2017 жылы Қазақстанда 400 миллион тонна қалдық түзілген( оның ішінде 126,9 млн тонна қауіпті қалдық, 278,2 млн тонна қауіпті емес қалдық), ол экономикалық-әсіресе тау-кен және өндіруші кәсіпорын, ауыл шаруашылығы және энергетика салаларының өсіміне тікелей байланысты. 2016 жылмен салыстырғанда 2017 жылы қауіпті қалдықтардың көлемі 19%-ға төмендеген, ал түзілген қауіпті емес қалдықтардың көлемі бір жарым еседен сәл артты.
Екінші ретті ресурстарды тиімді пайдалану, табиғатқа теріс әсерді азайту және республикада жұмыс орындарын ашу үшін, қалдықтарды сұрыптау және қайта өңдеу бойынша 130-дан астам кәсіпорын жұмыс істейді. Олар тек қоймалауға жататын қалдықтардың мөлшерін азайтпай, екінші реттік шикізаттан жиырма түрлі өнім шығаратын мамандандырылған кәсіпорындар.
Қазақстандағы қалдықтардың пайда болуы және тасымалдануы |
2017 жылы Қазақстанда 278,2 млн тонна
2017 жылдың соңында ресми қоқыс қоймаларында қәдеге жаратылмаған және қайта қалпына келтірілмеген, 45 млн тоннадан артық көлемде қалдық жиналған.
2016-2017 жылдары түзілген қалдықтардың көлемі (млн тонна)
2017 жылы түзілген
Қалдықтардың түрлері | Көлемі, мың тонна |
---|---|
Қаптама материалдары | 56,4 |
Макулатура | 130,4 |
Пластик қалдықтары | 5,3 |
Электрондық және электр жабдықтарының қалдықтары | 10,3 |
Ірі габаритті қалдықтар | 0,8 |
Құрылыс қалдықтары | 531 3 |
Пайдаланудан шыққан автокөліктер (дана) | 3,8 |
Басқа қалдықтар | 277 415,3 |
Қазақстанда
2017 жылы 122 млн тоннадан астам жасыл деңгейдегі қауіпті қалдық пайда болды. Ал 1700 тонна қызыл деңгейдегі қалдық пайда болды.
2016-2017 жылдары
бойынша түзілгенҚазақстан заңнамасына сәйкес медициналық қалдықтар бес класқа бөлінеді:
2017 жылғы медициналық қалдықтардың саны.
Қалдықтардың класы | А | Б | В | Г | Д | ||
---|---|---|---|---|---|---|---|
Қатты | Сұйық | Аспаптар | |||||
Өлшем бірлігі | Мың тонна | Мың тонна | Мың тонна | Тонна | Литр | Дана | Мың тонна |
Барлығы | 848 | 204 | 3,7 | 13,5 | 1 292 | 186 510 | 0 |
2017 жылғы медициналық қалдықтарлың аймақтар бойынша саны
Облыс / қала | А класындағы қалдықтар (тонна) | Б класындағы қалдықтар(тонна) | В класындағы қалдықтар (тонна) | Г класындағы қалдықтар | ||
---|---|---|---|---|---|---|
Аспаптар (дана) | Қатты (кг) | Сұйық (л) | ||||
Ақмола облысы | 725 978 | 126 399 | 3 232 | 3 074 | 0 | 0 |
Ақтөбе облысы | 546 | 134 | 10 | 11 409 | 0 | 0 |
Алматы облысы | 1 151 | 382 | 25 | 6 989 | 0 | 0 |
Атырау облысы | 102 | 98 | 9 | 5 023 | 53 | 0 |
Шығыс Қазақстан облысы | 516 | 332 | 17 | 4 197 | 0 | 0 |
Жамбыл облысы | 953 | 206 | 30 | 3 442 | 0 | 0 |
Батыс Қазақстан облысы | 10 971 | 2 363 | 25 | 1 675 | 7 | 0 |
Қарағанды облысы | 1 448 | 1 466 | 16 | 0 | 2 878 | 0 |
Қостанай облысы | 2 636 | 579 | 51 | 90 950 | 0 | 0 |
Қызылорда облысы | 470 | 160 | 23 | 0 | 141 | 0 |
Маңғыстау облысы | 497 | 118 | 19 | 12 912 | 0 | 0 |
Павлодар облысы | 766 | 236 | 7 | 2 374 | 0 | 0 |
Солтүстік Қазақстан облысы | 2 134 | 1 004 | 143 | 5 739 | 0 | 0 |
Оңтүстік Қазақстан облысы | 115 | 213 | 16 | 497 | 3 197 | 0 |
Астана қаласы | 60 151 | 6 233 | 46 | 17 319 | 3 846 | 0 |
Алматы қаласы | 39 091 | 63 917 | 21 | 20 080 | 3 367 | 292 |
Ең көп медицианылық қалдықтар Ақмола облысында түзілген.
