Оңға жылжытыңыз
Ақтөбе облысы
2016 2017 2018 2019 19,8 19,7 27,3 54,1 Облыста ауаға ластаушы заттардың ең көп мөлшерін шығаратын бес ірі кәсіпорын бар: CNPC – «Ақтөбемұнайгаз» АҚ, «Қазақойл Ақтөбе» ЖШС, Ақтөбе ферроқорытпа зауыты және «Қазхром ҰК» АҚ Донской кен-байыту комбинатының филиалы, «Интергаз Центральная Азия» АҚ, «Ақтөбе» ГҚМ, «Ақтөбе ЖЭО» АҚ. 2017–2019 жылдардағы стационарлық ластаушы көздердің саны 2017 2018 2019 22 644 22 745 22 615 2019 жылы облыс ауасына 136 мың тоннадан сәл астам ластаушы заттар түсті, бұл 2017 жылмен салыстырғанда 20%-ға аз. Ауаны ластайтын негізгі заттар: көміртегі тотығы, күкірт диоксиді, қатты бөлшектер, азот оксиді 2017-2019 жылдардағы стационарлық көздерден ластаушы заттардың шығарындылары (Шығарындылар, мың тонн) Зат Күкірт ангидриді Азот тотығы Қатты бөлшектер Тұншықтырғыш газ 2017 26,1 13,9 20,2 47,5 201 8 28,4 14,6 21,9 42,3 201 9 24 15,6 22 38,2 2018 жылы барлық шығарындылардың 16 000 тоннасы ілеспе газды жағу нәтижесінде түзілсе, 2019 жылы бұл көрсеткіш шамамен 12 000 тоннаны құрады. Ілеспе газдарды жағу кезіндегі шығарындылардың 97%-ы негізгі үш компанияға тиесілі, атап айтқанда CNPC – «Ақтөбемұнайгаз» АҚ, «Қазақойл Ақтөбе» ЖШС және «Аман Мұнай» ЖШС. 2018 жылы облыста 187 мыңнан астам көлік болса, 2019 жылы 180 мыңнан сәл асты. 2018-2019 жылдардағы отын түрлері бойынша облыстағы көлік саны Жыл 2018 2019 Көліктерің саны 187 464 180 330 Бензин отынымен жүретін көліктер 142 703 119 528 Газ отынындағы көлік 44 761 47 053 2018 жылы көліктен облыс ауасына 84 000 тонна, 2019 жылы 81 000 тонна ластаушы заттар түскен. Көліктен зиянды заттардың шығарылуын азайту үшін жанар- жағармайдың сапасына бақылау күшейтілді, облыстың автомобиль жолдары кеңейтілуде және қайта құрылуда, қазірдің өзінде 64 жол айрығы жол қозғалысын басқарудың автоматтандырылған жүйесіне қосылды, облыстағы көліктің 23% газ отынына көштi, EURO-4 сертификаты бар жаңа көліктер саны артып келеді. Жыл сайын жол бойына ағаштар отырғызылады, 2019 жылы Ақтөбе қаласында 215 гектар аумаққа 8 мыңнан астам көшет отырғызылды. Облыстық экология департаменті полициямен бірлесе отырып, көліктерден шығатын зиянды заттарды іріктеп бақылайды. 2018 жылы 931 автокөлік тексерілді, оның 70-і зиянды заттардың шығарындыларының рұқсат етілген нормаларынан асып кеткен. 2019 жылы 314 автокөлік тексеріліп, 64-і нормадан асып кеткені анықталды. Облыстағы ауа сапасы алты стационарлық бекетте бақыланады. 2018 және 2019 жылдары ауаның ластану деңгейі жоғары болды. Атмосфераның беткі қабатындағы озонның орташа айлық концентрациясы нормадан асып түсті. 2019 жылы ауаның негізінен көміртегі тотығымен, күкірт диоксидімен және күкіртті сутегімен жоғары ластануының 15 жағдайы тіркелді. 2019 жылы елді мекендердің 35 пайызы газдандырылды, бұл зиянды заттардың шығарындыларын азайтуға мүмкіндік береді. Өңірдегі газ құбырларының ұзындығы 2018 жылы 6310 шақырым болса, 2019 жылы 6720 шақырымды құраған. 