Оңға жылжытыңыз
«БАЙҚОҢЫР» ҒАРЫШ КЕШЕНІ 2018–2019 жылдары Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Аэроғарыш комитетінің «Ғарыш-Экология» ғылыми- зерттеу орталығы» РМК «Байқоңыр» зымыран-ғарыш кешенінің әрекетінен зардап шеккен аумақтарға экологиялық мониторинг жүргізді. Сонымен қатар, 2019 жылы қаржыландырудың болмауына байланысты, зымырандардың бөлінетін бөліктері құлаған аумақтарға экологиялық мониторинг жүргізілмеді. 2018-2019 жылдары «Ғарыш-Экология» ғылыми- зерттеу орталығы» РМК зымыран-тасығыштарды ұшыруға экологиялық қолдауды жүзеге асырды, оның ішінде зымыран тасығыштарды ұшыра сала ғарыш айлағының аумағындағы атмосфералық ауаның, топырақтың және өсімдіктердің химиялық ластану деңгейін бақылауды қамтиды. Зымыран-тасығыштардың бөлетін бөліктерінің құлау аумақтарында зымыран отыны мен оларды трансформацияланатын өнімдерінің мөлшерін анықтау үшін ауаға, топыраққа, суға, өсімдіктерге талдаулар жүргізіледі. 2018-2019 жылдары ғарыш айлағы аумағында жүргізілген ауаның, топырақтың және қардың талдауы зиянды заттардың артық мөлшерін анықтаған жоқ. Алайда олардың артық мөлшері 2019 жылы «Протон-М» зымыран тасығышының бірінші сатысы құлаған аймақтағы 65 ауа сынамасынан және жеті қар сынамасынан табылды. 2018-2019 жылдардағы зымыран тасығытарды ұшылғандағы сүйемелдеу саны 2018 2019 «Союз» «Протон-М» 7 7 2 5 Байқоңыр ғарыш айлағы аумағында жанармай құю станциясында және ұшыру кешенінде талдауларды жүргізумен сүйемелденген «Союз» зымырандарының ұшырылымдарының саны 2018 2019 7 7 2019-2018 жылдары ғарыш айлағы аумағында ұшыруды сүйемелдеу шеңберінде жүргізілген талдаулар Атмосфераның беткі қабатының құрамын өлшеу Атмосфералық ауаның сынамасы Топырақтың сынамасы Қардың сынамасы 2018 2019 52 14 96 16 47 12 96 8 2019-2018 жылдары ұшыруды сүйемелдеу шеңберінде жанармай құю станциясының санитарлық-қорғау аймағының шекарасында жүргізілген талдаулар 2018 2019 24 48 23 48 2018-2019 жылдары жанармай құю станциясының санитарлық-қорғау аймағының шекарасында ауадағы шекті көмірсутектердің мөлшерінің шамамен қауіпсіз деңгейінің максималды асып кетуі 2018 2019 Жоғарлау еселігі 1 02 , , 1 15 Ұшыру кешенінің санитарлық-қорғау аймағының шекарасында «Союз» зымыранының жеті ұшырылымынан кейін топырақтағы мұнай өнімдерінің құрамына талдаулар жүргізілді, талдаулар килограммына 0,01-ден 80,5 миллиграмға дейінгі концентрацияларды көрсетті. Топырақтағы мұнай өнімдерінің рұқсат етілген концентрациялары белгіленбеген, бұл нәтижелерді түсіндіруді қиындатады, бірақ Жетібай және Қаражанбас мұнай кен орындарының нормалары топырақтың санитарлық режиміне әсер ету тұрғысынан килограммына 100 миллиграммның рұқсат етілген мәнін анықтайды. 2018 және 2019 жылдары «Союз» зымырандарының құлаған жерлері зерттелді, ауаға талдау жасалды, топырақ пен қар үлгілері алынды. Ауада көміртегі оксидтерінің, азот оксидтерінің, азот диоксидтерінің және шекті көмірсутектердің құрамы тексерілді. Үлгілердің ешқайсысында артық мөлшері табылмады. Топырақ және қар үлгілерін талдау нәтижелерін түсіндіру белгіленген рұқсат етілген концентрациялардың болмауына байланысты қиындайды. Барлық топырақ үлгілерінде мұнай өнімдері болды, олардың максималды мөлшері килограммына 28 375 миллиграмм немесе текше дециметрге 19 625,04 миллиграмм