшілік айыппұл салынды және 3,5 млн теңгеден астам экологиялық шығын келтірілді. Ақбұлақ 2 14 4 2019 жылдың 11 қаңтарында «Астана Су Арнасы» ШЖҚ РМК қоқыс жинағышының құбырындағы апат салдарынан Есіл өзенінде фторид сутегімен жоғары ластану оқиғасы тіркелді, кәсіпорынға 35 миллионм теңге айыппұл салынды. Елорданы ауыз сумен қамтамасыз етудің негізгі көзі Вячеслав су қоймасы болып табылады. Қала маңындағы елді мекендердің тұрғындарын сумен қамтамасыз ету үшін ұзындығы 11 шақырымнан асатын су құбыры жүргізілуде. Ақмола облысы мен Нұр-Сұлтан қаласындағы жер асты суларының мониторингі 12 бекетте, оның тоғызында жер асты суларының қоры мен теңгеріміне сараптама жүргізілуде, үшеуінде ластану бақылауда. Елорда ауыз судың қосымша көзі – жер асты сулары. Қаланың солтүстігінде пайдалану қоры тәулігіне 20 мың текше метрден асатын Ақмола жер асты суларының кен орны (Қояндинский және Софиевский учаскелері) орналасқан. 2019 жылғы Нұр-Сұлтан қаласының жер қоры Санат Тұрғын үй аймағы Әлеуметтік аймақ Коммерциялық аймақ Басқа функционалдық аймақ Мың гектар 5,11 3,03 4,9 67,7 Пайыз 6,4 3,4 5,5 84,7 Қалада 35 мың гектарға жуық табиғи және рекреациялық аумақтар бар, оның бес мың гектарға жуығы саябақтар, скверлер мен бульварлар. 2019 жылы алып қоюға жататын жер учаскелері Санаттар Ауыл шаруашылығына арналған жеке меншіктегі жер учаскелері Тұрғын үй құрылысына, қосалқы шаруашылық пен бау-бақша өсіруге арналған жеке меншіктегі жер учаскелері Тұрақты жер пайдаланудағы жер учаскелері Уақытша пайдаланудағы жер учаскелері 2019 1 559 57 1 201 2 122 Елордада аумағы 256 гектарды құрайтын 55 бұзылған жер учаскесі анықталды. 2019 жылы бүлінген жерлердің 48,2 пайызында рекультивация жұмыстары жүргізілді. 2019 жылы елордада "Северная гряда" кен орнында заңсыз өндірудің бір фактісі анықталды. «Қазгидромет» 2019 жылдың көктем-күз айларында елорданың әртүрлі аудандарындағы топырақ құрамындағы ауыр металдарға мониторинг жүргізді. Мырыш (ШЖК 23 мг/кг) Мыс (ШЖК 3 мг/кг) Хром (ШЖК 6 мг/кг) Қорғасын (ШЖК 32 мг/кг) Көктем 2,91 22,62 2,66 20,49 2019 жылы елорданың топырақ үлгілеріндегі ауыр металдардың шекті концентрациясы, мг/кг Күз 7,1 19,2 17,7 24,3 2018-2019 жылдары Елорданың аумағын көгалдандыру және абаттандыру Жалпы мақсаттағы жасыл алаңдар, шаршы метр Бір адамға шаққандағы жасыл алаңдар, шаршы метр 201 8 17 347 400 16,2 201 9 19 418 900 17 Елордада ауданы 45 гектардан асатын ботаникалық бақ, 400 гектардан асатын 11 саябақ, ауданы 52 гектардан асатын алты бульвар және шамамен 150 гектар 104 сквер жұмыс жасайды . Елорданың жасыл белдеуінің ауданы 14,8 мың гектарды құрайды, онда қоян, түлкі, қарсақ, кекілік, қырғауыл мекендейді. 2010 жылдан бері елордада аңшылық қырғауылды жасанды өсіру жобасы жүзеге асырылып, соның арқасында 2018 жылы 1800 бас табиғи ортаға шығарылды. Елордада су қоймаларына балықтың бағалы түрлері жіберіледі. 2018–2019 жылдары Қояндинское және Вячеславское су қоймалары мен Есіл өзеніне балық жіберілді. Балықтардың негізгі түрі –тұқыбалық, мөңке, ақ амур, дөңмаңдайлар. 