2018-2019 жж. кәсіпорындардан ластаушы заттарды ағызу Суды бұру көлемі, мың куб метр Ластауыш заттардың көлемі, мың тонна 2018 57 519 1 5 2019 49 119 1 3 2018–2019 жж. тұрмыстық -шаруашылық сарқынды суларды ағызу Суды бұру көлемі, мың куб метр Ластауыш заттардың көлемі, мың тонна 2018 17 896 4,6 2019 17 896 4,6 Облыстағы жер үсті суларының ластануын бақылау 12 су нысанында жүргізілді. Күрделі ластанудың 55 фактісі анықталды (2018 жылы – 40, 2019 жылы – 15). 2019 жылға суды авариялық және рұқсатсыз ағызу Суды бұру көлемі, мың куб метр Ластауыш заттардың көлемі, мың тонна 201 9 0,04 22,9 Облыстың жер қоры 2018 жылы 29 мың гектардан астам болса, 2019 жылы 30 мыңға жуық жерді құрады 2017-2018 жылдары жерді санаттар бойынша бөлу, мың га Санат Ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлер Елді мекен жерлері Өнеркәсіп және өзге де ауыл шаруашылығы емес жерлер Ерекше қорғалатын табиғи аумақ жерлері Орман қоры жерлері Су қоры жерлері Босалқы жер 2017 10 176 3 827 183 1 210 217 7 13 644 2018 10 500 3 838 188 1 211 217 7 13 316 2019 10 672 3 835 193 1 211 216 13 13 445 2019 жылы Ресей Федерациясы 478 мың гектар жерді пайдаланды Облыста тау-кен, құрылыс және геологиялық кәсіпорындардың әрекетінен 13500 гектар жер бұзылған. Оның 1500 гектары 2018 жылы қайта қалпына келтірілді. 2019 жылы рекультивация жүргізілмеді, бірақ жалпы көлемі 595 мың га 291 учаскедегі уақытша жер пайдалану шарты бұзылды – бұл учаскелер ұтымсыз пайдаланылды. Облыста 2018–2019 жылдары пайдалы қазбаларды өндірумен 141 ұйым айналысса, екі жылда 6500 мың тоннадан астам шикізат игерілді. 2018-2019 жж. бойынша өндірілген шикізат көлемі, аршылған жыныстар көлемі және анықталған бұзушылықтар Көрсеткіш Жер қойнауын пайдаланушылардың саны Жер қойнауына мемлекеттік меншік құқығын бұзу Игерілгін минералдық шикізат, мың тонн Аршылған жыныстар көлемі, мың тонна 2018 141 26 3 233 29 267 2019 141 21 3 383 29 088 Сүтқоректілердің 35 түрі және құстардың 80 түрі аңшылық және кәсіптік бағытта, 2018 және 2019 жылдары кәсіптік аңшылық жүргізілмеген. Облыста сүтқоректілердің 62 түрі мен құстардың 214 түрі мекендейді. Облыстағы жануарлардың он түрі, құстардың 35 түрі Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген. Облыста киіктің екі популяциясы мекендейді– бетпақдала және үстіріт. 2018 жылы киіктерді заңсыз ату, алу, сақтау, өткізу, әкелу, әкету, жөнелту, тасымалдау бойынша тоғыз факті анықталды. Браконьерлікпен және киіктерді заңсыз аулаумен күресу үшін "Ырғыз-Торғай МТР"және «Охотзоопром» ӨБ бірлесіп келісілген іс- қимыл жоспары әзірленді. Облыста 988 000 гектар мемлекеттік орман қоры, 53000 гектар жері орманмен көмкерілген.Облыста ормандардың көлемін ұлғайту және ауаның сапасын жақсарту үшін, Ақтөбе қаласының айналасындағы жасыл аймақты қалпына келтіру жоспары жүзеге асырылуда. Балық аулау үшін 2018 жылы 67 су қоймасы, 2019 жылы 64 су қоймасы 47 табиғат пайдаланушыға бекітілді, олардың қызметі балық ресурстарына келтірілген залалды өтеуге бағытталған. 2018 және 2019 жылдары Елек өзеніне сазанға шабағымен балықтандырылды, екі жыл ішінде облыстың су айдындарына екі миллионнан астам шабақ жіберілді. Облыста 100 балық шаруашылығы су қоймалары бар: салалары бар 13 өзен, 48 көл, 8 су қоймасы және 31 тоған. 