Кейбір қызмет түрлері бойынша қауіпті қалдықтардың түзілуі (млн. тонна)
Кейбір қызмет түрлерімен қауіпті емес қалдықтарды түзуі (млн. тонна)
Сала | Саны |
---|---|
Тау –кен өндірісі және кеніштерді игеру | 262 |
Өндіруші кәсіпорындар | 9,5 |
Ауыл, орман және балық шаруашылығы | 0,05 |
Құрылыс | 0,28 |
Сумен жабдықтау | 0,05 |
Денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер | 0,04 |
Сауда | 0,04 |
Қалдықтармен жұмыс істеу |
2017 жылы ресми полигонға келіп түскен 3,2 млн тонна қалдықтың 80,5% қоймаланды, 5,8% сұрыпталды және қайта өңделді, 13,7% кәдеге жаратылды
Сұрыпталған, қайта өңделген, жойылған және қоймаланған қалдықтардың көлемі (мың тонна)
Қоймаларға келіп түскен қалдықтардың көлемі | Сұрыпталған қалдықтардың көлемі | Қайта өңделген қалдықтардың көлемі | Кәдеге жаратылған қалдықтардың көлемі | Қоймаланған қалдықтардың көлемі |
---|---|---|---|---|
3 224 | 182 | 5 | 443 | 2 596 |
Қалдықтарды өңдеу және қайта пайдалану туралы деректер БҰҰ ЕЭК экологиялық көрсеткіштерінің бірі (І-35) болып табылады, жыл сайынғы деректері Статистика комитетінің сайтында қол жетімді
Сондай Қалдықтарды түпкілікті жою туралы деректермен БҰҰ ЕЭК экологиялық көрсеткіштерінің бірі (І-36) Статистика комитетінің сайтында танысуға болады
2017 жылы 9 мың тонна қауіпті емес қалдықтар залалсыздандырылды, 71 млн тонна қайта өңделді, қайта пайдаланылды немесе өртендірілді, 77 млн тонна қауіпті емес қалдықтар меншікті объектілерде орналастырылды, 128,6 млн тонна басқа ұйымдарға, кәсіпорындарға жіберілді.
2016-2017 жылдары қауіпті емес қалдықтардың қозғалысы (млн. тонна)
Жалпы пайда болаған қауіпті қалдықтардың 1,4 мың тонна қызыл сыныптағы қалдықтар, 167 млн тонна янтарь түсті сыныптағы және 23 млн тонна жасыл сыныптағы қалдықтар қайта өңделдң, қайта пайдаланылды және өртендірілді. Жеті тонна қызыл, 365 мың тонна -янтарь түсті және 92 млн тонна-жасыл сынып қалдықтары олардың пайда болу орындарында қоймаланды.
Сонымен қатар, 2017 жылы 4,8 млн тонна қатты тұрмыстық қалдық түзілді, олардың 3,4 млн тоннасы қалдықтарды жинау мен тасмалдауға мамандандырылған кәсіпорындар мен жеке кәсіпкерлермен жиналды.
Коммуналдық қалдықтарды жинау және шығаруды жүзеге асыратын кәсіпорындар мен ұйымдардың саны (дана)
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес барлық қалдықтар тек қана арнайы полигондарда жойылуы тиіс, олардың әрқайсысы өндiрiс және тұтыну қалдықтарының мемлекеттiк кадастрына енгізіледі және жеке нөмірге ие. Полигондар- қауіпті, қауіпті емес және тұрмыстық қатты қалдықтарды жоюға арналған болып үш класқа бөлінеді.
Полигондардың саны (дана).
- Қауіпті емес қалдықтарды орналастыруға арналған полигон
- Қатты тұрмыстық қалдықтар полигоны
- Қауіпті қалдықтарды орналастыруға арналған полигон
Қазақстанның «жасыл» экономикаға көшу жөніндегі тұжырымдамасы қалдықтармен жұмыс істеудің негізгі мәселелерін реттейді. Тұжырымдамаға сәйкес заңнамаға өзгертулер енгізілген, халықтың экологиялық мәдениетін қалыптастыру мен жоғарлату бойынша жоспар және қалдықтарды жинау мен кәдеге жарату бойынща алдыңғы қатарлы технологияларды енгізу үшін негіздемелер әзірленген.
Экологиялық саясат туралы нақтырақ ақпарат Қоршаған ортаның жай-күйі туралы және Қазақстан Республикасының табиғи ресурстарын пайдалану туралы ұлттық баяндаманың «Экологиялық саясат» тарауында келтірілген → Экологиялық саясат