2019 жылы Нұр-Сұлтан қаласында 504 мың тонна қалдық түзілсе, оның 308 мың тоннасы тұрмыстық қалдық. Қалада қалдықтарды жинау және шығарумен 35 жеке ұйым айналысады. Елордада 16 974 контейнері бар 2 815 контейнерлік алаң, 31 қайталама шикізатты қабылдайтын және энергия үнемдейтін сынапты шамдарды жинайтын 599 контейнер бар. 2012 жылы елордада «KazRecycleService» ЖШС-ның қоқыс өңдеу кешені салынды, тұрғындардың тұрмыстық қалдықтары сонда шығарылады. Кешенде органикалық қалдықтарды, қара металл сынықтарын автоматты түрде бөлетін, қайталама шикізатты қолмен сұрыптайтын екі желі және пластмасса мен макулатураны өңдейтін екі цех бар. 2017–2019 жылдары Нұр-Сұлтан қаласындағы тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу үлесі, пайыз 8,3 12,3 15,9 2017 2018 2019 Қайта өңдеуге болмайтын қалдықтарды көму үшін полигонға жіберіледі. Елорданың 23 нысанында жаңартылатын энергия көздері орнатылған, 2019 жылы қалада өндірілген электр энергиясының көлемі 1072 кВт/сағ құрады, бұл қаланың энергия үнемдеуіне 20 миллион теңге әкелді. Ұла дала мен Рысқұлов көшелері, бірнеше саябақтар, скверлер, сорғы станциялары, аялдамалар жаңартылатын энергияның арқасында жарықтандырылған, эко төсек-орындар мен гаджеттерге арналған зарядтағыштар орнатылған. Қалада күн батареяларымен жабдықталған және электр қуатын қалалық желіге өткізу мүмкіндігі бар «жасыл» мешіт салынды. Сондай-ақ ЭКСПО алаңында қуаттылығы 200 кВт/сағ күн электр станциясы орнатылған. Қалалық коммуналдық кәсіпорындарда жаңартылатын энергия көздері енгізілуде, қазірдің өзінде «Астана су арнасы» мемлекеттік кәсіпорнының кейбір сорғы станциялары күн энергиясымен жұмыс істеуде. Ал «Астана орманы» ЖШС-де жел қуатының есебінен электр қуатын өндіретін Болотов қондырғысы қолданылады. Елорда абаттандыру жеткіліксіз, 2019 жылдың соңына қарай қалада 992 мың ағаш өсті, бұл мегаполиске жетпейді. Мәселені шешу үшін отырғызу жұмыстары жүргізілуде. 2017-2019 жылдары 7964 ағаш отырғызылды, 51-ге мыңға жуық бұта, 240 мың шаршы метр көгалдар мен 128 164 метр қоршаулар отырғызылды. Ағаштардың орташа өмір сүру деңгейі 92% құрайды. Елордада жыл сайын көлік саны артып, ауаның ластануына әкеліп соғады. Ластануды азайту үшін ескі көліктер Еуро-5 және Еуро-6 стандартындағы жаңа экологиялық таза көліктерге ауыстырылуда, 2019 жылы мұндай 738 автобус жолаушылар тасмалдауда жұмыс істейді. Елорданың жолдары жөнделіп, қайта құрылуда, бұл автокөліктерден ауаға шығарылатын зиянды заттарды азайтуға мүмкіндік береді. Ал «Таза ауа 2018-2019» жобасы аясында көліктен шығарылатын шығарындылар нормативтері қадағаланып, стандарттарға сәйкес келмеген жағдайда жүргізушілер айыппұл салынады. Елордада су тасқыны жағдайларының алдын алу үшін Есіл өзені мен оның салаларын абаттандыру және тазалау қажет. 2019 жылдың аяғына дейін Есіл өзенінің арнасын қалпына келтіру жұмыстарының 70 пайызы аяқталып, учаскелерде түбін тазарту жұмыстары жүргізілді. Өзеннің су беті өсімдіктерден тазартылған. Жұмыс 2020 жылы жалғасады. «Сарыбұлақ бұлағы арнасын қайта жаңғырту» жобасы бойынша ұзындығы 4300 метрді құрайтын жағалау аймағы абаттандырылып, тереңдету және кеңейту жұмыстары аяқталуда. 2019 жылы «Нұр- Сұлтан қаласындағы Есіл өзенінің арнасын реконструкциялау» жобасы аяқталып, оның аясында 1660 шақырым учаскеде өзеннің түбі тереңдеп, арнасы кеңейтілді. Кәсіпорындардың қоршаған ортаны қорғауға жұмсалған шығындары, миллиард теңге Ауа Су Жер Биоәртүрлілік Қалдықтар Энергияның балама көздері Радиациялық жағдай Экологиялық мәселелер
Интерактивті баяндаманы Еуропалық комиссия, БҰҰ Қоршаған орта жөнiндегi бағдарламасы, Зой экологиялық желісінің қолдауымен Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі жасады.