2018 жылы 300 тонна балық ауланып, бюджетке 7,5 млн теңге түсті; 2019 жылы 315 тонна ауланған. Ауланған балық мөлшері рұқсат етілген шектен аспады. Су айдындарындағы браконьерлікпен күресу мақсатында 2018 жылы облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясымен 251 іс-шара мен 33 тексеру жүргізіліп, 159 заң бұзушылық фактісі анықталды. Облыста гамма-сәулелену деңгейі күн сайын жеті метеостанция мен екі бақылау бекетінде бақыланады. Үш метеостанцияда атмосфераның беткі қабатының радиоактивті ластануы көлденең планшетермен бес күндік ауа сынамасын алу арқылы бақыланады. Барлық көрсеткіштер нормадан аспады. 2018 жылы облыста 298 мың тонна тұрмыстық қалдықтар түзіліп, 14 полигонға шығарылды. 2019 жылы облыста заңдастырылған 12 қоқыс полигоны болса, түзілетін қалдықтардың көлемі 295 мың тоннаға дейін азайды. 2018-2019 жылдары түзілген өндірістік қалдықтар (мың тонна) Жыл 2018 2019 Өндірістік қалдықтардың барлығы 55 175 46 700 Тау-кен саласының қалдықтары 54 549 46 170 Химия саласының қалдықтары 446 354 Мұнай саласының қалдықтары 180 176 2019 жылы облыста қалдықтардың 11 пайызы қайта өңделсе, 2018 жылы 14,6 пайызы қайта өңделген. 2019 жылы «Қазақстан Ғарыш ​​Сапары» ҰК» АҚ ғарыштық зерттеуінің арқасында, пайда болған 747 заңсыз үйінділер учаскесі анықталды. Аумақты тазалау кестесі бекітілді, қазірдің өзінде 25 полигон жойылды. Ауа Су Жер ресурстары Биоәртүрлілік Қалдықтар Энергияның балама көздері 2018 жылы облыста заманауи технологияларды қолдану арқылы алты жоба және жаңартылатын энергия көздерін пайдалану саласында үш жоба жүзеге асырылды. - Мәртөк ауданында («Желенерго» ЖШС) құны 88 млн теңге болатын және қуаттылығы 450 кВт/сағ жел электр станциясын 2019 жылдың шілде айында іске қосу. Облыстың жаңартылатын энергияны дамытуға бағытталған екі ірі жобасы: - 2018 жылдың желтоқсанында басталған құны 33 млрд теңге болатын ENI компаниясының бірінші жел электр станциясының құрылысы; - Аумағы 296 000 га болатын Торғай мемлекеттік қорығы. Облыста ерекше қорғалатын табиғи аумақтар бар: - Сүтқоректілердің 42 түрі, құстардың 250 түрі, қосмекенділердің 4 түрі, бауырымен жорғалаушылардың 14 түрі және өсімдіктердің 390 түрі мекендейтін аумағы 764 000 га Ырғыз-Торғай мемлекеттік табиғи қорығы бар және осы әртүрліліктің 34 түрі қызыл кітапқа енген . Сондай-ақ 2018 жылы екі қорық құрылды: Мәртөк және Қобда. 2019 жылы Озерный қорығы құрылды, Уильский қорығын құру жоспарлануда. Облыстың проблемасы – мал қорымдарының жеткіліксіздігі: олардың небәрі 39-ы ғана.Сонымен қатар облыста көң төгетін полигондар жоқ. Радиациялық жағдай Елек өзенінің суы 1981 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан және жөндеуді қажет ететін "Ақбұлақ" АҚ тазарту құрылыстарының сарқынды суларымен ластануда. 