болды. Блоктар құлаған жерлерде қажет болған жағдайда рекультивация жүргізіледі 2019 жылы «Союз» зымырандарының бүйірлік блоктары құлаған жеті ескі учаскенің экологиялық жағдайына мониторинг жүргізілді. Топырақтың 35 сынамасы алынды, оның 20-да мұнай өнімдерінің мөлшері Жетібай және Қаражанбас мұнай кәсіпшіліктері үшін белгіленген, килограммына 100 миллиграмм рұқсат етілген мәнді анықтайтын нормалардан аспады. Тоғыз сынамада мұнай өнімдерінің мөлшері Жетібай және Қаражанбас мұнай кен орындары үшін шекті рұқсат етілген концентрация шегінде болды. Алты топырақ сынамасында мұнай өнімдерінің концентрациясы рұқсат етілген шектен асып кетті және қайта бақылауды қажет етеді. Ғарыш айлағы аумағына іргелес орналасқан Байқоңыр қаласы, Ақай ауылы және Төретам ауылында қоршаған ортаның жағдайын бағалау үшін топырақ пен ауыз су сынамалары алынып, ауа сапасына аспаптық өлшеулер жүргізілді. . 228 ауа сапасына жүргізілген өлшеудің 73-і көмірсутектердің қауіпсіз деңгейінен асып түскені анықталды. 144 топырақ үлгісін талдау мұнай өнімдерінің жоғары концентрациясын анықтады - килограммына 101-ден 153 миллиграмға дейін. Топырақтағы нитрит иондарының мөлшері және топырақтың қышқыл-негіз балансы қалыпты шекте болды. Алынған ауыз судың 144 сынамасында мұнай өнімдері мен нитрит иондарының мөлшері рұқсат етілген шектен аспаған. 26 топырақ сынамасында нитрат иондарының рұқсат етілген концентрациясы асып кеткен. Қар сынамаларында қауіпті заттардың мөлшерінің жоғары болғаны анықталған жоқ. Ауыз судың 68 сынамасында мұнай өнімдерінің мөлшері қалыпты шектерде болса, екеуінде мүлде табылмады. Ауыз судағы нитрат иондарының рұқсат етілген концентрациясынан асып кетуі де анықталған жоқ. Зымырандардың бөлінген бөліктерінің әсер ету аймақтарына жақын орналасқан Жезқазған қаласы мен Талап ауылында қоршаған ортаның жағдайын бағалау үшін 252 аспаптық ауа өлшемі, 70 топырақ сынамасы, 14 қар сынамасы және 84 ауыз су сынамасы алынды. Ауаға жүргізілген өлшемдер ластаушы заттардың шекті жол берілген концентрациясынан асыпағанын көрсетті. Топырақ талдаулары 68 сынамада мұнай өнімдерінің мөлшері килограммына 5,6-дан 3612 миллиграмға дейін ауытқығанын көрсетті, және тек екі сынамада топырақтың санитарлық режимі жағынан киллограммына 100 миллиграмм шекті мәнін анықтайтын Жетібай және Қаражанбас мұнай кен орындары үшін жол берілген шамадан аспағаны белгілі болды. 2018-2019 жылдары Қарағанды облысының Ұлытау ауданында (Протон-М зымыранының бірінші кезеңі құлаған аумақтар) зымыран тасығыштарды ұшырғандағы экологиялық сүйемелдеу аясында жүргізілген талдаулардың саны мен түрлері 2018 2019 20 83 25 50 224 26 14 250 200 150 100 50 0 2018-2019 жж. ғарыш айлағы аумағында зымыран тасығыштарды экологиялық сүйемелдеу шеңберінде жүргізілген талдаулардың түрлері мен саны Ауаның сапасына аспаптық өлшеулер Топырақтың сынамасы Қардың сынамасы Ауаның сынамасы 2018 2019 8 8 8 32 40 16 50 40 30 20 10 0 8 4 Ауаның сапасына аспаптық өлшеулер Топырақтың сынамасы Қардың сынамасы Ауаның сынамасы Атмосфераның беткі қабатының құрамын өлшеу Топырақтың сынамасы
Интерактивті баяндаманы Еуропалық комиссия, БҰҰ Қоршаған орта жөнiндегi бағдарламасы, Зой экологиялық желісінің қолдауымен Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі жасады.