2018 жылға дейін ағынды суларды тазарту 60 пайыздан аспайтын. Ластануды азайту үшін жоба жүзеге асырылды. «Өнімділігі 100 мың текше метр кәріздік тазарту құрылыстарын жаңғырту» және «Кәріздік шламды кәдеге жарату» жобасы әзірленді, үш дренаждық станция салынды, «Жилгородок ауданындағы өздігінен ағып кететін кәріздерді қалпына келтіру» жобасы бойынша жұмыстар басталды, 85 өндірістік ағынды суларды жергілікті тазарту жүйесі және тамақ өнеркәсібі нысандарында 129 май ұстағыштар орнатылды. Экологиялық мәселелер Өңір үшін ерекше экологиялық, ғылыми және мәдени маңызы бар Шалқар көлінің түбі лайлануда. Мәселені шешу үшін 204,3 миллион теңгеге көлдің гидротехникалық имараттарын қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілді. 2017 жылы «Шалқар ауданындағы Шалқар көлінің түбін тазарту» бойынша техникалық- экономикалық негіздеме әзірленіп, ведомстводан тыс кешенді сараптамадан оң қорытынды алынды. Көкжиде құмды массиві 500 шаршы шақырымдай жерді алып жатыр, жер асты суларының қоры орасан зор. Бірақ массив аумағында көмірсутек шикізатын барлау мен өндіруді жүргізетін мұнай компаниялары жер асты суларының ластануына себеп болды. Ластану мәселесін шешу үшін Үкімет Көкжиде жер асты суларының қорын қайта есептеуді, жер асты сулары кен орнының геологиялық құрылымын анықтауды; жер қойнауын пайдаланушылардың жер асты суларына әсер ету дәрежесін анықтау; сулардың және бүкіл массивтің жай-күйін бақылау үшін бірыңғай операторды белгілеуді; Көкжиде құмдары аймағында көмірсутектерді барлау және өндіру ережелерін әзірлеуді жоспарлауда. 2019 жылы үш жылға «Көкжиде кен орнының жерасты суларының пайдаланылатын қорларын қайта бағалау мақсатындажете барлау" жұмыстарын жүргізуге техникалық-экономикалық негіздеме және жобалық- сметпалық құжат әзірленді. Cr Chromium Хром 51.996 24 1 12 6 2 Облыс үшін Елек өзенінің хроммен ластануы үлкен мәселе болып отыр. 2019 жылы қатты ластану бірнеше рет орын алып, рұқсат етілген нормалардан 10 және 14 есе асып түсті. Мәселені шешу үшін өзендегі судың сапасына мониторинг тұрақты жасалуда. 2012–2013 жылдары «Елек өзеніне түйісетін аумақта сулардың ластануынан №3 тәжрибелік- өнеркәсіптік учаскесінің жер асты суларын тазарту» жобасы жүзеге асырылды. 2014–2015 жылдары "Геотерм" өндірістік компаниясы пилоттық алаңды тазартты, бірақ бұл жоба мұнымен аяқталмады. Хроммен одан әрі ластануды болдырмау үшін жер асты суларын одан әрі тазарту жұмыстарын жалғастыру қажет. B Borum Бор 10.811 5 3 2 1980 жылға дейін жұмыс істеген Алға қаласындағы химия зауытының қызметіне байланысты бор қышқылы өндірісінің ағынды сулары Елек өзеніне түсіп, өзенді бормен ластаған. Өзендегі бордың шекті рұқсат етілген концентрациясы 40 еседен асады, Алға қаласының ауданындағы өзен суы төтенше лас санатына жатқызылды. 2017 жылы зауыт қалдықтары мемлекет меншігіне өтіп, шығару жұмыстары басталды, 2019 жылы тазалау жұмыстары жалғасуда, 92 ұңғымада тұрақты мемлекеттік мониторинг жүргізілуде. Кәсіпорындардың қоршаған ортаны қорғауға жұмсалған шығындары, миллиард теңге
Интерактивті баяндаманы Еуропалық комиссия, БҰҰ Қоршаған орта жөнiндегi бағдарламасы, Зой экологиялық желісінің қолдауымен Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі жасады.